Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 20:42, дипломная работа
Біздің зерттеу жұмысымыз поли және моно этностық топтардың мәдени айырмашылықтарын зерттеу.Біздің елімізде ұлттардың мәдени этникасын зерттеу кең өріс алған емес,бұл тақырыптағы еңбектер ізденістер де жеткіліксіз.Зерттеулер өте аз деп айтуға болады.Этникалық мәдениет ең маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Кіріспе.......................................................................................
1бөлім. Поли және моноэтностық топтарға арналған әдебиеттерді талдау.................................................................
1.1 Этномәдени орта және оның рөлі................................................................
1.2 Этнопсихологияда кездесетін категориялар...............................................
1.3 Этнопсихологиядағы өзіндік сананың және мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері........................................................................................................
2 бөлім. Эксперименттік зерттеу бөлімі...........................
2.1 Зерттеудің мақсаты,міндеті,болжамы........................................................
2.2 Зерттелетін әдістемелердің сипаты...........................................................
2.3 Зерттеудің барысы және міндеттерді сандық өңдеу..............................
2.4 Зерттеу болжамын дәлелдеу.....................................................................
2.5 Мәліметтерді сапалы талдау қортындылау.............................................
Қорытынды....................................................................................................
Әдебиеттер тізімі............................................................................................
Қосымшалар.......................................................................................................
Мазмұны.
Кіріспе.......................
1бөлім. Поли және
моноэтностық топтарға
1.1 Этномәдени орта және оның рөлі..........................
1.2 Этнопсихологияда кездесетін
категориялар..................
1.3 Этнопсихологиядағы өзіндік
сананың және мәдениеттің психологиялық
ерекшеліктері.................
2 бөлім. Эксперименттік
зерттеу бөлімі................
2.1 Зерттеудің мақсаты,міндеті,
2.2 Зерттелетін әдістемелердің
сипаты........................
2.3 Зерттеудің барысы және
2.4 Зерттеу болжамын дәлелдеу.....
2.5 Мәліметтерді сапалы талдау
қортындылау...................
Қорытынды.....................
Әдебиеттер тізімі.............
Қосымшалар....................
Кіріспе.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мәденитке,
тілге,ұлтқа ұлттық мінез-құлыққа көп
көңіл аударылып жатыр.Сонымен қоса Қазақстанда
поли және моно ұлт топтары тұрады.Моноға
біз бір ұлт адамдарын жатқызамыз олардың
салт-дәстүрі,әдет-ғұрпы,мінез-
Полиэтникалық жағдайда этникалық толеранттылық мәселесі де мәнді.Басқа этникалық мәдениеттерді қабылдау,силау үшін ең алдымен өзіңнің мәдениетіңді қабылдау,силау,оның позитивті құнды екенін ұғыну,оған деген сенімділік,басқа мәдениетпен жиі байланысқа түсу міне осы жағдайлар мәдени аралық толеранттылықтың негізін құрайды.Мәдениет адам творчествосының өнімі. Мәдениет жеке әлеуметтік-экономикалық формацияда этникалық,ұлттық,таптық,топтық мәдениет ретінде дамиды.Мінез құлықтағы өзгеріс міндетті түрде мәдениеттегі өзгерісті білдіреді.
Этномәдениеттің сондай-ақ бұл бағыттымен Қазақстанда айналысып жүрген ғалымдарымыз Б.А.Ашированың этностық жансақ нанымдардың оқыту процесіне әсер ететіні туралы зерттеулері С.М.Жакупов, Қ.Б.Жарықбаев А.Т.Малаева, Л.К.Көмекбаева, ғылыми еңбектерінің маңызы зор.
Біздің зерттеу жұмысымыз поли және моно этностық топтардың мәдени айырмашылықтарын зерттеу.Біздің елімізде ұлттардың мәдени этникасын зерттеу кең өріс алған емес,бұл тақырыптағы еңбектер ізденістер де жеткіліксіз.Зерттеулер өте аз деп айтуға болады.Этникалық мәдениет ең маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты:поли және моноэтностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктерін эмперикалық зерттеу.
Зерттеу пәні:поли және моноэтностық топ өкілдерінің психологиялық ерекшеліктерінің көріну жағдайлары.
Зерттеу өзектілігі:Жұмыстың өзектілігі, қазіргі уақытта Қазақстан
мәдениетті,әдет-ғұрыпты,мінез-
Тәжірибелік маңыздылығы:Зерттеуден алынған мәдениетке тәрбиелеу және дамыту мақсатындаарнайы тренингтер және дамыту жаттығуларын қарастыруда қолдану.
Болжам:Поли және моно этностық ортаның психологиялық ерекшелігі бар.
Зерттеу міндеттері:1.Этнопсихология мәселесіне арналған әдебиттерді
2.Әдістемелер мен талдауларды жасау.
Адамның этномәдени даму мәселелері.
Біздің елімізде болып жатқан соңғы жылдардың оқиғалары қоғам өміріндегі ұлттық факторлардың жоғарғы мәнділікке ие екенін көрсетуде.Полиэтникалық полимәдениет жағдайында өмір сүріп отырған адамның ұлттық сипатта дамуынна қоғамдық өмірдегі өзгерістер әсер етеді. Қазіргі уақытта біздің полиэтникалық қоғамда өтіп жатқан экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени, демографиялық және басқа да процестер елімізде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың ұлттық сана сезімдерінің көтерілуімен түсіндіріледі. Жеке бір адамның және этностың этникалық сана сезімінің деңгейі, көп ұлтты қоғамның әлеуметтік-психологиялық және атмосферасын белгілі бір мәнді дәрежеде анықтайды. Этникалық сана сезімдердің құрылымы, этникалық эдентификация, өз «менің» бастан кешіруі, әсерленуі, өзіндік қатынасты белсендіру, этнорухани мәдениетке, ұлттық тілге, халық творчествосына, дініне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне деген психологиялық орнықтылық сияқты белгілермен анықталады. Этно факторлардың мәнді өсуі этникалық сана сезімдерді күшейтеді. Этникалық сана сезімдер индивидуалды қасиеттердің әртүрлі деңгейдегі ерархиялық байланысын детерминациялайды қасиетердің және интеграцияланған индивидуалдықтың дамуының жүйелі ұйымдастырушысы функцияларының орындайды, әрі реттейді. Этникалық басты объективті тасушысыболып табылатын «ұлттық мәдениеттің » әлсіреуі барысында өтетін этникалық сана сузімдердің күшеюін «этникалық парадокс» деп айтуға болады. Бұл парадокстың болу себебі ұлттық сана сезімдердің конпен сациялаушы функциясымен байланысты, соны күшейту және бекіту, этникалық сана сезімнің объективті негізі – халықтың, этностың, ұлттың өзіндік қайталанбас мәдениеттің әлсіреуінде пайда болатын негативті әсерлерді теңестіреді.
Қазіргі жаңа этно психологияда өз бетінше дамып жатқан бақтардың бірі – психофизиологияның, когнетивті процестердің, естің эмоцияның, сөздің этникалық ерекшеліктерін салыстырмалы – мәдени зерттеулері жатады. Этнопсихологияның методологиясы өте күрделі. Этносты құрайтын индивидтің қасиеті мен тұтастықты құрайтын ұлттық мәдениет қасиеттері бірдей емес, культуралогияның және психологияның зерттеулері арасында этнопсихологияға байланысты ылғида белгілі бір ажырау болады. Сондай-ақ этникалық ерекшеліктер жайлы бір қорытынды жасау үшін, қандай да бір салыстыру керек деген ой көлеңкелеп тұрады. Сондықтан да этноцентризм мәселесінен қашу үшін оны терең түсіну керек. Халықтардың психологиялық ерекшеліктері жайлы абстартілі, негізделмеген қорытындылар ұлттық сезімдерді қорлауы мүмкін. Осы сұрақтарды талдауда пән аралық гуманитарлы ғылымдар атап айтқанда этнокультуралогиясы бізге көмектеседі. Мұнда индивидуалды сана сезімдер сол мәдениетте қабылданған адамның жалпы модулінен тәуелді болады және олардың құндылықты – нормативті аспектілері талданады /2/. Г.У.Кценова этникалық сана сезімдерді әлеуметтік топтардың этно мәдени болмысқабелгілі бір қатынасы, әлемді қабылдаудың ерекше тәсілі ретінде қарастырады.Этномәдениет бағыттағы зерттеулер позитивті этникалық және мәдени идентификацияның қалыптасуының психологиялық механизмдерін табумен айналысады.
Этномәдениетті
түсінуге деген алғашқы
ықпал социосфера парадигмасында
этникалық процестерді зерттеумен
байланысты болды.ол парадигманың
бастапқы алғы шарты этнос
әлеуметтік құбылыс, сондықтанда
қоғам даму заңдарына бағыну
керек, өзінің меншікті заңдары
жоқ деген сеніммен байланысты
болады.Және этнос жүйелілі деген идея
біртектілік, идентификация ретінде түсініліп
сана сезімдердің бөлінбес бөлігі
деп аныталады.Этникалық жүйедегі
мәдениеттің маңызды функциясына-этносты
сигнефикативті жүйе ретінде анықтайтын
белгі-символикалық функциясы жатқызылды.Сигнефикативті
жүйеге тіл ғанаемес этнос құрылымында
коммуникативті роль атқаратын
басқа да элеметтер жатады.Ұзақ
жылдар бойы этномәдени мәселесін
дәстүрлі жағдайда тек фольклор
мәнінде карастырды.Оны ұлттық дәстүрлердің
рухани және тұрмыстық аспектілеріне
апарады. В.Бромлей осы сұрақты талдай
отырып, мәдениетті этникалық аспектісі
жайлы айтып, оны «өндірістен тыс мәдениет»
деп аталады, яғни мәдениет адамдардың
күнделікті материалды және рухани қажеттіліктерін
қанағаттандыру сферасында қаралады.
Шындығында тұрмыстық мәдениет этникалық
қатынаста дәстүрлі қырларды көбірек
сақтайды. Этномәдениет мәселесін қарастыруда
этномәдени реттеу жүйелеріндегі дінді
аттап кетуге болмайды. Этникалық тарих
этногинез факторлар жүйесінде діннннни
комплекстердің маңызды ролін көрсетедіт,
әсіресе этномәдени интеграциядағы діни
құндылықтар, «провославиелік» және «мұсылман»
әлемі сияқты супер этникалық тұтастықтар
құру сұрағы, сондай-ақ этникалық бірлікті
қалыптастыру мен сақтаудағы діннің маңызды
ролін корсетті. Сөйтіп, «социосфера»
ықпалындағы зерттеулер этномәдениеттің
көп функцияларын ашады-рухани, тұрмыстық,
материалды өндірістік, саяси-тәрбиелік,
гуманитарлы білім салаларын осы функциялардың
біреуін азайту немесе мойындамау ерте
ме кеш пе этникалық мәдениеттің тұтастығын
бұзуға әкеледі. Этномәдениет пен этногенезге
деген екінші ықпалға Л.Н.Гумилевтің
биосфералық концепциясын айтуға болады.Л.Н.Гумилевтің
пікірінше, этникалық мәдениет өз
элеметтері мен байланыстарының өзара
әрекетін беретін күрделі
көпдеңгейлі құрылу.Этномәдениет ол
тұтастай феномен, оны этникалық
немесе этникалық емес белгілері
бар фрагменттерге бөлу дегеніміз,
этномәдениеттегі творчествалық
тарнсформацияға деген қабілеттен
бас тарту. Ең маңыздысы сол этноиәдениетте
архаистік мағыналар мен түсініктер бар,
соның арқасында этномәдениет тек қана
кеңістікті ғана емес әрі рухани әсерленуге
қолайлы уақыт өлшемдерін де береді. Этникалық
тұтастықтың негізгі белгісі ерекшк сипаттағы
этникалық мәдениет, оны қалыптастыратын
элементтер-біріншіден, белгілі этносқа
ғана тән мінез құлықтың ішкі қайталанбас
стереотипі (психикалық құрылыс), екіншіден,
обьективті шарттар мен факторларды қалыптастыруға
әсер ететіндер: табиғи (территория, ландшафт,
геокосмостық аномалия), әлеуметтік (жергілікті
өндірістік-экономикалық жағдай және
өркениеттің деңгейі, қоршағандар, байланыстар
және саяси мұра), этномәдени (күрделілік
пен белсенділік деңгейі, яғни этностардың
жасы, көршілер, этнос-субстраттар, алдыңғы
мәдениет, олардың элементтері, тіл, идеялық
мұра), антропоморф (этностардың антропобиологиялық
ерекшеліктері).Л.Н.Гумилевтің пікірінше,
мәдениет пен этнос әртүрлі жоспардағы
құрлым. Этнос органикалық сфераға жатса,
мәдениет жасанды құрлым, этностар өзінің
этногенетикалбық бағдарламасын жасайды.Сондықтанда,техника,
Мәднеиеттің этнос тағдырларындағы ролі қайшылықты болып отыр.Неге? «Неосфералық концепция» бойынша мәдениет тарихында этникалық процестердің жоғарлауы мен құлдырауы болды, бірақ олар фаза бойынша бір -бірімен сәйкес келмейді.Бұл сәйкессіздік этногенездің ішкі стимулдарымен байланысты туындайды,этностың өскенін көрсетеді, әрі мәдениеттің гүлденгенін білдіреді.Негізгі жұмыс біткен соң енді биосферамен араздық басталады.Бұл фазада этнос тіршілікпен байланысын жоғалтып, құлдырайды.Сөйтіп,Л.Н.Гумилев этнос пен мәдениет бір-бірімен кері пропорционал қатынаста болады дейді.Сондықтанда өздігінен ұйымдасу прогресстің обьективті қажетті жағы.Біз үшін мәдениеттің этникалық,рухани комплекстерінің әртүрлілігі және этномәдениетін еркін дамыту негізгі мәселе.
В.К.Шабельниковтың пікірінше өркениет процесі екі құрылымның өзара әрекетіне байланысты болады-сұйық (Европа; Америка) және қатты (Азия) әлеуметтік жүйелердің қатты және сұйық құрылымдарымен қарсыласуы қазіргі әлемдік саясаттың негізгі мазмұнын құрайды. Біз сол қатты әлеуметтік құрылымның өкілдеріміз. Ол қалай сипатталады? Қатты қоғамдық жүйеде адам этностың отбасының ажырамас бөлігі. Өндірістің отбасылық рулық типі көп деңгейлі мықты иерархияны жасайды, онда адам өзінің жасына, жағдайна қарай іс-әрекет пен мінез құлық мазмұнына ие болады. Еврогенетикалық мәдениет қатты этнос жүйелерге қуатты қысым көрсетуде. Мәселен, транспорт байланысы, баспасөз, телеақпараттар арқылы рефлексиялы мәдениет қатты құрылымның орнықтылығын бұзуға әкелуде. Қазіргі жаңа өркениеттің дамуында қатты әлеуметтік құрылымдардың әлсіреуі қашып құтыла алмайтыын процесс. Этномәдениет ортаның өзгеру мәселесі этностың қайта құрылу мәселесінің бір бөлігі немесе бұрынғы қатты жүйелердің еріп кетуі. Қатты құрылымдардың еруінііің қажетті шартының бірі полиэтникалық және полимәденилік, өз кезегінде олар сол не басқа мәдени типтерді анықтайды.
ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап әлемдік масштабта халықтардың өз тұрмыс салтын сақтауға ұмтылу, ерекшше тұрмыстық мәдениеттің мәнін көрсету, этникалық идентификация мәселесіне байланысты процестер қатты белең алды.Бүгінгі күні этностық қайта өрлеу жаңа замандағы адамзат дамуының басты факторы болып отыр. Адамдардың өзі түпкі шығу тектеріне көңіл бөлуі әртүрлі формаларда көрінеді- көне ескі салт дәстүрлерді реанимациялау, кәсіби мәдениетті фольклоризациялау, өзінің ұлттық мемлекетін құру.
Мәдениет ұғымы психологиялық ұғым ретінде түсінілуде. Этнос пен мәдениет ұғымының арасындағы байланыс жайлы бірнеше көзқарастар бар. Мәдениетті психиканың этника аралық айырмашылығы негізінде жатқан басты фактор деп анықтайды.Бір қатар этнопсихологиялық мектептер мәдениет пен психологиялық арасындағы байланысты ең алдымен жек бастық сипаттамалар негізінде зерттейді.Американдық психолг Г.Триандис этнопсихологияның пәні ретінде субьективті мәдениет деген ұғымды бөліп көрсетті.Философиялық және социологиялық концепцияларда репрезентативті мәдениет (Ф.Тренбрук) деген термин кіргізілді.Ал американдық психолг Д.Матсумото мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамдар тобының, бірақ әр индивид үшін әртүрлі болатын мінез-құлықтың, сенімнің, құндылықтардың, ішкі ыңғайланулардың жиынтығы деп түсіндірді. Бұл анықтама топтық және индивидуалды сананың ішкі мазмұнына қатысты. Мәдени-шарттанған мінез құлық салт жораларда тіркелгендіктен нәтижесінде (мінез құлықтың жалпы, автоматтанған тәсілдері) адамдар тобын жалпы мәдени құндылықтарға, мінез құлық нормаларына және қарым қатынасқа қарай бөлу жүзеге асады. Мәдениет мінез құлық пен қарым қатынасқа әсер етпейді, құндылықтар, нормалар, ролдер, әлеуметтік когнитивті және аффективті процестер, әдет ғұрыптар арқылы жанама әсе принциптер болып табылады. Егер сіз өзіңіз жататын мәдениетті түсінгіңіз келсе ең алдымен оның базалық құндылықтарын түсінуге тырысыңыз: бұл өзіңіздің, адамның мінез құлықының жасырын мотивтері менмағыналарын түсіндіретін тура жол.
Мәдениет элементтерінің ерекше болуы бірнеше факторлармен түсіндіріледі біз үшін маңыздысы мәдениеттің әртүрлі болуының әлеуметтік-психологиялық себептері жайлы сұрақтар. Мәдениет- ол бір жиынтық емес, бірлігі бір бейнемен элементтері өзара байланысқан жүйе. Этнологияда мәдениет дегеніміз сол этносты құрайтын бірлестік, әлеуметтік тіршілік салты, тұтастай алған сол қоғамның өзі, сол этнос. Қазіргі жаңа этнопсихологияда этникалық социаллизация және мәдени трансмиссия ұғымдары қолданылады.Этникалық бірлестіктердің псохологиясын зерттегенде олардың мәдениетінде жүзеге асатын көптеген әртүрлі процестерді ескеріп отыру керек. Этопсихологияда үлкен орын алатын жағдай психология мен мәдениеттің арақатынасы, оның этникалық аспекттілерінің мәні жайлы мәселе. Бүл екі категория әртүрлі жоспарлы болса да, оларды бөлудің күрделілігі сонда олар бәрібір бір бірімен сәйкес келіп, жақындасады. Міне осы жағдайда этникалық бірлестіктің психологиясын оның мәдениеті арқылы, ал мәдениетті психикалық құбылыс арқылы анықтауға мүмкіндік береді. Психиканың тұлға аралық айырмашылық негізіне мәдениетті жатқызады. Халық психологиясымен оның мәдениетінің өзара байланысын талдай білу керек. Этникалық бірдейлікті оның мәдениеті арқылы, ал мәдениетті психикалық құрылым негізінде анықтауға болады. Р. Бенедикт айтқандай, «Халықтар психологиясы – ол оның мәдениеті».
Полиэтникалық
жағдайда этникалық толеранттылық
мәселесі де мәнді.Басқа этникалық
мәдениеттерді қабылдау,силау
Информация о работе Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау