Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:09, реферат

Краткое описание

1. Құрамалы бұзылушылықтары бар балалар психологиясы психология ғылымының жеке саласы ретінде.
Арнайы психология-психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Арнайы психологияның жеке бағыттары:
• кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология);
• саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология);
• соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология);
• психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы;
• логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметінің ерекшелігі.doc

— 909.00 Кб (Скачать документ)

Мұндай дамытушылық ықпалды диагностикалық әдістемелер көмегімен анықтауға болады (психологтар даярлайтын интеллектуалдық тестілер, критерийлік-бағдарлаушылық тестілер). 

Арнайы психология, сонымен қатар, кемшіліктердің орнын толтыру (компенсация) мәселесімен айналысады. Оның ішінде алғашқы және туынды кемістіктердің пайда болу уақытына  көңіл аударылады

Оларға жататындары: жеке психикалық қызметтердің кемістіктері, жоғары психикалық қызметтердің қалыптаспауы, жеке тұлғалық дамудағы ауытқулар. Мұндай кемістіктерді арнайы психология ғылымынан және психокоррекциялық әдістемелерден толық хабары бар психолог мамандар түзете алады. Қазіргі кезде арнайы мекемелердің барлығында психологиялық қызметтер жүйесі кеңейтіліп келеді, онда практикалық психологтар қызмет атқарады.

Арнайы психологияның маңызды міндеттерінің бірі ретінде арнайы мекемелерде және интеграцияланған жүйеде оқитын балалардың психикалық дамуының динамикасын зерттеуді, сондай-ақ, олардың әртүрлі жағдайларға бейімделу ерекшеліктерін зерттеуді атауға болады. Бейімделу мәселесі психикалық және физикалық кемістігі бар ересек адамдарға да қатысты болып саналады. Арнайы білім мен кәсіби даярлық алғаннан кейін де көп жағдайларда олар әлеуметтік бейімделу мен қоғамға интеграциялану қиындықтарына ұшырасады.

Жоғарыда санамаланған мәселелердің барлығы жеткілікті зерттелмеген, болашақта әлі де толық зерттеуді қажет ететін мәселелер. 

Коррекция – психологиялық-педагогикалық және емдеу –сауықтыру шараларының жүйесі. Бұл жүйе баланың психикасының және дене бітімінің ауытқуларын жеңілдетуге және жоюға бағытталады.

Компенсация – кемістіктің орнын толтыру, бұл күрделі, көп деңгейлі процесс.Мұнда зақымданған және жоғалған функцияларды қалпына келтіру мен алмастыру енеді.

Әлеуметтік бейімдеу – кемтар балаларды әлеуметтік ортаға қосу, оның қоғамда өмір сүруге бейімделуі.

Реабилитация – ақыл-ойы кем, физикалық кемтар, мүгедек және басқа да науқастары бар адамдардың бұзылған организм қызметін және жұмыс ісчтеу қабілетін медициналық, педагогикалық және әлеуметтік шаралардың жиынтығын қолданып қалпына келтіріп түзету немесе жеңілдету.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:1,2,10,15,24,31,32,33,45,50,51,63,64.

Қосымша:1-6.

 

№ 4 дәріс тақырыбы: Құрамалы бұзылушылықтары бар балаларды  психологиялық зерттеудің негізгі принциптері(қағидалары).

 

1. Объективтілік қағидасы психикалық көріністерді зерттейді; демек ғылыми негізделген дәйектерге сүйену және зерттеу нәтижелерін логикалық тұрғыдан талдау және қазіргі заманғы психологиялық теорияға сүйену.

  1. Кешенділік қағидасы – дәрігерлік тексеру, психологиялық тексеру және педагогикалық тексеру болып табылады.
  2. Жоспарлылық қағидасы – баланы жүйелі түрде зерттеу.
  3. Детерминизм қағидасы –кез келген құбылыстың өзіндік себептері бар деген қағиданы ұстану.
  4. Кеміс дамудың себептерін есепке алу қағидасы.Бұл даму кемістігі бар балалардың психикалық дамуындағы ерекшеліктердің себептерін анықтау қажеттілігі.Ол үшін кемістіктің құрылымы, тегі және тереңдігі туралы медициналық білім, психологиялық-педагогикалық мәліметтер қажет.
  5. Генетикалық қағида – динамикада, яғни баланың психикасын жалпы даму барысында, іс-әрекет барысында зерттеу.
  6. Әлеуметтік және биологиялық даму деңгейінің өзара байланысын есепке алу қағидасы.Яғни бала дамуына әлеуметтік ортаның әсер етуі және керісінше.
  7. Талдау- жинақтау (анализ-синтез) қағидасы. Л.С. Выготский ілімі бойынша, алғашқы кемістікті есепке алу, негізгі симптомдар және психикалық қосымша асқынулар немесе туынды кемістіктерді талдау.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:10,15,24,31,32,33,45,50,51,63,64,73, 81.

Қосымша:1-6.

 

№ 5 дәріс тақырыбы: Құрамалы бұзылушылықтары бар балалардың  түйсіну мен қабылдау қабілеттері.

Жоспар:

  1. Кемақыл балалардың түйсінуі мен қабылдауы.
  2. ПДТ  балалардың     түйсінуі  мен    қабылдауы
  3. Есту қабілеті зақымданған балалардың түйсінуі мен қабылдауы.
  4. Көру қабілеті зақымданған балалардың түйсінуі мен қабылдауы.
  5. Сөйлеу тілі бұзылған балалардың түйсінуі мен   қабылдауы.
  6. ТҚАЗ балалардың түйсінуі мен қабылдауы.
  7. Күрделі сенсорлық кемістігі бар балаладың түйсінуі мен қабылдауы.
  8. Күрделі сенсорлық кемістігі бар балаладың түйсінуі мен қабылдауы.

 

Кемақыл балалардың түйсінуі мен қабылдауы.

 Түйсіну мен қабылдау  -  қоршаған ортаны танудың  алғашқы сатысы. Бұл саты  барлық  өмір жолында маңызды болып  қала береді. Кемақыл балалардың  тежелген,  шектелген қабылдау  қабілеттері оның психикалық  даму  барысына   орасан зор  әсер етеді.

Түйсіну мен қабылдаудың дамуы ЖЖЖ қызметінің біртіндеп орнына келуінің көмегімен спонтанды түрде дамуы мүмкін.Осыған орай, жүйке процестері анағұрлым икемделіп, күшейе бастайды, сезіну мен қабылдау  қарқыны жылдамдайды. Психикалық процестерді дамытуда ең алдымен  мектептегі  оқу бағдарламасы  септігін тигізеді Ол тек оқу ғана емес, топсаяхаттар, серуендер, әр түрлі шаралар, ойындар, т.б. Өмірлік тәжірибесі молайған балалардың  дүниетанымдары кеңейеді, мағлұматтары  көбейеді. Айналаны тану  - қабылдау мен сезіну сапасын жоғарылатудың  негізгі жолы.

ПДТ  балалардың     түйсінуі  мен    қабылдауы

Жалпы бұл балалардың қоршаған орта туралы  білімі өте шектеулі, фрагментарлық болып келеді. Қабылдаудың  заттық және құрылымдық түрлері жеткіліксіз болып келеді. Бұл балалар  кез келген затты  таныс емес ракурста немесе схемалық түрінде, контур түрінде тани алмайды.Ұқсас әріптер мен әріп элементтерін үнемі шатастырады.

Көру арқылы қабылдау қабілеттерінің кемшілігі  олардың оқу процесінде айтарлықтай қиындықтар туғызады. Сондай-ақ  тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған. Яғни, балалар объектінің жеке элементтерін ажырата алмайды. Заттар мен құбылыстардың бейнелері нақты емес.  Олардың қиялындағы  бейнелер көлемі аз.  Сонымен қатар, тұтас бейнені жеке бөліктерге ажырата алмайды, бұл кемістіктер кешігіп  қалпына келеді. Мұндай балалар тұтас бейнені  қабылдау үшін ұзағырақ уақытты керек етеді. Бұл балалар сыртқы дүниені қабылдауда оның көптеген элементтерін көрмейді. Әсіресе қабылдау кеңістігінің тарлығы  сезім органдары арқылы  түсетін ақпараттарды қабылдау мен қорытуда  байқалады. Жалпы ПДТ балаларға енжарлық  тән. Бұл балалар  көбінесе тапсырмаларды тездетіп  орындап құтылуға тырысады. Тапсырманы таңдауда оны орындауға  мүмкіндігі жете тұра, бәрібір оңайына  қарай ұмтылады, Сөйтіп, бұл балалардың   қабылдау деңгейі өте төмен екендігі анықталған. Анализ көлемі шектеулі және анализ синтезден басым, заттың дәйекті және дәйексіз  белгілерін ажырата алмайды. Және жалпылауыш терминдер мен ұғымдарды пайдалана алмайтындары көрінеді. ПДТ балалардың объектіні  зерттеуге  мақсатты, жоспарлы әрекеттері қалыптаспаған. Олардың іздену әрекеттері импульсивті, бей-берекет жүргізіледі. Әсіресе, оң және сол жағын   бағдарлауы қиындықпен қалыптасады.

Есту қабілеті зақымданған балалардың түйсінуі мен қабылдауы.

Көру арқылы қабылдау.Есту мүмкіндігінің орнын толтыруда  көру арқылы қабылдау қабілетінің маңызы зор. Көру арқылы қабылдау қабілетін  баланың жасқа сай даму кезеңдерімен бірге алып қарастырған дұрыс.Жоғарыда айтылып өткендей, бұл балалардың сау балаларға қарағанда заттардың  кескіндерін тану машықтары кешірек  қалыптасады.Қиынырақ  ситуацияларда (мысалы, заттардың кескіндері  таныс емес күйде тұрғанда) есту қабілеттері зақымдаған балалардың  мүмкіндіктері айқынырақ көзге түседі.  Демек,  саңырау балалардың қабылдауындағы аналитикалық тип  қабылдаудың синтетикалық типінен  басым екендігі  белгілі болады.

Заттардың  формаларын  қабылдауға олардың  практикалық  заттық - манипуляциялық  әрекеттері мен   оны тиісті сөздермен белгілеуді  меңгеруі көмектеседі.

Мағыналы қабылдау қабілетінің  орнығу ерекшеліктері бейнелерді, картиналарды  қабылдаудағы анализден анық байқалады.  Себебі картинада шын мәніндегі өмірдің  жеке бір  бөліктері  бейнеленеді, сөйтіп, балаға оны көрсете отырып баланың өзі нақты өмірді қабылдауда жүріп өтетін сатылары туралы білуімізге мүмкіндік туады.

Бейнелерді көру арқылы қабылдаудың бірқатар ерекшеліктерін атап өтейік: саңырау балалар перспективалық бейнелерді түсіну мен қабылдауда қиналады, заттар арасындағы  кеңістіктік – уақыттық қатынастарды орната алмайды; заттардың қозғалыстағы бейнелерін түсіне бермейді; таныс емес ракурстағы бейнелерді және контурмен берілген бейнелерді  қабылдай алмайды; сондай-ақ егер заттың бейнесі жартылай басқа бейнемен жабылған болса тани алмаулары мүмкін.

Саңырау  балалардың қоршаған орта туралы мағлұмат алуының бірден-бір мүмкіндігі – көру арқылы қабылдау. Сонымен бірге басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға  жағдай тудырады. Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау дактиль тілінде нәзік және дифференциалданған мимика, ымдау, саусақтардың, еріннің,беттің, бастың қимылын ажыратумен жүзеге асады. Демек саңырау баланың көру арқылы қабылдауын ерте кезеңде сөйлеу тілін меңгертумен қатар  дамытқан дұрыс.

Кинестетикалық сезім арқылы қабылдау.Есту қабілеті бұзылған балалардың  көпшілігі  қимыл-қозғалыс дамуында өздерінің сау құрбыларынан кейіндеп қалады. А.А.Венгер, Г.Л.Выгодская және Э.И.Леонгардтың зерттеулерінде, бұл категориядағы балалардың 70 %-да  нәресте кезіндегі  басын ұстау, отыру, тұру сияқты қимыл-қозғалыс дағдылары кеш қалыптасады. Өздігінен жүру балалардың 50 %-да тежеледі. Тепе-теңдікті сақтай алмайды, қимыл-қозғалыс координациялары жеткіліксіз. Саусақ икемділігі мен  артикуляциялық аппараттың жетілмеуі сияқты құбылыстар кездеседі.

    Статикалық және динамикалық  тепе-теңдікті сақтай алмау, тіпті мектеп жасындағы балаларда да жиі кезігеді.Көзі ашық күйде олар сау балалар сияқты жүре алады. Көзін жұмып жүргенде саңырау балалардың 45  % тепе-теңдікті сақтай алмайды, қозғалыс координациясын жоғалтады.Бұл құбылыс 12-14 жасқа дейін байқалады да, одан кейін біртіндеп  жойылады.  Әдетте мұндай балалар қимыл-қозғалыс машықтарын кеш меңгереді.Оған себеп, есту қабілетінің жоқтығы қимыл-қозғалыс  сезімталдығының дамуына  кері әсерін тигізеді.

Тері арқылы сезіну мүмкіндіктері.Тері арқылы түйсіну заттың теріге жанасуынан пайда болады. Тері арқылы түйсінулердің ішінде  вибрациялық сезіну -  есту бұзылуының  орнын толтыруда өте маңызды  сезім. Вибрация ауада, қатты немесе сұйық денеде  беріледі .Адамның өзі вибрация шығаратын затқа жанаспаған жағдайда оны қоршаған ортадағы басқа заттардың жеткізуі  арқылы қабылдай алады, вибрациялық сезімдер адамнан алыс тұрған заттар мен құбылыстар туралы білуге мүмкіндік береді.  Есту кемістігінде бұл өте маңызды. Себебі,  саңырау адам  ең маңызды қабылдаушы аппарат – есту қабілетінен айрылған.

Сипап сезу арқылы қабылдау.Сипап сезудің көмегімен танымдық процесс жүзеге асады, сонымен бірге оған  тері және қимыл  түйсіктері қатысады. Есту қабілеті бұзылған балалардың сипап сезу қабілеттерінің дамуында  да кәдімгі еститін балалардағыдай тенденция байқалады, бірақ сипап сезудің күрделі түрлерінде анағұрлым кейіндеу  бар екендігі өзге түседі.

   Осылайша,саңырау  балалардың  түйсік пен қабылдау  процестерінің ерекшеліктеріне анализ жасау мынаған көз жеткізеді, бұл категориядағы балаларда жоғарыда аталған процестердің дамуында  дефицитарлық дизонтогенияға тән даму заңдылықтары  байқалады. Айталық, қабылдау жүйелерінің біріндегі  жетілмеуі қимыл-қозғалыс сезімі  мен сипап сезуде) мен басқа  түрлерінің (көру арқылы қабылдау  вибрациялық түйсік) жоғары деңгейде жетілуінен  көрінетін асинхрония. Яғни, қабылдаудың бір жүйесінің кемістігі басқа сезімдер дамуының бұзылуына әкеп соғады. Бұл дефицитарлық  дизонтогенез сипаттарының бірі.         

Көру қабілеті зақымданған балалардың түйсінуі мен қабылдауы.

Сыртқы өмір бейнелерін қалыптастыру процесі сенсорлық жүйенің, көру кемістігінің жалпы сипаты  мен зақымдану  деңгейі жағдайымен тікелей байланысты болады. Қалдық көру мүмкіндігі бар балалардың бұл  қабілеті  қаншалықты аз болса да, ол қоршаған орта дүниесін тануда доминантты роль атқарады, себебі көру арқылы қабылдау  сезімдердің ішінде жетекші  маңызға ие. 

Көру арқылы қабылдау. Адам 90 %-ға жуық ақпаратты көру арқылы алады.  Бірақ бұл соқырлық пен ауыр көру кемістігінде адам соншалықты ақпаратты ала алмайды  деген сөз емес: көру арқылы танылатын    заттың қасиеттері мен белгілерін басқа анализаторлар тани  алады. Мысалы, сипап сезу қабілеті көру сияқты заттың формасы,  шамасы,  алыс-жақындығы жайлы ақпарат бере алады.

Көру анализаторы қызметінің бұзылуы анализаторлардың  жаңа ішкі және аралық  байланыстарының түзілуіне, сенсорлық жүйе ішіндегі  өзара қатынастардың өзгеруіне  және соқырлар мен нашар көретіндерге ғана тән  спецификалық психологиялық жүйенің құрылуына  әкеледі. Осылайша, тотальдық соқырлық жағдайындағы шын мәнісіндегі өмірдің сенсорлық көрінісінде доминантты рольді басқа  сенсорлық модальдылықтармен  біріге әрекет ететін  сипап сезу қабілеті атқарады. Ал қалдық көру мүмкіндігі бар  соқырлар мен нашар көретіндерде қабылдау процесі  қосымша  стимулдардың көмегімен іске асады: тактильдік стимулдар оқу процесінде толыққанды бейнелердің қалыптасуына жәрдем жасайды.

Математика, ана тілі, денешынықтыру пәндерін оқыту, айналамен таныстыру  процесінде түрлі түсті рельефті дидактикалық материалдардың көмегімен  соқыр балалар сипап сезу арқылы қабылданған  объектінің  қасиеттері мен белгілерінің  үлкен көлемін  көрсете алуымен қатар, ең бастысы – сипап сезу  мен көру мүмкіндігінің біріккен  әрекетінің  оқушылардың танымдық саласына, эмоционалдық күйіне  оң әсер  ететіндігі.

Мүлдем көрмейтін соқыр балалар мен  көру мүмкіндігінің қалдығы бар балаларды Брайль кодтарына үйрету  процесін  салыстыру, соңғылардың  оқу мен жазуды сипап сезу арқылы  үйренуі қиынырақ, әрі  ұзағырақ уақытты қажет ететіндігін анықтады. Бәлкім олар  сипап сезу  мүмкіндігін дәл соқырлар сияқты  деңгейде  пайдаланбайтындықтан модальдылықтың  бұл түрін меңгерудің   нәтижесі аз болатын болуы керек. (Р.Б.Каффеманас).

Информация о работе Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметі