Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 20:42, дипломная работа

Краткое описание

Біздің зерттеу жұмысымыз поли және моно этностық топтардың мәдени айырмашылықтарын зерттеу.Біздің елімізде ұлттардың мәдени этникасын зерттеу кең өріс алған емес,бұл тақырыптағы еңбектер ізденістер де жеткіліксіз.Зерттеулер өте аз деп айтуға болады.Этникалық мәдениет ең маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................
1бөлім. Поли және моноэтностық топтарға арналған әдебиеттерді талдау.................................................................
1.1 Этномәдени орта және оның рөлі................................................................
1.2 Этнопсихологияда кездесетін категориялар...............................................
1.3 Этнопсихологиядағы өзіндік сананың және мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері........................................................................................................
2 бөлім. Эксперименттік зерттеу бөлімі...........................
2.1 Зерттеудің мақсаты,міндеті,болжамы........................................................
2.2 Зерттелетін әдістемелердің сипаты...........................................................
2.3 Зерттеудің барысы және міндеттерді сандық өңдеу..............................
2.4 Зерттеу болжамын дәлелдеу.....................................................................
2.5 Мәліметтерді сапалы талдау қортындылау.............................................
Қорытынды....................................................................................................
Әдебиеттер тізімі............................................................................................
Қосымшалар.......................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау.doc

— 393.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

                                   3. Этникалық бірдейлік. 

 

Дифференциация идентификацияның  біртұтас процесі әлеуметтік ұқсастықты қалыптастырады. Тәшфелдің анықтамасы бойынша, әлеуметтік ұқсастық- бұл индивидтің белгілі бір әлеуметтік топ мүшесі екендігін, сезініп

сол мүшеге тән құндылықтары мен эмоционалды мәнділіктерін  ұғындыратын

«Мен концепциясының»  бөлігі болып табылады.Сондай-ақ жалпы мағынасында әлеуметтік ұқсастық – бұл өзінің тобын басқа әлеуметтік қауымдармен салыстыру процесінің нәтижесі.

Этникалық ұқсастық –  тұлғаның әлеуметтік ұқсастығының құрамды  бөлігі, психологиялық категория  тұрғысында белгілі бір этникалық қауымға жататынын ұғындыру болады. Осы орайда этникалық ұқсастық пен этникалық ұғымдарын ажыратып алған жөн.Этникалық этносқа тән  объективті белгілерін анықтауға бағытталған әлеуметтік категория.Мысалы: ата-ананың белгілі бір этносқа жатуы, туған жерінің , тілінің, мәдениетінің сол этносқа тән болуы.

Этникалық (этничностъ) аскритивті (қоғамға тән) сипатқа ие болса, этникалық  ұқсастық – этникалықтың негізінде  әлеуметтік шындықты құрау процесіндегі индивидтің қол жеткен жетістігі  болып табылады.Шынайы өмірде субъективті ұқсастық пен әлеуметтік белгіленген этникалық екеуі көп жағдайда сәйкес келмейді. Сондай-ақ этникалық ұқсастық өзін этникалық қауым қатарында санайтын декламацияланған ұқсастықпен де сәйкес келмеуі мүмкін. Күнделікті өмірде адам өзіне тән ұқсастықтарды қозғалмастан басқа этникалық кодтарға қосылуды тиімді пайдалануы мүмкін. Мысалы: мемлекеттік және тұрмыстық  антисемитизммен сипатталатын советтік кезеңде еврейлер қайда, қашан және кіммен еврей болуды күнделікті таңдап отыруға тура келген. Этникалық ұқсастықты идентификация дифференциясының біртұтас когнетивті үрдісінің нәтижесі ретінде қарауға болмайды, ол индивидтің әлеуметтік кеңістіктегі көптеген этностар ішінен өзін - өзі  анықтауының когнетивті – эмоционалды үрдісінің нәтижесі. Бұл сондай-ақ тек ұғыну ғана емес, бағалау, өзінің этносқа жататындығын  ойлануы әсерленуі ( переживания).

Осы түсініктерді дәл  бейнелейтін әсерленушілік термині  десек болады, бұл терминді ресейдің әйгілі ойшылдары  Г.Г. Шпет пен Выготский  өз еңбектерінде қолданған.

Шпет ұжымдық әсерленушілік  ұғымын енгізсе, осы ұғымға ұқсас  түсінікті Выготский ұсынған. Выготский  ол әсерленушілік ұғымын қоғамдағы  тұлғаны зерттеу үшін қажет бірлік ретінде қарастырған. Екі ойшылдың да берген анықтамаларында  сәйкестік  бар.Шпеттің ойынша ұжымдық әсерленушілік (переживание) оның мүшелерінің  мәдениетіне деген қатынасы болса, Выготскийде әсерленушілік «баланың адам ретіндегі белгілі бір шынайылық жағдайына деген ішкі қатынасы»тұрғысында қарастырылады.

Этникалық ұқсастықты әлеуметтік ұқсастықтың құрамды бөлігі ретінде қарастыра отырып, зерттеушілер оның өзіне тән ерекшеліктерін көрсетуге тырысады. Мысалы, американдық мәдениантраполог Дж. Девос этникалық ұқсастықты мәдени салт-дәстүрге ұштасқан өткен мұраға бағытталған ұқсастықформасы ретінде қарастырады. Г.У. Солдатовамен де келісуге болады, ол этникалық ұқсастықтың ерекшелігін –мифтен көреді, себебі , оның басты тірегі –жалпы мәдениет, шығу тегі, тарихы туралы мифтер мен ой- пікірлер болып табылады. Этникалық ұқсастықтың әлеуметтік ұқсастықтың қандайда бір құрамдас бөлігінен  айырмашылығын жекелеген  ерекшеліктерінен іздемеу керек, оны сол  немесе  басқа да әлеуметтік контекстегі белгілі бір халық өкілдерінің құрылымдық қатыстарынан іздестірген жөн.

Этникалық ұқсастық  құрылымында екі негізгі компонентті бөліп көрсетеді:

-когнитивті (өз тобының ерекшеліктерін  білу, әрі жекелеген белгілерінің  негізінде өзін сол этностың  мүшесі  екенін ұғынуы)

-аффективті (өз тобының қасиеттерін  бағалауы, ондағы мүшелерге деген  қатынасы)

Әр түрлі зерттешілер ұсынған моделъде этникалық ұқсастықтың когнетивті компонентінің құрамдас бөліктерін анықтауда көптеген терминдер қолданылады: этникалық бағдарлану, тотық концепциялар және т.б. Ең маңыздысы  ретінде өз тобы мен басқалар арасындағы ,тарихы мен дәстүрі арасындағы айырмашылық туралы объективті білімдер мен субъективті әлеуметтік ойлардан тұратын этникалық мәліметтілікті  және этникалық өзіндік ұқсастықты атауға болады.

Бірақ этникалық ұқсастық-бұл тек  өзінің этникалық қауыммен ұқсастығын ұғып , сезіну ғана емес, ол сондай-ақ оны бағалауы, оған мүшелікте болудың мәнділігі, этникалық сезімдерді бөлісу. Жетістік, өркөкіректік, реніш, қуаныш  сезімдері этнос аралық салыстырудың маңызды критериі болып табылады. Бұл сезімдер этникалық қауыммен терең эмоционалдыбайланысқа негізделеді.

Өзінің этникалық қауымына деген қатынас этникалық аттитюдерде  көрінеді.Позитивті аттиюдтер этникалық  қауым мүшелеріне көңіл толуынан, өз халқының жетістігіне қуануынан  байқалады.

Керісінше, топқа қатынасына байланысты негативті аттитюдтардың көп болуы өзінің этникалық  ұқсастығын мойындамау, төмен сезіну сезімінің болуы, референті ретінде басқа топқа бет алуы  т. б. болады.Солдатованың зерттеулерінде Ресей республикасында өмір сүретін орыстар өзінің этникалық тобына деген қызығушылығы төмендегідей анықталған.

Соңғы жылдары бұлар өз тарихи тағдырына  байланысты көптеген нәрселерден көңілдері  қалған.

Тұтастай өз халхына деген ұят  сезімдерін өркөкіректік сезіміне алмастырудан орыстардың ішінде өз этникалық тобынан  бөтенсіні, бөлектену үрдістері көбейе бастағанын бейнелейді.

Кейбір авторлар этникалық ұқсастықтың  мінез-құлықтың компонентін де ерекшелеп, оны белгілі бір топ мүшесі екенін ұғынып, өзін көрсете білуі  деп түсіндіреді.Бірақ этникалық  ұқсастықтағы этникалық мінез-құлықты  бөліп көрсету  бұл ұғым аясын одан да кеңейтіп жібереді.Этникалық топтың әлеуметтік өмірі мен мәдени практикасына қызығушылық таныту индивидтің этникалық ұқсауының индикаторы ретінде қарастырылады.Дегенмен, адамның өзі туралы ойлары мен шынайы өмірдегі әрекеттері , яғни этникалық өзін ұқсату мен этникалық қызығушылық таныту арасындағы тұрақты байланыс мәселесі әзірге дейін ойландыруда.

Көптеген зерттеулердің нәтижесінің  көрсетуінше, өзін этникалық топ  мүшесі ретінде санауымен өзіне  тән типтік мінез-құлықты қолдану секілді екі өлшеуіштің арасындағы тәуелсіздігі байқалған. Кейбір жағдайда ұқсастылық пен  (идентичностъ)  этникалық практиканың кейбір түрлерін қалау арасындағы байланыс мойындалмай жатады. Мысалы, адам басқа этникалық қауымның тілі мен дәстүрлерін сақтауға деген ниеті болмаса да, ол қауымға идентификациялануы мүмкін.

Сонымен қатар, шынайы өмірде пайдалануға, үлгілеуге боларлықтай  өзінің этникалық  прототипін немесе үлгісі бар этникалық  мәдениет нұсқауын ажырату қажет. Мысалы, ұлттық мектепте оқитын мәскеулік еврей жасөспірімдерінен сауалнама алғанда, олардың еврей мәдениетіне деген қызығушылығының төмен екендігі байқалған: 11,7% респондент айына бір рет немесе одан жиірек синагогада болады екен, ал 39,5% ол жерде мүлде болмайды, 60,2%  ұлттық газеттерді мүлде оқымайды, 76,7%ұлттық қоғамдарда жұмыс істемейді екен.Сондай болғанменде респонденттер еврей мәдениетіне бағытталатындықтарынжария етіп, нұсқауларының деңгейі құштарлықтарынанда екі есе жоғары екендіктерін көрсетті.

Басқа сөзбен айтқанда, этникалық ұқсастықтың (идентичности)  мінез-құлық компонентін бөлмеген дұрыс,  ал тек индивидтен іс - әреккетің ұжымдық формасын топтық мақсатқа жетуге деген талпынысын бөлген жөн.Бұл тек әрекет барысында жүзеге аса бермейтін дайындығы ғана.

Сонымен, қазіргі кезде этникалық ұқсастық топпен өзара әрекеттесуді әрқашан болжай бермейді.Дегенмен, дәстүрлі қоғамда этникалық топтың әлеуметтік өмірі мен мәдени практикасына қатынасу этникалық ұқсастықтың құрылуы мен қалыптасуының маңызды компонентті екенін ескерген жөн.

 

                       4. Эгоцентризм.

 

Эгоцентризм-айналадағы болып жатқанды ескермей,адамның зейіні мн ойлауын тек өзін ғана бағыттауы арнауы.Эгоцентризм (лат ego – мен, centrum-шеңбер  орталығы) өз  мүдделерін ғана деттеген  индивидтің  тіпті ақпарат өз тәжірибесіне  қарама-қарсы келіп тұрғанда  да қайсы бір объектіге,пікірге не түсінікке қатысты өзінің бастапқы танымдық ұстанымын өзгерте алмаушылығы   эгоцентризмнің түпкі негізі субъектінің басқадай қарама-қарсы көзқарас  болуы мүмкін екендігін түсінбуі,басқа адамдардың   психологиялық ұйымдастырылуы өзінікіне барабар дегн имплицитті снмілік болып табылады.Эгоцентризмнн арылту дцптрацияға дгн қабілеттілікті біртіндеп дамыту арқылы жүзге асырады.Эгоцентризм балалық кезеңінде нғұрлым айқын көрініп негізінен 12-14 жасқа қарай қалады.Эгоцентризімнң бр шама күшеюі қартайғанда да, байқалады.Нақты зерттеулрде  эгоцнтризімнің әрқилы түрлері  сараланады.

1.Қабылдау және ойлау  процестерімен сипатталатын танымдық  эгоцентризм.

2.Өзінен басқалардың  моральдық   іс-қимылы  мен  қылықтарының негіздерін ұғына алмаушылықты көрсететін моральдық эгоцентризм.

3.Субьктінің  басқа  адамдарға ақпарат беруі кезіндее  тезаурустардың,ұғымдардың мағаналық  толымдығын жән т.б.Елмеушіліктен  көрнтін коммуникативтік эгоцентризм.Бұл  салалардың әрқайсысында эгоцнтризмнн арылтуды бір-бірінн тәуелсіз тұрғыда жүзеге асыруға болады.

Этноцентризм дегеніміз  не? У.Самнердің көзқаратары.

Халыөтардың салт-дәстүрлері туралы өзінің классикалық кітабында  У.Самнер алғашқыладың бірі болып этноцентризмге анықтама берді.Ол этноцетризмді техникалық атау деп ұқты, Этноцентримде әркім өзінің тобын бәрінің орталығында деп санап топ өзінің абырой-мақтанышы мен атақ-даңқын қастерлейді де басқа топ мүшелеріне жек көрушілік пен қарай отырып, өздерін бәрінен жоғары санайды.

У.Самнердің пікірінше  этноцентризмнен топтардың провинциалимі  және көзқарастарымен мәдениеттің  тарлығы байқалады. Этноцентрлік тұлға  өз мәдениетін қабылдауда ...

Этноцентримге өзінің тобына деген жағымды құрылымдары мен  бөлек әлеуметтік топтарға жағымсыз құрылымдарын қамтиды. Өз анықтамасының дұрыстығын дәлелдемек болып, У.Самнер өз топ мүшелеріне дұрыс көзқарас тудырып, ал басқа топтағылардың намысына тиіп беделін түсіруге дайын тұратындықтарын этнографиялық мәліметтер келтіреді. У.Самнердің пікірінше этникалық топтар басқаларда өздерінің құндылықтарына сүйене отырып бағалайды. Осы бағалаудың негізіне сүйенсек онда барлық халық этноцентрлік болып табылады. Ол құндылықтар өлшеу бірлігінің рөлін атқарады. Ұзақ уақыт бойы салыстырмалы түрде оқшауланып өмір сүрген этникалық топтарда этноцетризм күштірек байқалады. Мұндай топтардың өкілдері өздерінің мінез-құлық шаблондарын - дұрыс және табиғи деп, ал барлық  ауытқуларын –қате деп әрі табиғи емес деп бағалайды.

Этноцентризмде өз тобының  мүшелерін нағыз адам деп, ал бөтендерді жағымсыз яғни варварлар, жабайылар және т.б. ретінде сипаттап, оларды аморальді және күлкілі тіршілік иесі деп қарастырады.Этноцентризм бөтен мәдениеттің киелі және культ немесе табудың заты болып табылатын кейбір элементтеріне ерекше ықпал етеді. Мұнда ең алдымен діни және басқада символдар туралы, отбасылық және басқада құндылықтар жайлы сөз болып тұр. Мысалы, күйеуі тірі болса тура әйелі онымен ажырасып екінші бір адамға тұрмыс құруға рұхсат беретін даниялықтарды қытайлықтар жағымсыз бағалайды.

Әр түрлі ұлттар мен  этностардың өкілдері басқа этностың өкілдерін жеке құндылықтар жүйесі позициясында қабылдайтындықтан осы  этностарды бағалауда әр этникалық  топтардың оларға деген көзқарастары әр түрлі болып келеді. Мысалы, армяндықтарды орыстар, француздар, түріктер, арабтар өздерінің түрлі құндылықтарымен этолондары арқылы салыстыра отырып әрқайсысы әр түрлі қабылдап әр түрлі баяндайды.

Этноцентризмнен жеке және сонымен  ұқсас расоцентризм кездесетіндіктен адамдар бір уақытта әрі этноцентрист, әрі расоцентрист бола алады. Мұндай адамдар неміс фашисттері ішінде көп болған. Олар өздерін армицстер және германдықтар ретінде санап, осы екі аспект арқылы басқалардан асып түсетіндіктеріне сенімді болды.

Топтың нарцизм (этнонарцизм) және агресивтілік

Этникалық топтың мүшелері өздерін  құнды адамдар деп ойлай отырып, басқа топтар басқа топтарда мұнысын  мойындап , дәл сондай көзқараста деп  түсінеді. Ал шын мәнісінде  басқа  этникалық топтардың оларды мүлде  бағаламайтықтарын білгенде таң  қалып жатады. Бұлда этноцентризм  басқа бір көрініс болып табылады.

Осы орайда жаңа идея туындайды әрбір  этникалық топ белгілі бір  нарцизм деңгейіне ие. Әсіресе  доминантты халықтарда ерекше күшті  болып келеді (Ақш, Ресей).

Саяси психологияның дәлелдеуі  бойынша тұлғаның нарцизмі оның жоғары агресивтілігінің бір себебі болып табылады. Осыдан мынадай гипотеза  туындайды: ұлттың этноцентризмі қаншалықтаы күшті болса әсіресе топтық нарцизм онда осы ұлт соншалықты мөлшерде агресивті  екенін байқауға болады.

                            Эталондар мәселесі.

Эталондар мәселесін, оның салыстыру көрсеткіштері жекелеп  және терең зерттеу қажет. Басқа  ұлттар мен оның өкілдері түрлі этникалық  және мәдени-тарихи қауымдастарда әртүрлі болып келетін қандай да бір эталондардың негізінде бағаланады. Этникалық жеке дара және топтық ерекшеліктер де бар екені белгілі. Сондықтан да белгілі бір ұлттың мәдени жетістіктерін қандай да бір ұлт өкілдері жоғары бағалап, әлемдік мәдениетке қосқан үлкен үлес деп санаса , үшінші ұлт өкілдері  оларды мүлде төмен бағалауы мүмкін. Ол әр түрлі көрсеткіштер эталондар құндылықтарға сүйенеді. Сондықтан да зерттеушілердің этноцентризм негізін этникалық құндылықтар тұрғысындағы қарастырулары дұрыс болып табылады.

Этноцентризм әсіресе  тұрмыстық сферадан, салт-дәстүрден , және әдеттерден көрінеді.(тамақтану, әжетхана және т.б.). Қарым – қатынас сферасында да үлкен айырмашылықтар байқалады. Этникалық топтардың ар-ұят, адамгершілік және намыс туралы көзқарастары әр түрлі болғандықтан, олардың өкілдері бір-біріне абайсызда тіл тигізіп, қорлауы мүмкін.

 

                   Этноцентризмді зерттеудегі психологияның міндеттері.

 

Этноцентризм бұл кешенді  құбылыс. Ол туралы құнды мәліметтер әлеуметтену, этнология, психология, экономика  және басқа ғылымдардың әдістері арқылы алынады. Этноцентризм жайлы құнды дәлелдер көркем әдебиеттерде, журналистикалық текстерде және т.б. көптеген құнды құжаттар көздерінде көруге болады. Мамандардың айтуынша, психологияның міндеті – этноцентризмнің мотивн зерттеу. Бұл мотивтер – универсалды және қарапайым болып келеді, ал этноцентризм барлық жерде кездеседі.Әйгілі әлеуметтік психолог Р.Браунның пікірінше, этноцентризмнің психологиялық теориясының принципиалды мақсаты – неліктен бұл мотивтер кейде индивидуалды мінез – құлыққа, ал көп жағдай да топтық белсенділікке әкеледі. Деген сұраққа жауап іздеу болып табылады.

Информация о работе Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау