Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:09, реферат
1. Құрамалы бұзылушылықтары бар балалар психологиясы психология ғылымының жеке саласы ретінде.
Арнайы психология-психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Арнайы психологияның жеке бағыттары:
• кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология);
• саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология);
• соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология);
• психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы;
• логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы;
Есту қабілеті зақымданған балаларға психологиялық мінездеме.
Бұл категориядағы балаларды бірнеше топқа бөледі:
І. Саңырау балалар - мүлде естімейтіндер. Оның ішінде ерте жастан саңырау болғандар және жүре келе есту қабілетін жоғалтқандар Ерте саңырау болғандарға туа біткен және сөйлеу тілі қалыптасқанға дейін саңырау болғандар жатады. Бұл балаларда кейде жартылай есту қабілеті сақталады да, олар өте қатты дыбыстарды естиді.
Жүре келе саңырау болғандарға сөйлеу тілі қалыптасқаннан кейін есту қабілетін жоғалтқандар жатады. Бұлар сөйлей алады, ерін қимылы арқылы айтушыны түсінеді.
ІІ. Нашар еститіндер (тосаң құлақтық) - бұл сөйлеу тілінің дамуын қиындататын есту кемістігі, бірақ сақталған қабілеттіліктің көмегімен өз бетімен сөздік қор жинақтауға болады. Нашар еститін балалардың тілінде кездесетін кемістіктерді оқыту процесінде түзетуге болады:
тосаң құлақтықтың
жеңіл дәрежесінде сыбырлап
тосаң құлақтықтың орташа дәрежесінде сыбырлап сөйлеген сөз құлақтан 1 -3 м , ал сөйлеу тілі 4 – 6 м қашықтықта естіледі;
тосаң құлақтықтың ауыр дәрежесінде сыбырлап сөйлеген сөз құлақтан 1 м , ал сөйлеу тілі 2 – 4 м қашықтықта естіледі;
тосаң құлақтықтың өте ауыр дәрежесінде сыбырлап сөйлеген сөз құлақтан 0,5 м , ал сөйлеу тілі 2 м қашықтықта естіледі;
Бұл балалардың психикалық дамуы сыртқы ортаны қабылдаудың ерекше жағдайларында жүзеге асады. Бұл дизонтогенездің ерекше түрі - дефицитарлы даму. Бірінші кемістік - есту қабілетінің бұзылуы - есту мүшесімен анағұрлым тығыз байланысты болып саналатын сөйлеу тілінің кеміс дамуына әкеп соғады.Сондай-ақ, басқа да қызметтердің тежелуіне әсерін тигізеді. Дамудың мұндай бұзылулары тұтас психикалық дамуды тежейді.
Есту қабілеті бұзылған балалардың психикалық дамуы қалыпты еститін балалардың дамуынан байқалатын белгілі заңдылықтарға бағынады. Сонымен бірге оларда кеміс даму типтеріне тән заңдылықтар да анықталады. Барлық бұзылу түрлерінде сыртқы ортадан түсетін ақпаратты қабылдау, қорыту, сақтау және пайдалану қабілеттері төмендейді.
Есту қабілеті бұзылған балалардың психикалық дамуының негізгі екі заңдылығын ашып көрсетуге болады (И.М.Соловьев бойынша).
Б і р і н ш і заңдылық - есту бұзылуының салдарынан саңырау балаға келіп жететін сыртқы орта әсерінің көлемі шектеледі, оның қоршаған ортамен өзара әрекеті, адамдармен қарым-қатынасы қиындайды. Ал бұл уақытта кез келген баланың толыққанды психикалық дамуы үшін сыртқы орта әсерлерінің көп түрлілігі мен кең көлемділігі өте маңызды екендігін біз білеміз.
Жоғарыда атап өткендей, қай жағынан болмасын,шектелу нәтижесінде баланың психикалық әрекеті азаяды, сыртқы орта әсерлеріне жауап беретін реакциялар қарапайымданады, функция аралық өзара әрекеттер жүйесі өзгереді. Есту қабілеті бұзылған балалардың психикалық компоненттері сау балалармен салыстырғанда өзгеше пропорцияда дамиды: көрнекі – бейнелік және сөздік – логикалық ойлау қабілеттерінде сәйкестік болмайды (алғашқысы басым); жазбаша сөйлеу тілінің екеуі де - импрессивтік (оқу) және экспрессивтік (жазу) – ауызша сөйлеу тіліне қарағанда басымырақ рольге ие болады.
Е к і н ш і заңдылық - есту қабілеті зақымданған балалардың психикалық даму қарқынының сау балалардан айырмашылығы. И.М.Соловьев есту қабілеті зақымданған балалардың психикалық даму жолдарын былайша суреттейді: сау бала мен есту мүмкіндігі шектеулі баланың психикалық әрекеттері арасындағы айырмашылықтар онтогенездің бастапқы кезеңдерінде елеусіз болады да, уақыт өте келе ұлғаяды. Осылайша белгілі бір кезеңге дейін жалғасады, тек жүйелі сурдопедагогикалық жұмыстардың ықпалымен ғана бұл айырмашылық кері бағытта өзгере бастайды.
Көру қабілеті бұзылған
Көру қабілетінің көзілдірікті пайдаланғандағы мүмкіндігі бойынша нашар көретін балаларды келесі топтарға бөліп қарастырады :
Соқырлар – көру сезімі мүлдем жоқ, көру қабілетінің қалдығы көзілдірікпен 0,04 д, сондай-ақ жарықты сезіну қабілеті сақталуы мүмкін.
Тотальдық соқырлық немесе мүлдем көрмейтіндер-. көру сезімі мүлдем жоқ балалар.
Жартылай немесе парциалды соқырлар- олар жарықты сезінеді, пішіндерді ажырата алады,көру мүмкіндігі 0,005д – 0,04д.
Нашар көретіндер – бұлардың көру мүмкіндігі 0,05д – 0,2 д Бұл балалар ақпаратты осы көру анализаторы арқылы қабылдайды. Оқу, жазу процестерінде осыған сүйенеді.
Кемістіктің
пайда болу уақытына қарай
балалар екі категорияға
І. Туа біткен соқырлық. Бұл тумысынан соқырлар немесе 3 жасқа дейін көз жанарын жоғалтқандар.Бұлардың көру арқылы ешқандай бұрынғы алған мағлұматтары жоқ,. сондықтан барлық психикалық процестер басқа органдардың негізінде жүзеге асады.
ІІ. Жүре пайда болған соқырлық. Бұл мектепке дейін немесе одан кейінгі кезеңде көз жанарын жоғалтқандар. Көру анализаторының зақымдану тереңдігі өзіндік белгілерімен барлық сенсорлық жүйе дамуында өз әсерін тигізеді. Яғни, қоршаған ортаны тану жолын анықтайды. Көру кемістігінен басқа да қосымша кемістіктер жиі қабаттасады. Бұл балалардың көбінде орталық жүйке жұмысының бұзылуы кездеседі. 77,6 % балаларда тіл бұзылуы, БЦСА, ПДТ, есуастық дәрежесіндегі олигофрения, энцефалопатия, невроз тәріздес күйлер, гидроцефалия т.б. екінші кемістіктер болады.
Орталық жүйке жүйесінің бұзылуы мен көру қабілеті арасында тығыз байланыс бар. Ол ми жұмысының жалпы бұзылуымен байланысты болады.
Соқырлық пен ауыр көру кемістіктері танымдық әрекеттің барлық түрлерінде де ауытқулар туғызады. Баланың сыртқы ортадан алатын ақпарат көлемі азаяды, сапасы өзгереді. Сезімдік тану саласында көру сезімінің болмауына байланысты бейнелік есте сақтау мен қиял қабілеттері шектеледі. Көру қабілеті бұзылған балалардың дамуын сапалық тұрғыдан алып қарағанда ең алдымен психологиялық жүйелердің қалыптасуындағы спецификаны, олардың құрылымын, жүйелер арасындағы байланысты айтқан жөн. Анализаторлардың өзара байланысы жүйесінде сапалық өзгерістер болады, ұғымдар мен бейнелердің қалыптасуы, сөйлеу тілі, ойлау және кеңістікті бағдарлау процестерінде спецификалық ерекшеліктер пайда болады.
Тірек – қимыл аппараты зақымданған балаларға психологиялық мінездеме.
«Тірек-қимыл аппараты
қызметінің бұзылуы» деген ұғымға
әр түрлі себептерден пайда
болған және әр түрде көрініс
беретін қимыл-қозғалыс
Қимыл-қозғалыс функциясының зақымдану дәрежесіне қарай және қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасу деңгейіне қарай бұл категориядағы балар үш топқа бөлініп қарастырылады:
1) қимыл-қозғалыс қызметінде ауыр бұзылулары бар балалар: олардың кейбіреулерінде түзу тұру мен жүру, ұстау, өзіне -өзі қызмет ету дағдылары қалыптаспаған; енді біреулері ортопедиялық жабдықтардың көмегімен әзер қозғалады, өзіне-өзі қызмет ету дағдысы жартылай ғана қалыптасады;
2) орташа дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылулары бар балалар (сан жағынан ең көбі): балалардың басым көпшілігі өздіктерімен шағын аралықта жүре алады, ең қажетті, бірақ автоматтандырылмаған өзіне - өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан;
3) жеңіл дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылулары балалар: олар бөлмеде де, көшеде де өздіктерімен жүре алады, өзіне -өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан, бірақ патологиялық күйлер, жүрістің бұзылуы, зорлық қимылдар сияқты көріністер кездеседі;
Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалардың 89 % БЦСА бар балалар құрайды.
БЦСА – балалардың церебральды сал ауруы, бұл жүйке жүйесінің ауыр науқасы. БЦСА – мидың қозғалыс жүйесінің зақымдануынан пайда болатын және бұлшық ет қызметіне орталық жүйке жүйесі тарапынан бақылаудың болмауымен немесе жеткіліксіз бақылануымен көрініс беретін қимыл-қозғалыстар бұзылуының бір тобы.
БЦСА-ғы барлық танымдық психикалық процестердің бірқатар жалпы ерекшеліктері бар :
- церебральды сал ауруына
- төмен интеллектуалдық
- жоғары инерттілік
пен барлық психикалық процестердің
баяулығы бір әрекет түрінен
екінші әрекет түріне ауысу
қиындығына, оқу материалының
жеке фрагменттерінде «
Сөйлеу тілі бұзылған балаларға психологиялық мінездеме.
Сөйлеу тілі тек қана адамға тән уникальды қабілет бола отырып, ойлау процесімен тікелей байланысты және адамдардың қандай да бір тілде қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін негізгі құралы.
Сөйлеу патологиясы есту, көру және қозғалыс анализаторларының перифериялық және орталық бөліктерінің зақымдануы салдарынан болады. Есту анализаторларының перифериялық бөлігі зақымданған кезде ауызша сөйлеу тілін қабылдау мүмкіндігі бұзылады. Бұл сенсорлық афазия немесе алалияны туғызады, сөйтіп, фонемалық қабылдау қабілеті зардап шегеді. Ал көру анализаторының кейбір бөліктерінің зақымдануы жазба тілді қабылдау мүмкіндігін қиындатады. Сол сияқты, қозғалыс анализаторының моторлық аймақтарының зақымдануы дыбыстау кемістігін тудырады. Себебі, артикуляциялық мүшелердің (тіл, ерін, таңдай) және статикалық мүшелердің (қатты таңдай), дыбыс шығару және тыныс алу мүшелерінің (көмей, өкпе, бронхылар, трахея, диафрагма) жұмыстары бұзылады. Жоғарыда аталғандардың барлығы ғылыми әдебиетте сөйлеуге қатысатын қозғалыс анализаторының перифериялық бөлігі болып саналады.
Сөйлеу тіліндегі қандай да бір компоненттің түсіп қалуына қарай лингвистикалық бұзылулар келесі топтарға бөленеді : .
1. Фонетикалық бұзылулар — бір дыбысты немесе бір топқа жататын дыбыстарды айта алмау (ызың, шұғыл, тіл ортасы, тіл алды дыбытардың бұзылуы; дауыссыз дыбыстардың қатаң- ұяң- үнді айтылуының бұзылуы).
2. Лексико-грамматикалық
3. Әуендік – екпіндік бұзылулар:
екпінді дұрыс қоймаумен
4. Қарқындық – ырғақтық
бұзылулар :мидағы қозу процестерінің
басымдығымен байланысты
5. Жазба тілдің бұзылуы : жазуда:фонеманың графемаға қате айналдырылуы; толық жазбау; сөздегі әріптерді тастап кету немесе шатастыру; сөйлемдегі сөздердің өзара қиыспауы немесе орындарының ауысуы; жазу жолынан шығып кету т.б. оқуда:дыбыстарды алмастыру мен шатастыру; әріптеп оқу;сөздің дыбыстық –буындық құрамын бұрмалау; оқылғанды түсінудің бұзылуы; аграмматизмдер.
Ерте жастағы балалар аутизміне ұшырған балаларға психологиялық мінездеме.
Аутизм дегеніміз – баланың «экстремальдық» жалғыздығы, эмоциональдық байланыс пен коммуникация орнату қиындығы мен әлеуметтік даму қабілетінің төмендеуі.
Аутизм әр түрлі формаларда кездеседі :
1.Айналадағы болып жатқан оқиғалардан мүлде бас тарту, араласпау.
2. Белсенді бөлектену.
3.Аутистік қызығушылықтар мен әуестенулер.
4.Басқа адамдармен қарым-
Осылайша, ЕЖБА бар балалардың негізгі 4 тобын ажыратады :
1. Баланың ерте жастан әлеуметтік белсенділігінің жоқтығы көзге түседі. Бала өзінің жақындарының ойнатқан, күлдірген, назарын аудармақ болған әрекеттеріне реакция жасамайды.
2. Екінші топтағы балалар сәл белсендірек. Олар бөлектенбейді, тек қарым-қатынас жасауда талғампаздық танытады. Өзіне ұнаған адамдарға ғана жауап береді т.с.с. Олардың киім киюі, тамақ ішуі, ойнауы сияқты әрекеттерінде белгілі бір қалыптасқан жүйе бар. Сонымен қатар, көңіл-күйлерінде қорқыныш, алаңдау т.б қалыптасады. Кейде агрессия пайда болады.
Информация о работе Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметі