Тәрбиенің әдістері, құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 18:48, реферат

Краткое описание

1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі.
2. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері:
3. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма, педагогикалық талап.
4. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау, оған қойылатын талаптар.
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

педагогика.docx

— 315.83 Кб (Скачать документ)

Этика (грекшесі, қазақшасы-әдет, мінез-құлық) – мораль туралы, оның шығуы мен дамуы туралы, адамның  өмір сүруі салтының аса мәнді  жақтарының бірі болып табылатын  адамгершіліктің түрлі қоғамдық құрылыстарға сан алуан формалары  мен нормалары туралы ілімдер  жүйесі[2]. Этика нормативті этика (этикалық норма) және мораль теориясы кіреді. Этикалық норма-адамдардың ұқсас қылық-мінездерін жалпы ережелер бойынша немесе тыйым  салу арқылы реттеп отыратын адамгершілік қағидалар формасы. «Этикалық норма-ешкімнің жарлығымен немесе үкімет шешімімен  болмайды, дәстүр, қоғамдық пікір негізінде  стихиялы түрде қалыптасатын құбылыс. Этикалық норма жалпы адамзаттық, таптық сипатта болады. Бұл қоғамдық-экономикалық формацияның ауысу кезеңде ескі этикалық норма жаңа этикалық нормамен күреске түседі»[3]. Этикалық норма  және мораль теориясы әрбір азаматты саналылыққа тәрбиелеуде, адамгершілік тәрбиесі теориясы мен тәжрибесін дамытуда елеулі орын алады. Этикалық норма ен мораль теориясының негізіндегі  моральдың түрлері: ұжымдық, гуманистік, қарекетлил, белсенді мораль болып  бөлінеді.

Кеңес дәуірінде ұжымдық  мораль бірінші орында болатын. Қазір  бірінші орында белсенді, қаракетшіл мораль. Ол жеке адамды еңбектегі және күнделікті тірліктегі іс-әрекетімен белгіленеді. «Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар», деген қағида осыдан шыққан. Қаракетшіл моральдың екі жағы бар: өзім үшін, ұжым үшін. Әрбір өнегелі азамат қоғам өміріне қайшы жағымсыз құбылыстармен (мансапқорлық, алдау, сөзінде тұрмау, кертартпалық, нысапсыздық, әділетсіздік т.б.) тікелей күресіп, жағымсыз қылықтарға тосқауыл қоюы керек.

Гуманистік мораль шынайы адамгершілік қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты, ізеттілікті, адалдықты, кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, қайырымдылықты қуаттап  уағыздайды. Ұжымдық мораль. Моральдың  бұл түрі бүгінгі кішігірім ұйым, қоғам, серіктестік, жеке қожалық т.б. кездеседі. Шынайы ұжымдық моральдің  ұраны «У жесең де руыңмен же», немесе «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз  біріміз үшін». Мұндай принцип өзімшілдікпен, менмендікпен, пайдакүнемдікпен сыйыспайды, жалпыхалықтық, ұжымдық мүдделерді ұштастырады. Әр қоғамда бүкіл адам баласына тән ұзақ уақыт өзгермейтін  моральдық этикалық нормалар бар. Бұл  халықтың ұлттық әдеп-ғұрыптары, қалыптасқан  дәстүрлер. Осылар ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып отырады, жастарға үлкен әсер етеді, ықпал жасайды.

Мораль адамның мінез-құлқын, сана-сезімін реттейді, қарым-қатынас  мәдениетін жасайды. Бірақ өмірде моральды бұзушылар жеткілікті. әсіресе мына заманда: нашақорлық, жезөкшелік, алдау, сөзде тұрмау, жауыздыққа бару т.б.

Мораль – қоғамдық сананың  бір түрі. Ол адамдардың арақатынасынан туындайды: адамгершілікке жататын  немесе адамгершілікке жатпайтын қылықтар арқылы белгіленеді. Немесе біз оны  өнегелі, өнегесіз қылықтар дейміз.

Адамгершілік, өнегеліліктің  өзі: өнегілілік сана, өнегілілік идеал  деп бөлінеді.

«Өнегелі немесе адамгершілікті сана-адамның қарым-қатынасынан, оның эмоционалдық іс-әрекетінен, мінез-құлқынан көрінеді. өнегелілік баланың жас  күнінен бастап, ата-ананың үлгісінен  басталып ағайын-туыстың, жора-жолдастың  ықпалымен, мектептің тікелей басшылығымен қалыптасады. Өнеге - адамдардың бір-біріне, қоғамға деген міндеттері мен  қарым-қатынастарын анықтағанда көрінетін, олардың тәлім-тәрбиелілігі, үлгілілігі, саналылығы, ережелерінің жиынтығы» [4]. өнегелік сезімнен, ұяттан, ардан басталады. Сезімі, ар-ұяты бара адам адамгершілігін жоғалтпайды, қашан да өнегелі болуға тырысады. Ондай адамның өнегелі  идеалы (мұраты, мақсаты) болады. Сол  идеалға жетуге тырысады, жақсы адамға еліктейді. Ол үшін сезім, ар-ұяттан басқа  адамда жігер, ерік болуы керек. Сол  ерікті, жігерді дұрыс басқара (сезім  арқылы) білуі керек. Өнегесіздікке, жігерсіздік, еріксіздік, өзін-өзі ұстай  алмайтын, басқара алмайтын адам барады. Өнегелі сананы, мінез-құлықты қалыптастыру үшін сезім, ар, ұят, ерік, жігерден басқа  өнегелі дағды керек. Өнегелілікке дағдылану керек. Сонымен бірінше  сұрақ бойынша қорытынды.

Адамгершілік тәрбиенің  күретамыры-мораль, этика, өнеге. Осы  қасиеттерді баланың жас кезінен  бастап санасына құя беру керек. Бірақ  мораль, этика, өнеге заман өзгерісіне ұшырап отырады. Сондықтан да ұстаздар, ата-аналар сол өзгерістерді балаға уақытысында түсіндіріп отрығаны жөн.

Адамгершілік және азаматтық  тәрбие [өңдеу]

 

Адамгершілік тәрбие дегеніміз  – оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі ұстаздардың арнаулы  мақсат көздеген қызметі.

Адамгершілік тәрбие әр уақытта, әр қоғамда болып келген. Кешегі кеңестік дәуірде адамгершілік тәрбие дұрыс болған жоқ деп айта алмаймыз. Адамгершілік кейбір бағыттар замана өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Себебі тәрбие – қоғамдық құбылыс.

Адамгершілікті мемлекет қайраткерлері, ғалым ұстаздар, көсемдер, небір жақсылар уағыздаған. Олар өз заманына сай ізгілікті, парасаттылықты, сананы сезімді, саналылықты, инабаттылықты, адалдықты, шыншылдықты тағы басқалар насихаттаған. Адамгершілік тәрбие біртұтас оқу-тәрбие процесінің негізі болып  табылады. Адамгершілік қасиет мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады. Адамгершілік, өнегеліліктің өзі: өнегелілік сана өнегелілік идеал деп бөлінеді.

Адамгершілік тәрбиенің  күретамыры-мораль, этика, өнеге. Осы  қасиеттерді ббаланың жас кезінен  бастап санасына құя беру керек. Бірақ  мораль, этика, өнеге заман өзгерісіне ұшырап отырады. Сондықтан да ұстаздар, ата-аналар сол өзгерістерді балаға уақытында түсіндіріп отырғаны жөн.

Адамгершілік тәрбиенің  мазмұны мен міндеттері [өңдеу]

 

Адамгершілік тәрбиенің  негізіг отбасынан басталып, балабақша, бастауыш сыныпта өзінің жалғасын тауып, жоғары сыныптарда күрделене береді. «Адамгершілік тәрбиесі – тәлім  – тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Ол жанұя, мектеп, ұстаз, қоғам тағы басқа  жеке ықпал арқылы іске асырылады. Жас  балалардың адамгершілігін қалыптастыруда мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат сөз, әәсерлі  өлең, өнегелі ойын, еңбек үстінде  этикалы қатынас жағдайында әдепке адамгершілік әдеп – дағдылары қалыптасады. Мектеп жасындағылар үшін олардың саяси  әлеуметтік саналылығын (гуманизм, ұлтжандылық, отан сүйгіштік) этикалық талғамын ішкі рухани байлығын молайтатын жүйелі жұмыстар жүргізілді[5].

Адамгершілік тәрбиенің  мақсаты жеке адамды дамытудың негізгі  бөлігі. Ұстаз шәкірттерге жан-жақты  тәрбиені осы адамгершілік тәрбиеден  бастайды. Оның адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа  жетелеу, іс-әрекетін ұйымдастыру осы  адамгершілік тәрбиеден басталады. Ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін, илтипаттылығын, жауапкершілігін қалыптастырады.

Әр қоғамда, өмірде, еңбекте, тұрмыста, отбасында, топаралық, халықаралық  қатынастарды мораль адамның сана сезімін  реттейді, қалыптастырады. Мораль принциптері  барлық адамдарға тарайды, олардың  өзара-қатынас формаларын қуаттайды, бекітеді немесе керісінше өмір талаптарына  байланысты олардың өзгеруін талап  етеді. Адамгершілік тәрбиеге тән міндеттері бар. Олар:

-Шәкірттерді өмір талабына  сай қоғамдық моральдық нормасын  орындаауға қатыстыру;

-Шәкірттердің адамгершілік  тәжірибесін қалыптастыру;

-Шәкірттердің санасына  және мінезіне ұстаздық ықпал  жасау;

-Республикаға, оның Президентіне, Әнұранына, рәміздеріне шәкірттердің  сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Бұл міндеттерді іске асыру  оңай емес. Ол үшін тәрбие шаралары ұтымды болуы керек, балалардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн, объектіге – шәкіртке ықпал етушылер бірауызды болғаны  керек. Адамгершілік тәрбиенің мазмұны  тәрбие бағдарламаларында, соның ішінде «Атамекенде» де бар.

Бастауыш сыныпта оқушылардың  адамгершілік, достық, жолдастық. Қазақстан  туралы ұғымдары қалыптасады, кеңиді. Ұстаздарды, үлкендерді, туыстарды, ата-аналарды құрметтеуге, еңбекетуге, ізеттілік  нормасын сақтауға үйренеді. Бұл жаста  балалар тәртіпке, жолдастық өзара  көмек беруге, түсінуге дағдыланады. Олар оқу еңбегіне өзінің қатынасын, мектептегі, жанұядағы қоғамдық орындардағы  мінез-құлқының қандай болу керектігін біледі. Осы сыныптың оқушылары оқу-тәрбие процесінде өздерінің дербес және қоғамдық мінез-құлқы туралы адамгершілік тәрбиенің  мазмұнын кеңейтеді. Жас жеткіншектер 5-9 сынып оқушылары өздерін ересектер  қатарына санап өз бетімен тіршілік етемін деп мөлдір қиялға да кетеді. Сондықтан олар өзінің мүмкіншіліктеріне  сын көзімен қарамайды, қате түсініктер жібереді. Олар еріктік қасиеттер  жөнінде дұрыс түсінбейді. Шешімділік пен шапшаңдықты, табандылық пен  қайсарлықты, желөкпелік пен батылдықты шатыстыра береді. Бұл жастағы  шәкірттердің адамгершілік дамуына  ұйымшылдық, тәртіптілік, инициативтік, қамқорлық, құндылық тағы басқа қасиеттер  әсер етеді. Жасөспірімдер немесе 10-11 сынып оқушылары ғылымға, мамандық таңдауға ынталары өседі. Олар әділеттік, борыш, ұят, адалдық, ерлік, намыс тағы басқа моральдық категорияларға ерекше көңіл бөледі. Олар үлкендермен  қарым-қатынас жасауды, өзін-өзі  тәрбиелеуді қажет етеді. Бұл  жастағыларға ерік берген жөн. Әрине  бүгінгі жағдайда мұның бәрін  дұрыс орындауға болады деуге  де қиын. Бірақ ізеттілік, ұстамдылық сияқты әдеттерді қалыптастыру қажет.

Оқушылардың адамгершілік тәрбиесін  оқыту процесінде ғылыми-материалистік  дүниеге көзқарасты қалыптастыруға болады. Адамгершілік сезімін тәрбиелеу  мен гуманизм үшін ана тілі, әдеби  шығармалардың көркем фильмдердің, ертегілердің маңызы зор. Ауыз әдебиетінен  балалар ертегілердің басты кейіпкерлеріне, эпостық жырлар батырларының ерліктеріне  еліктеп өседі. Ертеректе оқушыларымыз негізінде орыс әдебиетінің үлгісінде  тәрбиеленген. Қазір Қазақ немесе Қазақстандық әдебиеттің, солардың кейіпкерлерінің  үлгісінде тәрбиелеуге мүмкіндік  бар. Мұнда біз орыс әдебиетіндегі  үлгілерді Повел Карчагин, Олег Кашевой, Алексей Мересьевті тағы басқаларды жоққа шығарып отырғанымыз жоқ. Олардың бойынан адалдық, отансүйгіштік, жігерлік, қайраттылық тағы басқа  қасиеттерді табамыз. Бірақ жас  ұрпақ негізінен өз ұлтының үлгісінен  адамгершілік қасиетті танып білгені  жөн. Жалпы оқушыларымызды алыс-жақын  шетел әдебиеттерімен де сусындатқанымыз  жөн. Абай, Пушкин, Шиллер, Шекспир, Гюголерді  қатар оқыса, ол өте жақсы нәтиже береді.

Оқу процесінде адамгершілікке тәрбиелейтін пәннің бірі-ана тілі, тарихи оқиғалар. Ол шәкірттерді отансүйгіштік, ұлтжандылық, идеалдық сенімді қалыптастырады. Әсіресе қазіргі кезде қазақ  халқының тарихын қайта жазуда, хандарымыз бен билерімізді, шешендеріміз бен  жырауларымызды тірілтіп тәріптеуде қазақ  халқы тарихының орны бөлек. Тәуке, Жәнібек, Абылай, Кенесарысынды хандарымыз, Қабанбай, Бөгенбай, Сәмен, Рысбек, Қойгелді, Райымбектей қолбасшыларымыз, Аңырақайдағы шайқас (Ол – қазақтың Бородиносы. Бұл 300 жылдық соғысты Ұлы Отан соғысы деп тегін айтпайды), Төле би, Қазыбек  би, Айтеке би тағы басқалар туралы тарихи деректер жас адамның рухани көкжиегін  кеңейтеді, өзінің қоғамдағы орнын  түсінуге көмектеседі, күреспен, құрбандықпен және ұрпақтардың батырлығымен жасалғандардың бәріне құрмет көрсетуді тудырады, ізгі талап-тілектерді оятады.

Тарих пен әдебиеттен басқа  пәндер әсіресе, қазақтың ұлттық педагогикасы, географиясы, ән-күй, тағы басқалар балаларды  адамгершілік тәрбиеге үйретеді. Осы  пәндер арқылы оқушыларымыздың бойына еңбексүйгіштік, тәртіптілік, ұқыптылық, дәлдік сияқты моральдық қасиеттерді  сіңіруге болады.

Оқушыларды тек пәндер арқылы емес, басқа сыныптан тыс, үйірме жұмыстарында да адамгершілік тәрбиеге баулуға болады. Оған бастауыш сынып  оқытушының, сынып жетекшісінің этикалық әңгімесі, моральды-этикалық жиындар, пікір-сайыстар тағы басқалар жатады. Сонымен екінші сұрақ бойынша  қорытынды.

Жас өспірімдердің адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мектептегі пәндер, мектептен, сыныптан тыс өткізетін  іс-шаралар арқылы қалыптасады. Осы  өткізілетін сабақтар, іс-шаралар  неғұрылым маңызды, оқушылардың  жас ерекшеліктеріне сәйкес қонымды  болса, олар соғұрлым баланы адамгершіліке  тәрбиелеуге зор ықпал жасайды. Адамгершілік тәрбиенің өзіне тән  міндеттері бар. Олар:

-Шәкірттерді өмір талабына  сай қоғамдық моральдық нормасын  орындауға қатыстыру;

-Шәкірттердің адамгершілік  тәжрибесін қалыптастыру;

-Шәкірттердің санасына  және мінезіне ұстаздық ықпал  жасау, ұлттық қасиеттерді дарыту;

-Республика, оның Президентіне, Әнұранына, Рәміздеріне шәкірттердің  сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адамгершілік тәрбиесіндегі  өзекті мәселелер.

 

Адамгершілік тәрбиесіндегі  өзекті мәселелер.

Адамгершілік тәрбиесі –  тәрбие бағыттарының ішіндегі ең күрделісінің бірі. Адамгершілік тәрбиесінде дінге  сүйенбеу мүмкін емес. Адамгершілік заңы Аллаһтың адам баласына түсірген кітаптарының негізінде жатыр. Адам баласының  жалған дүниеде және ахіреттегі бақытқа  қауымдастыратын керекті өнегелердің  нелерден тұратындығын білдіріп, құлшылық міндеттерін түсіндіреді (1). Адамгершілік - әдептілік ілім негізінде тұлға  бойындағы рухани – адамгершілік қалыптастырудың дұрыс жүрмеуінен және өзінің өзегінен жасанды коммунистік  идеялармен айырылып қалған адамгершілік мәселесі жағымсыз, нашар адамгершілік келбеттің пайда болуына душар  етті. Жақсылық пен жамандық ой мен  іс-әрекеттер оның парқын жіті түсінбеуден  болады. Басты мұрат – метериалдық  құндылық деп бой алдырушылықтан – қанағатсыздық, ысырапшылдық, атаққұмарлық, парақорлық, сыбайлас жемқорлық және т.б қасиеттерді көреміз. Құмар  ойнау, шарап ішу, анаша, шылым шегу, жезөкшелік сияқты жаман қасиеттерде  тән мен жан құмарлығын тежей  алмау амалдарының әлсіздігі  мен дұрыс қалыптаспауынан және адамгершіліктік сананың жетілмеуіне  тән құбылыс.

Адамгершілік тәрбиесі қоғамның моральдық талабына сай тәрбиелеушінің сезімі, мінез-құлқы, санасына мақсатты және жүйелі ықпал ете отырып, олардың  бойында адамгершілік сапаларды  қалыптастыру делінеді. Сол адамгершілік тәрбиесінің қазіргі кездегі  методологиялық, теориялық, әдістемелік  ахуалына тоқталатын болсақ: оның кеңес  дәуірінің бағыт-бағдарына лайықталған  ғылыми - әдістемеліктерінен және бірең  сараң адамгершілік мәселесін көтерген мәселелерден ары аса алмай отырмыз.

Педагогикалық әдебиеттерде, діни насихаттауда тәрбие (адамгершілік тәрбиесінде) проваславие діни руханилықтың негіз етіп көрсету кең тараған. Мұсылман дінінде шариғат мәселесін  түсіндірудің өзі самырқау жүріп  жатқаны белгілі. Сондықтан, дін  арқылы адамгершілік-этикалық ілімді түсіндіріп алуға болады деп ағаттық  болар еді. Дінге мойын бұрудың  өзі адамның тән және жан қажеттілігіне  байланыс әр адамда әр кезеңде туындайды. Егер, осыны ескеретін болсақ және білім беру жүйелеріндегі адамгершілік тәрбиесінің бүгінгі ахуалы мен  қоғамда қалыптасып отырған адамгершілік көріністер мемлекет тарапынан саясат пен идеологияның кешенді іс-әрекетін қажет етеді.

Информация о работе Тәрбиенің әдістері, құралдары