Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:09, реферат

Краткое описание

1. Құрамалы бұзылушылықтары бар балалар психологиясы психология ғылымының жеке саласы ретінде.
Арнайы психология-психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Арнайы психологияның жеке бағыттары:
• кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология);
• саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология);
• соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология);
• психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы;
• логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметінің ерекшелігі.doc

— 909.00 Кб (Скачать документ)

ЕЖБА  бар балалар  сенсорлық тітіркендіргіштерге өзінше реакция жасайды. Бұл көрініс олардың  өте сезімталдығымен, өкпелегіштігімен, жалыққыштығымен  т.б. түсіндіріледі.Әрі бұл балаларға сыртқы әсерлерді  назарға алмау, мүлде көңіл аудармау мен әлеуметтік және физикалық стимулдармен жасалатын ықпалдарға  реакцияның әртүрлілігі тән.

Егер қалыпты жағдайда адам - көңіл аударатын негізгі объект болып саналса, ал  адамның жүзі  ең қызықтысы болса да,  бұл балалар үшін тез жалығу сезімін туғызады, сондықтан олар өзімен сөйлескен адамның жүзіне қарамауға, ешқандай қарым-қатынас жасамауға тырысады.

ЕЖБА синдромы бар деп есептелген  балалардың 71 %  қабылдау ерекшеліктері анықталған (К.С.Лебединскаяның зерттеулері бойынша,1992). Бұл балалардың «өзгешелігіне» ең алдымен, олардың ата-аналарының айтуынша, бала өмірінің алғашқы жылында-ақ көзге түсетін сенсорлық  стимулдарға реакция жасаудың  пародокстығы тән. Заттарға реакция жасауда үлкен кереғарлық байқалады. Балалардың бір бөлігінде «жаңалыққа» реакция жасау өте күшті болады, мысалы, бөлмедегі жарықтың өзгеруі тәрізді. Бұл өте шұғыл формада байқалады және тітіркендіргіштің әсері жоғалғаннан кейін де ұзақ сақталады. Көптеген балалар, керісінше,айқын заттармен  аз ғана әуестенеді, сондай-ақ оқыс қатты дыбыстық тітіркендіргіштерге  шошыну, жылау сияқты реакция жасамайды, әрі оларда әлсіз тітіркендіргіштерге деген сезімталдық байқалған: балалар сәл ғана естілетін сыбдырдан оянып кетеді, индефферентті және күнделікті үйреншікті  тітіркендіргіштерге, айталық, үйдегі тұрмыстық құралдардың дыбысы, қатты қорқу мен шошыну сияқты  реакциялар жасайды.

ЕЖБА бар баланың қабылдауында  сонымен қатар; кеңістікті бағдарлау қабілетінің бұзылуы, шын мәнісіндегі өмірдің тұтас көрінісінің бұрмалануы  да заңды құбылыс.   Олар үшін маңызды нәрсе затың өзі емес, оның жеке сенсорлық  сапалары: дыбыстары, формасы мен фактурасы, түстері.ЕЖБА  бар балалардың  басым көпшілігінде музыкаға деген  шамадан тыс  қызығушылық байқалады.  Сондай-ақ әр түрлі иістер  қатты әсер етеді. Таныс емес заттарды иіскеп, жалап танысуға тырысады.

  Өз денесімен түйсінетін тактильдік, бұлшық ет сезімі де  олар үшін  өте маңызды.  Үнемі сенсорлық жайсыздық күйінде болатын олар  теңселу, бір орында  айналу сияқты  монотонды қимылдар жасау немесе қағаздарды, шүберекті  ұзақ уақыт жырту,  суды немесе құмды сапыру,  жанып жатқан отты бақылау  тәрізді  әрекеттерден өздерінше рақаттанады. Ауырсыну сезімінің әлсіздігімен байланысты кейде өздеріне өздері түрлі жарақаттар салуға деген құмарлық кездеседі.

 Күрделі сенсорлық кемістігі  бар балаладың түйсінуі мен  қабылдауы.

Тері арқылы түйсіну мен қимыл- қозғалыстық  жады бұл балалардың қоршаған ортаны танудағы ерекше  мүмкіндігі болып табылады.  И.А.Соколянский соқыр-саңырау балалардың тіпті бөтен  бөлмелердегі терезелер мен есіктерді  қалай жылдам ажырататынын суреттейді. Демек олар таныс емес бөлмелерде есік пен терезенің орнын  терімен сезінудің көмегімен  ауа толқыны мен  температура арқылы  айналаны бағдарлай алады.

Ал сипап сезу  тактильді  және   кинестетикалық сезімдерден тұрады. Ол  адам денесінің ұйымдасқан  қимыл-қозғалысының  кеңістіктік сызбасына енеді. Адамның айнала қоршаған орта кеңістігін бағдарлау қабілеті  оның өз денесінің  қимыл-қозғалысын сезінумен қалыптасады.  Соқыр немесе нашар көретін бала өз денесінің барлық қимыл-қозғалысын  әуел  бастан-ақ  көріп  бақылай алмайды. Есту қабілетінң бұзылуы да  мұндай баланы  дыбыстың көмегімен бағдау жасау мүмкіндігінен айырады. Соқыр-саңырау баланың барлық жағынан да жеке өзінің қимыл-қозғалыс және  сипап сезу  тәжірибесіне сүйенуіне тура келеді. Сондықтан бала неғұрлым ерте жастан өздігінен қозғалуға үйренсе – аударылып жату,  созылу,  ұстау,  отыру, тұру,  еңбектеу т.б. Соғұрлым ол келешекте кеңістікте еркін қозғала алады.  Соқыр-саңырау баланың  қимыл-қозғалысын ерте сәбилік шақтан  дамыту өте маңызды.

Тактильдік  сезім бұл балалардың  айналаны танудағы  негізгі  қабілеттерінің бірі, яғни затпен тікелей жанасу арқылы оларды қабылдауға болады.Бұл балалар  заттың  пішінімен,  текстурасымен,  салмағымен,  температурасымен   сипап сезу арқылы танысады. Сол сияқты адам затпен белгілі бір арақашықтықта да таныса алады. Бірқатар авторлар  бұл категорияяға жататын балалардың иіс сезу қабілеті әсіресе   жақсы жетілгендігін атап өтеді.

Тактильдік - вибрациялық  сезімдердің көмегімен   адамдар   мен заттардың  қозғалысын, дыбыстарды, олардың  қандай қашықтықта екендігін  біле алады.Айналасында болып жатқан оқиғаларды, маңайындағы адамдарды ажыратады.   Музыканы,  қатты  дыбыстарды табанымен сезінеді, адамдарды жүрісінен таниды.  Вибрациялық  сезім  соқыр-саңырау  балалардың  сөйлеу тілін қабылдауда және қалыптастыруда негіз болуы мүмкін. Мысалы, Петербургтегі соқыр-саңыраулар  мектептерінде балаларды сөйлеу тілін қолды сөйлеушінің тамағына қойып  қабылдау жолын үйретеді. Әрі олардың  өз сөйлеу тілдерін де осылайша бақылауларына болады.

Жоғарыда аталған сау сақталған иіс сезу,  дәм сезу, сипап сезу, тактильдік-вибрациялық  сезімталдық мүмкіндіктерімен бірге  соқыр-саңырау балалар  қалдық есту және көру мүмкіндіктерін де барынша пайдалануы керек. Ерте жаста жүргізілген аудиометрлік  тексеру мен есту аппараттарын (екі құлаққа да) тағайындау балалардың есту мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтеді және дамытады. Қазіргі заманғы медицина жетістіктері кейбір соқыр-саңырау балаларға кохлеарлық имплантация көмегімен есту қабілетін қайтара алады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:4,6,7,8,19,23,44,46,48,49,52,54,67,84,85.

Қосымша:1-6.

 

№ 6 дәріс тақырыбы:  Құрамалы бұзылушылықтары бар балалардың  зейін ерекшеліктері.

Кемақыл балалардың зейін ерекшеліктері.

Жоспар:

  1. ПДТ балалардың зейін ерекшеліктері.
  2. Есту қабілеті зақымданған балалардың   зейін ерекшеліктері.
  3. Көру қабілеті зақымданған баллардың   зейін ерекшеліктері.
  4. Сөйлеу тілі бұзылған балалардың  зейін ерекшеліктері.
  5. ТҚАЗ балалардың   зейін ерекшеліктері.
  6. ЕЖБА балалардың зейін ерекшеліктері.

 

Кез келген даму патологиясында, әсіресе эмбриогенездің ерте  кезеңдерінде миға зақым келетін жағдайларында, сондай-ақ, пери – және постнатальдық кезеңдерде мидың филогенетикалық анағұрлым жас және онтогенезде кешірек қалыптасатын ассоциативтік  маңдай құрылымдары экзогендік  зияндылықтарға сезімтал болады. Балалардың жай және күрделі сигналдарға реакция жасау уақытын тексеру эксперименттеріндегі психикалық жетілмеу дәрежесі мен  төмен психофизиологиялық  реакциялар көрсеткіштерінің арасындағы өзара байланыстылықты (корреляцияны) жоғарыда сипатталған сезімталдықпен ғана түсіндіруге болады. Жалпы психикалық жетілмеген балаларға сигналды тану үшін көбірек уақыт керек, ал танудың өзі де тұрақты емес екендігі белгілі.

Зерттеуші-ғалымдардың барлығы дерлік зейіннің, оның ішінде ырықты зейіннің жеткіліксіздігі туралы айтады. Кемақыл балалардың ырықты зейініне енжарлық тән, көңілдері бөлінгіш. Кейбір балаларда 10 – 15 минут жұмыс істегеннен кейін  қимыл-қозғалыс, мазасыздық басталады.Ал енді біреулері селқос, енжар күйге ауысады.

Ырықты зейін деңгейінің төмендігі кемақыл балалардың ерік –жігер сапаларының жетілмеуімен де байланысты. Сонымен бірге әртүрлі объектілерге балалардың зейіндерінің таралуы да орындалуы мүмкін болмайтын әрекет. Себебі бала тым шыдамсыз, әлсін-әлсін орнынан сабаққа қатысы жоқ сұрақтарды қояды, орнында отырып айғай салады т.б.Мұндай қозғыш олигофрендерде қимыл-қозғалыс белсенділіктері мен  көңілдерінің бөлінуі , алаңдау күйлері өте айқын көзге түседі.

Көмекші мектеп оқушыларның жасы өскен сайын ырықты зейін көлемі де ұлғаяды,  тұрақтылығы мен таралу қасиеті де анағұрлым жақсара түседі, бірақ зейіннің белсенді шоғырлану уақыты сау құрбыларынан үнемі әлдеқайда кем болады.

          ПДТ балалардың зейін ерекшеліктері.

ПДТ балалардың зейін қабілетін зерттеу саласында Л.И.Переслени, З.Тржесоглава, В.А.Пермякова, С.А. Домишкевич сияқты  ғалымдар айналысып,зейіннің келесі ерекшеліктерін ашып көрсетті:

1.  Зейіннің тұрақсыздығы(толқымалылығы)  баланың жұмыс өнімділігін төмендетеді.  Бала  5-15 минуттан  артық өнімді жұмыс істей алмайды. 3-7 минут дем алып, келесі тапсырманы орындауға «күш жинайды» және  осы уақытта оның зейіні мүлдем басқа нәрсеге  ауысып кетеді.  «Демалыс» минуттарында ол орындап отырған ісінен мүлдем алыстап,  бөгде заттармен айналысып кетеді. Аздаған демалыстан кейін бала  қайтадан өнімді жұмысқа кірісе алады.

2. Зейін шоғырлануыың  төмендеуі  баланың объектіге  назарын толық  аудара алмауынан  көрінеді. Жұмыс өнімділігі төмендейді,  қарқыны бәсеңдейді. Бұл әсіресе соматогендік  және церебральды-органикалық ПДТ түрлерінде кездеседі.

3. Зейін көлемінің аздығы  баланың ақпаратты тұтас қабылдай  алмауымен түсіндіріледі.  Сондықтан  ойындағы, оқудағы,  тұрмыстағы мәселелерді тұтас және тиімді  шешуде қиналады.

4. Ал зейін таралуының  төмендігі, бір уақытта бірнеше  тапсырманы орындай алмауынан  байқалады. Әсіресе егер ол әрекеттер  саналы бақылауды қажет ететін  болса.

5. Жоғары алаңдаушылық, қобалжу, көңілдің жиі бөлінуі ПДТ балаларға тән белгі. Сыртқы  ортадағы  әсерлер (шу, біреулердің дауысы) бұл балалардың өнімді жұмыс істеуіне бөгет жасайды. Олар кез келген дыбыстық, көріністік  тітіркендіргіштерге сезімтал, жұмыстарында көп қателер жіберіп, абыржи бастайды.

6. З.Тржесоглава  зейін  тапшылығынан баланың салғырттығы, тапсырмалар мен инструкцияларды  есте сақтай алмайтындығы байқалатындығын  айтады. Баланың қателер жіберуі  көп жағдайларда материалды меңгермегеннен  емес, мұқиятсыздықтан болады.

Жоғарыда санамаланған зейін ерекшеліктеріне қарамай, кейде  ПДТ балаларда  өзіндік жеке көрсеткіштер де байқалады. Бір балада зейіннің аса қуатты кезі мен жоғары жұмыс өнімділігі тапсырма орындаудың басында байқалса, енді бір балада  зейіннің  жақсы шоғырлануы тапсырманың ортасына қарай пайда болады, ал үшінші бір балалардың зейіндері сабақтың соңында  шоғырланып, олардың белсенділігі арта бастайды. Кейбір балаларда  зейін үнемі толқымалы күйде болады.

Есту қабілеті зақымданған балалардың   зейін ерекшеліктері.

  Мектеп жасына дейінгі саңырау балаларда олардың сау құрбылары  сияқты зейіннің негізгі түрі – ырықсық зейін  жақсы дамиды. Бұл балалардың зейінін әр түрлі құбылыстар мен қызықты заттар арқылы аударуға болады.  Зейіннің тұрақтылығы баланың жасына сай өзгереді. Саңырау бала жыл басында  3 минуттан артық бір іспен айналыса   алмаса, жыл соңында жұмысқа қабілеттілік уақыты 10-12 минутқа көбейеді. Тапсырманың түрі өзгерсе тұрақты зейін уақыты 30-40 минутқа дейін ұлғаяды.

     Мектеп жасындағы  балаларда ырықты зейін түрі біртіндеп қалыптаса бастайды.  Ол саналы және  бақылауға  көнетін бола бастайды, тұрақтылық, ауысу  және  таралу  сапалары қалыптасады. Саңырау баланың зейінінің ауысуы қиындықпен жүзеге асады. Бұл іс-әрекет өнімділігінің төмендеуіне, қателердің көбеюіне алып келеді. Ал зейін тұрақтылығы мен ауыспалылығы   қабылданатын материалдың көрнекілігіне  байланысты болады. Материал қаншалықты айқын, көрнекі болса, бала ақпаратты соншалықты  жақсы қабылдайды. Бұл балаларды оқытуда көрнекі құралдар кеңінен қолданылуы қажет. Мысалы, суреттер немесе айқын нәрселер ырықсыз зейінді аударса, кестелер мен сызбалар  ырықты зейінді аударады.  Ырықты зейіннің қалыптасуы  сау құрбыларына қарағанда 3-4 жыл кейін  қалыптасады.

   Есту қабілеті  бұзылған балалар үшін  көру  тітіркендіргіштері   сау балалардағыдай емес, маңызды болып есептеледі, демек, түсетін ақпаратты  қорытуда көру анализаторына негізгі күш түседі. Мысалы, сөйлеу тілін қабылдау  сөйлеуші адамның бетіне мұқият қарап, оның ерін қимылын ұғынумен жүзеге асады. Бет мимикасының  секунд сайын өзгеруі зейіннің  шоғырлануын қажет етеді,  бұл өз кезегінде тыңдаушыны шаршатады да зейіні ыдырайды. Ал зейіннің  жоғарғы түрлері олардың тіл дамуының кемістіктеріне байланысты кешірек дамиды. Алғашқы кезде  ерікті зейін  ересек адамдардың ықпалымен қалыптасады. Ересек адамның сілтеу белгісі мен сөйлеу тілімен берілетін нұсқауы қоршаған ортадағы заттардың  ішінен қажеттісіне баланың назарын аударады. Бала біртіндеп  өзіндік нұсқаулар негізінде  өз әрекетін   басқара бастайды.

Көру қабілеті зақымданған баллардың   зейін ерекшеліктері.

   Зейіннің барлық  түрлері  - белсенділік,  бағыттылық, ауқымдылық ( көлем,  таралу), ауысу, интенсивтілік,  шоғырлану, тұрақтылық  тәрізді зейін түрлері мен  сапаларына көру кемістігі өз  ықпалын тигізбей қоймайды. Әйтсе де зейіннің аталған түрлері дамуға қабілетті, кейде сау балалардағыдан да жоғары деңгейде дамуы мүмкін. Сыртқы әсерлердің шектелуі зейін сапаларының дамуына  кері әсерін тигізеді. Сипап сезу арқылы немесе зақымданған көру анализаторы арқылы  жүзеге асатын  қабылдау процесінің  баяулығы зейіннің  ауысу қарқынына  ықпал етеді және  қабылданған бейнелердің үзік-үзік, жартылай күйде қалуына себеп болады.

          Қандай  да бір іс-әрекетті сәтті, дұрыс  орындау үшін зейіннің тиісті  сапасы қажет болады.  Мысалы, оқу әрекетінде  зейіннің еріктілігі,  шоғырлануы маңызды. Себебі оқу материалын ұғыну үшін барлық назар соған аударылуы керек, көңіл бөлінбеуі шарт т.б.

          Сол  сияқты кеңістікті бағдарлау  тәрізді спецификалық әрекетте  және  еңбек әрекетінде зейіннің таралуы, нақты практикалық мәселелерді шешуге шоғырлануы  нәтижеге жеткізеді.Соқыр немесе нашар көретін  бала көру кемістігінің орнын толтыру мақсатында барлық сау сақталған  анализаторлар арқылы  сырттан түскен ақпаратты барынша пайдалану қажет.

Информация о работе Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметі