Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:09, реферат

Краткое описание

1. Құрамалы бұзылушылықтары бар балалар психологиясы психология ғылымының жеке саласы ретінде.
Арнайы психология-психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Арнайы психологияның жеке бағыттары:
• кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология);
• саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология);
• соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология);
• психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы;
• логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметінің ерекшелігі.doc

— 909.00 Кб (Скачать документ)

Тіл мүкістігі бар балалардың сөйлеу тілі.

Ауыр тіл мүкістігі бар балалардың сөйлеу тілін бақылау кезінде  олардың өз сөйлеу тілін ұйымдастырудағы айтарлықтай  қиындықтары айналадағы өзге адамдармен  қарым-қатынасына теріс әсер ететіні көзге түскен. Бұл категориядағы балалардың тілдік және коммуникативтік  дағдыларының өзара байланысы  яғни сөздік қордың жұпынылығы мен дифференциалданбауы, етістіктер сөздігінің аздығы, байланысты сөйлеу тілінің ерекшеліктері  т.б. толыққанды тілдік қарым-қатынасқа кедергі жасайды. Содан келіп,  сөйлесу қажеттілігі төмендейді, коммуникация формалары қалыптаспайды (диалог және монолог), мінез-құлық ерекшеліктері пайда болады: тілдік байланысқа қызықпау, негативизм, сөйлесу ситуациясында бағдар жасай алмау (Л.Г.Соловьева).

Коммуникативтік қарым - қатынас жасай алмайтын балалар міндетті түрде «қабылданбаған»,  «шеттетілген» балалар қатарына жатқызылады да, олар балалар әрекетінің барлық түрлерінде сәтсіздіктерге ұшырайды.Олардың ойнау дағдылары нашар дамыған, ойындары манипулятивтік тұрпатты болып келеді; олардың құрбыларымен сөйлесуге тырысуы сәтсіз аяқталады, көп жағдайларда  «шеттетілген» балалар тарапынан агрессивтік  ұшқындар пайда болады.

Тұтастай алғанда айқын тілдік патологиясы бар балалардың  коммуникативтік мүмкіндіктері қалыпты дамудағы балалармен салыстырғанда барлық параметрлер бойынша артта және өте шектеулі. екендігі белгілі. Тағы да бір назар аудараралық нәрсе, жалпы тілі дамымаған мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің төмен деңгейі: олардың ойындарының сюжеттері өте  жұпыны, ойынның процессуальдық сипаты,  сөйлесудің аздығы. Мұндай балалардың басым көпшілігі қозғыш болып келеді және бұл олардың әртүрлі  неврологиялық симптоматикасымен байланысты. Егер тәрбиеші тарапынна бақылау немесе жетекшілік болмаса ойын ұйымдаспаған, шашыраңқы және мағынасыз тұрпатта ойналады. Берілген категориядағы балалардың кейде өздерін немен алдандырарларын білмейтін кездері болады, яғни оларда біріге әрекеттену машықтары қалыптаспаған.Егер балалар ересек адамдардың айтуымен бірігіп ортақ іс-әрекетті орындаулары керек  болса да, әр бала өзінің  басқа серіктестерімен санаспай  өзінше орындауға тырысады. Мұндай деректер сөйлеу тілі дамымаған  балалардың  ортақ әрекет барысында серіктерінің әрекетін бағдарлай алмайтындықтарын, коммуникативтік дағдылардың төмен деңгейін, біріге әрекеттену дағдыларының қалыптаспағандығын көрсетеді.

Ауыр сөйлеу патологиясы бар мектеп алды жасындағы балалардың сөйлесу машықтарын зерттеу жұмыстары олардың тілдік қатынасында қалыпты дамудағы 2 – 4 жасқа тән  ситуациялық – іскерлік форма  басым екенін көсетеді.

Балалардың аздаған бөлігінде сөйлесудің  ситуациялық емес – танымдық  формасы басым. Олар ересек адамдардың, педагогтың ұсынысын қуана қабылдайды.Мысалы, кітап оқу: қарапайым мәтіндерді зейін қойып тыңдайды, бірақ оқылып болғаннан кейін әңгіме – сұхбат ұйымдастыру өте қиын  - балалар оқылған кітап бойынша мүлдем сұрақ қоймайды, тіпті өздері де мазмұндап бере алмайды, себебі монологтық сөйлеу түрінің өрбітушілік (репродуктивтік) фазасы  қалыптаспаған. Ересек адаммен сөйлесуге қызығушылық болған күнде де әңгіме процесінде бала бірден бірге көше береді, оның танымдық қызығушылығы аз уақытқа ғана жетеді, әңгімелесу 5 – 7 минуттан артыққа созылмайды.

Осылайша, ауыр тілдік патологиясы бар балалардың  тілдік және когнитивтік бұзылулар олардың айнала ортамен толыққанды коммуникативтік байланыстарының орнығуына, ересектермен тіл табысуға  кедергі жасайды, құрбыларынан, ұжымнан  бөлектенуге мәжбүр етеді.Осыған орай, бұл балаларды социум талаптарына сәйкес оңтайлы және тиімді бейімдеу мақсатында тілдік, танымдық және коммуникативтік әрекеттерінің барлық компоненттерін дамыту мен түзетуге бағытталған арнайы жұмыстар жүргізілуі қажет.

 ТҚАЗ балалардың сөйлеу тілі.  

ЦСА бар балалардың сөйлеу тілі сандық және сапалық ерекшеліктерімен, өзіндік айрықша белгілерімен сипатталады. БЦСА-да кездесетін тілдік  бұзылулар, әртүрлі мәліметтерге қарағанда 70-80 % -ды құрайды. БЦСА –н түпкілікті зерттеу жұмыстары сөйлеу тілі қалыптасқанға дейінгі кездің өзінде бірқатар патологиялық  ерекшеліктер болатындығын  дәлелдейді. ЦСА бар балалардың артикуляциялық аппараттарының патологиялық  күйі артикуляциялық моториканың  спонтандық дамуына, жаңа дыбыстардың пайда болуына, былдырлап сөйлеу кезіндегі буындарды артикуляциялауға кедергі жасайды. Көп жағдайларда сау балаларға тән былдырлап сөйлеудің даму реті болмаған. Ерте басталған (сөйлеу тіліне дейін) коррекциялық-логопедиялық жұмыстар олардың артикуляциялық аппараттарының дамуына және дыбыстарды анық айтуға септігін тигізеді, демек ЦСА балаларда жиі кездесетін сөйлеу тілінің дыбыстау жағындағы  дөрекі бұзылулардың алдын алады.

   ЦСА бар балалардың 60-70 % -да дизартрия, яғни  сөйлеу аппаратының иннервациясының органикалық жетіспеуі салдарынан болатын сөйлеу тілінің дыбыстау жағының бұзылуы байқалады.

ЦСА-ғы дыбыстық бұзылулар негізінен жалпы қимыл-қозғалыстық бұзылулармен байланысты. Мысалы, БЦСА –ң гиперкинетикалық формасындағы балалардың сөйлеу тілі еріннің, тілдің т.б. гиперкинезінің салдарынан бұзылады.  Гиперкинетикалық формадағы бұлшық еттердің ауыспалы тонусы дыбыстардың әр кезде әртүрлі бұзылуларын туғызады. Аяқ-қолдағы  бұлшық ет тонусының күрт жоғарылауынан  тіл мен жұтқыншақ бұлшық еттерінде спазм пайда болуы мүмкін. БЦСА-ң атониялық-астатикалық формасында сөйлеу тілі ақырын, монотонды, үзік-үзік болып келеді. Дыбыстау жағындағы бұзылулар дыбыстарды айтпай тастап кету, алмастыру немесе бұрмалап айту түрінде кездеседі. БЦСА-ғы кинестезияның бұзылуы тіл мен ерін қалпын сезінуге мүмкіндік бермейді, ал бұл артикуляцияны қиындатады. Аса ауыр тілдік бұзылулар гиперкинезді балаларда жиі кездесетін есту бұзылуларымен қабат ұшырасады. Сөйлеу тілінің дыбыстау жағының бұзылуы тыныс алу мен дыуыс шығарудың  бұзылуынан да күшеюі мүмкін.

  БЦСА-да  сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағы да жеткілікті деңгейде қалыптаспайды.  Е.М.Мастюкованың зерттеулері ЦСА бар балалардың алғашқы сөздері тек 1,5 жаста, фразалық  сөйлеуі 3-3,5 жаста  пайда болатынын көрсетеді.  М.В.Ипполитованың және Н.В.Симонованың мәліметтерінде 6-7 жастағы ЦСА бар балалар  сөйлеу тілінде  шылауларды өте сирек  қолданатындықтарын келтіреді. Балалардың басым бөлігіне уақыттық және барлық кеңістіктік байланыстарды өздерінің сөйлеу тілдерінде жеткіліксіз дифференциалданған түрмен  жеткізуі тән. Көп жағдайларда  кеңістіктік қатынастрады сөзбен жеткізулері тым тұрпайы,  жасқа сай нормаға сәйкес келмейді,  қалыпты  онтогенезде  4 жас шамасында байқалатын  сөйлеу тілі тәрізді. Сөйлеу тілінің сапасы психикалық  әрекеттер мен ойлау қарқынының тұтастай алғандағы сипатымен анықталады.

Н.В.Симонованың мәліметтері, сондай-ақ  5-7 жас  аралығындағы  ЦСА бар балалардың сөйлеу тілінің лексика-грамматикалық  дамуы да  жеткіліксіз екендігін көрсетеді: түрлі әркеттер барысында жинақталатын  белсенді және енжар сөздік қорларының тым аздығы, шектеулілігі т.б.Әсіресе  белгілі бір тақырыпқа  қатысты сөздер тобы өте аз: көлік түрлері, жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі, жиһаз т.б. Заттардың сапалары мен қасиеттерін, белгілерін білдіретін сөздер қоры да  жарытымсыз. Көптеген балалар заттың сөздік атауын ұмытып қалады да,  оны  соған байланысты ситуациямен түсіндіреді, мысалы,  «жемсауыт» сөзін былай түсіндіреді : «Ол құстың ұясы, жоқ-жоқ, оған құстарға  жем салады». Н.В.Симонованың пікірінше, сөздік қордың белсенді қолданысқа  түспеуі, сөздік  атауларды ұмыту, жеке лексика-грамматикалық  топтарды  дұрыс қолдана алмау  т.б. ЦСА бар балалардың  сөйлеу тілінің  дамуы сөйлеу тілі жалпы жетілмеген балалардың тіліне ұқсайды.

Л.Б.Халилованың зерттеу мәліметтерінде, ЦСА бар оқушыларда жалпы алғанда  тілдік қабілеттің төмен деңгейде  екендігіне  дәлел ретінде лексикалық  қиындықтар да көзге шалынатындығы айтылады.  ЦСА бар балалардың  лексикалық мағыналарды дифференциалдау қиындығы,  антонимдер мен синонимдерді орынсыз қолданулары,  сөздердің лексикалық үйлесімін  бұзып қолданулары  жиі ұшырасады.   Мұның барлығы  сөйлемдерді  қате құруға әкеп соқтырады.   

БЦСА –да  сөйлеу тілінің әуендік-екпіндік жағы да бұзылады : дауыс әлсіз, ақырын шығады,  екпіні айқын емес т.б. 

Сөйтіп, БЦСА –да сөйлеу тілінің барлық жағы  да бұзылады, әрине ол өз кезегінде  баланың тұтас  психикалық дамуына кері әсер ететіні белгілі. Сондықтан коррекциялық-логопедиялық жұмыстар неғұрлым ертерек  басталса, соғұрлым нәтиже де көзге көрінерлік болады.

 ЕЖБА балалардың сөйлеу тілі.

ЕЖБА бар балалардың сөйлеу тілінің де бірқатар ерекшеліктері бар, сөйлеу тілінің экспрессивтік жағы өзгешерек қалыптасады. Біріншіден,  олар сөйлеп тұрған адамға  өте әлсіз реакция жасайды немесе мүлде реакция жасамайды. Өзіне қарап айтылған сөзді елеусіз  қалдырады, өзінеқатасы жоқ басқалардың әңгімесіне араласып кетуі де әбден мүмкін. Ал  енді сыбырмен немесе әндетіп айтылған сөзді  бірден қабылдайды.

Екіншіден, бұл балалардың уілдеу түріндегі белсенді  тілдік реакциялары қалыпты дамып келе жатқан балаларға қарағанда кешірек  қалыптасады, әрі екпін мен әуеннен жұрдай, тым жұпыны болып келеді.Былдырлау тілі де осы тұрпатты : зерттеулер мәліметтері бойынша,  11 %- да былдырлап сөйлеу фазасы мүлде жоқ, 24 %- да  - айқын байқалмайды, 31 %- да  -ересек адамдардың  сөзіне былдырлап жауап беру реакциясы мүлде жоқ..

Әдетте балалардың алғашқы сөздері ерте пайда болады. Бақылаулардың  63 % - да бұл кәдімгі  «мама», «папа» , «ата», «әже» сөздері,  бірақ 51 % жағдайларда  бұл сөздер ересек адамдарға ешбір қатыссыз қолданылған (К.С.Лебединская, О.С.Никольская). Балалардың басым көпшілігінде  2 жастан бастап таза дыбысталған фразалық сөйлеу тілі  пайда болады. Бірақ балалар оны адамдармен қарым-қатынас жасау мақсатында пайдаланбайды.  Олар сұрақтарды да сирек жағдайларда қояды, сұраған күнде де тоқтаусыз қайталап сұрай береді.  Бір қызығы, балалар өз беттерімен ойнағанда өте бай сөйлеу тілін пайдаланады: әлдеқандай әңгіме айтады,  өлеңдер оқиды,  ән салады. Кейбір балалар үздіксіз сөйлей береді де, айтылған сөзге құлақ салмайды, қойылған сұрақты жауапсыз қалдырады немесе тіпті ешкімге бағытталмаған бөгде нәрселерді айтады. К.С.Лебединская мен  О.С.Никольскаяның классификациясы бойынша 1 – топқа жататын анағұрлым ауыр деңгейдегі  балалар сөйлеу тілін мүлде меңгермей қалуы мүмкін.

Үшіншіден,  ЕЖБА  бар балалардың  сөйлеу тілінде  кемістік болмайды. Бірақ олар сөздерді орынсыз, ешқандай эмоциясыз, шаблонды түрде  қолданады. 2-топқа жататын балаларға сөздерді «телеграфтық мөр» түрінде, эхолалия түрінде, кейде 1-жақсыз, өздерін 3-жақта (өзін «ол» деп атайды) сөйлеу белгісі тән.

Қарым-қатынас жасаудан қашқақтау, әсіресе сөйлесуден қашу  тәрізді мінез-құлық  бұл категориядағы балалардың сөйлеу тілінің  дамуына  кері ықпал жасайды.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:6,8,13,14,29,43,52,53,54,70,82,84.

Қосымша:1-6.

                               

  Құрамалы бұзылушылықтары бар балалардың  жеке тұлғаларының индивидуальды психологиялық ерекшеліктері.

Кемақыл балалар тұлғасындағы  ерік – жігер  сапасы

Тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздыларының бірі  - ерік -жігер болып табылады. Ол саналы , мақсатты  іс-әрекеттерде көрінеді. Сау балаларда  ерік-жігерді тәрбиелеу – күрделі де ұзақ процесс. Ал кемақыл балаларда бұл процесс олардың  өзіндік ерекшеліктеріне байланысты одан да қиын қалыптасады.Кемақыл балаларда инициативаның кемшілігі, өз істерін бақылай алмау,  мақсатты әрекетке қабілетсіздік т.б. байқалады. Яғни олар өздерінің жігерсіздігінен біреудің айтқанына  тез еріп кетуге бейім.

Л.С.Выготский Сегеннің түрткі әлсіздігінің маңызы туралы идеясын бөлісе отырып, былай дейді : «Кемақыл баланың барлық дамуындағы кемшілік – оның өз мінез – құлқын өзіне бағындыра алмауында»,- дейді.

Г.Е.Сухареваның айтуынша, кемақылдықтың жеңіл дәрежесіндегі балалар  тұрмыстық жағдайларда жол табуға қабілетті, өзіне қажетті нәрсеге қол жеткізу үшін табандылық пен мақсатты әрекетке бара алады. Мысалы, кемақыл бала тағы да қосымша тамақ алғысы келсе, рұқсат берілмеуіне қарамастан, өзінің эгоистік қызығушылығы мен мақсатына қайткенде де әртүрлі қулықтармен, ойланып жасалған әрекетпен қол жеткізеді.

Бұдан шығатын қорытынды, кемақыл балалардың ерік-жігері әр ситуацияда әртүрлі көрінеді. Сол сияқты кереғарлық қоршаған ортадағы адамдардың әсерінен де байқалады. Кез келген ақымақтық істі істеуге тез көне қалса, қажетті іс-әрекеттерді орындауға  келгенде көнбей, қасарыспалық танытуы мүмкін.  Мұның барлығы тұлғаның жетілмегендігін дәлелдейді. Қоғамның қояр талаптарын бала мұғалім мен тәрбиешілер арқылы біледі, бірақ ол талаптарды орындау оның өзінің қажеттілігіне, талабына айналған жоқ, сондықтан олар ешқандай қызығушылықсыз, ішкі түрткісіз сылбыр орындалады, кейде мүлдем орындалмайды. Кемақыл балалардың ерік –жігер сапасының  дамуы, іс-әрекетінің саналы түрткіге бағынуы оның қажеттіліктерінің  даму деңгейіне байланысты.

ПДТ балалардың  жеке  тұлғалық дамуы  мен эмоция -  ерік  саласындағы ерекшеліктері.

Жеке тұлғаның даму кезеңдері – бұл баланың  біртіндеп көп сипаттағы  әлеуметітк қатынастарға түсуі, әрі  жеке тұлғаның  тұтас және иерархияланған құрылымының қалыптасуы.Басқаша айтқанда, жеке тұлғалық даму процесінде  баланың өзі мен өзгелерге қатысты  белгілі бір әлеуметтік бағдары қалыптасады.

Баланың  өркениетке кіріге өсу шарты  дамудың екі бағытының - жаратылыс (биологиялық) және әлеуметтік (мәдени) - бірлігі болып табылады. «Екі бағыттағы өзгерістер де бір

біріне өзара кірігеді және шын мағынасында баланың   тұтас  әлеуметтік – биологиялық  жеке тұлғасын қалыптастырады» (Выготский Л.С. – 3 т. – 31 б.).

Информация о работе Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметі