Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:09, реферат
1. Құрамалы бұзылушылықтары бар балалар психологиясы психология ғылымының жеке саласы ретінде.
Арнайы психология-психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Арнайы психологияның жеке бағыттары:
• кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология);
• саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология);
• соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология);
• психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы;
• логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы;
Қалдық көру мүмкіндігінің көмегімен сыртқы ортадағы заттар бейнелерін санада түзу соқырлар үшін жылдамырақ, әрі оңайырақ, нақтырақ іске асады және есте ұзақ сақталады. Бұл олардың сипап сезу қабілеттерінің анағұрлым жоғарылығын дәлелдейді. Брайль кодтарына үйретудің бастапқы кезеңдерінде, яғни әрбір таңбаның бейнесі сипап сезу мен көру арқылы орнығатын кезде қалдық көру мүмкіндігі бар балалар өте аз уақыттың ішінде, онша қиналмай бірден меңгеріп шығады. Көру арқылы алынатын мағлұматтың аздығына көру кемістігінен басқа да факторлар әсер етуі мүмкін. Көру мағлұматының бейнелілігі зат бейнесін санада жаңғырту, елестету, оның пішінін, көлемін,сапалық қасиеттерін қиялмен қабылдай білуге байланысты. Бұл балалар қабылдау процесінде заттардың, жануарлардың т.б. негізгі белгілерін дифференциалдай алмайды. Сондықтан олар зат туралы жаңсақ пікірде болуы мүмкін. Соның негізінде қоршаған орта туралы алған мағлұматтары қате қалыптасады және өте шектеулі болады. Айналаны танудағы сезімдік мүмкіндіктің шектелуі олардың танымдық әрекеттерін кеңейтуге, белсенділендіруге кедергі жасамайды, басқа қалыпты анализаторларды іске қосуға дағдыландырып, олардың айналаны дұрыс қабылдау процесін қалыптастыруға болады. Балалар пішін, өлшем, түс ,сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер туралы анық мәліметтер ала алмайды. Ал нашар көретін оқушылар заттардың немесе бейнелердің пропорцияларын айыра алмайды. Түсетін ақпараттың аздығына байланысты кейде олардың мағлұматтарында схематизм, вербализм байқалады.
Есту арқылы қабылдау. Соқыр және нашар көретін балаларда есту арқылы сыртқы ортаны қабылдау сау балалардағыдай қалыптасады. Есту анализаторының көмегімен алынған ақпаратты санада, қиялда жаңғырту арқылы қабылдайды. Есту анализаторларының қызметі көру анализаторларының орнын басады. Дыбысты дистантты түрде қабылдау мүмкіндігі өзгеше құндылыққа ие, ол дыбыстарды сыртқы ортадағы объектілердің өзара әрекетінің белгісі (сигналы) ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.Дыбыстар сигналдық маңызға ие болған сайын соқыр адамның санасында заттар мен адамдар, олардың әрекеттері туралы нақты мағлұматтар қалыптаса бастайды.
Жалпы алғанда, соқырлар үшін есту қабілетінің маңызы ерекше. Өткен ғасырлардағы зерттеу жұмыстарында (Д.Дидро, Н.Дюфо, J.Klein,J.Knie) соқыр адамдарда көру қабілеті жоғалғаннан кейін есту мүмкіндігі компенаация ретінде өзінен - өзі, автоматты түрде күшейе түсетіндігі жайлы айтылады. Бірақ А.А.Крогиус Д.Грисбахтың зерттеу нәтижелерін келтіріп, соқырларыдың есту қабілеттерінің сонша жоғары деңгейде емес екендігін, дыбыстарды локализация жасай алмайтындықтарын дәлелдейді. А.А.Крогиустың өз эксперименттерінде тек соқырлардың есту сезімдерінің едәуір жоғары деңгейі ғана айтылады.
Әр түрлі әрекеттер мен кеңістікті бағдарлау қажеттігі олардың әртүрлі дыбыстарды, шуларды дифференциалдай білуін, дыбыстың шығу көзін оқшаулауды, дыбыс толқынының бағытын анықтай білуді талап етеді, сондықтан да олардың есту қабілеттері жетіле түседі. Жалпы психологияда есту түйсігінің 3 түрі бар : сөйлеу тілі, музыка және шу.
Соқыр балалардың фонемалық қабылдау қабілеттерінің жақсы дамуы сау балалардағы сияқты сауат ашу ісінде қажет,фонемалық қабылдау оқу процесінде жетіле түседі, сөздің дыбыстық құрамы туралы мағлұмат орнығады. Есту арқылы қабылдауды дамытуда сөйлеу қабілетінің қалыптасуы маңызды роль атқарады.
Сипап сезу арқылы қабылдау. М.И.Земцова, Ю.А.Кулагин, Л.И.Солнцева, В.М.Воронин, Р.Б.Каффеманас тәрізді бірқатар ғалымдардың жүргізген зерттеулері сипап сезудің тек соқырлықтың ғана емес, нашар көрудің де орнын толтыра алатын күшті құрал екендігін дәлелдейді. Оқу мен еңбек процесінде олар сипап сезу мүмкіндігін көбірек пайдаланады, бұл сенсибилизация эффектін туғызады. Әрине мұдай нәзік сезімталдық іс-әрекетке қатысатын көбірек тері аймақтарында болады. Мысалы, саусақ терісінің сезімталдығына орай рельефті – нүктелі Брайль шрифтін меңгеруге болады. Рельефті – нүктелі Брайль жүйесінің көмегімен оқу процестерін зерттеумен көптеген тифлопсихологтар мен тифлопедагог ғалымдар айналысты (Б.И.Коваленко, М.И.Земцова, Н.С.Костючек, Л.И.Солнцева т.б.). Брайль әрпі бейнесінің қалыптасу процесі жүйелі, кешенді сипатқа ие. Бейне құрылымына әртүрлі модальдылықтар мен әр деңгейдегі қорытындылар енеді. Бұл Брайль алфавитінің сенсорлық бейнесін қалыптастыру әдістемесінде көрініс табады: әріптің бейнесі нақты заттармен сәйкестендіріледі, геометриялық эталондармен салыстырылады, көру мен сипап сезуге тірек ретінде түрлі түсті жиналмалы үлкен қалыптар пайдаланылады (Б.И.Коваленко, Б.Е.Тараканов) .
Соқыр балалардың сипап сезу арқылы қабылдау қабілетін зерттеген Р.Б.Каффеманастың еңбектері бұл балалардың қарастырылып отырған қабілеті сау балалармен салыстырғанда едәуір артық екендігін көрсетеді (әсіресе бастауыш сынып жасында). Перцептивтік әрекеттің екі түрі анықталады: а) екі қолдағы саусақтар қимылдарының синхрондылығы; б) қозғалыс енжарлығы. Нашар көретіндерге перцептивтік әрекеттер ретінің жоғары деңгейі тән болса, ал көретін сау балалардың сипап сезу қимылдары хаос күйінде ретсіз орындалады.
Қоршаған ортаны тану және қабылдау соқыр балаларда негізінен тактильдік әдіс арқылы жүзеге асатыны белгілі. Сипап сезудің өзі әртүрлі сезіледі: жанасу, қысым, қозғалыс, температура, ауырсыну, материалдың фактурасы, т.б. сондай-ақ заттың пішіні, өлшемі, салмағы тәрізді қасиеттері ажыратылады.
Бұлшық ет – қимыл-қозғалыс сезімі сипап сезу процесінің ғана маңызды компоненті емес, сонымен бірге, кеңістікті бағдарлау процесінің де бөлігі болып табылады (Б.Г.Ананьев, Э.М.Айрапетянц, А.С.Батуев, А.А.Люблинская). Қозғалыс анализаторы затты баланың өз денесіне өлшеп байқауына, кеңістікті бағдарлаудағы ішкі және сыртқы орта анализаторларының арасындағы байланыстар механизмі қызметін атқарады. көру арқылы бақылау мүмкін болмағандықтан, проприоцептивтік сезім негізінде бақылау жасау соқырлар мен нашар көретін балалардың қимыл-қозғалыс дәлдігінің дұрыс дамымауына себеп болады.
Қимыл-қозғалыс дәлдігі мен өзін-өзі бақылау машығына дағдылану ұзақ уақыт жаттығуды, жоғары танымдық процестердің қосылуын, өздерінің проприоцептивтік қабылдау дағдыларына анализ жасай білуді қажет етеді. Соқырлардың қозғалыс анализаторының жұмысы еңбек әрекетінде дәлдік, нақтылық сипатқа ие болады, дифференциалданады; қимыл-қозғалыс актілері автоматтандырылады да кейбір мамандық түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді (музыкант, теруші – машинист, оператор т.б.).
Дәм сезу арқылы қабылдау. Соқыр балаларда олардың жасына сәйкес дәм сезу қабілеті қалыптасады. Олардың дәм сезінуі дәм сезу анализаторына тамақтың әсер етуімен жүзеге асады. Дәм сезу арқылы алынатын түсінікке аштық, оттегінің тапшылығы, жарық, температура, кейбір токсиндік және дәрілік қоспалар әсер етеді. Дәм сезу тәтті, тұзды сияқты жеке дәм түрлерін меңгеруге көмектеседі.
Иіс сезу арқылы қабылдау.
Бұл балалардың иіс сезу қабілетінің қалыптасуына әртүрлі факторлар әсер етеді. Дәрілік кейбір препараттар, ағзадағы функционалдық бұзылулар, патологиялық күйлер, кейбір жоғары концентратты химиялық қоспалар иіс сезу клеткаларын зақымдайды. Сондықтан ата-аналар мен тәрбиешілер бақытсыз жағдайлардың алдын алу үшін, балаларды тиісті ережелермен таныстырады.
Сөйлеу тілі бұзылған балалардың түйсінуі мен қабылдауы.
Есту арқылы қабылдау.Сөйлеу тілі бұзылған балалардың барлығында дерлік фонетико-фонемалық қабылдау кемшілігі кездеседі және сөйлеу – есту мен сөйлеу – қозғалу анализаторларының байланысы міндетті түрде байқалады. Г.Ф.Сергееваның зертеулері бойынша (1973), сөйлеу-қозғалу анализаторлары функциясының бұзылуы , әсіресе, дизартрия мен ринолалияда фонемаларды есту арқылы қабылдауға қатты әсер етеді. Демек мұнда үнемі дыбыстау және дыбысты қабылдау кемшілігі болады деген сөз. Кейбір жағдайларда айтылуда қарама-қайшылығы жоқ фонемаларды ажыратылады, енді бір жағдайларда айтылуда дифференциалданатын фонемалардың өзі ажыратылмайды. Және мұнда қандай да бір белгілі пропорция сақталады : дыбыстауда қанша дыбыс саны дифференциалданса, соншалықты фонеманы естіп ажыратуға болады. Дыбыстаудағы «тірек» қаншалықты аз болса, фонема бейнелерін қалыптастыру соншалықты нашар болады. Ал фонемалық есту қабілетін дамыту тілдің барлық жағын қатар қамтып дамытумен тікелей байланысты, бұл өз кезегінде баланың жалпы дамуын қамтамасыз етеді.
Көру арқылы қабылдау. Сөйлеу патологиясы бар балалардың барлығында аталған психикалық қызмет тежеле дамиды. Зерттеулер көрсеткендей, нақты объектілер мен бейнелерді көру арқылы қабылдау бұл балаларда анағұрлым төмен деңгейде болады. әсіресе, таныс емес ракурста берілген бейнелер мен заттарды тану қиындық туғызады. Олар заттың бейнесін қабылдау үшін ұзағырақ уақытты қажет етеді. Мысалы, перцептивтік әрекеттерді қажет ететін тапсырмаларды орындауда (салыстыру, топтау) ұзақ ойланады. Бұлар бағдарлаудың ең элементерлы түрлерін ғана қолданады, айталық, эталонға сәйкестендіру сияқты. Мысалы, фигураларды салыстыруда олардың пішіндеріне емес, түстеріне ғана сүйенуі мүмкін. Ал қалыпты дамудағы балалар негізінен көру арқылы салыстыру жолын қолданады. Және бір ескеретін нәрсе, тәжірибе жасалғанда қыз балаларға қарағанда, ұл балалардың көрсеткен нәтижелер деңгейі өте төмен болып келген (Л.И.Белякова, Ю.Ф.Гаркуша, О.Н.Усанова, Э,Л.Фигередо,1991).
Оральдық және саусақ стереогнозын жалпы әдістемелердің көмегімен зерттеуге арналған еңбектер (А.Р.Лурия), сондай-ақ, Р.Л.Рингель әдістемесі мұндағы негізгі кемшіліктерді анықтайды.Балаға заттың пішінін ауызға салу арқылы ажырату тапсырмасы беріледі. Нәтижелері: оральдық стерегноздың бұзылуы, әсіресе, экспрессивті сөйлеу тілі бұзылған балаларда жиі кездеседі (алалия, дизартрия).Оральдық стреогноздың дөрекі бұзылуы бет гнозисі бұзылған балаларда қабат байқалған. Ал саусақ стерегнозының бұзылуы бұл балаларда кездеспейтіндігі анықталды (Е.М.Мастюкова,1991).
ТҚАЗ балалардың түйсінуі мен қабылдауы.
ЦСА бар балалардың көрумен және естумен бағдарлау реакцияларының өзгеше дамуы орын алады. Бұл балаларда оптикалық және дыбыстық тітіркендіргіштерге жауап ретінде жалпы қозғалыстардың тежелуі пайда болады. әрі мұнда бағдарлау реакциясының қозғалыс компоненті болмайды , яғни дыбыс немесе жарық түскен жаққа бас бұрылмайды. Кейбір балаларда бағдарлау реакциясының орнына сақтану – қорғаныс реакциясы пайда болады: селк ете қалу, шошу, жылау.
Көру арқылы қабылдау. ЦСА бар балалардың жанарын тіктеуі тек 4-8 ай шамасында ғана орнығады. Ол бірқатар патологиялық ерекшеліктермен, яғни қыли көзділікпен, нистагммен немесе көз бұлшық еттеріне позотониялық рефлекстердің әсер етуімен сипатталады.
Көзбен бағу қабілеті
қалыпты жағдайларда баланың 1 айлық
кезінен бастап қалыптасады. 3 ай
шамасында бала ойыншықтың
Қалыпты дамуда 5 - 6 ай шамасынан бастап қабылдаудың белсенділігі, тұтастығы мен құрылымы т.б. қасиеттері интенсивті дами бастайды. Бұл қасиеттердің барлығы белсенді перцептивтік әрекет негізінде ғана қалыптасады. Бала заттар әлеміне енеді де, біртіндеп кеңістікті белсенді түрде игере бастайды. Перцептивтік әрекетке белсенді көру - «зерттеу» әрекеттері мен сипап сезу қимылдары жатады. Мысалы, бала ойыншықпен танысқанда оны мұқият қарайды және сипап көреді. Затты бұлай көру – сипау арқылы тану бейнелік қабылдауды қалыптастырады.
Есту арқылы қабылдау. Церебральды сал аурулы кейбір балалардың есту қабілетінің төмендеуі де жиі байқалады, бұл өз кезегінде есту арқылы қабылдаудың қалыптасуы мен дамуына, фонемалық қабылдауға (айтылуы ұқсас сөздерді ажырата алмау) кері әсер етеді. Есту арқылы қабылдаудың кез келген бұзылуы тілдік дамуды тежейді. Фонемалық қабылдаудағы қателіктер ең алдымен жазуда айқын көрініс табады.
Сипап сезу арқылы қабылдау. Өз қимыл-қозғалыстарын нашар сезіну мен заттармен іс-әрекет орындау қиындығы ЦСА балалардың белсенді сипап сезу арқылы қабылдау мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігімен түсіндіріледі, оның ішінде заттарды сипап сезу арқылы тануы (стерегноз). Дені сау баланың қоршаған орта заттарымен танысуы оларды қолмен ұстап көру арқылы орындалатыны белгілі. Заттармен іс-әрекеттер жасаудың арқасында олардың түрлі қасиеттері мен белгілері, сапалары туралы мағлұмат алады: форма, салмақ, тығыздық, консистенция, термиялық қасиеттері, өлшем, пропорция, фактура т.б. Стереогноз баланың тумысынан біткен қасиет емес, оған белсенді заттық іс-әрекет процесінде ғана қол жеткізуге болады. ЦСА бар балалардың басым көпшілігінде заттық іс-әрекеттер қатты шектеледі, қолдарының сипап сезу мүмкіндігі өте әлсіз. Н.В.Симонованың зерттеу мәліметтері бойынша, ЦСА-ң атониялық – астатикалық формасында терең интеллектуальдық тежелумен бірге стерегноздың қалыптасу қиындықтары байқалады. Белсенді сипап сезу арқылы қабылдау мүмкіндігінің аздығы заттар мен олардың қасиеттерін тұтастай қабылдауға кедергі жасайды, қоршаған орта туралы білім қорының тапшылығы әртүрлі іс-әрекет түрлерінің орнығуына бөгет болады.
БЦСА-ң барлығында да кеңістіктік қабылдаудың бұзылуы орын алады. Гемиплегияда бүйірлік бағдарлау бұзылады, диплегияда - тік сызықтағы бағдар (вертикальдық), тетраплегияда - алдан артқа қарай бағдар жасау (сагиттальдық) бұзылады. Тетраплегияда сонымен бірге, кеңістіктік қабылдаудағы дөрекі бұрмаланулардың баланың психикасына тигізетін зардабы өте ауыр.
Осылайша, ЦСА бар балалардың өмірінің алғашқы жылында- ақ, қоршаған орта әлемін белсенді қабылдау процесінде бұзылулар болады, бұл көбіне тамаша интеллектуальдық мүмкіндіктер бола тұра психикалық дамудың тежелуіне себеп болады, себебі қабылдау, сезімдік таным ретінде барлық психикалық танымдық жүйенің іргетасын қалайды. ЕЖБА балалардың түйсінуі пен қабылдауы.
Информация о работе Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметі