Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:09, реферат
1. Құрамалы бұзылушылықтары бар балалар психологиясы психология ғылымының жеке саласы ретінде.
Арнайы психология-психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Арнайы психологияның жеке бағыттары:
• кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология);
• саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология);
• соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология);
• психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы;
• логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы;
2.2. Дәрістер тезистері
№1 дәрістің тақырыбы: «Дамуында бұзылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері» пәні, міндеттері мен әдістері. Кемістік және оның орнын толтыру (компенсация).
Жоспар:
Арнайы психология – психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Арнайы психологияның жеке бағыттары: кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология), саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология), соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология), психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы, логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы, ерте жастағы балалар аутизмі бар (ЕЖБА) балалар психологиясы, күрделі даму бұзылуы бар балалар психологиясы.
Арнайы психология пәні ерекше оқытуды қажет ететін балалардың психикалық дамуы болып табылады.
Арнайы психология объектісі туа біткен және жүре пайда болған психикалық және дене бітімі дамуында ауытқуы бар балалар.
Нормативтік-құқықтық құжаттамада арнайы білім беру жүйесіне жататын балалардың контигентін анықтайтын бірнеше ұғымдар бар.
Дамуында бұзылуы бар балалар – бұл әр түрлі немесе бірнеше анализаторлардың (көру, есту, қимыл-қозғалыс, сөйлеу) қызметіндегі бұзылулар салдарынан, сондай-ақ, ОЖЖ органикалық зақымдануы салдарынан психикалық және дене бітімдік дамуында тежелуі (бұрмалануы) бар балалар.Термин психологиялық - педагогикалық әдебиетте арнайы білім беруді қажет ететін балалар категориясын ажырату үшін қолданылады.
Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл дамуындағы кемістіктер әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемақы алуға мүмкіндік беретін, яғни бинефицитарлық статусқа ие балалар. Дәстүрлі терминологияда бұл балаларды мүгедек балалар деп атайды.
Білім алу қажеттілігі ерекше балалар- бұл білім беруде арнайы коррекциялық көмекті қажет ететін балалар. Арнайы білім беру жағдайы тек қана арнайы мекемелерде ғана емес, жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаларда да болуы мүмкін.
Құрамалы бұзылушылықтары бар балалардың психологиясының негізгі міндеттері :
1.Даму кемістігі бар балалар мен қалыпты дамып келе жатқан баланың психикалық дамуындағы негізгі заңдылықтарды ашу.
2.Даму кемістігі бар баланың
әртүрлі категорияларының
3. Кеміс баланың даму механизмін анықтау. Бала дамуындағы механизмнің бұзылу тегін, уақытын, тереңділігін анықтау.
4. Дамудағы кемістіктерге
Арнайы психологияның сүйенетін қағидалары:
Кемістік және оның орнын толтыру (компенсация).
Дамудың алғашқы және туынды кемістігі туралы ұғымды Л.С.Выготский енгізді. Алғашқы кемістіктер қандай да бір биологиялық жүйенің (анализаторлар, ми бөліктері) патогендік факторлардың әсерінен органикалық зақымдануы мен жетілмеуі нәтижесінде пайда болады. Туынды кемістіктер – бірінші кемістіктерден туындамайтын, бірақ солардың негізінде қалыптасатын (саңыраулардың сөйлеу тілінің бұзылуы, соқырлардың қабылдау және кеңістікті бағдарлау қабілетінің бұзылуы, т.б.) психикалық жетілмеу және әлеуметтік мінез-құлықтың бұзылуы тәрізді сипатқа ие. Кемістік биологиялық негізден қаншалықты алыс болса, соншалықты психологиялық – педагогикалық коррекцияға оңай көнеді. «Элементарлық функциялармен салыстырғанда жоғары функциялар анағұрлым тәрбиеге көнгіш болады» (Т.5.- 131 б.)
Даму процесінде бірінші және екінші кемістіктер арасындағы, биологиялық және әлеуметтік шартты бұзылулар арасындағы қатынастар өзгереді. Егер оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі кедергі органикалық кемістік болса, яғни, туынды кемістік бағыты «төменнен жоғары» болған жағдайда дер кезінде коррекциялық – педагогикалық жұмыстар басталмаса, екінші кезекте пайда болған психикалық жетілмеулер мен жеке тұлғалық қалыптың бұзылуы баланың әлеуметтік ортаға деген, өзіне деген кері, жағымсыз көзқарасының қалыптасуында жетекші орын алады. Психологиялық қиын мәселелер шеңберін кеңейте отырып, туынды кемістік барлық элементарлық психикалық функцияларға өзінің кері ықпалын жасай бастайды, патогендік әсерлер «жоғарыдан төмен» қарай бағытталады.
А.Адлердің компенсация теориясы.
А.Адлер теориясының
түйіні адамда қалыптасатын «
позициясынын алғанда, адамның өз дамуындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік беретін, басқалардан артық болуға деген үнемі ұмтылуы арқасында пайда болады.
Л.С.Выготскийдің кемістік пен оның орнын толтыру туралы ілімі.
А.Адлерден кейін Л.С.Выготский де функциональдық позициядан алғанда қандай да бір органикалық кемістік баланың кеміс екендігіне дәлел еместігіне назар аударады. Кемістіктің әсері ылғи да екі жақты: бір жағынан, ол ағзаның қалыпты әрекетін қиындатады, екінші жағынан - кемістіктің орнын толтыратын басқа функциялардың қарқынды жетілуіне жағдай жасайды. Л.С.Выготский былай деп жазады: «жалпыға бірдей бұл заң ағзаның биологиясына да, психологиясына да бірдей қатысты: кемістік минусы компенсация плюсіне айналады».
Психикалық функциялардың кемшілігі мен зақымдануларын компенсациялау тек жанама жолмен жүзеге асырылады. Жанама жолға жататындар - жүйе ішілік қайта құрулар (жойылған функциялардың сау компоненттерін пайдалану) немесе жүйе аралық, мысалы, соқырлардың оптикалық заңдылықтарды меңгере алмауы сипап сезумен компенсацияланатынады (Брайль шрифті) .
Л.С.Выготский баланың мәдени дамуының жанама жолынан емдік педагогиканың негізін көреді: «Кеміс баланың өзіндік дұрыс келбеті оның қандай да бір функциясының жоғалуынан қалыптаспайды,сол жоғалған функцияның бала дамуында жаңа бір құрылымдарды туғызатындығынан, яғни, жеке тұлғаның өз кемістігіне деген реакциясы мен даму процесіндегі компенсациясы».
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:1,2,10,15,24,31,32,33,
Қосымша:1-6.
№ 2 дәріс тақырыбы: Баланың психикалық дамуының жалпы және спецификалық заңдылықтары. Құрамалы бұзылушылықтары бар балалардың психологиядағы даму категориялары. Дизонтогенездің психологиялық параметрлері.
Жоспар:
Баланың қалыпты даму шарттарын қарастырайық. Баланың қалыпты дамуына қажет Г.М.Дульнев пен А.Р.Лурияның тұжырымдаған негізгі 4 шартын бөліп алуға болады.
Б і р і н ш і, ең маңызды шарт - «ми мен оның қатпарларының дұрыс, қалыпты қызметі»; түрлі патогендік әсерлердің салдарынан туындаған патологиялық күйлер болса - тітіркендіргіш және тежелгіш процестердің дұрыс қатынасы бұзылады; түскен ақпаратты анализдеу мен синтездеудің күрделі формаларының жүзеге асуы қиындайды; адамның түрлі психикалық қызметтерінің түрлі аспектілеріне жауап беретін ми блоктарының өзара әрекеті бұзылады.
Е к і н ш і шарт - «баланың дене бітімінің қалыпты дамуы және сонымен байланысты жұмыс істеу қабілетінің, жүйке процестерінің дұрыс сақталуы».
Ү ш і н ш і шарт - «баланың сыртқы ортамен дұрыс қарым- қатынасын қамтамасыз ететін сезім мүшелерінің қалыпты сақталуы».
Т ө р т і н ш і шарт – балаға отбасында, балабақшада және мектепте білім берудің жүйелілігі мен реттілігі.
Балалардың психикалық, дене бітімі және әлеуметтік денсаулықтарын үнемі тексеріп отыратын түрлі қызметтердің (медициналық, психологиялық, білім берушілік, әлеуметтік) жасаған анализдері қазіргі кезде даму ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдер санының артып келе жатқандығын, ал барлық параметрлерге сай дені сау балалар санының керісінше азайып келе жатқандығын көрсетеді. Жоғарыда аталған мекемелердің берген мәліметтеріне сүйенсек, балалардың 70 % - і өздерінің түрлі даму этаптарында арнайы психологиялық көмекті қажет етеді.
Л.С.Выготский, көрнекті психолог, дефектолог, әрі адамның психикалық даму теориясының мәдени – тарихи негізін қалаушы бола отырып, мынаны дәлелдейді: «Сау баланың өркениетке кірігіп өсуі, әдетте оның органикалық жетілу процестерімен біріккен тұтастықты көрсетеді. Дамудың екеуі де - табиғи және мәдени – бір-бірімен сәйкес келеді және тұтасып кетеді. Екі қатардағы өзгерістер те өзара кірігеді, нәтижесінде баланың жеке тұлғасының әлеуметтік – биологиялық қалыптасуының біртұтас қатарын құрайды. (Т.3- 31 б.)
Баланың психикалық дамуындағы әртүрлі факторлардың ролі.
Факторлар деп қандайда бір белгінің өзгерістерін тудыратын, үнемі әсер ететін жағдайларды айтады Клиникалық – психологиялық материалдарға сәйкес, психикалық функциялардың өрескел бұзылуы немесе жетілмеуі жүктіліктің бас кезіндегі эмбриогенезде, яғни, ми құрылымының интенсивті жасушалық дифференциациясында түрлі зақымдаушы зиянды әсерлерден пайда болады. Адамның психикалық және дене бітімі жағынан кеміс дамуына әсер ететін зиянды факторлар 1-суретте көрсетіледі.
Әлеуметтік факторлар
Соматикалық
Биологиялық
факторлар
Генетикалық факторлар
Қоршаған ортаның
Ми құрылымының зақымдану
1-сурет. Адамның психикалық және дене бітімі жағынан кеміс даму қаупін туғызатын факторлар.
Әсер ету уақытына
қарай патогендік факторлар
Есте болар жайт, ауытқулы дамудың себебін қарастыруда кез келген біржақты көзқарас нағыз себептерді анықтауға және тиісті дамыту – түзету мақсатындағы психологиялық – педагогикалық жүйелерді құруға кедергі жасайды.
Құрамалы бұзылушылықтары бар балалардың психологиядағы даму категориялары. Дизонтогенездің психологиялық параметрлері.
«Дизонтогенез» терминін клиникалық медицина өкілдері балалық шақта ағзаның морфофункциональдық жүйелері әлі жетілмеген кезінде пайда болатын қалыпты онтогенездің бұзылу түрлерін атау мақсатында енгізген.
1927 жылы Швальбе алғаш рет ағза құрылымының құрсақтағы кезіндегі қалыптасу ауытқуларын белгілеу үшін «дизонтогенез» терминін қолданды. Кейінірек бұл терминмен онтогенездегі түрлі бұзылулар, оның ішінде, ағзаның морфологиялық жүйелері жетілмеген, өте ерте постнатальдық кезеңдегі бұзылулардың барлығы аталатын болды. Бұған дейін арнайы психология мен арнайы педагогикада ұзақ уақытқа дейін «даму аномалиясы», яғни даму ауытқуы деген термин қолданылып келді, дефектологияның пайда болу кезеңінде «дефективті балалар», яғни кеміс балалар термині қолданылды. Соңғы жылдары субъект – объект педагогикасынан субъект – субъект педагогикасына ауысуға байланысты бүкіл әлемде даму кемістігі бар балаларды атайтын гуманды термин қарастырылды.
Балада пайда болатын дизонтогенез типтеріне әсер етуші факторларды клиницистер Г.Е.Сухарева мен М.С.Певзнердің мәлімдемелерімен және қазіргі заманғы нейропсихология саласындағы зерттеулермен (В.В.Лебединский, Э.Г.Симерницкая, А.В.Семенович т.б.) сәйкес қарастырған абзал : 1) зақымдаушы өкілдердің әсер ету уақыты мен мерзімі (жасқа сай); 2) олардың этиологиясы ; 3) ауыру процесінің таралуы – патогендік әсердің локальдылығы немесе жүйелілігі; 4) функция аралық байланыстардың бұзылу деңгейі. Бұл дизонтогенездің параметрлері, енді оларды кеңірек қарастырайық.
Информация о работе Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметі