Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:09, реферат

Краткое описание

1. Құрамалы бұзылушылықтары бар балалар психологиясы психология ғылымының жеке саласы ретінде.
Арнайы психология-психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Арнайы психологияның жеке бағыттары:
• кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология);
• саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология);
• соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология);
• психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы;
• логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметінің ерекшелігі.doc

— 909.00 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда келтірілген зерттеулердің мәліметтері көрсеткендей, жеке тұлғалық сапалар  туралы емес, тұтас  тұлғалық қатынастар жүйесі туралы  айтқан жөн.  Бұл жүйеге енетіндір:

1. соқыр баланың өзі туралы  түсінік , өзінің кемістігіне  және  өзге  адамдарға деген көзқарас;

2. өмірлік мақсаттарға, өмірлік  құндылықтарға, өткен мен болашаққа  деген көзқарас;

3. әлеуметтік ортаға деген көзқарас, өзге жыныс өкілдеріне  көзқарас;

Бұл көзқарастардың барлығы «Мен» бейнесі сияқты жеке тұлғаның  базалық құрылымын жасайды.

Г.А.Буткина мен С.М.Хорош өз еңбектерінде  соқыр және нашар көретін балалардың жеке тұлғалық дамуындағы  отбасылық қарым-қатынастар түрлерінің әсерлерін қарастырады. Соқыр баланы шектен тыс қамқорлық  жағдайында тәрбиелеу  аса қиын психологиялық-педагогикалық  мәселе болып табылады. Отбасының ересек мүшелері  баланы  сәл қиындықтан  да  шеттетіп, барлық тілегін  өздері орындап,  өзін ешнәрсеге үйретпейді.  Шамадан тыс көп  қамқорлық жасау  соқыр баланың кемістігінің орнын толтыру мақсатындағы  оған деген  сүйіспеншлікпен, мақтау-мадақтаумен, көтермелеумен  көзге түседі. Сөйтіп бала  еркетотай,  эгоист, өз бетімен өмір сүруге  дәрменсіз жанға айналады. 

Онда таза қажеттілік психологиясы қалыптасады, қажетті  жеке тұлғалық сапалар  - еңбексүйгіштік,  өз бетімен әрекеттену,  инициатива, жауапкершілік, ерік-жігер, төзімділік тәрізді сапалар  қалыптаспайды.

Отбасындағы қарым-қатынастардың  соқыр баланың жеке тұлғасында  теріс,  жағымсыз  сапаларының  қалыптасуына алып келетін  екінші бір нұсқасы  ата-ана тарапынан  көрсетілетін деспотизм. Ересек адамдар бірінші орынға  қаталдық пен  қатігездікті қояды. Әрі баладағы  көру кемістігіне байланысты туындайтын  қиындықтарды  назардан тыс  қалдырады.  Ересек адамдардың еркіне бағынуға мәжбүр болған  бала оған деген  ашық немесе жасырын  жауығу  сезімінде болады, біртіндеп ашық түрде бағынбауға  ауысады. Ал кейбір балалар  мұндай  жағдаяттарда тұйықталып қалады, өзінің ішкі  әлеміндегі қиялға  бас қояды. Бала не өз бетімен  әрекет ете алмайтын , жаншылған, инициативасыз болып өседі, не ұзаққа созылған, бітпейтін  ерегіс жолына  түседі және  үнемі ашық  немесе жасырын агрессия күйінде болады.

 Отбасылық қолайсыз  қарым-қатынастардың   үшінші  бір нұсқасы, ата-ана мен соқыр  баланы өзара түсініспеушілікке, рухани алшақтыққа әкеп соқтыратын  эмоционалдық шеттеу  мен бөлектену  болып табылады. Мұндай отбасыларында соқыр балалар  өздерінің ешкімді кіргізбейтін  ішкі әлемінде  өздері тұйықталып өседі. Онда ата-анасымен, отбасы  мүшелерімен,  кеңірек әлеуметтік ортамен қарым-қатынас  қажеттілігі қалыптаспайды.

Эмоционалдық шеттеу жағдайы  зағип  баланы  оның соқырлығына бола ашық жек көруден де ауыр жаралайды.  Ересек адамдармен мұндай   қарым-қатынас түрі баланың өзінің толыққанды  адам еместігін, өзгелерге  қажетсіздігін ерте  сезініп өсуіне себеп болады.

ТҚАЗ балалардың  тұлғалық  дамуы 

Тұлғалық қалыптасудың  психологиялық механизмдері қалыпты дамудағы бала үшін де, даму ауытқуы бар бала үшін де  бірдей, бірақ сол тұлғалық қалыптасу жағдайларының әртүрлілігі  даму кемістігі  бар баланың  тұлғалық дамуына спецификалық ерекшеліктер үстейді. 

БЦСА тәрізді кеміс дамулар  ішінде психикалық инфантилизм  типіндегі даму тежелуі жиі кездеседі.  Психикалық инфантилизм  негізінде интеллектуалдық  және эмоция – ерік салаларының  жетілуінің дисгармониясы жатыр. Инфантилизмдегі психикалық даму  жеке психикалық функциялардың әркелкі деңгейде дамуымен  сипатталады.  Бірақ  М.С.Певзнердің айтуынша, «инфантилизмнің  барлық формаларында  жеке тұлғаның  жетілмеуі жетекші, әрі негізгі симптом болып табылады». Ресейлік әдебиеттерде психикалық инфантилизм  кеш қалыптасқан ми жүйелерінің  жетілмеуінен болатын даму бұзылуының ерекше түрі ретінде қарастырылады (Т.А.Власова, М.С.Певзнер). Психикалық инфантилизмнің қарапайым, яғни асқынбаған түрін ажыратады, гармониялық инфантилизм де соған жатқызылады. Бұл формада  психикалық жетілмеу бала әрекетінің барлық  салаларында  байқалады, әсіресе  эмоция – ерік салаларында айрықша .

Психикалық инфантилизмнің асқынбаған  формасымен қатар  асқынған формалары   да болады. ЦСА бар балалардың асқынған психикалық инфантилизмінің үш нұсқасы ажыратылады. Бірінші невропатиялық нұсқасы  асқынған инфантилизмнің невропатия көріністерімен үйлесуін  көрсетеді. Психикалық  инфантилизмнің  невропатиялық  нұсқасында церебральды сал аурулы    балаларда  тежелгіштк, қорқақтық, өз күшіне сенбеу белгілері бар, олар өз анасынан  басқаны жақын тартпайды, жаңа жағдайларға бейімделуі қиын, мектепке үйренуі де ұзаққа созылады.

Сонымен бірге психикалық инфантилизмнің бұл нұсқасында енжар қарсылық реакциясы басым болады.Бала тамақтанудан, белгілі бір адамдармен сөйлесуден бас тартады (таңдау мутизмі), үйден немесе мектептен қашады; кейде жеке соматовегетативтік функциялары  бұзылады: құсу, энурез (несепті ұстай алмау), энкопрез (нәжісті ұстай алмау). Сирек жағдайларда суицидтік мінез- құлық көріністері байқалады. ЦСА бар балалардың қарсылық реакциясы мұғалімнің немесе тәрбиешінің талабын орындаудаң бас тартудан көрінеді.

 ЦСА бар балалардың  асқынған  психикалық инфантилизмінің екінші нұсқасы психикалық инфантилизмнің ашушаң әлсіздік симптомдарымен үйлесуімен сипатталады. Ғылыми әдебиеттерде бұл нұсқа асқынған инфантилизмнің  цереброастениялық  түрі ретінде қарастырылады (В.В.Ковалев,1973). Бұл балалардың эмоциялық-еріктік  жетілмеу белгілері  жоғары эмоционалдық қозғыштықпен, жұмыс істеу қабілетінің төмендігімен, ес, зейін қабілеттерінің бұзыуымен үйлеседі.  Бұл оқушылардың мінез-құлқына ұстамсыздық, ашуаңдық, айналадағылармен үнемі қақтығысу  тәрізді белгілер тән. Көңіл күйлері аумалы-төкпелі, ешнәрсеге көңілдері толмайды, басқалардың үнемі өзіне көңіл аударуын талап етеді, талаптары қанағаттандырылмаған жағдайларда көз жасын төгіп қорқытады. Түрлі аффективтік реакциялар, кейде агрессивтік мінездер көзге шалынады.

ЦСА бар балалардың асқынған  психикалық инфантилизмінің үшінші нұсқасы – органикалық инфантилизм деп аталады ( Г.Е.Сухарева, 1965, С.С.Мнухин, 1968 ,т.б.).

Органикалық инфантилизмнің негізін құрайтындар - эмоция – ерік салаларының  жетілмеуінің интеллектуалдық әрекеттердің бұзылуларымен ұласуы, яғни инерттіліктен, ойлаудың шабандығынан, қорытындылау  операцияларының  төмен деңгейде  дамуымен  байқалады. Бұл балалардың  мақсатты  іс-әрекеттері  бұзылған, өз істері мен мінез-құлықтарына  сын көзбен анализ жасау  деңгейлері төмен.  Органикалық инфантилизм құбылыстары ЦСА-ң атониялық –астатикалық  формаларында жиі кезігеді, яғни  мұнда мидың маңдай-мишық бөліктерінің зақымдануы мен жетілмеуі орын алады. Мидың маңдай қыртыстары мақсатты іс-әрекеттердің, мотивацияның дамуын,яғни тұлғалық ядроның (негіздің)  орнығуына қажет психикалық  даму деңгейін қамтамасыз етуші рольді атқарады. Органикалық инфантилизмде эмоция  мен еріктің бұзылулары үлкен дисгармониямен сипатталады. «Балалық»  мінез-құлық белгілерімен қатар  өз бетімен әрекет ете алмау,  иланғыштық, импульсивтілік элементтерінің  инерттілік көріністерімен ұласуы көзге түседі. Бұл балалардың мектепке  дайындығын  клиникалық –психологиялық тексеруден өткізгенде олардың  тұлғалық дайындығы төмен  деңгейді көрсетеді. 

Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалардың ерік белсенділігі де  өзіндік ерекшеліктерге ие. Н.М.Сараеваның зерттеулеріне ЦСА бар 120 жасөспірімнің  ерік белсенділігіне  жүргізген бақылаулары, эксперименттері және басқа да әдістемелері енеді.  Алынған нәтижелер ЦСА бар балалардың ерік саласының ерекшеліктерін анықтайтын объективті және субъективті факторларды ажыратуға мүмкіндік берді. Объективті факторларға жататындар – науқастану жағдайлары,  емдеу мекемесінде ұзақ уақыт болу,белсенділіктің шектелуі,  айналадағы адамдардың науқас балаға ерекше қатынасы. Субъективті факторға жататындар – жасөспірімнің өз кемістігіне деген көзқарасы  мен өзін-өзі бағалауы.

Тұлғаның патологиялық сипатпен қалыптасуы  (жеке тұлға дамуының психогендік факторларына байланысты) БЦСА шалдыққан балалардың басым көпшілігінде  байқалады. Бұл балалардың  мінез-құлқындағы  кері, жағымсыз қасиеттер гиперқамқорлық  дәрежесіндегі тәрбиемен байланысты. Ата-аналар баланың қимыл-қозғалыс бұзылуына байланысты,  құлап қалады, ыдысты сындырып алады,  киіне алмайды деп қорқады да  бала үшін барлы әрекетті  өздері  орындайды, сөйтіп баланы  өз бетімен әрекеттену мүмкіндігінен айырады.

Жеке тұлғалық дамудағы ауытқулар отбасындағы тәрбиенің басқа бір стилімен де  қалыптасуы мүмкін. Біраз ата-аналар баланы  қатал тәрбелеген жөн деп есептейді.  Олар баладан тапсырманың барлығының орындалуын талап етеді, ал баланың қимыл-қозғалыс спецификасын, мүмкіндігін  мүлдем есепке алмайды. Олар тапсырма орындалмаған жағдайда баланы жазалайды, ал мұның  жағымсыз  салдары бар, баланың дене бітімдік және психикалық  күйі ауырлай түседі. 

Гиперқамқорлық пен гипоқамқорлық  жағдайларында баланың өз мүмкіндігін адекватты бағалау қабілетінің  қалыптасуына қолайсыз жағдай туады.

БЦСА ұшыраған жасөспірімдердің тұлғалық даму ерекшеліктерін зерттеу аспектілерінің бірі – И.Ю.Левченконың қарастырған жасөспірімдердің мінез-құлық акцентуациялары.  Зерттелгендердің ішінен  сау  жасөспірімдерде кездесетін  акцентуация типтерінің бір бөлігі ғана кездесті:  астеноневротиялық (20 %), сензитивтік (19 %), тұрақсыз (22 %), психоастениялық (27 %). Жоғарыдағы аталған акцентуация типтері сау жасөспірімдерде өте сирек кездесетін болса, бұларда жиі байқалатын құбылыс екені белгілі болды.

Жасалған анализ бұл балалардағы акцентуацияның тұрақсыз типінің белгілерінің қалыптасуында мидың  органикалық зақымдануы жетекші рольге ие болады.

Сөйлеу тілі бұзылған балалардың жеке  тұлға ретінде   қалыптасуы  мен  эмоция   -  ерік  саласы.

Сөйлеу тілінің  бұзылуындағы жеке тұлғаның қалыптасуы мен эмоциональдық ерік-жігер саласын зерттеуге арналған аздаған еңбектердің ішінде   В.М.Шкловский, В.И.Селиверстов, Л.А.Зайцева, О.С.Орлова, Л.Е.Гончарук, Г.А.Волкова сияқты ғалымдардың еңбектерін атауға болады. 

Л.М.Шипицина мен Л.С.Волкова (1993) М.Люшердің «Әртүрлі түстерді таңдау»  әдістемесінің көмегімен жүргізген зерттеулері жалпы тілі дамымаған 1 -2 сынып оқушыларының эмоционалдық – тұлғалық сапаларының кейбір ерекшеліктерін анықтаған. Тілдік дамуы қалыпты  балалармен салыстырғанда, сөйлеу тілі бұзылған балалардың басым бөлігінде  енжарлық,  сензитивтілік,  қоршаған ортаға тәуелділік,  спонтандық мінез-құлыққа бейімділік кездеседі. Мұндай  концентризм – эксцентризм тәрізді  эмоционалдық – тұлғалық қасиеттердің  сөйлеу тілі бұзылған балаларда да, сау балаларда да доминанттылығы байқалады, әсіресе 2 сынып оқушыларының қоршаған ортаға көмек беретін, ақпарат беретін көз ретінде  аса қызығушылық танытқан кезінде  эксцентризм көрініс береді. Бірақ сөйлеу тілі қалыпты және бұзылған 1 сынып оқушыларының бір бөлігінде (40 %) концентризм қасиеті  де байқалады, ол балалардың өз уайымдарын іште сақтауға, тұйықталуға  бейімділіктерімен дәлелденеді. Көптеген авторлар 1 сынып оқушыларында кезігетін концентризм  қасиеттерінің 2 сынып оқушыларына қарағанда жоғары  болатын себебі, олардың мектептегі оқуға әлі жеткілікті бейімделмегендіктерінен деген ой ұсынады.

Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мектептердегі 1 сынып оқушыларының жұмыс істеу қабілеттері төмен, айқын стресстік реакциялар жиі кездеседі,  кері эмоциялар доминантты роль атқарады.  Арнайы мектепте оқудың екінші жылында балалардың жұмысқа қабілеті жоғарылайды, эмоциональдық реакцияның оңтайлы деңгейі жоғарылайды, стресстік  күйлерге бейімділік төмендейді. Сөйлеу патологиясы бар балалардың эмоционалдық күйлерінің бұлай жақсаруы мектеп тәртібіне бейімделумен және құрбыларымен тұрақты қарым-қатынас  орнатуымен ғана байланысты емес, сондай-ақ, дұрыс ұйымдастырылған коррекциялық – педагогикалық жұмыстардың көмегімен өзін-өзі бақылау, өз тәртібін реттей білу қабілетінің дамуы болып табылады.

Сөйлеу тілі  бұзылған балалар мен сау  балалардың  өзін-өзі  және бірін-бірі бағалау деңгейі  «полярлық профиль» тестінің көмегімен  анықталды.Мысалы, сөйлеу тілі бұзылған  қыз балалар үшін денсаулық, адалдық, көпшілдік, сияқтиы қаси ттетр құнды, олар жанжалдан аулақ болуға тырысады және бос өкпелемейді. Осы жастың өзінде олар өздерінің сырт келбеттері туралы көп ойланады және өздерін көрікті, я көріксіз деп  анық бағалай алмайды. «Білмеймін» немесе «көріксіз шығармын» деп жауап береді. Сөйлеу тілі бұзылған қыз балалар барлық салыстырмалы параметрлер бойынша сау қыз балаларға қарағанда, өз мүмкіндіктерін  асыра бағалайтындықтары  анықталды. Сонымен бірге олар өздерін дені сау деп есептемейтіндігі, осыған орай көпшіл еместіктерінің себебі де  анықталды.

Ұл балалардың екі тобында – қалыпты және бұзылған сөйлеу тілі бар балалардағы өзін-өзі бағалау  көрсеткіштерінің араснда  қыз балаларға қарағанда айырмашылықтар аз.  Демек, жалпы мектепте оқитын ұл балалар өздерін көңілді, бақытты, адал және кейбіреулері мейірімді, көпшіл,  дені сау деп есептейді. Ал арнайы мектеп оқушылары өздерін адал,  батыл,  жанжалшыл емес,  бірақ өте бақытты емес, көпшіл емес деп санайды екен. Қыз балалар сияқты олар да өздерінің көпшіл болмау себебі - тіл кемістігі  екенін жақсы біледі, бірақ қыздар сияқты өздері сол үшін көп зиян шегеміз деп ойламайды.   Және ұл балалар өздерінің кемістіктерін қыз балаларға қарағанда  объективті  бағалайтындықтары  байқалды.

Көп жағдайларда  тілінің ауыр бұзылуы бар балалар өздерінің  мінез-құлық белгілерін  дұрыс бағалай алмайды, сыни көзқарастың жоқтығынан өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды.  Мынадай тенденция көзге түседі,  бұл балалар өздерін идеалға жақын санайды.  1 -2 сынып оқушыларының өз мінез-құлық қасиеттерін асыра бағалауы жасқа сай заңдылықтармен түсіндірілсе (мұндай құбылыс қалыпты дамуда да кездеседі),

3 сынып оқушыларында кездесетін  осындай жай  бұл балалардың  жеке тұлғалық  ерекшеліктерімен  түсіндіріледі.(О.Н.Усанова, О.А.Слинько, 1987).

Ынта деңгейін зерттеу нәтижелері  сөйлеу тілі ауыр бұзылған балалардың сәтсіздіктерге жасайтын реакциясы  қалыпты дамудағы балаларға қарағанда өзгешерек екені анықталды. Сәтті, дұрыс орындалған тапсырмадан кейін  одан гөрі күрделірек тапсырмаға  ауысудың  орнына бұл балалар  керісінше,   жеңілірек тапсырмаға қарай ұмтылады.  Бұл факт  олардың   қорғаныс реакциясы ретінде  қабылданады.  Бұл балалардың   беделін сақтап қалуға деген ұмтылысы немесе қорғаныс реакциясы. Әсіресе,  ынта деңгейінің  өте төмендігі  1 сынып оқушыларында жиі кездеседі. 2 сыныпта  одан гөрі жоғарырақ,  ал 3 сыныпта оқушылар  мақсатты, қажетті іс-әрекетке  деген ынталарын  жоғарылата біледі ( О.Н.Усанова, О.А.Слинько, 1987).Демек,  оқушылардың жасына сәйкес  нақты ынта деңгейі  қалыптасады. 

Информация о работе Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметі