Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:09, реферат
1. Құрамалы бұзылушылықтары бар балалар психологиясы психология ғылымының жеке саласы ретінде.
Арнайы психология-психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Арнайы психологияның жеке бағыттары:
• кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология);
• саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология);
• соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология);
• психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы;
• логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы;
3. Мұндағы балалар қоршаған ортадан бөлектену емес, одан да гөрі қызығырақ өз қиялдары әлемінде өмір сүруге ұмтылады. Бұл балалар басқалармен тіл табыса алмайды, жиі қақтығысады, басқалардың тілектерімен санаспайды. Кейде олар айлар – жылдар бойы бір ғана тақырыпта сөйлейді, бір ғана ойынды ойнайды. Қиялында мистикалық, қорқынышты, агрессивті бейнелер жасап алады. Өздерін «бандит», «өлтіруші» т.б. бейнесінде сезінеді.
4. Бұл топтағы балалар анағұрлым жеңіл формадағы ЕЖБА бар балалар. Олар өте өкпелегіш, сезімтал.Бұл балалар ересектер тарапынан берілетін эмоционалдық көмекке зәру. Олар үшін ең бастысы, өзара сенім, түсіністік, қауіпсіздік атмосферасын орнату.
Жалпы алғанда ЕЖБА – де психикалық даму балаларда біркелкі болмайды. Оларда музыка, математика, живопись тәрізді жеке салалардағы қабілеттілік сияқты белгілер жақсы дамыса, кәдімгі өмір сүруге қажетті дағдылар мүлдем болмауы мүмкін. Аутистік типтегі жеке тұлғаның дамуына себеп болатын патогендік факторлардың бірі жалпы өмір сүру тонусының төмендеуі болып саналады. Бұл ең алдымен белсенді, талғамды мінез-құлықты қажет ететін жағдаяттарда анық көзге түседі.
Тұлғалық дамуы дисгармониялық тұрпаттағы балаларға психологиялық мінездеме.
Жеке тұлғалық дамудың әртүрлі дисгармониялық типтері туралы айтқанда қалыпты тұлғалық дамудан ауытқу дәрежесі сөз болады, яғни мінез-құлықтың патологиялық типтері сипатталады.
Мінез-құлық (грек тілінен ауд. charakter — ерекшелік, өзгеше белгі) жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қарым-қатынасынан көрінетін тұрақты индивидуальдық белгілерінің жиынтығы ретінде қарастырылады. Мінез-құлық адам темпераменті мен тәрбие жағдайларының өзара әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Темпераменттің негізгі қасиеттері базасында қалыптасса да мінез-құлықты темперамент тағайындамайды. Мінез-құлықтағы қалыптасатын моральдық, интеллектуальдық, эстетикалық даму деңгейлеріне тәрбиенің қосар үлесі мол. (Лебединский М.С., Мясищев В.Н., Рубинштейн С.Л.).
Адамның бала жасында, мінез-құлық жүйесі тұрақты қалыптаспай тұрғанда «мінез-құлық акцентуациясы» туралы айтқан жөн.
Акцентуация (латын тілінен аударғанда ассеntus – екпін деген мағынаны білдіреді) қандай да бір мінез-құлықтың айқын белгілерінің жиынтығы. Бұл қалыпты мінез-құлық варианты. Акцентуацияланған жеке тұлғалар концепциясын К.Леонгард жасап шығарды. Ол жасөспірімдерге тән акцентуацияның типтерін анықтап көрсетті. К.Леонгардтың пікірінше, дамыған елдердегі тұрғылықты халықтың жартысын акцентуацияланған жеке тұлғалар қатарына жатқызуға болады. Акцентуация жағдайында жоғарыда аталған психопатияның үш түрі мүлде кездеспеуі мүмкін, кездескен жағдайда бөлек түрде қарастырылады.
Әлеуметтік – психологиялық бейімделудің қиындығы психопатия деп аталады. П.Б.Ганнушкиннің айтуынша, психопатияның индивидуумның тұтас психологиялық бейнесіне әсер ететін ауытқытушылық қасиеті бар, ол өмір бойы адамның қоршаған ортаға бейімделуіне кедергі жасайды, рухани дүниесіне өзінің кері әсерін тигізеді.
Психопатияның пайда болуындағы маңызды нәрсе - адамның тумысынан оны дамытуға биологиялық бейімділігі болып табылады. П.Б. Ганнушкин 1933 жылы –ақ «психопатия туралы ілім тек медициналық қана емес, әлеуметтік мағынаға да ие» деп жазады.
МКБ – 10 мәліметтерінде аталған бұзылулар «Бала жастан басталатын эмоционалдық бұзылулар мен мінез-құлық бұзылулары» атты айдармен беріледі (Ғ90 – Ғ98).
Қазіргі кезде психопатияның шығу тегіне байланысты келесі түрлерін ажыратады:
Ядролық немесе конституционалдық .
Мұндай психопатиясы бар адамдардың жүйке жүйелерінің жағымсыз жеке қасиеттерінің үйлесуі сияқты конституцио-нальдық (тұқым қуалаушылық) бейімділік болады. Мұндай психопатиялар шынайы психопатия деп есептеліп, ерте балалық жастан-ақ «қиын мінез» түрінде және басқа да эмоциональдық - еріктік ауытқулар түрінде көзге түседі . Бұл жағдайда ой-өріс деңгейі қалыпты болады, ешқандай зардап шекпейді. Жеке тұлғаның доминантты диспозициясының қалыптасуына байланысты психопатияның әр түрлі формалары түзіледі: қозғыш, тұрақсыз және т.б.
Психопатияның бұл этиологиясында сыртқы факторлар белсенді әрекет етеді, бұрыннан бар бейімділікке тиімді жағдай тудырады. (В.Моrеl, 1857)
Аймақтық немесе жүре пайда болған. Бұл теріс тәрбие, ата-аналардың қатігездігі, қатты эмоциональдық соққы сияқты психологиялық және әлеуметтік жағымсыз факторлардың әсерінен пайда болады. Е.Блейлер, М.О.Гуревич, В.А. Гиляровский, О.В.Кербиков тәрізді ғалымдар қатары психопатияға айналатын психогендік өзгерістердің мүмкіндігін дәлелдеген болатын. Қазіргі кездегі әдебиетте мұндай бала ағзасындағы бейімделу мүмкіндіктерін күрт төмендететін және бұрмалайтын психологиялық күйлер ретінде дистресс немесе жарақат алудан кейінгі стресстік күйлер (ПТСР) сипатталады. (Н.В.Вострокнутов)
Органикалық. Баланың үш жасына дейінгі кездегі ағзасына әсер ететін түрлі зиянды әселердің нәтижесінде пайда болады (жүктілік кезіндегі ауыр токсикоздар, туу жарақаттары, ми инфекциялары, ұзақ уақыттық соматикалық науқастар т.б.).Бұлар жалпы психопатияның 30 %-н құрайды. Мидың зақымдануымен байланысты (кемақылдық,психикалық даму тежелуінің церебральды-органикалық генезінде, балалардың церебральды сал ауруында) басқа дизонтогениялардың пайда болуына қолайлы жағдай тудырады.
Бірақ жоғарыда айтылған жайларды ескере отырып, патологиялық мінез-құлықтың бірнеше жағымсыз факторлардың нәтижесінде туындайтындығын ұмытпаған жөн. Оның ішінде- биологиялық (конституция немесе органикалық патология) және қоршаған орталық (тәрбиедегі теріс әсерлер түрінде).
Жүйке жүйесінің типтеріне негізделген психопатияның келесі топтары ажыратылады ( О.В.Кербиков):
Қозғыштар - бұл топтағыларға жоғары қозғыштық тән.Ол айқын экстраверттілікпен, күмәнділікпен, ашушаңдықпен, қырсықтықпен және педанттықпен ұласады. Олардың мінез-құлқында қатігездікке, өш алғыштыққа бейімділік бар. Айналасындағыларға шамадан тыс жоғары талаптар қояды.
Тұрақсыздар – бұларға жоғары эмоциональдық тұрақсыздық тән, қызығушылықтары аз ғана уақытқа жетеді. Сезімдері де шырқау шегіне тез жетеді де, тез сөніп қалады. Өте иланғыш, қиялшыл, ситуацияларды эмоциялар негізінде ғана бағалайды.
Тежелгіштер (астениялықтар) – Өте шаршағыштықпен, күштерінің сарқылғыштығымен және сылбырлықпен сипатталады. Сезімтал, қабылдағыш, өкпелегіш, мін қойғыш, шешім қабылдауда дәрменсіз болып келеді. Қарым-қатынаста келісімге тез келеді, өз позициясын дәлелдеуге ұмтылмайды. Әсіресе таныс емес, шала таныс адамдармен қарым-қатынас жасауда дискомфорт күйін сезінеді, жаңа ұжымға қиындықпен үйренеді.
Психоастениялықтар – бұларға астениялық жеке тұлға белгілері тән. Олар өзіндік анализге, өзін-өзі жазалауға, құсалануға бейім болады. Үнемі қорқыныш, күмән, тартыну сезімдерін бастан кешіреді. Сондай-ақ, түрлі әдеттер мен ғұрыптар шығарып алуға бейім және оларды өзгертуге қорқады.
Шизоидтықтар – бұл топтағыларға патологиялық тұйықтық, әлсіз эмоциональдық жақындықтар тән, кейде олар өте жатбауыр болып келеді. Олар үшін қалыпты, формальды емес қарым-қатынастар жасау қиын, ал формальды қарым-қатынастарда белгілі рольдерді еш қиындықсыз орындай алады.
Мозаикалықтар - бірнеше формаға тән белгілердің қосарлануы.
Жоғарыда айтылған психопатия типтерінің К.Леонгард жасаған классификациясы негізінде (F.Homburger, H.Stutte, Г.Е.Сухарева), сондай-ақ жеке тұлға акцентуациясы типтерінің классификациясы негізінде отандық клиницист А.Е.Личко психопатия типтері мен жасөспірімдік кезеңдегі мінез-құлық акцентуациясының классификациясын ұсынды.
Күрделі даму кемістігі бар балаларға психологиялық мінездеме.
Күрделі кемістік дегеніміз - екі немесе одан да көп даму бұзылуы. Күрделі даму бұзылулары ағзаның әр түрлі жүйелерінің зақымдануымен байланысты. Бұл көру кемістігі мен БЦСА немесе көру және есту кемістігі, саңыраулық пен БЦСА, әйтпесе үш кемістік бірден қабаттасуы т.б. түрінде болуы мүмкін. Бірнеше функцияның бірден зақымдануы асқынған кемістік деп аталады. Күрделі кемістікті ерте диагностикадан өткізу өте маңызды болып саналады. Себебі күрделі кемістік дамуы тұқым қуалау арқылы немесе экзогендік факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Күрделі кемістік этиологиясының бірнеше нұсқаларын қарастыруға болады:
1. Бір кемістік - генетикалық, ал
екіншісі - экзогендік факторлардың
әсерінен болады. Мысалы, баланың
көру нашарлығы шешесінен беріледі,
ал қимыл-қозғалыс бұзылуы
туу кезіндегі немесе одан
кейін алған жарақаттардың
2. Екі кемістіктің де тегі генетикалық болып келеді. Бірақ олар өзара байланысты емес. Мысалы, баланың көру қабілетінің нашарлығы әкесінен беріледі, ал есту қабілетінің нашарлығы шешесінен беріледі.
3. Әр кемістік экзогендік факторлардың салдарынан пайда болады. Мысалы, скарлатина ауруынан кейін баланың есту қабілеті төмендейді, ал қимыл-қозғалыс қиындығы омыртқаның жарақаттану нәтижесінде болады.
4. Екі кемістік те тұқым қуалау синдромының көрінісі.
5. Екі кемістік те бір ғана экзогендік әсерлердің нәтижесінде пайда болған.
Күрделі кемістіктің соңғы екі нұсқасы (экзогендік немесе тұқым қуалау арқылы берілген) қазіргі кезде ең көп зерттеліп қарастырылғаны болып саналады. Бұлар күрделі кемістіктің, тіпті бірнеше кемістіктің түпкі себебі болуы ықтимал. Көп түрлі кемістіктер тобында балаларда туа біткен патологиялардың түрлері, яғни тегі генетикалық патологиялар басым болып келеді.күрделі кемістіктер ретінде хромосомдық синдромдар сирек кездеседі. Тегі хромосомдық күрделі кемістікке айқын мысал - Даун синдромы. Бұл хромосомдық аурулар қатарына жатады. Мұндай науқасқа шалдыққан балалардың 70 %-да кемақылдықтан басқа есту кемістігі, 40 %-да көру кемістігі жиі кездеседі. Ал қалған 30 %-да есту және көру кемістігі қабат, онымен бірге кемақылдық дәрежесі болады.
Күрделі сенсорлық кемістігі бар балалардың психикалық дамуы өзіндік ерекшеліктермен көзге түседі. Жалпы психикалық даму олардың қалыпты сақталған интеллектуалдық және сенсорлық мүмкіндіктеріне сүйенеді (иіс сезу, вибрациялық және кинестетикалық сезім). Туа біткен соқыр-саңырау балалардың танымдық даму қабілетін бақылағанда олардың иіскеп сезу және сипап сезу мүмкіндіктерінің өте жоғары екендігі анықталған. Егер оларға дер уақытында және дұрыс көмек көрсетілсе, отыру, ұстау, жүру, кеңістікте қозғалу, тұрмыстық іс-әрекеттерге үйрену т.б. машықтанады. Олар бала кезінен –ақ ойыншықпен ойнауды, киінуді өздігінен орындай алады, бөлмеде еркін қозғалады. Күрделі кемістігі бар балалардың түйсігі мен қабылдау қабілеттері де өзіндік ерекшеліктермен дамитыны белгілі.
Құрамалы бұзылушылықтары бар балалар психологиясының қосымша проблемалары.Коррекция. Адаптация. Компенсация.
Педагог-зерттеушілер даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқыту әдістерін, оқытудың мазмұны мен құралдарын даярлауда міндетті түрде психологиялық зерттеулердің мәліметтеріне сүйенеді.
Психологтар мен педагогтардың жұмыстарының өзара байланыстылығына айқын мысал – психкалық дамуы тежелген балаларды түзете-дамыта оқытудың жүйесін құру. Мұндай өзара байланысты жұмыс жалпы білім беретін мектептерде оқитын үлгермеуші оқушыларды клиникалық және психологиялық зерттеулердің нәтижелерінен ғана емес, педагогтардың, психологтардың және дәрігерлердің жұмысының бір-бірімен үнемі байланыстылығынан да туындады. Нәтижесінде психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту жүйесі, осы балалар категориясына арналған арнайы түзету сыныптары мен түзету мектептерінің ашылуына аз ғана уақыт болғанына қарамастан, толық қалыптасқан болып саналады. Бұл ең алдымен осы категориядағы балаларға арналған мекемелер жұмысының нәтижесін, тиімділігін көрсетеді. Түзету мектептерінің тәжірибесі психикалық дамуы тежелген балалардың 40 —50 % бастауыш буынды аяқтағаннан кейін жалпы білім беретін мектепте оқуға мүмкіндік алған. Демек ерте кезден басталған түзету жұмыстары , яғни психикалық даму тежелуін ерте коррекциялау — 2-3 жыл арнайы балабақшада оқытып-тәрбиелеу — одан да жоғары нәтиже береді: балабақша тәрбиеленушілерінің 80 % бірден жалпы білім беретін мектептерге бара алады. Мұндай балаларды психологиялық зерттеу олардың мектепте оқуға дайындығының деңгейі қалыпты дамып келе жатқан балалардың даму деңгейіне жақын екендігін көрсетеді. көрсетеді.
Г.М.Дульнев, Б. И. Пинский т.б. психологиялық зерттеулері кемақыл балаларды еңбекке үйрету жүйесін кемелдендіре түсуге негіз болды. Бұл балалардың нұсқауларды түсінуі, сызулар мен бұйымдардың үлгілерін қабылдаулары, еңбек дағдыларының қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу оларды еңбекке даярлау жұмысының әдістемелерін, кәсіптік бейімдеу жұмысының әдістемелерін жетілдіре түсуге, анағұрлым тиімді тәсілдерді даярлауға, оқыту-тәрбиелеу жұмысының бағытын анықтауға мүмкіндік берді.
Бұл зерттеулер еңбекке үйретудің психологиялық тұрғыдан негізделген әдістемелерінің оқушыларды тек болашақ өмірге дайындап қана қоймай, жалпы психикалық дамуға ықпал жасайтындығын көрсетеді: кеңістікті бағдарлау, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамытады, ойлау операцияларын дамытады.
Психологиялық зерттеулердің келесі бір бағыты, оқыту мазмұнының, әдістерінің тиімділігін психологиялық тұрғыдан бағалау. Өкінішке орай, мұндай зерттеулер әзір өте аз. Әдетте оқытудағы жаңа әдістемелердің авторлары өз әдістемелерімен эксперимент жасайды да тек оқытудың тікелей нәтижесімен қанағаттанады, яғни материалдың меңгерілуін ғана көрсетеді, бірақ бұл көрсеткіш жеткіліксіз болып саналады. Оқытудың нәтижелілігі оның балаға бағдарлама материалын меңгертетіндігімен ғана емес, баланы жалпы дамыта алатындығында болуы тиіс.
Информация о работе Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметі