Тарихты оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 11:07, лекция

Краткое описание

Ал қазіргі күнде мектепте тарихты оқыту жайындағы көзқарас өзгертумен сипатталады. Оны өзгертудегі басты бағыттар мыналар:
- Тарихи білімнің нәтижеге бағдарлануы;
- оқушының дайын білімді енжар алушыдан білімдегі процесстің белсенді субъектісіне айналуын талап ететін білімдік моделді қалыптастыруға бағытталуы;
- мектепте үзіліссіз білім беру жүйесінде тарих пәнінің білімдік,
танымдық және тәрбиелік рөлін күшейту;

Прикрепленные файлы: 1 файл

тарихты оқыту әдістемесі.doc

— 1.72 Мб (Скачать документ)

                         б) Портрет, фотосуретті қолдану  әдісі 

                         c) Схема, таблицаларды қолдану әдісі

                         д) Аппликацияларды қолдану әдісі

 

Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан  тарихын оқыту теориясы мен  әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

      2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі  сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990

 

Семинар  № 7 Тарих сабағында баспа мәтіндерін қолдану әдісі

Мақсаты : Тарих сабағында оқушыларды мәтінмен жұмыс жасауға үйрету. Тарихи мәтіндердің ғылыми қажеттілігін студенттерге жеткізу. Мәтіндердің түрлерімен танысу.

Жоспар:

1. Оқушылларға мәтінмен жұмыс жасуда қойылатын талаптар.

2. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау:

             а) Негізгіні белгілеу

             б) Жоспар құру

             с) Тезис пен конспект жасау

3. Тарихи деректер түрлері. Тарихи  деректердің маңыздылығы. 

4. Студенттердің деректермен өзіндік  жұмысын ұйымдастыру. Тарихи құжаттармен  жұмыс жасау әдісі.

 

Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, оқушылларға мәтінмен жұмыс жасуда қойылатын талаптарға әдіскер – тарихшылардың тәжірибелері бойынша тоқталып өту қажет. Екінші мәселе бойынша, оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау:

             а)Негізгіні белгілеу

             б)Жоспар құру 

             с)Тезис пен конспект жасау  т.б. қойылатын талаптармен әдіс  тәсілдердің өзіндік ерекшеліктеріне  мән беру қажеттігін дәлелдеу  керек.

Үшінші мәселе бойынша, тарихи деректер түрлері мен тарихи деректердің маңыз-дылығына тоқталып кету қажет. Төртінші мәселе бойынша, оқушылардың деректермен өзіндік жұмысын ұйымдастырумен тарихи құжаттармен жұмыс жасау әдісінің өзіндік тә-сілдерінің ерекшеліктеріне сипаттама жасау керек.

 

Әдебиет:

1. Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб.

2.Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб.

4.Р.Б.Бекмағамбетова., Ө.И.Исенов .Студенттерді отан сүйгіштікке тәрбиелеуде тарихи-географиялық танымдық ойын технологиясын қолдану жолдары //Академик Зұлқарнай   Алдамжардың туғанына 70 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми – тәжірбиелікконференциясының материялдары.Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті ғылыми хабаршысы. №4 желтоқсан. 2007. 20-26 бб.

5.Ө.И.Исенов .Тарихи жыр-дасатандардағы  ұлттық мұраттар //басылым Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаршысы. Қостанай, 2006. Қаңтар №1(3). 109-112 бб

 

Өзіндік тапсырма :

1. Тарихта жоспар құрастыруға алгоритм құрастыру.

2. Тарихи құжат бойынша сараптамалық  сұрақтар құрастыру.

 

Семинар  № 8 Мақсат қою технологиясы.

Негізгі түсінктер : үш бағытағы дидактикалық мақсат, мақсаттың компоненттері, білімділік аспекті, дамушы аспект, тәрбиелік аспект.

Мақсаты : Студентердің сабққа мақсат қою жолдарымен таныстыру. Сабақ мақсатының маңыздылығы, мақсаттың тереңдігі. Оқушыларға қойылатын мақсаттың қажеттілігі мен тиімділігі.

Жоспар:

1. Сабақ жоспарын құрудағы мақсат қою технологиясын жасуда қойылатын талаптар.

2. Үш бағытағы дидактикалық мақсат, мақсаттың компоненттері,

                     а)  білімділік аспекті

                     а)  дамытушылық аспект

                     а)  тәрбиелік аспект

 

Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, сабақ жоспарын құрудағы мақсат қою технологиясын жасуда қойылатын талаптарға тоқталу керек. Мақсат қоюдың тарих сабағын оқыту әдістемесіндегі негізгі функциясының маңызына тоқталу  қажет.

Екінші мәселе бойынша, үш бағытағы дидактикалық мақсат, мақсаттың компоненттері,

                     а)  білімділік аспекті

                     а)  дамытушылық аспект

                     а)  тәрбиелік аспектілерінің  өзіндік ерекшеліктерімен міндетін  нақтылау жолдарымен тәсілдеріне  назар аударуға үйрену дағдыларын қалыптастырудың тәсілдеріне тоқталу керек.

 

Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту  теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

      2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі  сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990

3. Қасымбаев Ж.К. Қазақстан тарихын оқыту туралы кейбір ойлар, «Қазақстан мектебі», 1989,9 б, 40-43 б.             

 

Өзіндік жеке тапсырмалар:

1. Үш бағыттағы  дидактикалық мақсатты құрастыру  (5;6 сыны оқулығына сүйене отырып).

2. Қойылған  мақсаттарды сараптау (оқулық материалдарын қолданып) және сабақтың түрін талдай отырып.

 

Семинар  №-9 Тарих сабағы және оған қойылатын талаптар

Негізгі түсінктер: Сабақ; сабақтың этаптары; сабақтың түрі; типі; семинар – сабағы; дәріс – сабағы: диспут – сабағы; сот - сабағы; технологилық карта; сабақтың жоспарлық конспекті.

Мақсаты : Сабақтың маңыздылығы мен қажеттілігін студенттерге жеткізу. Сабақтың – негізгі білім беру формасы екенін түсіндіру.

 

Жоспар :

      1. Тарих сабағына қойылатын талаптар

      2. Тарих сабағының  түрлері 

      3. Жаңа сабақтар  түрі

      4. Мұғалімнің сабаққа  дайындығы

 

Әдістемелік нұсқаулар : Бірінші мәселе бойынша, сабақтың – мектепте негізгі білім беретін ұйымдастырушы формасына тоқталу керек. Сабаққа қойылатын талаптармен сабақтың – үш бағыттығы мақсаттарына түсінік беру қажет. Сабақтың құрал-жабдықтары. Жоспар. Екінші мәселе бойынша, сабақтың түрі типі. Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Күнделікті жоспар. Үшінші мәселе бойынша, жаңа сабақ түрлері т.б. негізгі оқыту процесінің элементтеріне жеке – жеке тоқталу арқылы функциялық маңыздарын әдіскер – тарихшылардың тәжірибелері бойынша талдап беру қажет. Төртінші мәселе бойынша, мұғалімнің сабаққа дайындығының оқыту талаптарына сай деңгейлігін талдау.

 

Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

      2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі  сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990

 

Семинар  № 10-11 Білім тексеру жүйесі және оқушылардың білімін бағалау.

Негізгі түсініктер: білім бағалау жүйесі; күнделікті баға; қорытынды баға; саралық баға.

Мақсаты: Оқушылардың  білімін тексеру барысында әділетті мінездемелік баға қоюға үйрету. Баға түрлерімен таныстыру. Білімді бағалаудағы мұғалімнің эстетикалық әдебі мен педагогикалық принцптерді ұстануға баулу.

 

Жоспар :

      1. Оқушылардың білімі  мен біліктілігін тексерудің  мақсаты мен міндеті.

      2. Бағалау жүйесі.

      3. Сұрақтардың түрі.

      4. Баға түрі, критериилер.

 

Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, оқушылардың білімін бағалаудың мақсаты мен міндеттерін әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйене отырып талдау. Екінші мәселе бойынша, оқшылардың – тарихи заңдылықтармен тарихи терминологияның меңгеруін тексеру. Оқушылардың тарихи білімінің тереңділігін жүйелендіру. Үшінші мәселе бойынша, білімді тексеру түрлері: ауызша; жазбаша; қорытынды; компьютерлік түрі және т.б. Білімді тексеру мен бекіту. Қорытынды білім тексеру жүйесі: тоқсандық; жарты жылдық; жылдық. Емтиханға дайындық. Емтиханға дайындық. Емтихан нәтижелерінің бағаларының білімдік көрсеткіштерін есептеу арқылы сапалық үлгерімдерін анықтау жолдарының тәсілдерін меңгерудің жолдарын үйрену. Төртінші мәселе бойынша, баға түрімен білімді бағалаудың критериилерімен педагогтік принцп мәселелері бойынша, әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне нақты мысалдар беру арқылы талқыға салу.

 

Өзіндік тапсырмалар:

      1. Үй тапсырмасын тексерудің түрлерін көрсету (карточка; ауызша; тест; т.б.).

      2. Баға критериилерін  қарастыру.

 

Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

      2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі  сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990

 

Семинар  № 12 Тарих сабағынан тыс жұмыстар.

Негізгі түсініктер : сабақтан тыс жұмыстар; өлкетану жұмысы; экскурсия; олимпиада; тарихи кеш.

Мақсаты : Студенттердің сабақтан тыс уақытта  оқушыларды тарихқа үйрету  тарих пәніне қызығушылығын арттыру.

 

Жоспар :

       1. Сабақтан тыс  тарихи жұмыстардың негізгі ерекшелігі (сабақтан айырмашылығы).

       2. Оқушылардың  әлеуметтанушылық көзқарасын қалыптастыруда сабақтан тыс жұмыстардың ролі.

       3. Сабақтан тыс  жұмыстардың түрлері.

 

Әдістемелік нұсқаулар : Бірінші мәселе бойынша, сабақтан тыс жұмыстардың оқушыларға қажеттілігімен тарихи білімге деген қызығушылықты арттыру жолдарының тәсілдеріне тоқталу керек.  Екінші мәселе бойынша, оқушылардың әлеуметтанушылық көзқарасын қалыптастыруда сабақтан тыс жұмыстардың ролімен тарихи танымдық маңызын әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйеніп дәлелдеу қажет.  Үшінші мәселе бойынша, сабақтан тыс жұмыстардың түрлеріне мінездеме беру қажает. Өлкетану жұмыстары. Тарихи кештер мен тарихи ұйымдарды жүргізу. Тарихи олимпиадалар. Тарихи ғылыми ізденіс жұмыстарын ұйымдастырудың әдістеріне тоқталып, қамтып кету қажет.

 

Әдебиет :

1. Ысқақов.Ә. «Пысықтауды ұйымдастыру».//Қазақстан мектебі, Алматы, 1987 № 1

2. Әмірханов С. Негізгі ұғымдар  қалыптастыру, //«Қазақстан мектебі», 1987 ж. № 1

3. Толеубаев К.М. 10-11 сыныптар үшін  «тәрбие сағаттарын өткізу». «Қазақ  тарихы», А. 1998 ж № 13

4 . Құсайынов Р. «Туған өлкенің тарихы мен мәдениеті қандай болуы керек», Қазақстан мектебі, 1991 № 12 3-5 бет.

 

Семинар  № 13 Тарих мұғалімі

Негізгі түсініктер: маманданған талаптар; мұғалімге жеке тұлғалық талаптар; педагогикалық еңбек; педагогикалық шеберлік; біліктік.

Мақсаты: тарих  мұғалімінің мінездемесі. Жалпы қойылатын талаптар. Тарих мұғалімінің мамандық қасиеттерін қалыптастыру жолдары.

Жоспар :

1. Педагогикалық еңбектің структуралық  мінездемесі:

              а)Құрама компонет;

              б)Жорамалды компонент;

              с)Сараптамалы компонент;

              д)Ақпаратты компонент;

              е)Ұйымдастырушы компонент;

              ф)Байланыс компоненті.

 

Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, педагогикалық еңбектің структуралық мінездемесі:

              а)Құрама компонет;

              б)Жорамалды компонент;

              с)Сараптамалы компонент;

              д)Ақпаратты компонент;

              е)Ұйымдастырушы компонент;

              ф)Байланыс компоненті;

  Аталған алты компанентің әр қайсысына жеке – жеке әдіскер – тарихшылардың тә-жірибелерімен еңбектерінің негізінде нақты мысалдар келтіріп, жауап берумен қатар мә-селеге қатысты өзіңнің пікіріңді білдіре кеткен жөн.

 

Семинар №14 Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие.

 Мақсаты:Қазақстандық отаншылдыққа,ұлтжандылыққа ,елжандылыққа тәрбиелеу.Қазақстандағы барлық халықттарды достық қатынасқа тәрбиелеу.

Жоспар:

                1.Бүгінгі оқушы ертеңгі маман

                2.Жастар- қоғамның болашақ құрылысшылары

                3.Оқушылардың азаматтық ұстанымдарын  қалыптастырудағы қоғамдық пәндердің ролі

 

Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, бүгінгі оқушы - ертеңгі маман. Сон-дықтан оқушы бойында жоғарғы идеялык, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру оларды өмірге, еңбекке дайындауға оқытудың негізгі формасы сабақтың, әрбір пәннің мүмкіндіктерін барынша толык пайдаланудың әдістемелік жолдарына тоқталу.

Екінші мәселе бойынша, өзінің мазмұн ерекшеліктеріне, оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру  мен оқыту әдістеріне қарай әрбір пәннің алдында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру міндеті тұр.

Үшінші мәселе бойынша, жастар-қоғамның болашақ құрылысшылары. Қоғамның тағдыры солардың қолында. Ендеше, жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелі етіп  дайындау-аса маңызды міндет. Ұлы ғұлама ғалым әл-Фараби айтқандай «тәрбиесіз білім адамзат жинаған құндылыққа зиянын тигізеді» – деген ұлағатты сөздердің мәнін аша оты-рып, тарих пәнінің тәрбиелеушілік мол мүмкіндігінің әдіс-тәсілдерінің озық тәжірибеле-рін таңдаудың жолдарын ұсына отырып, өз пікіріңді білдіре кету жөн.

 

Әдебиет:

1. Е.Қайкенов.Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие. № 8.2007 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. 13-19 б.

2. Ө.И.Исенов .Мектепте тарих сабағын оқытуда оқушылардың азаматтық позициясын қалыптастыру//"Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында мұғалімдердің біліктілік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары'Ғылыми-    әдістемслік конференция материалдары3 ақпан Қостанай, 2005109-112 бб

3. «Білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын көтеру жолдары » Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық оқылымдары туралы материалдары. Қостанай ,2008 ж. 2 ақпан. 34-39 бб.

4. Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб.

5. Р.Б.Бекмағамбетова., Ө.И.Исенов. Студенттерді отан сүйгіштікке тәрбиелеуде тарихи-географиялық танымдық ойын технологиясын қолдану жолдары //Академик Зұлқарнай   Алдамжардың туғанына 70 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми – тәжірбиелікконференциясының материялдары.Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті ғылыми хабаршысы. №4 желтоқсан. 2007. 20-26 бб.

Информация о работе Тарихты оқыту әдістемесі