Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:09, реферат
1. Құрамалы бұзылушылықтары бар балалар психологиясы психология ғылымының жеке саласы ретінде.
Арнайы психология-психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Арнайы психологияның жеке бағыттары:
• кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология);
• саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология);
• соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология);
• психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы;
• логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы;
11. Кемақыл балалардың миының зақымдануының түрлері.
12. БЦП этиологиясы.
13. Есту бұзылуының этиологиясы.
14. Кемақыл балалардың ойлау әрекетіндегі негізгі кемшіліктер.
15. Логопсихологияның қазіргі заманғы мәселелері.
16. Нашар көретін балаға психологиялық мінездеме.
17. Арнайы психологияның ғылым ретінде қалыптасуындағы Л.С.Выготскийдің ролі.
18. Саңырау балаға психологиялық мінездеме.
19. Олигофрен
балалардың ЖЖЖ негізгі
20. ПДТ этиологиясы.
21. БЦП-ғы қимыл-қозғалыс патологиясы.
22. Олигофрен балалардың жады ерекшеліктері.
23. Көру кемістігі бар балалар классификациясы.
24. БЦП-ғы психиканың бұзылуы.
25. Кемақыл балалардың
сөйлеу әрекетінің
26. БЦП-ғы сөйлеу тілінің бұзылуы.
31. Тіл мүкістігі бар балалардың классификациясы.
36. Тірек-қимыл аппараты бұзылуының типтері.
37. Мінез-құлқы бұзылған
жасөспірімдерді зерттеудің
39. Олигофрен балалардың зейін ерекшеліктері.
45. ҚР «Даму мүмкіндігі шектеулі
балаларға әлеуметтік-дәрігерлік-
2.10 Глоссарий
Тірек-қимыл аппаратының зақымдануы-бұл күрделі кемістік,себебі мұндай баланың есту,көру,қабылдау қасиеттері толық қалыптаспайды.
Қимыл-тірек аппаратының жүйесі бұзылуы- балалардың негізгі кемістігі-қимыл қозғалысының ауытқуы ( қозғалу,қимыл әрекеттерінің жетілмеуі,зақымдануы немесе мүлдем жойылуы)
«Церебральді паралич»- термин пренатальді, интранатальді және ерте постнатальді кезеңдерде мидың жетілмеу немесе зақымдану нәтижесінде пайда болуы бір шама синдромдардың тобын біріктіретін дерт.
Орталық паралич(сал болу )-бас миының қозғалтқыш аймақтарымен қозғалтқыш( пирамидті) жолдары зақымдануының салдарынан ерікті қозғалыстың жоқтығы.
Орталық парез-қимылдар шектелуі.
«Делинквентті» тәртіп -түрлі айып кінәларды, жүйелі сабақ босатуды, қоғамдық тәртіп бұзушылықты немесе ұсақ бұзақылық пен ұрлықты белгілейді.
Фасилитация –жаңаша сөйлеу дағдыларына үйретеді.
Сақтау дегеніміз-қалыптасқан дағдыларды дамытып отыру.
Индукция-оқудан шыққан нәтижені анықтайды.
Синдром -түрлі белгілер,ауытқулар тізбегі болып табылады.Олар ортақ себепке ие болады.
Тұрмыстық бақылау-фактілердің тіркелуімен шектелуі кездейсоқ түрі.
Ғылыми бақылау-арнайы күнделікті нәтижелері белгіленген нақты жоспары болады..
Экспериметт-психологиялық құбылысты оқытуға жақсы жағдайдыжасау, нақты бақылаушының белсенділігін шамалау.
Дислалия-дыбыстың зақымдалуы.
Ринолалия-сөйлеу мен дыбыстың садикалық жақтарының дыбыстарының зақымдалуы.
Дисфония-дыбыс аппаратарынының патологиялық өзгерістерінің әсерінен фонацияның бұзылуы.
Ринофония- сөйлеудің қлыпты артикулияциялық дыбыс тембірініңзақымдалуы,ал ауыз және мұрын жолдарымен жүзеге асады.
Алалия-мидың сөйлеу процесінің органикалық құлдарының әсерінен дамымай қалуы немесе қалыптаспайды.
Афазия- мидың ауруға шалдықанданда , бұған дейін формаланған сөйлеудің толығымен және бөлшектеніп жұмсалуы.
Дисплезия- дұрыс өспеу ,бас сүйектің форамасының өзгеруі, аяқ –қолдың өзгеруі, жүре алмау.
Деменция- ақыл кемтарлығы,ессіздігі, эмоцияның азаюы,естің әлсіреуінің сыншылдықтың төмендеудің мен біріккен таным қызметінің тұрақты әлсіруі.
Құндылық – көпшілік адамдар мақұлдайтын және ортақтасатын жақсылық, әділетттілік, патриотизм деп бағалайтын жеке тұлға үшін қоғамдық-мәнді әлеуметтік бірлік, қоғам, тұтас материалдық, әлеуметтік объектілер. Ол барлық адамдарға эталон, идеал болып қызмет етеді, оларды құруға педгогикалық үдеріс бағытталған.
Адам – абсолютті құндылық, жоғары субстанция, «барлық танымның өлшемі». Біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқығы және бостан-дығы. Қазргі жағдайда адам дамуы зерттеу объектісі ретінде ғана емес, алдымен, аса маңызды мәдени үлгілер жасаушы және өзінің ынтасымен шығармашылыққа ұмтылушы, шығармашылық және таным субъектісі ретінде ұсынылады.
Отбасы – болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы. Екі адамның некелесуіне қарап отбасы құрылды деп қарау қате пікір, бала дүниеге келген күннен бастап отбасы құрылады.
Отан, туған өлке – тағдыр берген, ата-бабасынан қалған, өз халқының мәдени, рухани мұрасымен, оның өткен тарихымен байланыстыратын әр адамның теңдесіз, бірегей туған жері.
Денсаулық, салауатты өмір салты – бақытты, үбірлі өмірдің міндетті шарты; өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарау адамның ішкі табиғи қажеттілігі болуы тиіс. Елбасының «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына Жолдауында – денсаулық республиканың стратегиялық дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі болып танылады.
Еңбек – адам болмысының негізі, «адам өмірінің мәңгілік табиғи шарты». Рухтанған, саналы, шығармашылық еңбек – адамның табиғи қасиетінің анағұрлым табиғи көрінісі.
Білім – әрбір жеке тұлғаның және әлеуметтік прогрестің дамуына қажетті шарт. Оқудың нәтижесі – білім. Білімнің тәрбиелік мәні жеке бастың қамында емес, мақсатқа жетудің құралы.
Мәдени мұра – барлық адамзаттың және әр халықтың рухани және материалдық өмір саласындағы орасан зор байлығы. Нағыз мәдениет өзіне мәңгі бақи шындықты, мейрімділікті және әсемдікті біріктіреді.
Тіл – адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы, аса маңызды әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі.
Достық – өзара сыйластық қарым-қатынастағы дербес, еркін таңдау. Достық адалдық және өзара көмек беруді ғана емес, сонымен қатар, ішкі үйлесімділікті, ашық-жарқындықты, сенімді және махаббатты айғақтайды. Біз досымызды alter ego (басқаша Мен) деп атауымыздың мәні бекер емес.
Тәрбие – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара тиімді іс-әрекеттері (достастық).
Тәрбиелік үдеріс – ол өзіндік даму, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі іске асыруға бағыттау мақсатында .педагогтар мен балалардың өзара іс-әрекеттері.
Тәрбие жұмысы – ол анағұрлым толық өзіндік дамуы мен өзін-өзі табысты көрсету мақсатында ересектер мен балалардың бірлескен тіршілік әрекеттерін ұйымдастыру жөнінде мақсатты бағытталған қызмет.
2.11.Әдістемелік ұсыныстар
Семинар сабақтарын орындауға көмекші әдістемелік нұсқаулар:
Көрсетілген тақырыптардағы өздік жұмыстарды орындау үшін ұсынылған ғылыми-әдістемелік материалдармен танысып, әртүрлі себептердің әсерінен қалыптасқан кемақыл балаларды зерттеп, қойылған сұрақтарға жауап беру қажет. Сондықтан кемақыл балаларға арналған арнайы мекемелермен танысып, ондағы балалардың клиникалық – педагогикалық ерекшеліктерін анықтау қажет. Сонымен қатар ақыл –есі кем балалардың клиникалық ерекшеліктеріне көңіл аударып, олармен арнайы жұмыс істейтін мамандардың жұмыс көлемдерімен танысу қажет
СОӨЖ өткізу түрі: тақырыптар бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап,реферат жазу, ауызша жауап беру, медициналық құжаттарды талдау, тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, арнай мекемелерде мүмкіндіктерінше консультациялар жүргізу
Өзіндік жұмыстарды орындауға көмекші әдістемелік нұсқаулар: тақырып бойынша оқулық және әдістемелік әдебиеттерді оқу; арнайы мекемелерде тәрбиеленіп, оқитын мүмкіндіктері шектеулі балалардың ерекшеліктерімен танысу; арнайы құрастылыған ситуациялық мысалдар бойынша әртүрлі дәрежедегі кемақылдылықтың қалыптасу ерекшеліктерімен, алдын алу шараларын анықтау.
Мазмұны
1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер |
1.2. Пән туралы мәліметтер |
1.3. Пререквизиттері |
1.4. Постреквизиттері |
1.5. Пәннің қысқаша мазмұны |
1.6. Пән бойынша тапсырмаларды |
1.7. Әдебиеттер тізімі |
1.8. Баға туралы ақпараттар |
1.9. Курстың саясаты мен |
2.1. Тақырыптық жоспар |
2.2. Дәрістік сабақтар тезистері |
2.3. Семинар сабақтардың жоспары |
2.4. Оқытушының жетекшілігімен |
2.5. Студенттердің өзіндік |
2.6. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары |
2.7. Оқу сабақтарының |
2.8. Өзіндік бақылау үшін тест сұрақтары |
2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары |
2.10. Глоссарий |
2.11. Әдістемелік нұсқаулар |
Информация о работе Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметі