Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:09, реферат

Краткое описание

1. Құрамалы бұзылушылықтары бар балалар психологиясы психология ғылымының жеке саласы ретінде.
Арнайы психология-психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Арнайы психологияның жеке бағыттары:
• кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология);
• саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология);
• соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология);
• психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы;
• логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметінің ерекшелігі.doc

— 909.00 Кб (Скачать документ)

Осылайша,  баланың жеке тұлға ретіндегі қалыптасу деңгейіндегі  ауытқулар мен тежелулер  оның  ағзасындағы  психофизиологиялық бұзылулармен және сонымен қатар, Л.С. Выготскийдің сөзімен айтсақ, баланың мәдени дамуындағы ауытқулармен түсіндіріледі.  Тәрбиедегі теріс әсерлер  және  олардың ОЖЖ қызметінің жеңіл бұзылуларымен қабаттасуы нәтижесінде баланың жасөспірімдік шағында дизонтогенездің спецификалық түрлері қалыптасуы мүмкін. Ол мінез-құлықтың патологиялық белгілермен қалыптасуымен анықталады.  Жеке тұлғалық дамудың патологиялық  деңгейінің тигізетін   зардабы әлеуметтік – психологиялық бейімделу қиындығы болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық деңгейінің қалыптасуындағы ауытқулар туралы айтқанда, ондағы кез келген психикалық процестердің де дер уақытында дамымайтындығын ұмытпаған жөн. Мұның барлығы өз кезегінде әлеуметтік –психологиялық  бейімделу деңгейінде айқын  көрініс береді.

ПДТ балалардағы  «Мен» бейнесінің қалыптасу ерекшеліктері.

ПДТ балалардың жыныстық  жасқа сай идентификациясын зерттеу нәтижелері (Н.Л.Белопольская, 1999) олардың сау құрбыларымен салыстырғанда, өздерінің жасына сай бағытта  қозғалғысы келмейтіндігі анықталған, олар керегіне еш қиындықсыз қол жеткізетін жас бала күйінде қалғанды дұрыс көреді. Мысалы, мектепке дейінгі жастағы ПДТ балалар өздерінің және өз достарының суреттерін  графикалық жолмен бейнелеуде суретті  түпнұсқаға ұқсатуға  тырысқан. Бұл үшін олар  өздерінің сау құрбылары қолданған «техникалық» тәсілдерді қолдана білген (Е.А.Чернышова ,2001; М.А.Кулакова, 2001). Жекелей алғанда олар өздерінің графикалық әрекеттерінде физикалық «Мен» бейнелерінің ерекшеліктерін проектілейді: мысалы, психикалық дамуы тежелген қыз бала өзінің ақсары құрбысының суретін салуда оның шашын бояу үшін мақсатты түрде қызғылт –сары қарындашты таңдап алады.  Ал басқа ПДТ бала көзілдірік киетін досының осы белгісін  суретте  міндетті түрде көрсетеді.Өзін-өзі бейнелеудің вербальдық тәсілінің кең таралған екі түрі  бар:  қандай да бір іс-әрекетті орындай алу арқылы және  қандай да бір затты меншіктену арқылы.

Мұнымен бірге берілген топтағы балалардың вербальдық презентациясы өзін-өзі суреттеу параметрлері көлемінің тарылуымен ерекшеленеді, өз бетімен бөліп алған критерийлерді нақтылай алмайды. Осының есебінен олардың автопортреттері қалыпты дамудағы балалардың өзін-өзі суреттеулеріне қарағанда жұпыны болып шыққан.ПДТ балалардың вербальдық деңгейінде оларға тән мінез-құлық пен тәртіп ерекшеліктері орын алады, себебі ересек адамдар үнемі олардың мінез-құлқы мен тәртібіне

назар аударады және өздерінің теріс бағаларын жасырмайды (гипербелсенділік – жоғары моторлық және тілдік мазасыздық). «Аяқталмаған» ойларда ПДТ балалар көбіне өздерінің «нашар» әлеуметтік «Мен» бейнелерін сипаттайды: «Мен тәрбиешіні тыңдамаймын...шулаймын...»

ПДТ балалар тобында қалыптасқан, әрі жиі кездесетін мұндай жағдайды гипербелсенділіктің ПДТ балаларға тән ажырамас белгі екендігімен ғана түсіндіруге болады.  Гипербелсенді балалар үнемі тәрбиеші үшін  қосымша мәселелер туғызады, сондықтан да олар өз кезегінде толып жатқан ескертулер естиді.

ПДТ балалардың жасөспірімдік шақтағы өзін-өзі суреттеу мүмкіндіктерін зерттеу нәтижелері мұның анағұрлым адекватты екендігін көрсетеді,  олар өздерінің сыртқы келбеттерін ғана емес, экспрессивтік сапаларын, тіпті жүрісіне дейін сипаттап бере алған. Бірақ өзін-өзі суреттеуде танымдық сапаларға қатысты белгілер мүлде сөз болмаған (О.К.Агавелян,1999).

Жоғарыда сипатталған нәтижелер психикалық дамуы тежелген балалардың психикалық - дене бітімдік дамуларын және осы ерекшеліктерді олардың өздерінің, қоршаған орталарының  қалай қабылдайтындығын  әлеуметтік контексте қарастырудың қажеттігін тағы да дәлелдей түседі.

Есту қабілеті зақымданған балалардың жеке  тұлғалық  ерекшеліктері.

Баланың жеке тұлғасы оның ересек адамдармен және  өзі сияқты құрбыларымен  қарым-қатынасы процесінде, әлеуметтік тәжірибелерді игеру барысында қалыптасады. Саңырау  бала тап болған әлеуметтік жағдаяттың өзі  оның белгілі бір жеке тұлғалық  белгілерінің  пайда болуы мен қалыптасуында  маңызды роль атқарады.Ерте сәбилік кезінде  есту қабілетін жоғалтқан  бала қалыпты еститін баламен салыстырғанда, айнала қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынасының түрі  әуелден  өзгеше түрде   қалана бастайды. Саңырау баланың жеке тұлғалық дамуы  мен эмоционалдық саласына әсер ететін бірнеше  қолайсыз факторларды  бөліп алуға болады.

Саңырау баланың сөйлеу арқылы жасалатын  қарым-қатынасының бұзылуы оны айналасындағы сөйлейтін адамдардан бөлектейді,  әлеуметтік тәжірибелерді  игеру  қиындықтарын туғызады.  Саңырау балалар  ауызша сөйлеу тілінің мәнерлі  жақтары мен музыканы қабылдай алмайды.  Сөйлеу тіліндегі  тежелу олардың өздерінің және өзгелердің эмоцияларын сезінуге  кедергі жасайды, тұлғааралық қарым-қатынастарды  қысқартады.

Көркем  әдебиет әлеміне кеш ену олардың эмоционалдық күйлерінің  жұпыны, жадағай болып қалуына  әкеп соғады, басқа  адамдар мен көркем шығарма  кейіпкерлері үшін қайғыру  мен  қуану сезімдерінен ада болады.

Саңырау балалардың жеке тұлғасы мен эмоционалдық саласына мимика, ымдау, айқын қимыл-қозғалыстар сияқты  эмоцияны жеткізе алатын  тәсілдер  жақсы  әсер етеді.

Эмоционалдық -  еріктік саланың қалыптасуы мен жеке тұлғалық дамуында отбасылық тәрбиенің маңызы зор. Мұндағы тұлға дамуына ықпал ететін маңызды фактор – ата-ананың өздерінің есту қабілеттерінің бұзылуы немесе бұзылмауы. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалардың ата-анасы саңырау болса,  олар өздерінің интеллектуалдық  эмоционалдық күйлерін жеткізуде  сау балалардан  еш кем емес, ал ата-анасы еститін саңырау балалардың мінез-құлқындағы эмоционалдық көріністер өте  жұпыны болып келеді (В.Петшак). Саңырау ата-аналардың бастауыш сынып жасындағы  саңырау балалары өз құрбыларымен  анағұрлым  белсенді  қарым-қатынас жасайды, білуге  құштар, өз достары арасында лидерлікке ұмтылады.Ал  еститін ата-аналардың  саңырау балалары, керісінше,  өте ұялшақ, белсенді қарым-қатынастан қашқақтайды,  жалғыз болуға тырысады.

Саңырау балалардың бастауыш сынып және жасөспірімдік шақтағы  тұлғалық  қалыптасуларына  ересек адамдардың  іске асыратын оқыту – тәрбиелеу  әдістері көп ықпал етеді. Олардың өздерін бағалауына мұғалімнің  көзқарасы мен пікірі  тікелей әсер етеді.Саңырау балалардың өздері жағымды, дұрыс деп есептейтін  жеке тұлғалық белгілер көп жағдайларда  оқу жағдаятымен байланысты: сабақтағы зейінділік, ұқыптылық,  еңбек сүйгіштік,  жақсы үлгерім, есеп шығару қабілеті т.б. Оған адамға тән сапалар қосылады: сезімталдық, жанашырлық т.б .(В.Г.Петрова,

Т.Н.Прилепская).

Көру қабілеті зақымданған балалардың жеке тұлғалық дамуы

Соқырлық пен нашар көрушілік айқын эмоцияға, сезім дамуына өзінше әсер етеді. Яғни, жағымды және жағымсыз эмоциялар дәрежесі өзгереді. Ең маңызды эмоциональдық уайым - көру қабілетінің  күрт төмендеуі немесе мүлдем жоғалу қаупі. Бұл кезеңде стресстік күй пайда болады. Соматикалық реакциялармен қосылған ашушаңдық, күйгелектік, мінез-құлықтағы күрт өзгерістер пайда болады. Эмоциональдық реакциялар көбіне адамдардың мінез-құлқына, ерік-жігер саласына кері әсер етеді.

Тифлопсихологиялық әдебиетте  соқырлардың эмоционалдық күйлері  мен сезімдері  туралы негізінен бақылау  арқылы алынған мәліметтерден табылады (А.Крогиус, Ф.Цех, К.Бюркли).Адамның эмоциясы мен сезімдері  оның  нақты объектілер мен  субъектілерге  көзқарасын білдіретіндіктен  көру бұзылуының әсерінен өзгеріске ұшырамай тұрмайды. Себебі көру бұзылуында  адамдардың сезімдік таным  саласы  тарылады,  қажеттіліктері мен қызығушылықтары өзгереді.  Соқырлар мен нашар көретіндердің эмоциялар мен сезімдер жиынтығы  көретін адамдағыдай және  олардың көрінісі де  сау адамдағыдай болады, тек олардың даму дәрежесі  мен деңгейі  өзгешерек болуы мүмкін.(А.Г.Литвак, Б.Гомулицки, К.Pringle, N.Gibbs, D.Warren).Ауыр эмоционалдық күйлердің пайда болуына  соқыр адамдардың өздерінің  сау адамдардан айырмашылығын түсінуі себеп болады (4-5 жаста). Жасөспірімдік шақта  олар өздерінің кемістігін тереңірек түсінеді және уайымға  беріледі, мамандық таңдаудағы, отбасын құруда өмірлік серігін таңдаудағы шектелуді санасымен сезінеді.

Ал ересек адамдар көру қабілетін жоғалтқанда ауыр стресс күйіне түседі.  Жақында ғана көру қабілетінен айрылған адамға өзін өзі төмен бағалау, төмен деңгейдегі ынта,  айқын депрессиялық  мінез-құлық  компоненттері тән.

Көретін адамдармен салыстыратын  экспериментальдық  зерттеулерде  соқыр және  нашар көретін  балалардың  өздерінің  адамдармен, қоғаммен, заттармен қарым-қатынастарындағы эмоцияларын көрсетулерінде  сәтсіздіктер анықталған. Хастингс, 12 жастағы  көретін балалар мен көрмейтін балалардың  эмоционалдық  қатынастарын  түрлі өмірлік  жағдаяттарда  салыстыра отырып,  кейінгілердің  анағұрлым сезімтал( әсіресе өзін өзі бағалау шкаласында) екендігін  айтады.  Сонымен қатар нашар көретін балалар тотальды  соқыр балалармен салыстырғанда  көбірек  эмоционалдылық пен  алаңдаушылық  танытқан.  Тағы бір дерек,  мектеп-интернатта тұратын балалар отбасында тұратын балалармен салыстырғанда өзін өзі  бағалауда  өз мүмкіндіктеріне сенімсіздік танытқан.  Бұл көру қабілеті бұзылған балалардың  эмоциялары мен сезімдерінің дамуында әлеуметтік орта мен адекватты жағдайлардың  маңызды роль атқаратындығын  дәлелдейді: соқыр бала  қоғам мен өз өміріндегі  коррекциялық – педагогикалық  жағдайлардың  ұйымдастырылуына тәуелді. Сондай-ақ соқырларға белгісіз, көрмеген, қауіпті кеңістік алдындағы қорқыныш  сезімі тән.  Бірақ бұл қорқыныш тек ата-аналардың қате үйретуімен,  баланың өз қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  талпыныстарының сәтсіз  аяқталуымен ғана пайда болады.  Бұл жағдай тірі объектілермен танысуға да  қатысты.  Н.С.Цариктің  зерттеулерінде тірі объектілерді тексеру  қорқынышы мен  қаупін жою тек  танымдық  қызығушылықтар мен  танымдық қажеттіліктерді дамытуды  дұрыс жолмен  жүргізсе ғана мүмкін болады.

Әлеуметтік қарым-қатынастың бұзылуы туа біткен соқырлық пен көру қабілетін ерте жоғалтқан адамдардың  жеке тұлғалық  дамуында бірқатар ауытқулар  туғызады. Жоғары санатты педагогикалық  жәрдем көрсетілмесе, жағымсыз мінез – құлық ерекшеліктері пайда болады. Егер баланы шектен тыс қамқорлыққа алса немесе керісінше, қамқорлықтан тыс қалдырса, кері мінездер қалыптасады.  Мысалы: моральдық жағынан – эгоцентризм, эгоизм, жауапкершілік пен парызды сезінбеу, жолдастық  сезімді түсінбеу; ерік –жігер жағынан - өз бетімен әрекет етуге қабілетсіздік, шешім қабылдауда  дәрменсіздік,  иланғыштық,  қырсықтық; эмоциональдық жағынан – айналадағы оқиғаларға  селқостық, қаталдық, сезімсіздік;  интеллектуальдық жағынан – танымдық қызығушылықтың болмауы, жаңа нәрсеге қызықпау т.б.

Соқыр адамдардың  қоршаған ортамен  қарым-қатынасының шектелуі  тұйықтыққа, қарым-қатынасты қажетсінбеуге, тағылыққа, және өз қиялында ғана  өмір сүруге мәжбүр етеді. Бұл аталған ерекшеліктер нағыз кемістікпен тікелей емес, жанамалай   ғана байланысты.  Сондықтан,  жеке тұлғаның дамуына, қалыптасуына негізінен әлеуметтік факторлар әсер етеді. Олардың әсері кемістіктің пайда болу уақытына да, тереңдігіне де байланысты емес. Оқыту мен тәрбиелеудің  дұрыс ұйымдастырылған жағдайында  және баланы өз шамасы келетін іс-әрекетке араластырғанда,оның  әрекеттену  талабы пайда  болғанда ғана көру  анализаторының  кемістігі  сезілмейді. .

Л.С.Выготский бұл туралы былай дейді: «Зағиптық әр әлеуметтік ортада  әртүрлі  қабылданады, әлеуметтік  тәрбие ғана кемістікті  жоя алады. Себебі, кемістік  - әлеуметтік ұғым.» Қазіргі кезде  даму ауытқуы бар балалардың  жеке тұлғалық дамуына  барынша жағдай жасалуда.  Сондықтан,  сенсорлық даму баланың  жалпы дамуына бөгет болады деуге негіз жоқ.

Көз жанарын жоғалту баланың  эмоциональдық  ерік  -жігер саласында, мінез-құлқында, түйсігінде және сезім тәжірибесінде  өзіндік ерекшеліктер қалыптастырады. Оларда ойын, оқу, кәсіби әрекеттер  барысында қиындықтар  туындайды.  Өскен сайын  тұрмыстық мәселелер көптеп пайда болады және  олар  күйзеліс, уайым сияқты кері реакцияларға себеп болады. 

Зағип адамдардың қоғамдық байланыстар жасауы, білім алуы, жұмыс істеуі т.б. оның сенсорлық кемістігіне  байланысты  мүмкіндікті  шектейді, көп жағдайда оның ұжымнан бөлініп қалуына   тура келеді. Осыған байланысты   оларды арнайы бейімдеу  және көрмей қалған адамдарды ендігі жағдайына   дағдыландыру  жұмыстары жүргізіледі (мектеп, қалпына келтіру орталықтары, реабилитациялық кабинеттер т.б.). Мұндағы мамандар соқырлардың  депрессиясын, өз кемістігі мен  іс-әрекетіне деген жағымсыз  көзқарастарын жоюға  және қарым-қатынастың жаңа түрлеріне   дағдыландыруға бағытталған  жұмыстар жүргізеді.  Адамның өз кемістігіне деген реакция   жеке тұлғаның өзіндік  ерекшеліктеріне  және  аурудың  дәрежесіне, уақытына байланысты. Әсіресе егде жасқа келген адамдар көз жанарын жоғалтқанда  терең психикалық  соққы алады.  Ал бірден  көрмей қалған  адамдардың реакциясы көру қабілетінен біртіндеп айрылғандарға қарағанда  анағұрлым  ауыр болады.

Э.Келлер, ең ауыр нәрсе соқырлықтың өзі емес,  көретін адамдардың соқырға деген көзқарасы деп есептейді.

Т.Руппонен болса, соқырлардың өзін өзі бағалаудағы  өзгерістері оның өз күйіне  бейімделуімен  байланысты екендігін, сондай-ақ тумысынан соқыр  балалар өз  дамуында басқа құрбыларынан өзінің өзгеше екендігін  саналы түрде ұғынумен байланысты  бірнеше  психологиялық дағдарысты басынан кешіретінін  айтады. Әсіресе жасөспірімдік шақта бұл дағдарыс өте  ауыр түрде өтеді.  Т.Маевскийдің мәліметтері де осыны дәлелдейді,  яғни жасөспірімдік шақта әлеуметтік  қатынастардың бұзылуы асқынатын себебі, балалар  өздерінің  көру кемістігін  сезінетіндігімен байланысты.

В.С.Сверлов  мектеп жасындағы   көрмей қалған  балалардың 4 типін анықтап көрсетеді:

1. Сүлесоқ, солғын күйдегі балалар. Бұлар өздерінің қоғамдағы  орнына  қайта оралуға, өз жағдайын түзетуге  ұмтылмайды, ұзақ уақыт депрессияда болады.

2. Пайымдағыш, жігерлі балалар.  Олар  кемістіктің  асқынбауына  күш салады.

3. Қарама – қайшы тип.  Олар  алдымен  депрессияға ұшырайды,  одан соң кемістікті  жеңуге  тырысады, өз жағдайына көндігеді.

4. Тұрақсыз тип. Бұлардың көңіл күйлері депрессия мен оптимизм аралығында  өзгеріп отырады.

Психологиялық  шиеленіс (конфликт) немесе  психологиялық  дағдарыс (кризис) жағдайынан шығу  процесі 4  кезеңде өтеді . В.С.Мерлиннің  анықтамасы бойынша, 1- фазада – терең депрессия, еш әрекет жоқ.

2 – фазада мүгедек адам өзінің  мүгедектігін ұмыту үшін  көңілін  әрнәрсемен алдандырады.

3 – фазада мүгедек адам  өзінің  шығармашылық  мүмкіндігін жүзеге  асыра бастайды.

4 – фазада мүгедектің мінез  – құлқы мен  әрекет түрі  біржола қалыптасады, өмір сүру  формасы  бекиді.

Соқырлардың жеке тұлғалық даму ерекшелігі туралы жоғарыда келтірілген  деректер оларға  ерте көмек беру мәселесін  алға қояды. Олардың жеке тұлғалық дамуы белсенді қалыптаса  бастаған кезеңде  қажетті  абилитациялық  жұмыстар жүргізу,  теріс өзгерістердің  алдын алу  жұмыстарын жүргізу керек. Әлеуметтік – психологиялық реабилитацияның  ең шешуші  кезеңі мүгедектердің қоғамдық орнын  қалпына келтіру кезеңі, яғни,  ұжымдағы алатын орны мен тәрбиесі.  Сонымен бірге,  қоғамдық ортаның  тифлологиялық  білімнен хабардар болуы, көретін адамдар ортасының  оларға түсіністікпен қарауы  реабилитациялық жұмыстың  тиімділігіне кепілдік береді.

Әлеуметтік реабилитацияның сәттілігі (немесе абилитацияның, егер реабилитацияның ерте процесі туралы сөз болса) көбінесе ауыр көру кемістігі бар балалардың  өз бетімен  өмір сүруінің  басында  қандай жеке тұлғалық сапалары қалыптасатындығына байланысты болады.

Информация о работе Дамуында бузылыстары бар балалардың жоғары жүйке қызметі