Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 20:42, дипломная работа

Краткое описание

Біздің зерттеу жұмысымыз поли және моно этностық топтардың мәдени айырмашылықтарын зерттеу.Біздің елімізде ұлттардың мәдени этникасын зерттеу кең өріс алған емес,бұл тақырыптағы еңбектер ізденістер де жеткіліксіз.Зерттеулер өте аз деп айтуға болады.Этникалық мәдениет ең маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................
1бөлім. Поли және моноэтностық топтарға арналған әдебиеттерді талдау.................................................................
1.1 Этномәдени орта және оның рөлі................................................................
1.2 Этнопсихологияда кездесетін категориялар...............................................
1.3 Этнопсихологиядағы өзіндік сананың және мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері........................................................................................................
2 бөлім. Эксперименттік зерттеу бөлімі...........................
2.1 Зерттеудің мақсаты,міндеті,болжамы........................................................
2.2 Зерттелетін әдістемелердің сипаты...........................................................
2.3 Зерттеудің барысы және міндеттерді сандық өңдеу..............................
2.4 Зерттеу болжамын дәлелдеу.....................................................................
2.5 Мәліметтерді сапалы талдау қортындылау.............................................
Қорытынды....................................................................................................
Әдебиеттер тізімі............................................................................................
Қосымшалар.......................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау.doc

— 393.00 Кб (Скачать документ)

Батыс ұлтттық психологиясының дамуында 2фактор бар.

-жеке-тұлғалық тұрғыны  көздеп,этикалық ортаның барлық  мәселелерін біріктіруге ұмтылуы;

-зертеушілердің  философиялық әдіснамалық серпіліс  көрінісінің басымдылығы.

Шетел этнопсихологтарының алдындағы мәселелер;

-ұлттық мінездің  қалыптасу ерекшеліктері;

-әртүрлі мәдениеттегі  норма мен патологияның ара  қатынасы;

-тұлғаның  қалыптасуына жаскезіндегі тәжрибенің мағанасы.

Осы сарындағы зерттеулер ұлттық психологияның дамуындағы бірінші бағытты айқындайды;

-психоаналитикалық;

-әртүрлі мәдениеттегі  тұлғаны зерттеу;

-әлеуметтік  психология.

80-ші жылдардың  екінші жартысы 90-шы жылдардың  басында шектеледі ұлттық мінез тақырыбы көкейтесті мәселенің біріне айналып,оған деген қызығушылық артты.Алайда, көпшілік жағдайда осы мәселе тек қана ғылыми публистикалық түрде талданып жүрді.Тұлғаның этностық-мәдениерекшеліктерін қолайлы және қолайсыз  қасиеттердің қандай да бір түрін  ұлттық мінезге қиыстырудың мүмкіндігі болған жоқ.

Тұлғаның ішкі дүниесі мен мәдениетінің байланысы туралы түсінікті американдықтар өз негізіне айналдырған.Солардың бірі-АҚШ-тың мәдени антропорлгиясының негізін салушы ,Германияда туған-Ф.Боас.

Қазіргі шетелдік этнопсихологтардың зерттеуі бүгінгі  біздегі этнопсихологияның негізгі салаларымен тығыз байланысты.Адам туралы әртүрлі ғылымдардың өзара эдіснамалық принципі мен зерттеу эдістерін қамтиды.

Ал,енді Қазақстандағы этнопсихологияның даму кезеңіне мән берсек, 18 ғасырдағы қазақтың Төле би,Қазыбек би, Әйтеке би және тағы басқа ұлы мұрагерлері қалдырған этнопсихологиялық көзқарастары қазіргі уақыттың өзінде маңызын мағанасын жойған жөн.

Бұлардан бұрын өмір сүрген ғұлама ғалымдарымыз Әбу-Насыр Әл-Фараби әртүрлі халықтардың тілі,мінезі менэдет-ғұрпы туралы,ал Ж.Баласұғын,М.Қашқари,С.Сарай халық мінезі  туралы жазған.Қазақтың ақын-жыраулары Асан қайғы, Шал,Қазтуған,Дулат және тағы басқалардың  көшпелі халықтың мінезі жайлы толғау өсиеттерінен кейбір этнопсихологилық  сұрақтардың жауабын табуға болады.Айталық ұстаз қаламгер Ж.Аймаутов 1926 жылы Ташкентте жарық көрген “Псиқология” атты кітабында “төңіректегі табиғат шарттары оған(адамға) зор сүрең береді.Мәдентеттің өркендеуіне мейлі күйедей жұғатын нәрсе;жерінің ауасы мен топырағы(құйқасы) егін салуға,мал өсіруге қолайлы,жерінде темір кені болуы;адам баласының ілгері басым дамуына зор себептің бірі қатынас жолы.Адам атаулыны тұтас алап қарасақ,солтүстік жақтағы жұрттар аралас, дәйім қатынасып жатса,оңтүстік жақта көбнесе бөлек-бөлек бытырап жатады, бірін-бірі білмейді;міне оңтүстік жақтық халық жетіле алмай кенже қалған себебі сол.Осындай себеппен  таулы ,орманды жерлердің  халқы да мәдениеттен мешеу қалды.Ал,енді сулы жердің халқын қарасаңыз,суында кеме жүретін болса мәдениеттің ұйытқысы болғанын кресіз",-деп жазған.Оның "жағырапия жағдайының адам құлығына сүрең",-деп атағанынан халықтар  табиғаттың  адам өмір сүретін ортасына тікелей байланысын,әсерін аңғарамыз.Осы көзқарасты дәлелдеу  мақсатында кейбір ұлттық ерекшеліктерді  зертеушілер өз іздеенісінде қолданады.

Ұлы отан соғыс жылдарынан  кейін ұлттық  мінез,халық психологиясы  мәселелеріне тоқталған,әрі оны терең зеррреген қазақ психологы Т.Тәжібаев болады.Ол “19 ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы ағарту мен педагогикалық ойлардың дамуы” атты кітабында халықтың мінез мәселесі қызықтыда өзекті екендігі,алайда әлі толық зерттелмегендігін жазады.Философтардың,психологтар,тарихшылар,әдебиетші,этнограф ізденушілерді күтуде екенін де жазған.

Біздің Республикамызда этнопсихологиялық мәселелер туралы сұрақтар екі негізгі бағытта қарастырылуда.Жұмыстардың бірінші тобын көптеген ұрпақтардың  шығармашылық даналығының  негізі болатын халықтық психологиялық тәжрибесін зерттен құрайды.Осы тәжрибені ғылыми тұрғыда зерттеудегі маңызды қадам ретінде Ш.Уалихановтың,Ж.Аймауытовтың,Т.Тәжібаевтың еңбектерін атауға  болады.Бүгінгі таңда осы дәтүрді Қ.БЖарықбаев,С.М.Жакыпов,Л.К.Көмекбаева т.б. қарастырады.Сонмен қатар ,этнопсихологияның әртүрлі мәселелерін көтеріп,оны жан-жақты терең зерттеген пофессорлар;Қ.Жарықбаев,С.М.Жақыпов,Н.Елікбаева т.б. болып табылады.

70-жылдардан  бастап еліміздің бірталай ғалымдарының-профессор  Н.Джандельдиннің “Ұлттық психологияның  табиғаты”, профессор Н.Елікбаевтың “Ұлттық психология” еңбегінде бүгінгі этностық психологияның кейбір теориялық және әдіснамалық мәселелері қамтылған.Сонымен қатар,аталған ғалымдар көптеген ғылыми конфернцияларда этникалық психология тақырыбына байланысты мақалалармен қалың көпшілікке ой салуда.

Бүгінгі этнопсихологиядағы міндеттерді айта отырып,В.К.Шабельников халықтардың өткен кезеңдегі психикалық тұрпат,өзгерістерін зерттеп қана қоймай,болашақ кезеңдегісіне де алдын-ала болжау жасау  қажет екенін атағаны мәлім.Бұл әрине,сананың детерминация механизімдері менгеобиодетерминацияны қосып,бүтін аймақ деңгейіндегі сана танымының детерминациясын зерттеп білгенде ғана мүмкіндігі бар.Ғалым Қазақстанның айрықша  аймақтық—биосферолық жағдайына сәкестенетін ұлттық дәстүрлер мен тектік өмірдің өзін психологиялық жаңа формаларымен салыстыруда жете түйсінуге тоқталған.

Б.А.Әмірованың этностық жаңсақ танымдарының оқыту процесіне әсер етеді,этнопсихологиялық эксперименталды жұмыс болып табылатын.А.Т.Малаеваның еңбектерінгің де ерекшеліктері бар. Ізденгіс  көз қароастарыда  мәнді .

Біздің  еліміздегі  этнопсихологияның  жалпы  жағдайын  алып   қарайтын  болсақ ,  маңызды  теорриялық  материалдар  және  тәжібрибелік   этнопсихологиялық  өңдеулер жеткіліксіз.  Пән  аралық  ынтымастықтың   көмегімен этнопсихологиялық   сипаттамасы бар    мақалалар  енді   ғана   жарыққа  шығуда.  Әдістемелік  құралдардың  тапшылығыда  көп  кедергі келтіруде. Келешекте  бұл  бағытта ілгері  ізденіс,  кешенді   зерттеулер  аса  қажетті.  Бұл  уақыт  талабы.

Этнопсихологияда  кездесетін категорияларды төмендегідей 6 түрін қарастырамыз.     

 

1.ӨЗІНДІК САНА.

 

Этнопсихологияның көптеген мәселелерін  тұлганың  өзіндік  санасы сондайақ әлеуметтік және этникалық топтар сана сезімі жайлы  ғылыми көзқарастарды  ескере отырып  түсіндіруге болады.

Тұлганың ішкі әлемі,оның өзіндік  санасы әрқашанда  зерттеушілердің  назарында болып  келді.Сондықтанда  сана сазімге  байлапнысты әр зерттеуші әр  түрлі  анықтама  берген.Сана-сезім  мәселесіне  зерттеген  отандық   зерттеушілердің  бірі В.В.Столин  адамның  психикалық ұйымындағы өзіндік  сана-сезімінің  орнын талдай келіп,жалпы  барлық  сана-сезім  жөніндегі  зерттеулерді екі  сұрақ  төңірегіне  топтастырды.Б.Г.Ананевтің   Л.С.Рубенштейннің,А.Н.Леоньтевтің т.б. еңбектерінде тұлғанның даму мәселесінің жалпы  контектіндегі  өзіндік сананың қалыптасу  сұрағы  жалпы теориялық және әдістемелік аспектіде талдаған.Басқа бір топ зерттеушілері ең алдымен, адамның өзін-өзі бағалау мәселесі мен оның қоршаған ортаның бағалауымен байланысына қатысты мәселелерге көңіл аударады.Өзіндік сана феноменін зерттеушілердің бірі И.С.Конның дәлелдеуінше индивидтің өзін іс-әрекетін субьектісі  ретінде ұғынуына  ықпал ететін психикалық үрдістердің жиынтығы өзіндік сана деп аталадыда,ал онаң өзі туралы көқарастары, елестетулері белгілі “Мен”бейнесінде қалыптасады.

 Өзіндік сананың  табиғаты жайлы,оның қалыптасуы,қызметі мен механизімдері жайында А.Н.Леонтев қарастырған .Оның айтуынша,өзіндік сананың белгілі бір қырларының немесе (қаситтерінің )мөлшері олардің жағдайды  эмоцаналды-когнетивті түрде жалпылай алу жолында жүзеге асады.Г.А.Урунтаеваның айтуы бойынша өзіндік сана дененіміз бұл-адамның өзінің жеке дара және тұлғалық қасиеттеріне, бастан кешіргендері мен ойларына саналы, ұғынымды түрдегі қатынасы.  

С.Л.Рубинштейн сана мәселесін  зерттей келе ,өзіндік сана дамуының бірнеше кезеңдерін бөледі.Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі – басқа адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан өзін бөле алуымен байланысты.Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса бастайды,алғашқы рет өзінің «Мені» туралы көзқарасы туындайды.Сондай-ақ  С.Л. Рубинштейннің ескертуінше, тұлғаның «Мен»    бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына себепші болып табылады.Осы қатынастар тұлғаның сыртқы жоспарына ене отырып, тұрақты қарым-қатынас нормасының белгілі бір деңгейіне ие болады.Қарым-қатынас үрдісінде басқа адамды қабылдауы өзі туралы елестетулерімен байланысты болады.           Өзіндік сана өзіне сырт жақтан, яғни басқа адамның көзімен қарай ашу іскерлігімен, өзінің әреккеттерін белсенді іс-әректтің ішкі логикасы тұрғысында бақылай алу іскерлігімен анықталады.Өзіндік сана сана мен еріктің бірлігі ретінде балада белгілі бір даму кезеңінде пайда болады.   Өзіндік сана көптеген құрылымдық бірліктерден тұратын өте күрделі психикалық құрылымболып табылады.Өзіндік сананың құрылымына кіретін компоненттерді салыстырғанда зерттеушілердің пікірі бір ортадан шықпай жатады.             В.С. Мерлин өзіндік сананың құрылымын 4 компонентке бөледі:

-өзінің ұқсастығының  санасы

-өзінің  «Менінің»  санасы

-өзінің психикалық  қасиеттерін ұғынуы

-өзінің әлеуметті-құлықтылық  бағалауының белгілі бір жүйесі.

И.И. Чеснокова өзіндік  сана құрылымындағы өзара байланысты 3 компонентке бөледі:

-өзін-өзі тану

-өзіне деген эмоционалды-құндылықты  қатынас

-тұлғаның мінез-құлқын өзіндік реттеу

Бұл аталған компоненттер И.С. Конның өзіндік сана құрылымындағы  көрсеткен компоненттеріне ұқсас  келеді.Оның пікірінше, «Мен» бейнесі  –бұл көзқарастар және ұғымдар формасындағы жай ғана бейне болса, ал әлеуметтік нұсқаулар тұлғаның өзіне деген қатынасы болғандықтан,3 компоненттен тұрады:

1 танымдық  (когнетивті)

2 эмоцианалды  (өзінің  қасиеттерін бағалау)

3 мінез құлықтық (өзіне  деген практикалық қатынасы)

Басқалардың еңбектерінде де дәл осы компоненттер кездескенімен,біреулерінде олар форма ретінде, немесе тәсіл ретінде қарастырылған.(В.Джеймс, В.М. Бехтеров, В.А. Ядов және т.б)

Өзіндік сананың басты  қызметі-адамға өз әрекеттерінің мотиві мен нәтижелеріне қол жеткізу, өзін-өзі  бағалауына, өзінің кім екенін түсінуінемүмкіндік беру. Егер бағалаулары өз көңілінен шықпаса, онда өзін-өзі жетілдіру мен айналысуға болады, немесе қорғаныс механизмдері арқылы жағымсыз жайттарды ығыстырып, көзіндегі конфликтініболдырмауға көмектеседі.

Өзіндік сана - бұл адамға тән бастапқы немесе алғашқы мәлімет емес, ол дамудың өнімі.

Адамның өмірлік тәжірибесі жинауына қарай оны өмір жайлы  қайта ойландырады. Осы қайта  ойлану үрдісіадамның барлық өмірінде жүре отырып,адамның өмірде шешетін  тапсырмаларының ішкі мазмұны мен  іс-әрекет мотивін анықтайтын ішкі дүниесінің негізгі мазмұнын қалыптастырады.

Адамның қоғамдағы, еңбектегі, жеке өміріндегі  кез-келген өзгеріс  тек оның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ өзіне деген қатынасын, сол жағдайдың субъектісі ретінде  де өзгертеді.Өзін ұғыну дегеніміз  ол тек өзін психо-физикалық тіршілік иесі ретінде ғана ұғыну емес, ол ең алдымен өзін әке ретінде, тәрбиеші,ұжымның мүшесі ретінде сезінуі болып табылады.

 

                                2. Этноидентификация.

 

       Этностық идентификация-әр адамның этностық топтағы басқа бір адаммен бірігудге эмоциялық қатынастың процссі.Мұнда сол  этностың тарихына, мәдениетіне,ұлттық салтына,әдет-ғұрпына,олардың мұраттарына,сезімі мен  фольклоры мекендейтін аймағы мен оның менталитетіне деген жағымды көзқарастары арқылы теңдестіру.Этностық идентификация адамның өзін сол немесе басқа этносқа жатқызып қоюы ғана емес, сондай-ақ өз халқы туралы,оның өзгеше  қасиеттріне мәденитіне,тіліне,тарихи өткен өміріне тән «біз» бейнесінің  көрінісі.

    Этностық идентификация  тұлғаның  ішкі психологиялық қайшылықтарға қарым-қатынаста өз этномәдениетін жатсыну мен оған жаулық сезімін  туғызатын конфликтілерге,әртүрлі әлеуметтік фрустрацияға әкеледі (ұлттық нигилизм,мәңгүрттену)-деген ойды Қ.Б.Жарықбаев пен  Ж.С.Нүкежановтар тұжырымдаған әрин бұл пікірдің түбірі этникалық иднтификацияны жан-жақты зерттеп,оның ерекшеліктерін ашуға ізденіс жасауға ой салды.

    Этностық  идентификация  үдерісі мен  оның нәтижесі  жеке және топтың құндылықты  қабылдау негізінде индивидтің  этникалық топтағы мүшелері мен  қауым туралы пікірдің бөлінуіне  байланысты  болады.Осы идентификация түрі адамның өз этикалық қауымымен байланысын және оның басқалармен салыстырғанда анықталатын  этникалық бірігушілік пен  этностық шектің белгілері туралы ойдың жиынтығынан   тұрады.

    Психологияда  иднтификация ұғымын З.Фрейд енгізді.Ол  идентификацияны,үлгі бойынша саналы  нмс парықсыз әрекетке тырысатын   маңызды  тұлғалардың адамның  өзіндік теңестіру  ретінде  қараған.Идентификация  тұжырымдамаларын  Э.Эриксон, Э.Горман, Р.Линтон, Т. Пирсон т.б. зерттеген.

   Д.Ранопорт  идентификация   ұғымын «мен» субъектінің өзіндік   дамуына қабілетін  қарастырудың  орталық механизмі  ретінде  ұққан.

    Идентификация  әр түрлі деңгейде:ең алдымен,адам  идентификациясы туралы айтатын  болсақ, өмірдегі   жеткілікті түрде маңызы  бар.Мысалы: Біріншіден  ата-анасымен.

   Екіншден, топпен  идентификациясы (референтті топпен) ал ең соңғы  деңгейде,әлеуметтік  құбылыстың  кең шеңберінде,басқаша  айтсақ,этникалық қауыммн болуы  мүмкін.

    Бүгінгі психологияда идентификация  ұғымы психикалық  ақиқаттың қиылысатын үш бөлігін қамтиды.

  • біріншіден  идентификация-ол эмоциялық байланысты құру негізінде субъектінің өзін басқа индивиттрмен немесе топпен біріктіру үдерісі,сондай-ақ  жеке нормалар,құндылықтар,үлгілер ретінде өзінің ішкі дүниесін қосып қабылдау.

-    екіншіден   идентификация-басқа адам  субъектісін  өзін-өзі          жалғастырушы    ретінде    көз алдына елестетуі  көруі.

- үшіншіден  идентификация-ол  субъект  өзінің  басқаның орнына  қою    механизмі.Идентификация тиістілік сезіммен байланысты,оның көмегімен адам  сол топпен өзін  теңестіреді,оның (адамның) ойыша өзі сол топқа  тиісті болып есептеледі.

Сонымен бірге идентификация  көпшіліктің  мәдениетімен ассимиляция  ретінде бағаланса,әрі көп ұлттық қоғамдағы жеке топпен күшті идентификация болса, ол сонда ғана-сенаратизм (бөліну, оқшаулануға ұмтылу) туралы екен деп О.Л.Романова санаған.

Информация о работе Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау