Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:44, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.

Содержание

Кіріспе
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
1.1 Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасы
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық–психологиялық негіздері
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту әдістемелік негіздері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығы жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі
2.2 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен балалардың шығармашылық жұмыс жасауға үйрету жолдары
2.3 Эксперимент жұмысының нәтижесі мен қорытындысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 640.00 Кб (Скачать документ)

Осы аталған мәселенің  өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның  дарындылығын дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттігі дәлелдеуді қажет етпейді.

Таланттылық пен данышпандық  туралы құнды пікірлер ерте грек философтарының еңбектерінде көптеп кездеседі.

Бірақ, адам психикасы  танымдық құбылыстың ішіндегі танып  білуге, ұғынуға өте қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекелеген адамдардың табиғи ерекшелігі мен оларда ерекше табиғи қабілеттіліктің болуы құдіреті күшті құдайдың жарылқағаны деп есептеген.

Платонның пікірінше, ақын туындылары өзінің өнерлілігі мен білімінен  емес, құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен.

Ерте кезде  ХІҮ  ғасырда қабілеттілік, дарындылық тек  өнер адамдарында ғана байқалады  деп есептеген [18].

Үкімет қызметкерлеріне,  әскери адамдарға, ғалымдарға қатысты дарындылық қабілетін жат санаған. Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға әрекет жасағандар да болды.

Аристотель көркемөнер  туындысының интеллектуалдық іс- әрекетпен байланысты екендігін  айтады.

Ерте грек философтары дарындылықты құдайдың құдіретінен дей келе, оны дамытуда білім мен тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды.

Қайта өрлеу дәуірінде  дарындылық табиғатын танып білу мәселесімен испандық дәрігер Хуан Уарте айналысты.  Ол испан империясының қайта өрлеуінің болашағы мемлекеттік қызметке аса дарынды азаматтарды тарту деп есептеді.

Оның зерттеунінің негізгі  мақсаты адамдардың жеке басындағы  қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта  кәсіби маман таңдауда ескеру болып  табылады.

Бұл зерттеулер саралау (дифференциалды) психологияның негізін қалады деуге болады.

Х.Уартенің пікірінше, талант адам табиғатына байланысты, дегенмен, оның дамуына тәрбие мен еңбек  қажет [19].

Ол таланттылық мәселесімен  айналысатын мемлекеттік жүйе құру жөнінде пікір қозғаған және жас  жеткіншектердің қабілеттіліктерін дамыту үшін арнайы жұмыс жүргізу керектігі, сондай-ақ бұндай жұмысты ақылы мен білімі өте жоғары ұлы адамдар жүргізу керек деп есептейді.

Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі- Орта Азия мен Қазақстан  ойшылдарын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Фердауси, Әл-Фараби, Ибн Сина, Беруни және т.б.) философия, логика, химия, астроносмия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған.

Мысалы, Әл-Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде  этикалық мәселелермен қатар адам қабілеттілігіне, білім беруде түрлі озық әдіс- тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі [20].

Ғылымдағы педагогика мен  психологияның дифференцияциясы негізінде  адам психикасы мен қабілеттілігі жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады.

Қабілеттілік ілімі  жөніндегі алғашқы  зерттеулер ағылшын  психологі Френсис Гальтон (ХІХ  ғ.) есімімен байланысты.

Ол адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселесін зерттеген.

Ф. Гальтон көптеген ұлы да қабілетті адамдардың өмірін бақылай келе кез-келген  деңгейдегі қабілеттілікте тұқымқуалаушылық негізгі шарт  деген қорытындыға келеді.

Ф.Гальтоннан кейін неміс  педагогі және психологі Э. Мейман (ХІХ - ХХ ғ.ғ) дарындылық мәселесін зерттеуді теориялық тұрғыда жалғыстырып, соның негізінде «дарындылық белгілерінің  типтерін» белгіледі.  Сонымен қатар туа біткен дарындылық пен кейіннен игерілген дарындылықты бірлікте қарауға тырысты [21].

Э.Мейман дарындылықтың  педагогикалық аспектілерін:

Оқу мен тәрбиенің дарындылықтың дамуына әсерін, дарындылық, қабілеттілік жетістікке жетушілік арасалмағын қарастырды [22].

ХХ ғасырдың бірінші  жартысында неміс психологі В.Штерн  адамның жеке басы ерекшелігін зерттеп (дифференциальная), жеке бас психологияның  негізін қалады. Ол (интеллект) талантты бағалау әдістерін қарастырып, оқушылардың ақыл-ой қабілетін анықтауға арналған «қабілеттілік коэффициентін» көрсетті.

В.Штерн ақыл-ой қабілеттілігінің келесі анықтамасын ұсынады:

«Ақыл-ой қабілеттілігі - өз ойын саналы түрде жаңа талаптарға қарай бағыттайтын, жаңа міндеттер мен өмір жағдайына бейімдейтін жалпы ақыл-ой қабілеттілігі».

В.Штерннің пікірінше, дарынды  деп жаңа талаптарға әр түрлі салада, әр түрлі жағдайларда, тез бейімделе  алатын адамды айтуға болады [23].

ХІХ ғасырда қазақ  халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін  көтере бастады.

Ағартушы Ы.Алтынсарин «Табиғи ақыл өзін қоршағанды ғана құшағына ала алса, оны дамытып, өзі  көрмегенді де танып білуге мүмкіндік  жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық (светское) білім» дейді [24].

Ш.Уәлиханов шығармашылығында жеке тұлға тәрбиесіндегі  білім  мен тәрбиенің шешуші рөлі көрсетілген. Оның жалпы қазақ халқының  ақыл-ой қабілеттілігі жөніндегі пікірі мынадай:

«Қырғыз - қайсақтар табиғатынан ақыл-ойы жүйріктігімен, таңқаларлық көңілшектігімен ерекшеленеді».

Ш.Уәлиханов тәрбиеге үлкен маңыз бере отырып, адам қабілетінің  дамуына, оның табиғи бейімділігінің мәні зор екендігін алға тартады [25].

А.Құнанбаев адамды қоршаған орта - табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы - туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді [26].

Бірақ, бала өсе келе осы  қасиетті біртіндеп жоғалта береді. 

Ақын адамның ойы  мен санасы еңбек іс- әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды:

«Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады».

Сонымен, қазақ ағартушылары қабілеттіліктің туа бітетін  қасиет екенін мойындай отырып, адам қабілеттілігінің дамуына білім мен тәрбиенің, еңбектің, қоршаған ортаның зор ықпалының бар екенін айтады.

ХХ ғасырдың бас кезінде  Қазақстанда педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуына атсалысқан көрнекті қайраткерлер Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтың педагогикалық  мұраларында  білім беру үрдісінде оқушылардың қызығуы мен  қабілеттілігін қалыптастыру мәселесін ескеру керектігі баса айтылған.

Ж.Аймауытов «Психология  және мамандық таңдау» еңбегінде  эксперименттік зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, мамандықты дұрыс таңдай білуге арналған  кеңестерін ұсынады. Оның пікірінше, мамандық таңдауда адамның жеке қасиеттерін: темпераментін, қабілеттілігін, мінезін, күш- жігерін ескеру қажет.

Сонымен қатар Ж.Аймауытовтың  ойынша, әрбір адамның белгілі  бір мамандыққа деген туа біткен бейімділігі бар, сондықтан адам өзінің табиғатына тән қызметпен айналысқаны тиімді болады [27].

М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» еңбегінде адамның жалпы рухани дамуы туралы  айта келіп, тәрбиені ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық  деп бірнеше түрге бөліп қарастырады. Ол жеке тұлға тәрбиесі мәселесін интеллектуалдық қабілеттілікпен тығыз байланыста қарастырады [28].

Сондықтан, біз баланың  дарындылығы деп - оны өз құрдастарымен  салыстырғанда бірдей жағдайда  білімді игеру деңгейінің жоғарлығы  мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.

«Дарындылық» ұғымы  «қабілеттілік» ұғымына өте жақын.  Дарындылық пен қабілеттілік ұғымдары өткен ғасырдың 40-50 жылдарында психолог Б.Тепловтың еңбектерінде толығырақ  зерттелді. Оның дәлелдеуінше, белгілі  бір күрделі іс- әрекетті  жүзеге асыруда қабілеттіліктің бір ғана түрі жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің жиынтығы  қажет болады [29].

Белгілі бір іс-әрекеттің  ұтымды орындалуына тікелей әсер етуші қабілеттіліктің ерекше сапалық  жиынтығын дарындылық дейді ғалым.

В.Крутецкий өзінің  шығармашылық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде:

«Егер қабілеттіліктер  деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер  деп түсінсек, онда дарындылық дегенді  адамның ерекше қабілеттірінің жиынтығының  бірлігі деуге болады» деп  тұжырымдайды [30].

Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық  ұғымдарына да тоқтала кетейік.

Шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін, өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы  қабілеттіліктің, білім  мен біліктіліктің, түрткінің (мотивтің) болуы.

Талант - қабілеттіліктің  жоғарғы деңгейі. Ол суретшінің, өнертапқыштың, ғалымның кез- келген істі шығармашылықпен  шешуді талап ететін өзге де мамандық иелерінің  өзгешелігімен, түпнұсқалылығымен  ерекшеленетін еңбектерінің болуымен сипатталады.

Данышпандық - қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен  сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.  Данышпен адам өз ісінің аумағында  жаңа ғасыр тудырады.

Әрине, бұл ұғымдар, жеке  адамдық қасиеттер өзара бір- бірімен тығыз байланыста пайдаланылады.

Соңғы уақытта өмірдің  жылдам өзгеруіне байланысты маманға  деген жоғарғы талаптардың қойылуы  бұл ұғымдарға жиі жүгінуді қажет  етуде.

Осыған орай, жоғарыда аталған ұғымдардың мән-мағынасын  ашып, оларды қалыптастыру мәселесіне қатысты көптеген ғылыми еңбектер туындауда.

Солардың бірі - Н.Лейтестің  редакциялауымен 1996 жылы жарық көрген «Дарынды балалар мен ересек балалардың психологиясы» кітабы. Осы еңбегінде  Н. Лейтес дарындылық ұғымына мынадай  сипаттама береді:

«Дарындылық - баланың  өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің жоғарлығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы» [31].

Бұл ой тұжырымдарды дарындылық тек педагогикалық ғана емес, әлеуметтік те мәні бар құбылыс деуге болады. Осы бағыттағы  зерттелген ғылыми еңбектерге талдау жасай келе, дарындылық ұғымына төмендегіше анықтама береміз:

Дарындылық - адамның  бір не бірнеше іс-әрекет саласында  жоғары, қатардағылардан ерекше нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайтын көп  өлшемді, ықпалдастырылған (интегральное) құрылым.

Жас жеткіншектерді заман  талабына сай тәрбиелеуде олардың  жеке қабілеті мен бейімділіктерін, олардың дарындылығын ескеру маңыздылығы  күннен күнге арта түсуде.

Психикалық процестерге  баланың түсінуі, қабылдауы, елестетуі, есі, ойы, сөйлеу, қиялы, ерік-жігері т.б. жатады.

«Баланың жан-дүниесінің өсіп-даму заңдарын» білудің мағынасы өте зор [32].

Біріншіден, мұны зерттеу  арқылы оның даму жолдары мен заңдарын алғаш пайда болған адам санасының  қалайша бірте-бірте күрделеніп, сан жағынан да, сапа жағынан да өзгеріп, ересек адамдардың психикасына қалайша айналатынын, сондай-ақ ересектер  психикасының өсіп- даму заңдарын білуде зерттеудің салыстырмалы - анализ тәсілін, бала психикасын зерттеу жұмысын мейлінше пайдалануға болады.

Екіншіден, бала психикалық әрекеттерінің мазмұнын және оның өсіп- даму заңдарын білуге сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмысын ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, оны дұрыс жолға қоюға болады. Себебі, әр жастағыны ғана емес, тіптен біркелкі жастағы балалардың да, әрқайсысының жеке өзгешеліктерін білмейінше,  оқу-тәрбие жұмысын көңілдегідей жүргізуге болмайды.

Үшіншіден, бала психикасының өсіп-даму заңдарын білу дүниетану  мәселелерін дұрыс түсінуге өте  қажет.

Яғни, мұғалім оқушының жан- дүниесіне еніп, оның арман- мақсатын, жай- күйін болжай алуы тиіс.

Мұғалімнің оқушы алдындағы  міндеті айқын, бірақ оның бәрін  орындау мүмкін емес.

Себебі, оқушылардың жасы бірдей (бір сыныпта) болғанымен, әрқайсысының түсінігі, ойлауы, зейіні әр түрлі. Әр оқушымен оның қабілетіне қарай жұмыс істеуге мұғалімнің уақыты да жете бермейді. Сондықтан мұғалім оқушыларға (бәріне түсінікті) орташа білім беруге тырысады.

Мұндай жағдайда кейбір дарынды балалардың дарындылығы  ашылмай да қалуы, сабаққа қызығушылығын  жоғалтуы да мүмкін. Сондықтан әр сабаққа  оқушылардың толық қатысып отыруы үшін оқулықты пайдалану тиімді екені даусыз. Оқулық оқушылардың  ойлануына, өз бетімен ізденіп, жұмыс істеуіне мүмкіндік жасауы қажет. Алайда бұндай жұмыс өз нәтижесін бермей келеді. Оның екі түрлі себебі бар:

  1. Оқушы оқулықпен жұмыс істей білмейді. Олар мұғалімнің ауызша түсіндіруіне уйренген, тек бекіту жаттығуларын ғана оқулықтан орындайды.
  2. Оқулықтың мазмұны, материалды беру жүйесі оқушыларды қызықтырмайды, іздендірмейді. Материалдар не өте қиын, не өте жеңіл болып, қайталаулар көп беріледі.

Қазіргі гуманистік психология оқытуды оқушыға  бағытталған  процесс деп қарастырады.

Мұғалім - осы процесті жеңілдететін басты тұлға.  Осыған орай мұғалім алдына тек педагогтік мақсат қоюмен шектелмей,  соған  жетудің жолдарын, әдіс-тәсілдерін қарастырады.  Оқушының оқуға деген ынтасы, қызығушылығы, үлгерімі жоғары болуы үшін, ең алдымен, оқушыны оқудың, білім алудың актив  субъектісі ретінде тану керек.

Оқушылардың жұмыс істеу  қабілеті бәрінде болады, тек оны  дамыта білу керек. Осымен байланысты: проблемалы оқыту, дамыта оқыту, т.б. оқытудың тиімді жолдары қолданылып келеді. Ойлау-проблемалы ситуациядан басталады.

Жоғарыдағы жайлар бір-бірін  жоққа шығармайды, қайта бір-бірін  толықтырып отырады. Оқушылардың шығармашылық жұмысы - өзінің функциасы, міндеті және құрылымы жағынан алғанда өте күрделі құбылыс.

Егер оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыру жағынан  алып қарар болсақ, ғылыми еңбектерде [37] оның 3 түрлі тәсілі баяндалады:

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту