Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 20:42, дипломная работа

Краткое описание

Біздің зерттеу жұмысымыз поли және моно этностық топтардың мәдени айырмашылықтарын зерттеу.Біздің елімізде ұлттардың мәдени этникасын зерттеу кең өріс алған емес,бұл тақырыптағы еңбектер ізденістер де жеткіліксіз.Зерттеулер өте аз деп айтуға болады.Этникалық мәдениет ең маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................
1бөлім. Поли және моноэтностық топтарға арналған әдебиеттерді талдау.................................................................
1.1 Этномәдени орта және оның рөлі................................................................
1.2 Этнопсихологияда кездесетін категориялар...............................................
1.3 Этнопсихологиядағы өзіндік сананың және мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері........................................................................................................
2 бөлім. Эксперименттік зерттеу бөлімі...........................
2.1 Зерттеудің мақсаты,міндеті,болжамы........................................................
2.2 Зерттелетін әдістемелердің сипаты...........................................................
2.3 Зерттеудің барысы және міндеттерді сандық өңдеу..............................
2.4 Зерттеу болжамын дәлелдеу.....................................................................
2.5 Мәліметтерді сапалы талдау қортындылау.............................................
Қорытынды....................................................................................................
Әдебиеттер тізімі............................................................................................
Қосымшалар.......................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау.doc

— 393.00 Кб (Скачать документ)

Бүгінгі этнопсихологиядағы міндеттерді айта отырып В.К. Шабельников  халықтардың өткен кезеңдегі  психикалық турпат өзгерістерін өзгертіп зерттеп қана қоймай болашақ кезеңдегісіне  де алдын ала болжау жасау қажет  екенін атағаны мәлім. Бұл әрине сананың детерминация механизмдері мен гео био детерминациясын зерттеп білгенде ғана мүмкіндігі бар. Ғалым Қазақстанның айрықша аймақтық-биосфералық жағдайына сәйкестенетін ұлттық дәстүрлер мен текстік өмірдің өзін психологиялық жаңа формаларымен салыстыруда жете түйсінуге тоқталған.

Сондай-ақ бұл  бағытта Б.А.Әмірованың этностық жаңсақ танымдарының оқыту процесіне әсер ететіні туралы зерттеулері А.Т.Малаева, Л.К.Көмекбаева ғылыми еңбектерінің маңызы зор.

Зерттеу мақсаты: Поли және моноэтностың ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктерін эмперикалық зерттеу.

Зерттеу объектісі: Поли және моноэтностық топ мүшелері.Эксперимент  №15 Лингвистикалық гимназия  мектеп оқушыларына 2007 жылдың ақпан айынан бастап наурыз айына  дейін жүргізілді.Зерттелінушілер зерттеуге белсенді қатысты.Еш қарсылық реакцияларды көрсеткен жоқ,көмектесемін деген ниетпен қатысты.Зерттеу алдында зерттелінушілерге жауап бланктері таратылды,және әдістемелерге жауап беру жөнінде инструкция айтылды.Оқушылар инструкцияны тез қабылдап,орындауға кірісті.Әдіснамаларды толтыру барысы 1сағат 20 минут уақытты алды.Бірінші Л.Г.Почебуттың  Мәдени құндылық бағдар тестті өткізілді,екіншіО.И.Комиссарованың Топтағы нормалық қалауларды өлшеу әдіснамасы өткіздім,үшіншіВ.В.Столин Тұлғаның өз-өзіне қатынасын зерттеу әдіснамасын жүргіздім.О.И.Комиссарованың әдіснамысында  шамалы қиындықтар болды,бірақ бұл қиындықтарды оңай жеңдік.Л.Г.Почебут,В.В.Столин әдіснамаларын инструкциясын тез түсініп оңай орындады.Әдістемелер қазақ тілінде болды.Тілдік бөгеттер болмағандықтан,сұрақтарды түсінуде қиындықтар туындаған жоқ.Оқушылар зерттеуге белсенді қатысты және нәтижені білуге қызығушылықты көрсетті.

Зерттеу пәні: Поли және моноэтностық топ өкілдерінің психологиялық ерекшеліктерінің көріну жағдайлары.

Зерттеу әдістемелері: 1. Мәдени құндылық бағдар тесті (Л.Г.Почебут)

                                      2. Топтағы нормалық қалауларды өлшеу

                                          (О.И. Комиссарова)

                                       3. Тұлғаның өз-өзіне қатынасын зерттеу

                                           (В.В. Столин)

 

 

 

 

 

 

2.2. Зерттеу  әдістемелерінің сипаттамасы мен  зерттеу барысы.

 

1. О.И. Комиссарованың "Топтағы нормалық қалауларды өлшеу" атты әдістемесіне сипаттама:

Берілген тест индивидтің әртүрлі нормаларды қалауын зерттеуге арналған. Тест нормативті қалаулардың екі түрін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бөлінген нормативті қалаулардың негізінде топтағы индивидтер де нормативті үміттердің екі типі қалыптасады және олар қабылдаудың субъектісіне беріледі. Коммуникативті және функционалды. Нормативті үміттерді білу зерттеушіге басқаны қабылдаудағы пайда болатын қателіктерді түсіндіруге және топтағы мінез-құлықтық әлеуметтік реттеу процесін адекватты сипаттауға мүмкіндік береді.

Нұсқау: "Сіздердің алдарыңызда бірнеше сауалдардан тұратын сұрақнама. Егер Сіз келіссеңіз "қосу" белгісін қойыңыз; егер келіспесеңіз "алу" белгісін қойыңыз. Кейбір жеке жағдайларда "қосу мен алу" бірге жіберіледі, егер Сіз жауабыңызға сенімді болмасаңыз.

Берілген тесті топтағы индивидтердің міне-құлығын болжауға мүмкіндік беретін құрал ретінде қарастыруға болады.

  1. Зерттеу құрылғанына 1 жыл болған топта жүргізіледі.
  2. Топтың біріккен іс-әрекетте тәжірибесі болуы керек.

Сұрақнама парақтары  әрбір зерттелушімен жеке түрде  толтырылады.

 

2. Мәдени  құндылық бағдар тесті (Л.Г. Почебут)

Біз этностық «Менді»  зерттеу барысында кез келген тұлға өзінің дамуы қоршаған ортадағы мәдениеттің ерекшеліктеріне де байланысының барын не жоқтығын байқау үшін Л.Г. Почебуттің «Мәдени құндылық бағдар» әдістемесін қолдандық.

Ұсынылып отырған әдістеменің  басты авторы Дж. Таусенд болып  табылады. Этномәдени айырмашылықтарды зерттеу кезінде қандай да бір  мәдениеттің таза түрін табу өте  қиын, өйткені қазіргі уақытта  адамдардың миграциясы, әрі құнды  болатын жан дүниелерінің өзара ауысуы жүруде. Мәдени құндылық бағдар тесті бұл тұлғалық тест, ол зерттеліп отырған мәдениеттің қалыптасуы мен құрылуының негізгі тенденцияларын зерттеуге арналған.

Этнопсихологиялық зерттеулер көп жағдайда халық мәдениетін зерттеу деп түсіндіріледі. Ал, «мәдениет» көп мағыналы. Ғылыми әдебиеттерде оның 150 ден астам анықтамасы бар. Мәдениет өзінің құрамына этностық өмір сүру бейнесін, оның құндылықтарын  сенімін ,мінез- құлқының нормаларын , сөйлесу стильдерін және т.б. кіргізеді.

Тест бес  сұрақтан тұрады және әрбір сұрақ  үш варианттың жауабынан тұрады. Тестің негізіне мәдениеттің үш типі жайлы  көрініс енгізілген.Бірінші тип  дәстүрлі мәдениет(ДМ) адамдардың өткенге  бағдарымен мінездемеленіп, жақын әлеуметтік қоршаған ортаға тәуелді тіршілік иесі ретінде қарастырылады. Мұнда отбасы қатынастарға, туысқандық  қарым қатынастардың дәстүріне, діни бағыттарға үлкен мән беріледі. Осындай мәдениетте адамның ішкі еркіндігіне тиым салынады. Қауымдастық жағынан оның іс қимылына, әрекеттеріне сонымен қатар, ойларына қатал бақылау жүргізіледі. Шешім қабылдау ұжыммен өтіп, ал шешімнің нәтижесі жасы үлкендерге байланысты. Адамның іс-әрекеті тәртіпке сай өтеді. Жұмыста нәтижеге жету мен оны марапаттау  әдетте бірнеше уақыт өткеннен соң жүзеге асады.

Екінші тип - қазіргі заман мәдениеті (ҚЗМ) адамдардың қазіргі, заманға сай оқиғаларға бағытымен сипатталады. Адамдар табиғатпен келісімде, оны сақтап, экологиялық сұрақтарға қызығушылық танытады.

Адам тәні қарама-қайшылықты көрініс деп түсініледі. Осы мәдениеттің құндылығы адамның құқығында, талабында, мүмкіндіктерінің дамуында, өзіндік жетілдіру мен өзіндік өсуге шоғырланған. Адамдар арасындағы қатынас әдетте формальді, олардың әлеуметтік жүйедегі рөлі және дәрежесімен нақты анықталған. Достық қарым-қатынастар баяу қалыптасып және бір-біріне адалдықпен және тереңдікпен  ерекшелінеді. Қоғам адамның жүріс тұрысын  мораль, әдептік нормалар мен ережелер арқылы реттеуге тырысады. Тұлғааралық қатынастарда адамдар әдетте ұстамды, әлеуметтік дистанция және рөлдік талаптарды ұстауға тырысады. Жекеше шешімді қабылдау өзара қажеттіліктер, қызығушылықтар және топпен, отбасымен, еңбек ұжымымен келісу кезінде жүзеге асады. Өзінің іс-әрекет жетістіктерінің нәтижесіне адам көбінесе қаржылы тұрғыда емес, моральді марапаттауды алғысы келеді.

Үшінші тип динамикалық  дамып жатқан мәдениет (ДДМ), адамдардың болашаққа бағытымен, тез ауқымды нәтижелерге жетуге бағытталған. Адамдар аз уақыттағы жоспарларды құрып, оларды серпінді түрде жүзеге асырғысы келеді. Берілген мәдениет адамдары үшін “уақыт-ақша”. Табиғат- жұмбақ емес. Өмір тез әрі жағымды шешетін мәселе болғандықтан, табиғат адамға бағынуы керек деген ой басым деп ойлау бар.  Оның барлық сырлары ашылып, оның даму заңдылықтары қойылып және сипатталу керек. Адамның басты міндеті табиғаттты басқару болса, адам табиғаты бостандықты сүйеді.

Әлеуметтік ортадан дербес болу, тәуелсіздік пен ерекшелік алға қойылған мақсаты. Шешім қабылдау процесі өз бетімен жүзеге асады. Жекеше қызығушылықтармен және құндылықтардың маңыздылығы мойындалады.  Сөйлесу кезінде адамдар ашық, дербес, иерархияға емес, рөлдік қарым- қатынастың теңдігіне бағытталған. Әлеуметтік қабылданған құндылық ретінде әрбір мүшенің дамуына бірдей мүмкіндіктерді ұсыну  болып табылады.  Қоғамдық бақылаудың негізін мораль емес айып салу және қаржылай марапаттаудың міндеттілігі құрайды. Осы мәдениеттегі адамдардың назары іске, тапсырмаға, жұмысқа негізделген. Адам үнемі саналы түрде өзін іске, прогреске, қаржылық жетістікке құрбандыққа шалады. Сынаушылардың жауабын өңдеген кезде берілген үш типтің динамикасын көруге болады.

Әсіресе «Мен-концепцияның» - «Мен–бейненің» когнитивті компоненті- адамның өзі жайлы көрінісінің  мазмұнын сипаттайды. «Мен–бейнеге»  адамның өзінің мүмкіндіктері, қоршағандармен қатынасы, әлеуметтік аудандары, қызығушылықтары, тұлғалық қасиеттері т.с.с кіруі мүмкін. Атап өтетін жағдайлар өте көп, өйткені «Мен–бейне» бір жағынан адамға маңызды басқалармен байланысты сезінуге, олармен өзін біріктіруге, ал басқа жағынан - өзін олардан ажырата алып, өзін ерекше, қайталанбас тұлға ретінде сезіну. Сондықтан «Мен-концепция» бейнесінің мазмұнын екі құрамдас бөліктер сипаттайды: а) «біріктіретін», индивидтің басқа адамдармен қосылуын қамтамасыз етеді және б) дифференциалды, оның басқалармен салыстырғандағы ерекшелігін көрсетіп және өзіндік қайталанбастық, ерекшелік сезімдеріне негіз салушы.    

Зерттелушілерге төмендегідей нұсқау беріледі: "Әрбір  тараудан Сіздің мәдениетіңіздің бағдарын сипаттайтын дәлелдемені белгілеңіз. Сонымен қатар, Сіздің отбасыңыз, мектебіңіз және дініңіз Сізді неге үйреткенін еске түсіріңіз. Сізге бір өтініш-жауап беру кезінде егер жаңа замандық көзқарас Сізге үйреткендерден басқа болатын болса, онда ол көзқарасыңызды қолданбаңыз".

1. Біздің мәдениетімізде  шешім қабылдау кезінде маңызды  фактор ретінде 

     адамдар  мынаны санайды:

а) өткенді

б) қазіргіні

 в) болашақты

2. Біздің мәдениетімізде  адамдар өздері туралы былай  ойлайды:

а) табиғат күштерінің құрбандары

б) табиғатпен ықыласта тұратындар

в) көптеген табиғат күштерін басқаратындар

3. Егер менің мәдениетімдегі адамдарды басқармаса, онда олар мынаны

    істейді:

А) жаман қылықтарды

Б) жаман мен жақсы  қылықтарды

В) жақсы қылықтарды

4. Менің мәдениетімдегі адамдар өздерінің қарым-қатынастарында ең негізгі

     ретінде:

А) тұқым және шыққан тегі

Б) үлкен жанұя

В) тұлғаның ерекшелігі мен  көнелігі

5. Менің мәдениетімнің адамдары былай санайды:

А) тіршілік ету өз өзімен өмір сүруге жеткілікті

Б) тұлғаның дамуы мен  өсуі өмірде ең басты мақсат болып  табылады

В) тәжірибелік іс әрекет пен ерекшелікке жету ең жақсы  мақсат.

 

 

 

3. В.В. Столиннің  «Тұлғаның өзіндік қатынасын  зерттеу» сұрақнамасы

Моно және полиэтностық топтардағы студенттердің өз өзіне қатынасын анықтау мақсатында біз В.В. Столинннің «Тұлғаның өзіндік қатынасын зерттеу» сұрақнамасын алдық.

Сұрақнаманы жасау үшін тоғыз өлшем алынған. Олар өзіндік  қатынасты өзіндік «Менге» сезім  ретінде сипаттайды.

1)«Меннің» саналығы

2)Өз өзін сыйлау  және өзіндік сенімділік

3)Өзіндік басқару және  «Меннің» реттілігі

4)Басқалардың үміттері

5)Шартсыз өзіндік қабылдау

6)Өз тұлғасының құндылығын  уайымдау

7)Өзіндік «Менмен»  байланыс сезімі

8)Өзіндік түсінбеушілік,  «Меннің» даулығын сезіну

9)Өзіндік айыптау сезімі

Осы тоғыз өлшем тоғыз  шкалаға бөлінген:

Шкала 1-ішкі шынайылық. Шкала 11 пунктен тұрады. Шкаланың төмен көрсеткіштері «Меннің» терең түсінелітінінің көрсеткіші. Жоғары мағыналар жабық және өзі жайлы мәліметті құпияда сақтау.

 Шкала 2-  өз- өзіне сенімділік 14 пунктен тұрады. Шкаланың жоғары көрсеткіштері өз - өзіне сенімділікті көрсетеді. Төменгі көрсеткіштер өзіндік қанағатсыздықты көрсетеді.

Шкала 3-Өзіндік басқару -12 пунктен тұрады. Белсенділіктің көзі адамның өзі екенін көрсетеді.

Жоғары көрсеткіштер адам өзіндік «Менін» анық сезінетінін  көрсетеді.

Төменгі көрсеткіштер адамның  өзіндік «Мені» уақытша жағдайларға  тәуелді екенін көрсетеді.

Шкала 4- өз - өзіне қатынастың айнасы-11 пунктен тұрады. Жоғары көрсеткіштер  субьектке оның тұлғасының басқалар алдындағы дәрежесінің жоғары екендігін көрсетеді. Төмен көрсеткіштер кері сезімдерді күту үмітімен байланысты.

Шкала 5 - өзіндік құндылық-14 пунктен тұрады.Жоғары көрсеткіштер өзіндік «Менге» қызығушылықты көрсетеді. Шкала өзіндік «Меннің» бағасын көрсетеді. Төменгі көрсеткіштер өзінің рухани «Менін» дұрыс бағаламауды көрсетеді.

Шкала 6- өзіндік қабылдау-12 пунктен тұрады. Жоғары полюс өзіне достық қатынасты көрсетсе, төменгі полюс өзіндік қабылдаудың төмен дәрежесін көрсетеді.

Шкала 7 - өзіндік байланыс-11 пунктен тұрады. Жоғары көрсеткіштер Мен- концепцияның ригидтілігін білдірсе, төмен көрсеткіштер кері тенденцияларды айқындайды: өзіндік өзгеріске ұмтылыс,өзі жайлы идеальді көрініске ұқсастыққа ұмтылыс.

Шкала 8-ішкі даулық -15 пунктен тұрады. Жоғары көрсеткіштерішкі даулардың бар екендігін көрсетеді.  Төмен көрсеткіштер мәселелерді жоққа шығаруға тырысу, жабық болу.

Шкала 9- өзін-өзі кінәләу -10 пунктен тұрады. Жоғары көрсеткіштер интрапунитивтілікті көрсетеді. Шкала жағымды жақтардың жоқтығының себепшісі болып табылады.

Зерттелінушіге 110 пункттен тұратын тестік буклет  және жауаптардың  стандартты бланкі беріледі. Әдістеме екі жауаптан тұрады: “келісемін”, “келіспеймін”, олар зерттелінушімен  бланктің керекті жерінде белгіленеді.

 Шкалалық мағыналар  арнайы трафареттің кілтімен  бланкіге қою арқылы есептелінеді. Осындай шикі балдар арнайы  кестемен стандартты бағаларға -“қабырғаларға” көшіріледі.

Зерттелушінің өзіне, ұлтына, мәдениетіне эмоциялық-бағалық қатынасы – жалпы адамның (этнофордың) өзіне немесе өз тұлғасының, іс-әрекетінің жеке жақтарына т.с.с қатынасын көрсетеді және өзіндік сыйлауда, өзіндік намыс сезімінде, өзіндік бағада және қызығушылықтар деңгейінде көрінеді. 

Екінші компоненттің негізін өзіндік сыйлау немесе өзіндік намыс,өзіндік құндылық сезімі құрайды. Өзіндік сыйлау – бұл өз күші мен мүмкіндіктеріне сенім. Ол қандай да бір ауданмен байланысты емес және тек бағаны емес,  сонымен қатар адамның өз - өзіне жалпы қатынасын  көрсетеді. Өзіндік сыйлау- бұл өзіндік қабылдау, өзіне маххабат. «Өзіндік баға» ұғымына, атаудың өзінен көрініп отырғандай, бірінші планға дәл бағалау компоненті шығып отыр.  Өзіндік бағалау – адамның өзін жалпы (жалпы өзіндік баға) және өз тұлғасының жеке жақтарын, іс-әрекетін, басқа адамдармен қатынастарын бағалауы. Өзіндік бағалау тұрақты бола алады, яғни әртүрлі жағдайларда ұзақ уақыт бойы  сақталып отыратын  және тұрақсыз.

Информация о работе Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау