Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 20:42, дипломная работа

Краткое описание

Біздің зерттеу жұмысымыз поли және моно этностық топтардың мәдени айырмашылықтарын зерттеу.Біздің елімізде ұлттардың мәдени этникасын зерттеу кең өріс алған емес,бұл тақырыптағы еңбектер ізденістер де жеткіліксіз.Зерттеулер өте аз деп айтуға болады.Этникалық мәдениет ең маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................
1бөлім. Поли және моноэтностық топтарға арналған әдебиеттерді талдау.................................................................
1.1 Этномәдени орта және оның рөлі................................................................
1.2 Этнопсихологияда кездесетін категориялар...............................................
1.3 Этнопсихологиядағы өзіндік сананың және мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері........................................................................................................
2 бөлім. Эксперименттік зерттеу бөлімі...........................
2.1 Зерттеудің мақсаты,міндеті,болжамы........................................................
2.2 Зерттелетін әдістемелердің сипаты...........................................................
2.3 Зерттеудің барысы және міндеттерді сандық өңдеу..............................
2.4 Зерттеу болжамын дәлелдеу.....................................................................
2.5 Мәліметтерді сапалы талдау қортындылау.............................................
Қорытынды....................................................................................................
Әдебиеттер тізімі............................................................................................
Қосымшалар.......................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау.doc

— 393.00 Кб (Скачать документ)

Қазіргі кезеңде ақпараттар ағыны заманы және Интернет империясы  билей бастаған жаһандану заманы. Біз үшін осы жаһандану заманында жоғалып кетпеу, өз төл тумалығымызды қайталанбас төл туындыларымызбен кейпімізді сақтап қалуымыз маңызды болып отыр.

Егеменді елдің әрбір  азаматы ұлттық шеңберде қалмай бүкіл  әлемдік, адамзаттық категориялардың  деңгейінде ойшылдық танытып, өзіңді де, өзгені де құрметтеп және өзгелерді де өзіңді сыйлауға жеткізу-алда тұрған абзал мұрат.Сонда ғана біз өркениеттің биік шыңынан көріне аламыз.

Халықтың  мінез-құлқы  туралы.(И.С.Кон.)

“Халықтың  мінез-құлқы”ұғымы  бастыпқыда белгілі бір халықтың өмір сүру стилін көрсету мақсатында  саясат туралы әдебиттерде   қолданылған.Кейінірек,халықтың мінезі  немесе ұлттық мінезі туралы  айтқанда кейбір авторлар  темпараметке енді   біреулері тұлғалық қаиеттеріне көңіл  бөлсе,үшінші бірулері ұлттық мінезге құндылық бағыттарын,бейлікке  еңбекке  деген қатынастарын  және т.б. жатқызады. Мәдениантропологияда  мәдениеттегі индивидтің  ерекшеліктерінің ттастық  паттерін анықтау  үшін көптеген жаңа терминдер пайда болда. (мәдениет конфигулациясы базалық тұлға,моралды тұлға  және т.б.) кейінрек зерттеушілер халық мінезі ұғымын  қайта көңіл бөлді.Бірақ қазірдің өзінде халық мінезі дегеніміз не?, ол тіпті де бар ма ма, ол маңызды белгі болып табылады ма? Деген секілді сұрақтар төңірегінде әртүрлі көзқарастар бар. Бүгінгі күнде мінез тақырыбые психологиядан қудалап, оның  орнына  тұлғалық қасиеттер  немесе  тұлға  ұғымдарымен  ауыстыру жағдайды  оданда  күрделендіруде. Мұндай жағдайда халықтық мінезі  ұғымын  немесе түсінегін  қарастырғанда бірнеше принциптерді басшылыққа алу қажет.

Біріншіден этностық мінезі  дегеніміз-оның  жекелеген  өкілдері  мінезінің мөлшері  немесе шамасы емес,ол индивидтердің  белгілі бір  шамасында әртүрлі  сәйкестікпен, әртүрлі деңгейде  кездесетінтиптік қасиеттерін белгілеу еенін анықтаған. Сондықтан И.С. Кон айтқандай:”Халықтың мінезін түсіну үшін ең алдымен ол елдің тарихын, қоғамдық құрылысын және мәениетін зерттеп білу керек,ол тек индивидуалды-психологиялық әдістер бұл орайда жеткіліксіз” - деген әбден дұрыс.

Екіншіден, қандайда бір қаситтерді жекелеген этникалық қауымның жетістігі ретінде қарауға жол бермеу керек. Қасиеттер немесе олардың шамасы бірегей емес, олордың құрлымы,яғни бұнда қандайда бір қаситтер жиынтығы  жөнінде ғана емес,ол қаситтердің осы  жиынтықта көріну деңгейі,оның көріну ерекшелігі жайында сөз болып тұр.

Үшіншіден мінез қырларын  әлеуметтік–экономикалық және географиялық жағдайға, халықтың өмір сүру салтына және олардың діни сенімдеріне байланысты жалпы құндылықтар жүйесінде қарастыру арқылы түсіндіруге  болады.

Халық мінезін интерпритациялаудағы көзқарастардың ішінде әлеуметтік немесе мәдени детерминизм принципін ұстанатын әлеуметтік тарихи өзқарас жетекші болып табылады.

Халықтық мінезін зерттеудің тарихы көрсеткендей, олордың мәдени арнаулы каситтерін ерекшелеу арқылы анықтауға тырысақан кез-келген әрекеттер сәтті бола бермейді, себебі жекелеген қаситтер мен олардың шамасы бірегей емес, ал белгілі бір халық өкілдерінің менталды әлем құрлымының  тарихы даму тәжрибесі мен мәденитке күделі түрде детерминацияланғандығы бірегей болып табылады. Дәл осы ебептерге байланысты соңғы кездері “халық мінезі” түсінігін “халық менталдылығы” түсінігіне ауыстырып қолдануда. Менталдық түсінігіне анықтама берген Ж.Дюби берді. Оның айтуынша:”бұл адамның әлем туралы  жәнеөзінің әлемдегі орны туралы көзқарастарының негізінде жатқын бейнелер жүйесі, сондайақ адамдардың  іс-әрекеттерін және мінез-құлқын анықтайды. Менталдықтың бұл түсіндірмесі орысша “әлемдік  түсіну”  сөзінің анықтамасына  ұқсас келеді. Сонымен  қатар менталдылық  ұжымдық бейсаналылық пен тығыз  байланысты  болғандықтан У.Раульфтің  пікірінше, адам санасы мен мінез-құлқының әртүрлі формасынан да  тереңде жатыр, бірақол ойлауда, сезімде әрекетте көрінеді.

1.ӨЗІНДІК САНА.

 

Этнопсихологияның көптеген мәселелерін  тұлганың  өзіндік  санасы сондайақ әлеуметтік және этникалық топтар сана сезімі жайлы  ғылыми көзқарастарды  ескере отырып  түсіндіруге болады.

Тұлганың ішкі әлемі,оның өзіндік  санасы әрқашанда  зерттеушілердің  назарында болып  келді.Сондықтанда  сана сазімге  байлапнысты әр зерттеуші әр  түрлі  анықтама  берген.Сана-сезім  мәселесіне  зерттеген  отандық   зерттеушілердің  бірі В.В.Столин  адамның  психикалық ұйымындағы өзіндік  сана-сезімінің  орнын талдай келіп,жалпы  барлық  сана-сезім  жөніндегі  зерттеулерді екі  сұрақ  төңірегіне  топтастырды.Б.Г.Ананевтің   Л.С.Рубенштейннің,А.Н.Леоньтевтің т.б. еңбектерінде тұлғанның даму мәселесінің жалпы  контектіндегі  өзіндік сананың қалыптасу  сұрағы  жалпы теориялық және әдістемелік аспектіде талдаған.Басқа бір топ зерттеушілері ең алдымен, адамның өзін-өзі бағалау мәселесі мен оның қоршаған ортаның бағалауымен байланысына қатысты мәселелерге көңіл аударады.Өзіндік сана феноменін зерттеушілердің бірі И.С.Конның дәлелдеуінше индивидтің өзін іс-әрекетін субьектісі  ретінде  ұғынуына  ықпал ететін психикалық үрдістердің  жиынтығы өзіндік сана деп аталадыда,ал онаң өзі туралы көқарастары, елестетулері белгілі “Мен”бейнесінде қалыптасады.

 Өзіндік сананың  табиғаты жайлы,оның қалыптасуы,қызметі  мен механизімдері жайында А.Н.Леонтев  қарастырған .Оның айтуынша,өзіндік сананың белгілі бір қырларының немесе (қаситтерінің )мөлшері олардің жағдайды  эмоцаналды-когнетивті түрде жалпылай алу жолында жүзеге асады.Г.А.Урунтаеваның айтуы бойынша өзіндік сана дененіміз бұл-адамның өзінің жеке дара және тұлғалық қасиеттеріне, бастан кешіргендері мен ойларына саналы, ұғынымды түрдегі қатынасы.  

С.Л.Рубинштейн сана мәселесін  зерттей келе ,өзіндік сана дамуының бірнеше кезеңдерін бөледі.Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі – басқа адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан өзін бөле алуымен байланысты.Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса бастайды,алғашқы рет өзінің «Мені» туралы көзқарасы туындайды.Сондай-ақ  С.Л. Рубинштейннің ескертуінше, тұлғаның «Мен»    бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына себепші болып табылады.Осы қатынастар тұлғаның сыртқы жоспарына ене отырып, тұрақты қарым-қатынас нормасының белгілі бір деңгейіне ие болады.Қарым-қатынас үрдісінде басқа адамды қабылдауы өзі туралы елестетулерімен байланысты болады.           Өзіндік сана өзіне сырт жақтан, яғни басқа адамның көзімен қарай ашу іскерлігімен, өзінің әреккеттерін белсенді іс-әректтің ішкі логикасы тұрғысында бақылай алу іскерлігімен анықталады.Өзіндік сана сана мен еріктің бірлігі ретінде балада белгілі бір даму кезеңінде пайда болады.   Өзіндік сана көптеген құрылымдық бірліктерден тұратын өте күрделі психикалық құрылымболып табылады.Өзіндік сананың құрылымына кіретін компоненттерді салыстырғанда зерттеушілердің пікірі бір ортадан шықпай жатады.             В.С. Мерлин өзіндік сананың құрылымын 4 компонентке бөледі:

-өзінің ұқсастығының  санасы

-өзінің  «Менінің»  санасы

-өзінің психикалық  қасиеттерін ұғынуы

-өзінің әлеуметті-құлықтылық бағалауының белгілі бір жүйесі.

И.И. Чеснокова өзіндік  сана құрылымындағы өзара байланысты 3 компонентке бөледі:

-өзін-өзі тану

-өзіне деген эмоционалды-құндылықты  қатынас

-тұлғаның мінез-құлқын  өзіндік реттеу 

Бұл аталған компоненттер И.С. Конның өзіндік сана құрылымындағы көрсеткен компоненттеріне ұқсас келеді.Оның пікірінше, «Мен» бейнесі –бұл көзқарастар және ұғымдар формасындағы жай ғана бейне болса, ал әлеуметтік нұсқаулар тұлғаның өзіне деген қатынасы болғандықтан,3 компоненттен тұрады:

1 танымдық  (когнетивті)

2 эмоцианалды  (өзінің  қасиеттерін бағалау)

3 мінез құлықтық (өзіне  деген практикалық қатынасы)

Басқалардың еңбектерінде де дәл осы компоненттер кездескенімен,біреулерінде олар форма ретінде, немесе тәсіл  ретінде қарастырылған.(В.Джеймс, В.М. Бехтеров, В.А. Ядов және т.б)

Өзіндік сананың басты  қызметі-адамға өз әрекеттерінің мотиві мен нәтижелеріне қол жеткізу, өзін-өзі  бағалауына, өзінің кім екенін түсінуінемүмкіндік беру. Егер бағалаулары өз көңілінен  шықпаса, онда өзін-өзі жетілдіру мен айналысуға болады, немесе қорғаныс механизмдері арқылы жағымсыз жайттарды ығыстырып, көзіндегі конфликтініболдырмауға көмектеседі.

Өзіндік сана - бұл адамға тән бастапқы немесе алғашқы мәлімет  емес, ол дамудың өнімі.

Адамның өмірлік тәжірибесі жинауына қарай оны өмір жайлы қайта ойландырады. Осы қайта ойлану үрдісіадамның барлық өмірінде жүре отырып,адамның өмірде шешетін тапсырмаларының ішкі мазмұны мен іс-әрекет мотивін анықтайтын ішкі дүниесінің негізгі мазмұнын қалыптастырады.

Адамның қоғамдағы, еңбектегі, жеке өміріндегі  кез-келген өзгеріс тек оның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ өзіне деген қатынасын, сол жағдайдың субъектісі ретінде де өзгертеді.Өзін ұғыну дегеніміз ол тек өзін психо-физикалық тіршілік иесі ретінде ғана ұғыну емес, ол ең алдымен өзін әке ретінде, тәрбиеші,ұжымның мүшесі ретінде сезінуі болып табылады.

 

 

 

1.3.Ұлттық және этникалық өзіндік сана (сана сезім)

  Ұлттық сана сезім

Ұлттық сана сезім  дегенде адамның белгілі бір  ұлтқа қатысты санасы деп түсінуге болады, яғни , адамның белгілі бір ұлттың өкілі ретіндегі өзіне деген көзқарасы болып табылатын тұрақты, ұғынымды жүйе.

Ұлттық сана сезімге  ұлттық ар-намыс, отанға деген махаббат, Ұлттық мәдениеттің объектілерін қабылдаудағы қуаныш, қандай да бір саяси қадамдар мен идеологиялық жағдайдың әділеттілігіне деген сенімділіктің болуын жатқызамыз.

Австриялық әлеуметтанушы  және саясаттанушы Отто Бауэр ұлтқа  тән табиғи және мәдени белгілерін анықтап көрсеткен.Оның айтуынша,ұлт  «табиғи қауым» ретінде  ата-ананың қасиеттерінің балаға берілуі тұқымқуалаушылықтан шығады. Дегенменде ұлтты ерекшелейтін белгісі ол сол халықтың тілі мен мәдениеті екенін де айтқан. «Мәдени қауым болмаған жағдайда, ол тек белгілі бір нәсіл ғанаболып қалады әрі ол ешқашан ұлт бола алмайды» деп жазған екен Бауэр.

Ұлт - бұл  өзінің шығу тегімен, тілімен, территориясымен, экономикалық жағдайымен сондай-ақ қауымдағы олардың  этникалық санасы мен өзіндік  санасынан көрінетін психикалық құрылымы мен мәдениеті арқылы сипатталатын адамдардың ерекше тарихи қауымы.

Ұлттық қатынас көптеген кешенді сипатқа ие. Қатынасқа  түсуші субъектілер өздерінің этникалық  санасы мен өзіндік санасын, сонымен  бірге өздеріне тән сезімдері  мен ақыл-ойларын жария еткендіктен  белгілі бір шамадағы бай рухани мазмұнға ие болады.Осы кездерде кей жағдайда әр түрлі иллюзиялар адасулар және мифтер де көрінеді.Бұл-халықтар арасындағыұлттық-этникалық қатынастарының көріну ерекшеліктерінің бірі.

4.2.Этникалық сана сезім  (өзіндік сана)

Адамдардың бірлескен  ұзақ тіршіліктерінің үрдісінде әрбір топтың аймағында бір топты екіншісіненер ерекшелейтін жалпы ортақ әрі тұрақты белгілері қалыптасты.Осындай белгілерге тіл, тұрмыс мәдениетінің ерекшеліктері, сол халыққа немесе этносқа тән салт-дәстүрлері жатады.Бұл белгілер халықтың этникалық сана сезіміненкөрінеді.Халықтың Этникалық сана сезімі ерте ме, кеш пе , оның шығу тегіне белгіленіп, салт дәстүрлерінен, өзінің басқа халықтар ішіндегі орнын белгілеп білуінен, яғни өзінің сана сезімінен көріне бастайды.Этникалық сана-сезім субъектінің өзінің этникалық қауым ретіндегі ұғынуынан да  көрінеді.Өзін қандай да бір этникалық топтың мүшесі екенін сезіне отырып, адам жалпы қоғам алдындағы қорқынышын жойып өзін сенімді ұстайды.

 

 

Тұлға деңгейіндегі этникалық өзіндік сана

Жекелеген адамның этникалық «Мен концепциясы»-өзіне белгілі, өзінің этносы бейнесімен тығыз байланысты өзі туралы көзқарастарының тұтастай жүйесі болып табылады.

Адамның этникалық «Мен бейнесі»оның жалпы «Мен концепциясының»  құрлымының біреуі  болып  табылады. Ол мыналардан тұрады:

-ол мыңдаған және  миллиондаған этностардың ішіндегі  өз этносының бір өкілі екендігін  елестету;(көзқарасы)

-осы этностың көптеген  басқа өкілдерімен өзіне тән  қандайда бір физикалық және  психикалық қасиеттері туралы  елестетуі; көзқарасы (мысалы:белгілі  бір физикалық, антропологиялық белгілері: көзінің түсі мен формасы, мұрнының формасы, бойы, терісінің түсі және т.б.

-ең бастысы сол  қауымға , оның мүшелеріне ұқсау,  эмпатия сезімі мен туысқандық  сезімінің болуы.

Э. Эриксонның тұлғаның даму теориясынан белгілі болғандай, адамдардағы «Менінің» ұқсастық сезімі 18-20 жасында қалыптаса бастайды.Адам ондай даму деңгейіндеөзінің кім екендігін,қай топқа жататындығын, неге талпынатындығын білгенде ғана жетеді.Бұған қарама- қайшы жағдайды  Эриксон «Меннің» анықталмағандығы немесе диффуздылығы деп атады. Егер индивидтің жекелік анықталуы дамыған болса, оның кемел жасқа өтуінде еш қиындық болмайды.

Тұлғаның этникалық  «Мен -концепциясының» элементтері  «Мен концепциясының » барлық бөлімінде  кездеседі, бірақ когнитивті, бейнелік, және бағалау элементтері бір-бірімен тығыз байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ  ТАРАУ  Поли және моноэтностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу.

 

Біздің еліміздегі этнопсихологиялық мәселелер туралы зерттеулерді екі негізгі бағытта қарастыруға болады. Жұмыстардың бірінші тобын көптеген ұрпақтардың шығармашылық даналығының негізі болатынын халықтың психологиялық тәжірибесін  зерттеп құрайды. Осы тәжірибені ғылыми тұрғыда зерттеудегі маңызды қадам ретінде Ш.Уалихановтың, Ж.Аймауытовтың, Т.Тәжібаевтың еңбектерін атауға болады. Бүгінгі таңда осы дәстүрді Қ.Б.Жарықбаев. С.М.Жақыпов. Н.Елікбаева. т.б. болып табылады.

70 жылдардан  бастап еліміздің бірталай ғалымдарының  профессор Н.Джандельдиннің "Ұлттық  психологияның табиғаты" профессор Н.Елікбаевтың "Ұлттық психология" еңбегінде бүгінгі этностық психологияның кейбір теориялық әдіснамалық мәселелері қамтылған. Сонымен қатар аталған ғалымдар көптеген ғылыми конференцияларда этникалық психология тақырыбына байланысты мақалалармен халық көпшілікке ой салуда.

Информация о работе Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау