Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 20:42, дипломная работа

Краткое описание

Біздің зерттеу жұмысымыз поли және моно этностық топтардың мәдени айырмашылықтарын зерттеу.Біздің елімізде ұлттардың мәдени этникасын зерттеу кең өріс алған емес,бұл тақырыптағы еңбектер ізденістер де жеткіліксіз.Зерттеулер өте аз деп айтуға болады.Этникалық мәдениет ең маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................
1бөлім. Поли және моноэтностық топтарға арналған әдебиеттерді талдау.................................................................
1.1 Этномәдени орта және оның рөлі................................................................
1.2 Этнопсихологияда кездесетін категориялар...............................................
1.3 Этнопсихологиядағы өзіндік сананың және мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері........................................................................................................
2 бөлім. Эксперименттік зерттеу бөлімі...........................
2.1 Зерттеудің мақсаты,міндеті,болжамы........................................................
2.2 Зерттелетін әдістемелердің сипаты...........................................................
2.3 Зерттеудің барысы және міндеттерді сандық өңдеу..............................
2.4 Зерттеу болжамын дәлелдеу.....................................................................
2.5 Мәліметтерді сапалы талдау қортындылау.............................................
Қорытынды....................................................................................................
Әдебиеттер тізімі............................................................................................
Қосымшалар.......................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау.doc

— 393.00 Кб (Скачать документ)

Этноцентризм мәселесі мен айналысқан психологтар Р.Броунның қойған сұрағы өз алдына маңызды. Дегенмен, бұл этноцентризм психологиясындағы  бір ғана басты сұрақ емес. Этнопсихология аймағында бұданда басқа психологиялық мәселелер жеткілікті.

Д.М.Евансонның идеясы бойынша  этноцентризм табиғатын білу – тұлға  аралық және топ аралық қатынасты  түсіну үшін қажет. Этноцентризмді зерттеу - әлеуметтік психологияның дамуы  үшін маңызды. Бұл орайда этнопсихология  әлеуметтік психология бірін – бірі  толықтырып отырады. Этноцентризм әртүрлі себептерге байланысты тұрақты солардың ішіндегі ең маңыздысы – индивидтердің психикасында өз тамырын жайғандығы. Адамдар позитивтімен бейнесі мен өзін сыйлауға талпынады. Бұл талпыныс тереңде жатқандықтан оның жоқ болуын елестету мүмкін емес. Сондықтанда этноцентризм  де болмай қалмайды. Осыған ұқсас көзқарасты Г Тэджфел мен Дж. Тернер де айтқан. Этноцентрикалық тұлғалардың ерекшеліктері: 1 1.этноцентрикалық тұлға басқа топ өкілдерін өзі және өзінің тобы үшін қауіпті деп санайды.

2.этноцентрикалық тұлға  өзінің топ мүшелерінен конформизмді  және бағынуды, топқа және оның  лидеріне деген адалдықты талап  етеді.

3.Этноцентрикалық тұлға  үшін кез-келген өзара қатынас  иерархиялық емес және авторитарлы болып келеді.

Этноцентризм теориясының  негізін салушылардың ойынша, жоғарыда сипатталған этноцентрикалық тұлғаның ерекшеліктері бұл ішкі психикалық процесстер және басқа топ және оның мүшелерінің қасиеттері мен байланысы  аз болып келеді. әрбір топтар бір-бірімен қарым-қатынас жасау барысында этноцентризмді түсінуге тырыспайды. Осындай адамдар үшін пікір мен тәжірибе емес, олар үшін стеротиптер және сол стеротиптерге сәйкес жасаған антерпретация басты орын алады.Этнопсихологиялық зерттеулерде үш тенденцияны бөледі. Мәдени релятивизм тенденциясы- бұл әр түрлі халықтардың мәдениеті арасындағы өзгешеліктерді, яғни қабылдаудағы ,ойлаудағы, әлемді түйсінудегі ерекшеліктеріне көңіл аудару болып табылады. Барлық мәденит маңыздылығы, құндылығы жағынан бірдей ал сапасы жағынан әр түрлі қарастырылады. Әр түлі халықтардың психологиялық ерекшеліктерін мәдени өзгерістерге биологиялық факторлардың аз мөлшерін қосу негізінен түсіндіруге болады.

Мәдениет арасындағы ұқсастықты абсолютизациялық, Мысалы психологиялық феноменнің бірі – интеллект барлық мәдениетте бірдей қарастырылып, бір пост арқылы зерттелінеді – бұл абсолютизм тенденциясы.

Универсализм  тенденциясы  бойынша барлық халықтарда базалық  психологияның роцестері бірдей немесе ортақ болады, ал олардың көрінуі мәдениетеріне байланысты. Басқа халықтарды зерттеуде зерттейтін әрбір мәдениетке міндетті түрде адаптацияланған стандартты әдістемелер қолданылады.

Психологияда этникалық  шиеленістердің себебін әртүлі тұрғыдағы  көзқарастар негізінде талдайды.

1.Топ арлық шиеленіс(конфликт) адамның тума берілген агрсивтілікке  бейімділігі секілді универсалды  адамзаттық сипаттамаларының өнімі  болып табылады.

Зигмунд Фрейд пен  К.Лоренцтің айтуынша, адамдардың агресивті  мінез құлқы көршілеріне қастанып өз тобын сақтауға бағытталған биологиялық берілген агресивтіліктің салдары екен.

2. Миллер мен  Д.Доллардың  фрустация – агрессия гипотезасы  бойынша агресивті мінез-құлық  адамдардың немесе топтардың  фрустацияға ұшырауы кезінде  пайда болды. 

3.Басқа топтарға қатынасы баланың ерте кездегі әлеуметтену процесі мен отбасындағы эмоционалдық қатынасы амбиваленттілігіне байланысты . Отбасында қатал, қатынаста тәрбиеленген адам агрессиясын өзіне ұқсамайтындарға, яғни сыртқы топқа шығарады.

4.Реалды шиеленіс теориясының (М. Шериф) дәлелдеуінше топ аралық шиеленіс топтың қызығушылықтық сәйкессіздігінен, өзара әрекетке түсуші топтардың біреуі екінші жоқ тоатың қызығушылықтарына зиян келтіре отырып жеңіске жетуінің нәтижесінен болады.

5.Әлеуметтік ұқсастық  теориясының ( А.Темфол.) дәлелдеуінше  топ аралық дұшпандықтың тууында  қызығушылықтар мен мақсаттардың  сәйкессіздігінде болуы міндетті  емес, көп жағдайда өзінің топқа  жататындығын сезіну, ұғыну шамасына, яғни әлеуметтік және этникалық ұқсастықтың шамасының болуы да жеткілікті.

                          5.  Этностық стереотиптер.

 

        Этностық стереотиптер- Әртүрлі этностық қауымдастықтардың өкілдріне тән моральдық,ақыл-ой,дене  күш қаситтр туралы біршама   орнықты түсніктер.Этностықм стереотиптердің мазмұнында,әдетте көрсетілген қасиеттер  туралы бағымбаушылық  пікірлр жинақталған.Бұған қоса,этностық стереотиптердің  мазмұнында сол ұлт өкілдеріне қатысты іс-қимыл жөнінде нұсқамалар да,болуы мүмкін.Этностық стеротиптің мазмұнындағы бір шама тұрықты негізді  осы халық өкілдерінің сырт келбеті туралы,оның тарихи өткені туралы, өмір салтының рекшліктері мен  еңбек машықтары туралы түсініктер  кешені және  осы халықтың комуникативтік және моральдық  қаситттері туралы бір қатар өзгерме  пайымдауларды саралай білу керк.Бұл сапалық қасиеттерді бағандаулардың өзгергіштігі ұлтаралық және мемлетаралық қарым-қатыастардағы жағдайлардың өзгрмелілігмен тығыз байланысты.Этностық стереотиптрдң шындық болмысқа сәйкес болуы неғайбіл одан да гөрі этностық стреотиптр  халықтардың қарым-қатынасының бұрығы жән қазргі жағымды н жағымсыз тәжірибесін,әсресе бұл халықтар неғұрлым белснді қарым-қатынас жасаған салалардың (сауда,ауыл шаруашылығы жән т.б.)тәжірибесін бйнлейтін ест ұстаған жөн.

      Қазіргі таңда  халықаралық қатынасты құру практикасы үшін осы қатынастың бұқаралық тұрмыстық санада бейнелену формасы ретіндегі этникалық стереотипті зерттеу ерекше маңызды болмақ.

Әлеуметтік және этнопсихологиялық  әдебиеттерде этникалық стереотиптер , ең алдымен әр түрлі этникалық қауым өкілдеріне тән салыстырмалы түрде тұрақты болып келетін моральды ақыл-ой және физикалық сапалары ретінде анықталады. Сондай-ақ белгілі бір қасиеттер жинақталып қана қоймай, оларға деген құндылықты қатынастары да болады. Этникалық стереотиптер сондай-ақ адамның белгілі бір халықтарға қатынасы әрекетінің алдын-ала белгіленуін де қамтиды. Олардың барлығында этникалық өзіндік сананың құамды элементі ретінде өзінің бір этникалық қауымға жататындығы мен өзінің басқа этникалық қауымдастардан өзгешілігін сезінуге мүмкіндік беретін ұжымдық көзқарастар ретінде қарастыруға болады.

Шиеленіс жағдайында топтар арасында өрістік бейнелер құралады. Т.Стефаненконың дәлелдеуінше өрістік  бейнелер де әр этникалық топ өздерінен  позитивті салаларды көріп, ал дұшпандарына негативті салаларды жүктейтін шиеленіс кезіндегі стереотиптерді түсіндіреді. Олай болса, стереотиптер қарама –қарсылық формасындағы топ аралық бөлектенудің индекаторы болып табылады. Бұл психологияда сипаттамасын «айналық бейне»  феноменінің көрінісі. Бұлар өздерінің этникалық тобын жоғары моральды деп, ал бөтен топтарды агресивті қауіп төндірушілер ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Осыларға байланысты психологияда этностереотиптердің  екі түрін бөледі: Автостереотиптер мен гетеростереотиптер.

  Автостереотиптер дегеніміз – бұл басқалар үшін өзінің этникалық тобының бейнесі. Респонденттер бұл орайда өздерінің этникалық топтарын бағалай отырып онысын басқа топтарға білдіргісі, көрсеткісі келеді, соған орай өздерін қабылдағандарын қалайды. Гетеростереотиптер – басқа этникалық топ туралы жағымды және жағымсыз бейнелер. Бұл сондай-ақ өзінің қатынасын жариялау болып табылады. Егер автостереотиптер жағымды түрде болса, гетеростеретиптер әрі жағымды, әрі жағымсыз немесе нейтралды болып келеді. Г.У.Солдатованың айтуынша, стереотиптер – бұл бір уақытта әрі проекцияның әрі шынайы айырмашылықтардың нәтижесі. Сондықтанда автостереотиптерге мәдени «құпталған» бегілер тән болса, гетеростереотиптер жағымсыз сапалар үшін резервуар болып табылады. Дегенмен, автостереотиптер мен гетеростереотиптерді автономды бірліктер деп анықтауға болмайды. Олар біртұтас құрылымның, әсіресе және топтық сананың   компоннті болады.Этностық  стреотип адамдардың арақатынастарын және қатыныстарын біріктіретін әлеумттік және психологиялық тәжірибе.Соның  нәтижесінде жаратылысы бойынша тұрақты,эмоциялық,психикалық    құрлымдықтар әлеумттік бйнлрді сезім деңгейіне   жетізді.Жалпы этностық стеротип осылай бейнлнді.

 

 

6.Ұлттық мінез

  

Ұлттық мінез-бұл әрбір  ұлттың ішкі рухани дүниесінің  нгізгі бір компоненті, ол жеке адамның мнезі скілді,бір сыырғы тұрлаулы және тұрақты сипат ол қоғам дамуының белстерінде өзгрістерге түсіп отырады. Мәселен, қазан төкерісінен кейін қазақ халқының ұлттық мінзін   жаңа заман талабыа орай  ұлттық мінез  бітістері пайда болды.Соның бірі жеке дара мнез-құлық ұжымдық мінздің пайда болуы.Сол секілд халқымыз  нарықты қатынасты  қатынастын өту кездерінде өзінің мізін осы жағдайға беймдей бастады.мәслн,социализм  кзінд ұлттық мінез ұжымдық сипат алса, қазыргі кезде бұл этностың әртүрлі даралық мінз бітістрі пайда бола бастады.Осыған орай, шала қазақтың мінзі бр сипат алса, мәңгүрт қазақтарда ұлттық мінезге үйлсе қоймайтын,көрініс бретін мінз  бітістр пайда бола бастады.Сөйтіп, ұлттық мінзг жеке адамның да,қоғамның дамуын нақты жағдайда сондай-ақ жеке адамның тыныш-тіршілігінд, олардың психологиялық қасиеттерінің  жиынтығы ұлттық мінез блгілі ұлтқа   ортақ психологиялық  ерекшеліктердің  жиынтығы: нақты этникалық қоғамдастықтың қатынас жүйесі ртінде айналадағы  шынайылықтың әртүрлі жақтарына яғни ойлаудың тұрақты стеротиптерінд эмоционалдық реакциясында жәнетұтастай қылығында бекініп көрініс бретін ұлттық психикалық жиынтығының компоннті ұлттық мінездің   құрамдас бірлігі –ұлттық намыс,ұлттық намыс-ұлт өкілдрнің атамекенін,тілн,тегін,салт-дәстүрін ерекшее қадірлп,оның абыройын кір жуытпай қызғыштай қору.

Ұлттық діл, ұлттық мінез проблемалары.

Жалпы, «ұлт» терминінің мәніне келсек,бұл – этникалық  топтар ұғымынан гөрі белгілі бір  мемлекеттегі басым этникалық топтың төңірегіне біріккен, сол елдің өткенімен, қазіргі халі мен болашағынаөз тағдырларын тамырлас еткен түрлі этникалық топтарға қатысты халықтық атау.

Белгілі жазушы, ғалым  М.Әуезов этнопсихология, ұлттық мінез  туралы тұжырымдарында әр халықтың, не ұлттың өзіне тән мінез-құлқы, темпераменті, талғам-түсінігі, әдет-ғұрып,салт-санасы болатындығын, қоғамдық сананың осынау ұлттық бояуларға қанық болуы қажеттілігі айтылған. Халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ортақ рухани тіршіліктері (фольклор, тіл, дін, өнер, дәстүр,салт, әдет-ғұрып т.б)ұлт психолгиясының ерекшеліктерін танып білдіретін басты өлшемдер дейді Өлең жырды бірден, табан астында жанынан шығарып айту,суырып салма қабілеттілік, қиыннан қиыстырулар, тіл байлығы, сөз қабілетіне табыну халқымыздың ұлттық психологиясының басты ерекшеліктерінің бірі.

М.Жұмабаев: «... жас өркендерді жерге шырылдап түскен кезден есейіп,есі  кіріп болғанға дейінгі аралықта ана тілінің уызына жарытып қана қоймай, олардың ұлттық рухпен, дәстүр-салт, әдет ғұрыптан мейлінше сусындауына  ерекше көңіл аударуымыз қажет.Оқудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес , біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру», -дейді.

Қазіргі білім мен  тәрбие беруде негізгі талаптар үш түрлі бағытта қарастырылған:  1.Еркін тұлғаны тәрбиелеу.   2.Рухани тұлғаны тәрбиелеу.    3.Ізгі, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеу.

М.Жұмабаев: «...  адам баласын  тәрбие қылу дегенде, әрине, адам баласының, әсіресе жанын, тәрбие қылу керек  деп ұғу керек. ...  Дүниеде теңіз  терең емес,  адамның жаны терең...  Адам тілі арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады... Ұлттық тілі кеми бастағаны құри бастағанын көрсетеді... ұлттық тілінде сол ұлттың жері, тарихы,тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады».

«Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғысқанның пенделік құпиясы) атты поэмалардан құралған романның авторы М. Шаханов: « Адамдардың 97 пайызы өзгенің ықпалында кетеді, өз бетінше ойлауға да құалықсыз.Еліктеумен өмір сүреді. Көңілі қалағанын емес өзгелерден көргенін істейді.Өз басымен ойламайды, біредің айтқанына көніп, айдағанына жүреді» дейді. Ішкі «Менінен» айрылған адам рухсыздық дертіне шалдығады. Рухсыздық – барлық бақытсыздықтың бастауы.  М.Шаханов адамзатты осы рухсыздық апатынан сақтандырады Рухани жұтаған кезде ұлттық сана ғана емес, ауылдық сана қалмайды Адам бойындағы діни-рухани тазалық, имандылық, ұлттықнышандарды сақтау мен ұлттық кесел болып табылатын мінез-құлықтан арылу, діл мен пиғыл тазалығы қажет Жалпы экономикалық мүддемен қатар халықтың мәдениеті мен тарихы, тілі мен ділі оның байлығы болып есептеледі.

Біздің бойымызда ұлтжандылыұ  сезім, ойымызда өз ұлтымызға деген  мақтаныш сезімі төмен екенін жасырмау керек. Рухы төмен елдің – болашағы күңгірт.

Қазақстан-2030 стратегиясында шет елдегі замандастарынан білімі мен білігі жағынан жеңілмейтін, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі көрсетілген Осыған орай Қ.Р. Білім және ғылым министрі Ш. Беркімбаева өз сөзінде «Біз белгілі бір білімдер мен дағдылар жиынтығын меңгерген адамдар ғана емес қазақстандық діл мен дүниетаным негізінде азаматтық көзқарас қалыптасқан, әлуметтік белсенділігі жоғары отаншыл тұлғалар тәрбиелеп өсіруге баса назар аударуымыз қажет»- дейді. Азаматтық қасиет елге деген сүйіспеншіліктен бастау алуы тиіс.

Қазақ елінің әлемдік өркениет көшіне ілесіп, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін күш ол отан сүйгіштік рух.

Білім ордаларында қазақ  халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына  негізделген патриоттық тәрбие беруге көп көңіл бөлінеді. Қазақ этнопедогогикасын республикалық «Атамекен» бағдарламасын басшылыққа алып, осы бағытта жұмыс істеп жатқан мектеп ұжымдары аз емес.

Информация о работе Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау