Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 20:42, дипломная работа

Краткое описание

Біздің зерттеу жұмысымыз поли және моно этностық топтардың мәдени айырмашылықтарын зерттеу.Біздің елімізде ұлттардың мәдени этникасын зерттеу кең өріс алған емес,бұл тақырыптағы еңбектер ізденістер де жеткіліксіз.Зерттеулер өте аз деп айтуға болады.Этникалық мәдениет ең маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................
1бөлім. Поли және моноэтностық топтарға арналған әдебиеттерді талдау.................................................................
1.1 Этномәдени орта және оның рөлі................................................................
1.2 Этнопсихологияда кездесетін категориялар...............................................
1.3 Этнопсихологиядағы өзіндік сананың және мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері........................................................................................................
2 бөлім. Эксперименттік зерттеу бөлімі...........................
2.1 Зерттеудің мақсаты,міндеті,болжамы........................................................
2.2 Зерттелетін әдістемелердің сипаты...........................................................
2.3 Зерттеудің барысы және міндеттерді сандық өңдеу..............................
2.4 Зерттеу болжамын дәлелдеу.....................................................................
2.5 Мәліметтерді сапалы талдау қортындылау.............................................
Қорытынды....................................................................................................
Әдебиеттер тізімі............................................................................................
Қосымшалар.......................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау.doc

— 393.00 Кб (Скачать документ)

Полимәдениет  пен полиэтникалық өзара әрекет жағдайында европалық сананың ерекше типтерін анықтайтын миханизимдер туындайды. Әрбір мәдениеттердің өзара әрекеті олардың өзара рефлексиясы мен өзара бейнелеулері үшін жағымды жағдайлар жасайды. Адамның қоршаған ортамен қатынасында адамзат бірлестігінің мәдени құндылықтары потенциялы байқалады. Ол медиатор арқылы (Л. С. Выготский), - белгілі, сөз, символ, салт жоралар, этномәдени белгілер, олар санада халықтың тіршілік әрекетінің дамуымен ұйымдастыры тәсілі жайлы білім ретінде белгіленіп болмысты жалпылап бейнелейтін мәнге айналады. (А.Н.Леонтьев). Солар арқылы ғана табиғи психикалық формалар идиалды адам қабілетіне айналады. Нәтижесінде индивид өз мәдениетін меңгереді: мінез құлық мәдениеті (қажеттіліктер, аффектілер, қарым қатынас, әрекет), рухани мәдениет (ойлау мәдениеті, сөз мәдениеті): психикалықтың реалды (табиғи) формасы идиалды, мәдени формасы бола бастайды. Этномәдени парадикмада дамудың базалық процесіне мәдени белгі- символикалық жанамалауды көп бейнелі формасы жатады.                 

   Отногенездегі  этномәдени даму мәдениетті меңгерудің  континумында өрістейді.Адам нақты  мәдени білімдер,ептіліктер дағдыларды орындау әрекетінің ретімен,тәсілімен,формасымен қамтылады.Адамның этномәдени дамуының негізіне өз халқының  мәдени құрлымдарын меңгеруіне негізделген мәдени тәжрибені игеруді қалыптастырудағы өзара қатынас,өзара әрекет тәсілдері жатады.Адамның этномәдени дамуын талдау пәніне мәдени практика,іс-әрекеттің мәдени формалары,яғни этномәдени әлем контексіндегі адамның тіршілік әрекет жүйесі жатады.

Біздің зерттеуге  негіз болған адамның этномәдени даму мәселесін этномәдени парадигмада  қарастыруға болады.Этномәдени парадигма субьективтілік пен обьективтіліктің арасындағы,адм табиғаты мен социумның,индивидуализация мен социализация процестерінің арасындағы айырмашылықты жеңу барысында жүзеге асады.Дамудың этномәдени парадигмасының мәселелері этномәдени әлемнің индивидуалдылық әлемге және индивидуалдылықтың этномәдени обьектігн айналу және азамттық әртүрлі мәдениет паттерндерін туғызу механизмдерін табу және суреттеу.

Болашақтағы зеттеудің  мақсаты этномәдени парадигма міндеттерінің  бірі-адамның этномәдени дамуының психологиялық заңдылықтарын табу,басқаша айтсақ,оның этникалық индивидуалдылығының дамуы оның этномәдени ілемге қосылу болып табылады.

 

 

 

1.2.Этнопсихология.Этнопсихологияда  кездесетін категориялар.

 

 Субьективтілік  пен рухани элементтер элементтер ұлттық қауымның қалыптасуында және оның күделікті іс-әрекетінде үлкен орын алады.Онда қауымның идеясы, бағыт –бағдары  мен ұлттық  даму құндылықтары, қоршаған ортаны тануы мен  қабылдауы бейнеленеді.Этностық қауымның суьбективтілігін этностық психология  этностық деп деп атау кейбір еңбектерде кездеседі.

Этнопсихология  элементтерінің халықтар өмірінде және олардың басқа ұлттармен қарым-қатынасында  маңызы зор.Оны бүгінгі тарихтан,ұлттар мен  халықтардың  мәдени даму кезеңдерінен,олардың  өзара қатынасынан байқауға болады. Шын мәнінде,халық идеалдары, қызығуы, құндылықтары, тусініктері, сезімдері  этностық қауымды біріктіреді.Олардың тарихи  үрдістің суьбектілері деп қарауға болады.Мәдени дамуға және этномәдени қауыммен қарым-қатынасқа өз ықпалын тигізетінін де осы реттен еске аламыз.

Сондықтан, этнопсихологияның  мақсаты мен қызметі  гуманитарлық ғылымдардың қызуғушылығын туғызады.бірақ  қаншалықты қызығушылық болғанымен, этнопсихологияның көрінісі мен  мазмұнын әлі де, жан-жақты,жүйелі,жеткілікті зерттелмеген осыған қарамастан,этнопсихологияның да, өзіндік тарихы,даму бел-белестері бар.

Этнопсихология  өзінің даму жолында көптеген қиындықтарға кездесті.Ол басқа ғылымдардың арасынан да орын таппай, өткен ғасырдың алғашқы  он жылдығында да белгілі орынға ие бола алмады.Ғылым болмай,жәй пән ғана ретінде,этнография мен тіл білімдеріне жақын орналасқаны жайлы мәлімет Е.А.Будилованың еңбегінде жазылған.

Ертеде рухани психологиялық аймақтағы этностық айырмашылық мәселесі және оның күнделікті тұрмысқа, халықтар мәдениетіне, жалпы оның іс-әрекетіне әсері көптеген ғалымдарды қызықтырған.МәселенГиппократ өзінің “О воздухах, водах, местностях” (“Ауа ,су тұрғылықты жер туралы”) атты еңбегінде (б.э.д. шаиамен 424 жылдары) халықтар арасында этностық айырмашылықтың  себебін елдің мекен –жайын, кңлиматыны мен басқа  табиғи факторларына байланыстылығын атап көрсеткен.

Этнопсихологияға  түбегеилі  қызығудың жаңа  кезеңі хх №  ғасырдың ортасынан басталады. Этнопсихологиялық қызықты зерттеулердің  бастамасын Ш.Монтескье, И.Фихте,И.Кант т.б. еңбектерінен кездестіруге болады.

Ш.Монтескьенің гоеографиялық детерминизм принципіне сүйеніп,ұлттық мінез климаттық  жағдайлардың әсерінен өзіндік ерекшелікке  ие болатындығын білдік.Белгілі жағдайда  қалыптасатын мінез ұлттық қандай  болатынына,оның тарихының қалай дамуына ықпал ететініне мән берген.

Мінез теориясын жасауға  белгілі үлес қосқан  ағылшын  философы Д.Юм “О национальных характер” (“ Ұлттық мінез туралы”) атты еңбегінде  халық мінезінің қалыптасуына ықпал  етуші негізгі факторларды көрсеткен.Ғалымның ойынша ,ол физикалық және моральдық факторлар түсінігіне ауа, климат және басқа өмірдегі табиғи жағдайларды жатқызған.Ал моральдыққа-халықтың мінезіне әсер етуші факторлар ретінде қоғамдағы әлеуметтік-саяси қатынастармен байланысты қасиеттерді алған.

Сондай-ақ философ  Д.Юм кез-келген ұлт  топтарының  өз психологиясы,мінезі, бейімділігі, дағдасыіруханияты болатындығы  олардың кәсіби топтардан  тұратындығы  турулы айтқан.Оның халық  психологиясы,сол  халықтың тілі мен рухани өмірі,сондай-ақ басқа да жалпы формасы қалыптасатыны жайлы пікір.

“Адам  қоғамының тарихы табиғаттың даму нәтижесі болып табылады”,-деген  И.Гергер.Ол географиялық жағдайдың  ролін жете түсініп,оны “мойындамау-танту  немесе сандырақ”,-деп өз ойын айқындаған.Сонымен  қатар ойшыл  бірінші болып халықтардың өмір сүру бейнесін,олардың салт-дәстүрін зерттеген.Ұлттардың бірлігі климатқа тән екенін,халықтардың арнайы жағдайға бейімделуіне және экологиялық үйлесімділігіне тоқталған.Оның ойынша,тек қана халық мінезіне,қоғамдық қатынастарға климат оңтайлы әсері ғана емес,сонымен бірге кері әсер тигізетіндігі туралы ойыда маңызды.

И.Канттың ізгі ойлары этнопсихологиялық  зерттеулер т арихында үлкен орын алады.Ғылым өзінің “Прагматикалық тұрғысынан алғандағы көзқарас антропологиясы”  атты  еңбегінде “халық” , “ұлт” , “халық мінезі” деген ұғымдарды қарвстырады.Халық өз мінезіне ие екеніне тоқталған.Ол эмоциялық қобалжуда(аффектацияда),басқа мәдениетті қабылдауда және  өзге халықтарға қатынасында байқалатыны айтқан.

Автор ұлттық мінездің  негізгі бағыты басқа халықтарға деген қатынасқа, мемлекеті мен қоғамын мақтаныш тұтуға байланысты деп санайды.Ол халықты географиялық орналасу әсерін мойындаса да, халықтардың мінезін ашатын кілті деп санайды.

Ұлы философтың кейбір еуропалық  халықтардың ұлттық мінезіне салыстырмалы талдау жасауға ұмтылса этностық психологияда ерекше қызығуды тудырып отыр.Ол осы халықтардың әрбірі оңтайлы және теріс мінезге ие екенін айтып кеткен.Себебі,ол зерттеулерінде француз, ағылшын, неміс ұлттары өкілдерінің мінез-құлқының салыстырмалы талдауын жасап,обьективтілік принципін сақтап отырған.Бұл өз кезеңінде халықтану жүйесінде тағы бір даму сатысы болады.

Ұлттық мінез туралы   білімді дамытуға Г.Гегельдің шығармашылық көзқарасы”Философия духа” (“Рухани  философия”) атты  еңбегінде орын алған .Ғалымның пікірі бойынша,халықтың рухы кейбір анықтылығы бар дүниежүжілік рухтың даму сатысы  ретінде көрсетілген .Халық рухы белгілі қызметті атқарады.Ол өзіне өмірдің мәдениетін,дінін,салт-дәстүрін құрып, мемлекеттік құрылысты,оның заңдарын, адамдардың мінез-құлқын анықтап, қалыптастырған.Ұлт тағдырын,тарихын анықтауда халық іс-әрекетінің негізінде ұлттық рух жатыр.Барлық халықтар рухты тасмалдаушылар,басқаша айтатын болсақ,ол дүние жүзінде тарихы дамуы мүмкін емес.Міне осыдан Гегельдің көпшілік халықтың тарихына елеусіз қарайтын сәттері де байқалады.Оларды бір-біріне қарсы қойып алуы мүмкін екендігін ескермегендігі аңғарылады.Ғұлама ғалым  көзқарасының шектелгендік көрсеткіші ретінде   өркениетті   дамудағы 4кезеңінің ішінен   германдық кезеңге ерекше мән берген дәлел.Ол өз еңбегінде халық мінезін  ұлттық қауымның  қасиеттері,ал темпераментті индивидумның қасиеттері деп,осы мәселенің әдіснамалық жағдайын шешуге тырысқан.

Жалпы жаңа этнопсихология ғылымының негізін салушылар  М.Лацарис пен Х.Штейнталь болды. Олар 1859 жылы “Халықтар психологиясы және тіл білімі” атты журнал шығарды .Оның алғашқы номерінде “Халық психоллогиясы туралы ойлар” деген  мақаласында психологияға  жаңа ғылым ретінде “Халықтар психологиясын” кіргізуге болатындығын және оны дамыту қажеттігін айтқан.Бұл ғылымды бір адамның жан-дүниесі деп қаамай, оны жалпы бүтін орта ретінде зертеу қажет екенін жазды.Сөйтіп 1860 жылы халықтар психологиясы пән ретінде дүниеге келді.М.Лацарус пен Х. Штенталь осы жаңа ғылымның негізгі міндеттерін былай деп анықтаған.

1.Халық рухының  психологиялық  мәнін тану:

2.Халықтардың өмір сүруі  заңдылықтарын ашу;

3.Қандай да бір халықтың  пайда болуы,дамуы жоғалып кету  ерекшеліктерін себептер анықтайды.

Ғалымдардың ойынша “Халықтардың психологиясы” ұғымы-жалпы тілдің,діннің,өнердің,ғылыми заңдардың және басқа да мәдени,рухани элементтердің психологиялық  мәнін түсіндіретін ғылым.

Олардың пікірінше ,халықтар психологиясы екі бөліктен тұрады:-бірінші  “Халық рухы деген не?” деген  сұраққа жауап беретін абстрактілік бөлек;

-екінші, нақты белгілі  халықтардың зерттейтін бөлік.

Авторлар айтқан:” бірінші  барлық халықтар үшін қажетті заңдарды қояды,екінші іс-әрәкеттегі жалпылама  заңдардың көрінісі ретінде бөлек  халықтарды бейнелеп сипаттайды.Біріншісі-халықтың-тарихы психология болса,екінші психологиялық этнология”.

“Этнопсихология”ұғымы Батыстағы  ғылыми әдебиттерде жиі кездесе  бермейді.Ол психологияға В.Вунд еңбектері  арқылы енді.Неміс ғалымы сананың  эксперименттік  психологиясын құрумен  қоса, әлеуметтік психологиялық білімнің алғашқы түрлері ретінде халық психологиясының негізін қалаған.

Ататы ғалымның айтуынша,негізгі  халық азығына жататын тілді,аңызарды, салт-дәстүрлерді зерттеу халық  рухын жеткілікті түсінуге кепілдік береді.Жеке психологияда тіл-ақылмен ,аңыз –сезімен,салт-дәстүр-ерікпен сәкес келетінін анықтаған.

1927 жылы Г.Шпеттің айтқан  ойы “Жалпы психологиядағы жетістіктер  ,этнопсихологияда орын таба алмай  жатқандығы” бүгінгі күнге дейін  өзекті мәселелердің бірі болып  отыр.

Л.Н.Гумилевтың этнос және  этногенез  тұжырмдамысы қызықты.Себебі,ол өзінің теориясында; “Этнос-адамдардың мінез-құлқында өзіндік ерекшелігі бар топтауырындармен айрықшаланатын,тарихи уақытта заңды өзгертетін,тұрақталған,қалыптасқан ұжым”,-деген.Кеменгер ғалым этнос, әйтеуір ертеме,кеш пе,екі немесе көтеген компонеттерден туады деген пікірін ұсынды.Осы компонеттер қосылып,бір бүтінді құрайды.Алайда,белгілі ішкі құрылымы арқылы туындайды деген түсініктемесін ортаға салған.

Сондай-ақ олар әрбір  этностың жеке,ішкі тәжрибесі  басқаларда қайталандайтынын айтқан.Оның құрлымы және мінез-құлық топтауырындары бәрін көрсеткен негізі идеясы;этноспен географиялық ортаның бір-біріне әсері болмайды деген түйін жасады.Л.Н.Гулелевтың көзқарасы өте маңызды әсіресе оның  әр ұлт  тәжрибесі басқаша   қайталанбайтындығы,топтауырындардың ерекшеліктеріне мән беру  қажеттілігі бүгін де мәнді.

1883 жылы  “Советская этнография”  журналында этнопсихологияның нені  зерттейтіні туралы пікір-талас  материалдары жарық көрді.Талқылауға  қатысушылар бір ауыздан этникалық  психологияда болашақ ұрпаққа берілетін салт-дәстүрлер, әдет, ұлттық сезім көңіл-күй және тағы басқаларының назар аударатынын бідірген.Соның ішінде   этникалық топтауырындар  мен өзіндік сана,  құндылықтары,ерекше  көрсетілген.

Этнопсихологиядағы зерттеулердің  мәселелерін  талқылаған  А.Ф.Дашдамировтың (1983) “Этнопсихологияның міәдеті-ұлттық зіндік сана, ұлттық сезім және көңіл-күй  қалай  қалыптасады,әрі қалай  көрінеді?-деген сұағының мәнә зор.

Г.В.Старовойдың пікірі бойынша ,этнопсихология ғылым ретінде жалпы  психологияның бір бөлігіне жатады.Этнопсихологиялық зерттеудің  аясын  барлық психикалыфқ  функциялардың  ерекшеліктері  кіреді,әрі олар  онтогенез бен    филогенезде  қалыптасады.Ал,  бұл  этнопсихологиялық проблематикаға  психиканың дамуындағы  жалпы  психологиялық мәселелердің    тікелей  байланысы  бар  екенін  көрсетеді.

         А.А. Реаның этникалық психологияны  жеке  ғылым ретінде қарау керек деген пікіріне қосыла  отырып,  оның   маңызды этнопсихологиялық зерттеулердің кеңінене  дамыту  қажет.

Этнопсихологияның  әдістамалық  негізі,психикалық  құбылыстарды зерттеудің іс-әрекеттік жолы  болып  табылады .Осы  бағытты дамытқан –Л.С.Выготскийдің ,Л.Н.  Леонтьевтың  мектептері .Ұлттық  мінез туралы  айтатын болсақ,  оған тұлғанның   жүйелік іс-әрекеттік  тұжырымдамасы   тұрғысынан  қарау  керек .

70-80 жылдарда  КСРО-дағы этнопсихологиялық   ізденіс  саласында  серпіліс  болған  байқаймыз . Мысалы:Б.Ф.  Порлиневтің этнопсихологиялық   зерттеулерін  зор  маңызын   атап  кетуге болады. Оған  ғылым жасаған этнос  пен этногнездің биологиялық ,  географиялық  тұжырымдамасы дәлел .

Тұлғаның   өміріндегі ұлттық  мінездің  байқалуіын  А.Г. Асмоловтың   тұжырымдамасы  ашады.Тұлғаның  құрылымдың   бірілігінде  ұлттық мінез  айқындалады.

 Бүгінгі шетел этнопсихологиясы  эмперикалық мәліметтерді талдау  мен интерпритация тәсіліне ізін қалдыратын психология,биология ,психотриа,социология,антропологияэлементтерін қамтыған.Империкалық және теориалық білімдер аралығы дұрыс ажыратылмаған .Ұлттық үрдістерді талдау әртүрлі бағытта,эмперикалық жолмен жүргізілуде.

Информация о работе Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау