Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:09, реферат

Краткое описание

1. Құрамалы бұзылушылықтары бар балалар психологиясы психология ғылымының жеке саласы ретінде.
Арнайы психология-психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Арнайы психологияның жеке бағыттары:
• кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология);
• саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология);
• соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология);
• психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы;
• логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметінің ерекшелігі.doc

— 909.00 Кб (Скачать документ)

Дизонтогенездің жасқа сай  шарттылығы.Баланың жеке дамуы барысында оның жетілмеген құрылымы және өсу мен даму  қоры  арасында үнемі  күрес болады. Бірінші немесе екінші фактордың әсер ету күшіне қарай бір жағдайларда анағұрлым тұрақты  патологиялық өзгерістер күтуге болады, ал екінші бір жағдайларда жеңілірек және коррекциялық - педагогикалық ықпалдар мен түзетілетін (Л.С.Выготский,Г.Е.Сухарева,

Г.Гельниц) өзгерістер болады. Балалық шақтың сыртқы қауіпке ең сезімтал  кезеңдері - 3 жасқа дейінгі ағзаның «алғашқы жетілмеген» кезі, сондай-ақ, пубертат кезеңіндегі ағзаның қайта құрылу кезі.  Бір айырмасы, бұл кезеңде баланың гармониялық түрде қалыптасып қалған жүйелері «ересектерше» қызмет жасауға қайта құрыла бастайды, өзінің тепе –теңдік күйін уақытша жоғалтады.

Клиникалық – психологиялық материалдар бойынша, психикалық функциялардың өрескел жетілмеулері ми құрылымының  қарқынды жасушалық  дифференциациясы кезінде (эмбриогенездің ерте кезеңі, жүктіліктің  бірінші  триместрі) әсер еткен зиянды күштерден болатындығы   белгілі.

Ерте мектепке дейінгі және  бастауыш мектеп жасы кезеңіндегі  (3 – 11 жас аралығы) бала ағзасы күшті, әрі түзелмейтін ауытқуларға  төтеп бере алатын  мықты жүйені құрайды.

Бірақ әрбір жас кезеңі патогендің әсерлер жағдайларына  реакция жасауға  өзінің  ізін қалдырып отырады.Бұл балалар мен жасөспірімдердің түрлі патогендік әсерлерге ететін  жүйкелік – психикалық  реакцияларының деңгейлері:

сомато – вегетативтік (0 –ден 3 жасқа дейін)  -- ағзаның барлық жүйелерінің жетілмеуінен  осы жаста кез келген патогендік  әсерлерге  жалпы және  вегетативтік  қозғыштық  ,дене қызуының  көтерілуі,  ұйқы мен тәбеттің, ас қорыту жүйесінің  бұзылуы тәрізді  сомато – вегетативтік  реакциялар кешенімен  жауап береді;

 психомоторлық (4 – 7 жас) – мидың қыртыстарындағы  қимыл – қозғалыс анализаторы бөліктерінің қарқынды түрде қалыптасуы, оның ішінде, мидың маңдай бөліктері бұл жүйені түрлі генезді  гипердинамикалық бұзылуларға (психомоторлық қозғыштық, тартылулар, тұтығу,  үрейлену) сезімтал етеді. Психогендік факторлардың ролі артады  - отбасындағы жағымсыз, жанды жаралайтын қарым –қатынастар, балабақшаларға үйренуге деген  реакциялар, жағымсыз тұлғааралық қатынастар;

аффективтік ( 7 – 12 жас) – кез келген зияндылыққа бала аффективті компонентпен – аутизациядан бастап, агрессия, невротикалық,  аффективті қозғыштыққа дейін   баратын реакциялармен жауап береді;

эмоциональдық –идеаторлық (12 – 16 жас) – пубертаттыққа  дейінгі және пубертаттық кезеңдегі жетекші   әсерлер. Патологиялық  қиялмен, аса құнды  қызығушылықтармен,  аса құнды  ипохондриялық идеялармен (құбыжықтыққа күмәндану  сияқты идеялар, мысалы – дисморфофобия,  жүйке анорексиясы), психогендік қарсылық реакцияларымен,  оппозициямен, эмансипациямен  сипатталады;

Жоғарыда санамаланған  реакциялар кел келген зияндылыққа қалыпты дамудағы балалардың реакция жасауының  асқынған түрі болып есептеледі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:1,2,10,15,24,31,32,33,45,50,51,63,64.

Қосымша:1-6.

 

№ 3 дәріс тақырыбы: Психикалық даму бұзылуының типтері. Құрамалы бұзылушылықтары бар балалар психологиясының қосымша проблемалары.Коррекция. Адаптация. Компенсация.

Жоспар:

  1. Психикалық даму бұзылуының типтері және оларға мінездеме.
  2. Құрамалы бұзылушылықтары бар балалар психологиясының қосымша проблемалары.Коррекция. Адаптация. Компенсация.

 

Ауытқулы дамудың  алғашқы ғылыми  технологияларының бірі  ретінде  Л.С.Выготский ұсынған  классификацияны  есептеуге болады. Ол негізгі үш кемістік: қабылдаушы  мүшелердің  жетілмеуі немесе  зақымдануы (соқырлық,  саңыраулық,  соқыр –саңыраулық), жауап беруші аппараттың  кемшілігі немесе зақымдануы (мүгедек) және орталық жүйке жүйесінің кемістігі немесе зақымдануы (кемақылдық). Қазіргі кездегі психикалық дизонтогенез түрлерінің  кең таралған  классификациясы В.В. Лебединский ұсынған  классификация, ол психикалық дизонтогенезді классификациялауы келесі нұсқаларға  ажыратылады:

І топқа ретардация типіндегі  ауытқулар мен  жетілу  дисфункциясы жатады :  Жетілмей қалу – мидың  ерте кезеңдегі органикалық зақымдануы нәтижесінде барлық функциялар дамуындағы жалпы  жетіспеушілік (ең алдымен – үлкен жартышарлар қабығында). Зақымданудың тегі тұқым қуалау болуы мүмкін (эндогендік) немесе құрсақтағы кезеңде, туу кезінде, ерте  жаста әсер ететін сыртқы (экзогендік) факторлар нәтижесінде болуы мүмкін. Жетілмей қалудың көрнекті  мысалы ретінде  кемақылдықтың кең таралған түрі – олигофренияны алуға болады.

  Тежелген даму – танымдық және эмоционалдық  салалардың  қалыптасу қарқынының баяулығы, ерте жас кезеңдеріндегі деңгейде  уақытша   тұрақтап қалуы.Тежелген психикалық даму генетикалық факторлардың, ұзақ уақыттық науқастардың, тәрбиедегі жағымсыз жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін.  Сонымен қатар эмоционалдық  саланың   даму тежелуі  инфантилизмның түрлі формаларында  көрінеді.

ІІ топқа зақымдану типіндегі ауытқулар жатады :

Зақымданған даму, органикалық  деменция    – ерте сәбилік кезеңнің аяғында немесе  3 –жастан кейін болған мидың  аумақты  жарақаттары, нейроинфекциялар, тұқым қуалайтын дегенеративтік науқастар салдарынан  психикалық дамудағы зақымданулар түрінде кездеседі. Көптеген жағдайларда   органикалық деменция прогрессивтік сипатқа ие.

 Дефицитарлық даму, жеке анализаторлар жүйесінің  ауыр зақымдануларымен байланысты: көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппарыты. Анализаторлардың  бірінші кемістігі психикалық дамуды тұтас тежейтін  функциялардың жетілмей қалуына әкеп соқтырады. Осылайша, көру қабілетінің зақымдануы сөйлеу мен  әрекет арасындағы координацияның жетілмей қалуын туғызады.  Баланың психикалық дамуын болжау  белгілі бір функцияның зақымдану  тереңдігіне байланысты. Бірақ  шешуші маңызға интеллектуалдық саланың, басқа да сенсорлық және реттегіш  жүйелердің сау сақталып қалуы ие.

ІІІ топқа асинхрония типіндегі және эмоциональды –ерік –жігер  бұзылулары ауытқулар жатады:

Бұрмаланған даму – Жалпы жетілмеу, тежеле, зақымдана және тез даму күйлерінің  күрделі түрде  қабаттасқан әр түрлі нұсқалары. Бұрмаланған дамудың себептері кейбір процессуальдық тұқым қуалаушылық аурулар, мысалы, шизофрения, туа біткен зат алмасу процесінің кемшілігі болып саналады.  Оның  анағұрлым көрнекті моделі – ерте жастағы балалар аутизмі.

  Дисгармониялық даму -- эмоциональды- ерік саласының қалыптасуындағы зақымданулармен байланысты. Оған психопатиялар мен  тәрбиедегі  теріс, жағымсыз жағдайлар салдарынан пайда болатын   жеке тұлғалық даму патологиясы      жатады.

Кемақылдыққа  психологиялық мінездеме.

Кемақылдық (олигофрения) дегеніміз -  орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы нәтижесінде танымдық іс-әрекеттің түбегейлі бұзылуы. Олигофрения – грек тілінен аударғанда, ақылы аз деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді ХІХ ғ. басында неміс психиатры Э.Крепелин енгізді. Бұл терминмен этиологиялары әр текті, клиникалық симптоматикасы әртүрлі, негізгі ерекшеліктері – тотальдық психикалық жетіспеушілік болып табылатын балаларды атайды.  Клиникалық  көріністерін сипаттайтын негізгі белгілер  -

1. Психикалық жетіспеушіліктің  түзелмеуі.

2. Интеллектуалдық құрылымның кемістігі, дәйексіз ойлаудың жеткіліксіздігі  немесе, мүлдем болмауы.

Олигофрен балалар VIII түрдегі арнайы түзету мектебінде оқытылады. Қазіргі кезде кемақылдық педагогикалық және психологиялық жағынан ең көп зерттелген мәселе болып саналады.

Деменция – егер кемақылдық 2-3 жасқа дейінгі кезеңде әртүрлі органикалық зақымданулардың әсерінен пайда болса, ал одан кейін пайда болған ой-өріс кемістігі ұғымына деменция кіреді. Ми қызметінің бұзылуы біраз уақыт қалыпты жұмыс істегеннен кейін пайда болады. Деменция себептері түрлі жарақаттар мен ми аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит). Деменцияда ми жұмысының бұзылуы прогрессивтік сипат алады. Емдеу және педагогикалық көмек көрсету арқылы науқас баланың психологиялық жағдайын тұрақты күйге келтіруге болады. Ол үшін жоғары педагогикалық тәжірибе керек.

Кемақылдық дәрежелері:

1. Дебильдік (миақылық)  - бұл олигофрения ішіндегі ең жеңіл және кең таралған түрі. Көмекші мектептердің негізгі контингентін осы дебил балалар құрайды.Бұл балалардың механикалық есте сақтау, орташа ойлау, сөйлеу қабілеті бар, аз диапазонды эмоциялары  бар, сондай-ақ, қарым-қатынас жасау, оқу, ойнау дағдылары қалыптасқан. Мысалы, ойлау қабілетінің басым бөлігі көрнекі –бейнелік, талдау, топтау, салыстыру қабілеттері нашар. Оқыған мәтінді мазмұндай алмайды, сөйлеу тілінде аграмматизм басым. Жеке тұлғалық дамуында, дүниетанымдары мен көзқарастарының кемістігі байқалады.

Инициатива әлсіз,танымдық қызығушылық жоқ.Арнайы мектепті бітірген кемақыл балалар алғашқы еңбек дайындығын алып шығады. Бұл олардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасайды.

2.Имбецильдік (милаулық) – бұл дебильдіктен анағұрлым төмен дәреже. Логикалық процестер, талдау, ойлау қабілеттері өте төмен деңгейде. Сөздік қорлары аз. Кейде тек заттың атын атаумен ғана шектеледі. Олардың кейбірі көмекші мектепте оқиды, басым көпшілігі оқымайды. Олар еңбек етуге қабілетсіз. Бұл балалар халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  қарауында тәрбиеленеді. Кейде күрделі емес өзіне-өзі қызмет ету немесе жұмыс операцияларына үйретіледі.

3.Идиотия (нақұрыстық) – қабылдау қызметінің мүлде жетілмеуі. Қоршаған ортаға даган реакциясы жоқ. Немесе адекватты емес. Ойлау қабілеті жоқ, олар туғаннан өмірінің соңына дейін арнайы мекемелерде тәрбиеленеді. Жалпы кемақыл балалардың 5 %-н құрайды.

Психикалық   дамуы  тежелген  балаларға  психологиялық  мінездеме

Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз -  оқу бағдарламасын  меңгеруде қиындықтарға кездесетін  үлгермеуші балалар. Сондай-ақ бұл балалардың эмоциональдық  ерік – жігер саласының жетілмеуі органикалық  инфантилизммен түсіндіріледі. Органикалық инфантилизм термині  алғаш рет француз психиатрлары Лоран мен Лассегтің енгізуімен ХІХ ғ. аяғында пайда болды. Бұл терминмен түрлі жұқпалы аурулар мен уланулардың нәтижесінде пайда болған психикалық және дене бітімдік  тежелулер аталды. Осылайша, инфантилизмді психикалық және дене бітімдік  жетілмеу белгілерінің тұтас  құрылымы яғни, баланың  жасына сай жетілмеуі,  «балалықтан»  арылмауы деп қарастырған дұрыс.

Инфантилизм әсіресе  мектеп жасына  келген кезеңде анық байқалады.  Бұл балалар өте мазасыз, әбігерге  түседі.  Қимыл-қозғалыстары өте шапшаң,  бірақ координацияларында дәлдік жоқ. Сыныпта отырғанда  үйден алып келген  ойыншықтарымен ойнап отырады. Мектептегі ситуацияны сезінбейді. Тапсырма орындауда жалпы сыныппен ілесе алмайды, жұмыс істеу қарқындары баяу, сәл қиындықтар кездессе жұмыстан бас тартады. Бұл балалардың  дене бітімінің дамуы да тежеледі. Мұндай инфантилизм - гармониялық инфантилизм деп аталады.

      Кейінірек,1980ж. К.С.Лебединская ПДТ классификациясының

жаңа нұсқасын ұсынды.Этиопатогенетикалық қағида негізінде ПДТ –ң негізгі 4 клиникалық типі анықталды :

  1. Конституциональдық ПДТ.
  2. Соматогендік ПДТ.
  3. Психогендік ПДТ.
  4. Церебральды-органикалық ПДТ.

Бұлардың әрқайсысы өзінің клиникалық – психологиялық құрылымымен, соматикалық,  энцефалопатиялық, неврологиялық асқыну сияқты науқас белгілерімен ерекшеленеді.

Конституциональдық ПДТ. Бұл гармониялық  инфантилизмнің нақты көрінісі.  Мұнда эмоциональдық  ерік-жігер саласы дамудың ерте сатысында  тоқтап қалған. Демек,  қалыпты дамудағы  сәби баланың деңгейінде. Ойынға деген ынта басым, көңіл-күйлері үнемі жоғары, иланғыш. Мектеп жасына жеткенде де ойынға деген қызығушылықтары басым болады. 

     Соматогендік ПДТ. Бұл топқа жататын балалар түрлі соматикалық  әлсіздіктерімен көзге түседі.  Ұзақ уақытқа созылған жұқпалы аурулар, аллергиялық күйлер, туа біткен  және жүре пайда болған  соматикалық кемістіктер баланың психикалық  дамуының тежелуіне себеп болады. Соматикалық  әлсіз балаларға  танымдық  белсенділіктің төмендігі,  шаршағыштық тән, интеллектуалдық  және дене қуатын қажет ететін жаттығулардан олар тез шаршайды.  Қандайда  бір  тапсырманы орындау үшін ұзақ уақытты қажет етеді,  сондай-ақ бұл балалардың жеке  тұлғалық дамуында  эгоцентризм  мен  эгоизм қалыптасада.  Олар  жұмыс істеуге  құлықсыз, үнемі  біреудің  көмектесуі мен қамқорлық жасауына әдеттенген. 

               Психогендік ПДТ. Бұл тип тәрбиедегі теріс әсерлердің салдарынан  болады. Баланың жеке тұлғасы дұрыс қалыптаспайды. Аталмыш кемістіктің әлеуметтік  генезі оның  патологиялық  сипатын жоққа шығармайды. Баланың қоршаған ортасындағы психикасына әсер ететін  келеңсіз жағдайлар оның жүйке жүйесінде ауытқулар туғызуы мүмкін. Алдымен вегетативтік қызметтер бұзылады, одан соң -  психикалық және  эмоциональдық  салалар дамуында ауытқулар пайда болады. Кейде мұндай  жеке тұлғаның  патологиялық дамуын педагогикалық қамқорлықтан тыс қалған қалыпты дамудағы балалармен шатастырады. Әсіресе,  психикалық тұрақсыз ПДТ түрінде анық көрініс береді. Оның себебі, қамқорлықтан тыс қалу, балада  танымдық  қызығушылық пен интеллектуалдық қабілет дамымайды. Эмоциональдық  ерік-жігер саласының  жетілмеуі  импульсивтіліктен байқалады.  Жеке тұлға дамымауының тағы бір түрі  шектен тыс қамқорлық жасалған балаларда кездеседі.  Бұл балаларда  жауапкершілік сезімі, инициатива , өз  бетімен әрекет ету  дағдылары қалыптаспайды.

      Церебральды –органикалық  ПДТ. Бұл балалардың  анамнезін  зерттей келе, жүйке жүйесінің  органикалық кемістігі бары анықталған. Сондай-ақ, жүктілік патологиясы да елеулі әсерін тигізеді.  ПДТ-ң  бұл түрінің  негізі – ММД (мидың минимальды дисфункциясы). Аталған термин 1962ж. енгізілді.

Церебральды-органикалық генезді психикалық даму тежелуі басқа ПДТ түрлеріне қарағанда айрықша жиі  кездеседі және  олардан өзгешелігімен ерекшеленеді  - танымдық әрекет жағынан да, эмоционалдық сала жағынан да. Бұл топқа жататын балалардың көпшілігінің жүйке жүйесінде органикалық кемшілік бар және оның себептері  олигофренияның себептерімен өзара өте ұқсас.  Сондықтан кейде  баладағы церебральды-органикалық генезді психикалық даму тежелуі мен жеңіл дәрежедегі кемақылдықты ажырату қиынға соғады. Барлық жағдайларда баланың даму барысы мен ерекшеліктеріне мұқият, бірнеше мәрте тексеру жүргізілгеннен кейін ғана шешім қабылданады

Информация о работе Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметі