Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:44, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.
Кіріспе
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
1.1 Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасы
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық–психологиялық негіздері
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту әдістемелік негіздері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығы жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі
2.2 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен балалардың шығармашылық жұмыс жасауға үйрету жолдары
2.3 Эксперимент жұмысының нәтижесі мен қорытындысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Дарындылық:
1) іс-әрекет жетістігін қамтамасыз ететін, қабілеттердің өзгеше сапалы үйлесімі;
2) адамның мүмкіндектірінің
кеңдігін шарттайтын жалпы
3) ақыл-ой потенциалы
– логикалықты, жалпылау кеңдіг
4) қандай да бір
іс-әрекетте бастапқы жоғары
5) таланттылық.
Дарындылық қандай бастапқы құрылым жағдайы мен жоғары нәтижеге жету мүмкін екенін көрсетеді . Бірақта бұл нәтижеге жете алмауы да мүмкін.
Дарындылық өзара байланысқан үш құрылымнан тұратын интегративті сипатқа ие:
Әрбір құрылым дарындылықтың дамуының бірқатар белгілерінен тұрады.
Тұлғалық дарындылық деңгейінің құрылымдық мазмұндық сипатына қарай жоғары дарындылық, дарынды, орта деңгейлі дарынды деп бөлуге болады [15].
Жоғары дарындылық деңгейіне жатқызылған ерте шақтағы мектеп оқушысында зертеушілік мінез - құлқы адамның табиғи қасиеті ретінде сипатталады. Қоршаған ортаны білуге деген құштарлық біртіндеп тұрақты танымдық қажеттілікке айналады.
Жоғары мектеп кезеңінде көзқарастардың қалыптасуына, өмірдің мәнін және болашақ мамандықты таңдауда оқушыларда құндылықтар жүйесі қалыптасады. Мұндай оқушылар өз дарындылықтарының рөлін тек қана жеке өмірінің қалыптасуында ғана емес, Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық өмірінің дамуындағы маңызын түсінеді.
Кесте 1
Дарындылықтың құрылымдық моделі
Қандай да бір білім аймағындағы айқын қабілеттік көріністерді көре отырып оқушы өзін тұлға ретінде жүзеге асыру қажеттілігін сезінеді. Олар үшін лидерлік, сайыстық сипаты тән, сондықтан олар әртүрлі сайыстарға, олимпиадаларға, конференцияларға қатысып, жүлделі орындар және мақтаулар алады.
Деңгейлік сайыстардың бірнеше қатарынан өте отырып, мұндай оқушылар республикалық және халқаралық олимпиадаларға іріктеледі және Республиканың сонымен бірге жақын және алс шетел жоғары оқу орындарына түсуге жолдама алады. Мұндай жетістіктерге жету бұл топтағы балалардың жоғары интеллектуалдық потенциалына байланысты мүмкін болады. Оларға ойлаудың абстрактілілігі, жоғары зейін шоғырланушылығы, тамаша ес тән.
Жоғары дарынды балаларға мектеп оқу бағдарламасының шеңбері тар болады. Олар мұғалімдердің, ата-аналардың сонымен бірге өз бастамашылықтары бойынша өзіндік білім алумен және ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жоғары ғылыми жетістіктерге жетеді.
Жоғары дарынды балалар жасөспірімдік кезеңде тұтас тұлға бейнесін көрсетеді: олар дербестікпен, еңбексүйгіштікпен, табандылықпен, өз жұмыстарын орындауда жетістікке жетумен ерекшеленеді, мұғалімдер және ата-аналар жағынан бақылауды қажетсінбейді. Оларда біртіндеп өзіндік бақылау, өзіндік баға және рефлексия сезімі қалыптасады. Іс-әрекеттің әртүрінде өзін-өзі жүзеге асу және өзін - өзі актуализациялау тән.
Дарындылықтан гөрі данышпандылық шығармашылық процесстің потенциалды және құрылымдық емес, ал өзекті және процессуалды сипаттамаларын көрсетеді [39].
Қабілеттер өз деңгейлері мен ауқымы жағынан ажыратылады. Нақты іс - әрекет аймағында өте жоғары деңгейге көтерілген қабілет – шеберлік деп аталады. Шеберлік, яғни бір іс - әрекет аймағында жоғары жетілгендік үлкен де қажырлы еңбек негізіндепайда болады. Шеберлік көбіне өндірістік қайта жасау қызметтерімен байланысты келеді.
Көрнекті педагогтер К.Ушинский, ЫАлтынсарин, А.Макаренко, М.Жұмабаев оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді, ең алдымен, мазмұнына енгізген. Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л.Выготский, С.Рубинштейн, А.Ананьев, В.Давыдов, Л.Занков, В.Куртецкий, М.Мұқанов, Ж.Әбділдин, Қ.Жарықбаев, Т.Сабыров еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесінің алтын қоры деп білеміз.
Шығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Ал бүгінгідей күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңартулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен мәселе саналып, оның ойландыруы тиіс деп білеміз. Мұндай күрделі мәселені шешуде бастауыш сыныптың орны ерекше.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді. Қабілет – адамның белгілі бір істі орындай алу мүмкіндігін көрсететін жеке басының қасиеті.
Кесте 2
Дарынды тұлғаның құрылымдық, мазмұндық деңгейінің сипаттамасы.
Крите- рийлері |
Жоғары дарындылар |
Дарындылар |
Орташа дарындылар |
Оқушының интеллектуалды шығармашылық іс-әрекетке мотивациялық, құндылық қатынасының деңгейі |
Тойымсыз танымдық қажеттілік, саналы мақсатқа бағытталған зерттеушілік сипат, білімнің , іс-әрекеттің әртүрлі аймақтарына қызығушылық. |
Жоғары танымдық қызуғышылық, білімнің белгілі аймақтарындағы танымға бейімділік. |
Танымдық қызғушылықты стимулдайтын факторлар болғанда ғана көрсетеді. |
Жаңаны ашуға деген мақсаттылық, білімнің белгілі аймағындағы шығармашылық, зерттеушілік іс-әрекет. |
Шығармашылық, зерттеушілік іс-әрекетке деген қабілеттілік көрсетеді. |
Шығармашылық, зерттеушілік іс-әрекет эпизодтық сипатқа ие. | |
Айқын көрінетін қабілеттерге ие бола отырып өзіндік жетілуге қажеттілік, сайыстық, лидерлік, әртүрлі конкурс, олимпиада, сайыстарға қатысуғы талпыныс. Жүлделі орындарды алады. |
Сайыстық, табысқа жетушілікке бейімділігі айқын көрінеді. Арнайы қабілеттерді көрсетеді. |
Сайыстыққа деген бейімділік стимулдау факторлары болғанда көрінеді. | |
Құндылықтар жүйесі қалыптасады. |
Құндылықтар жүйесінде доминантты фактор жеке тұлғалық болады. |
Тұлғалық приоритеттер, құндылықтар жүйесі әлсіз қалыптасқан. | |
Өз ісін жоғары деңгейге дейін жеткізуге талпынады |
Өз ісін жоғары деңгейге дейін жеткізуге талпынады |
Жетістікке талпынады. | |
Жоғары интеллектуалды потенциал, білімнің жоғары деңгейі. |
Жоғары интеллектуалды потенциал, жалпы оқу деңгейін меңгеру. |
Жоғары интеллектуалды потенциал, жалпы оқу шеберлік және дағды деңгейі әлсіз. |
Қабілет – жеке адам туралы ілімнің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Ғылымға алғаш рет қабілеттілік туралы ұғымды К.К.Платон енгізген. Қабілет ұғымына берілген психологиялық анықтамалардың саны өте көп.
Қабілет деп - әрекеттің
талаптарын қанағаттандыратын
«Қабілет – білім
алуға қажетті адамның
«Қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі орындауға көрінетін адамның жеке қасиеті» (Т.Тәжібаев) және тағы басқа бірнеше анықтама берілген.
Ал, психолог В.М.Теплов қабілеттің 3 түрін ашып көрсетеді:
«Қабілет деп – бір адамды екінші адамнан айыратын жеке психологиялық ерекшеліктер».
«Қабілет деп – қандай да бір іс-әрекетті табысты орындау ерекшеліктері».
«Қабілет деген ұғым – адамда бұрыннан қалыптасқан», - деген [33].
Қабілеттің екі деңгейі бар:
1. Өнімді (білімді жоғары
дәрежеде игере алуын қамтамасы
2. Шығармашылық (жаңа, сонылы
нәрсені жасап шығаруды
Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе, А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский, В.А.Крутецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубинский, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ ол ұзақ процеске айналатынын айтады. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Қабілет дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Қабілеттер туа біткен қасиет емес, олар өмір сүру барысында іс-әрекет арқылы дамып отырады.
Қабілет деп әр адамның белгілі іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз – мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.
Психологтардың көзқарасы бойынша «шығармашылық қабілет» субъектінің қандай да бір жаңалық табудағы әрекеті. Сондықтан да шығармашылық қабілет әрбір адамға тән қасиет. Оқушы қандай күрделілікте, қандай көлемде, жаңа ұғымды игерсе де, бұл шығармашылық жұмыс. Бұдан психологиялық көзқарас бойынша оқытудағы шығармашылық процесті субъект үшін бұрын белгісіз болып келген мәселелердің шешімін табу, жаңалық ашу деп түсіндіруге болады.
Орыс психологы В.И.Киреенко «Адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік тудыра отырып, біз әрбір адамдағы дара қабілетті бөліп алуға жағдай жасауымыз керек», - деп жазады [34].
И.В.Левитовтың пікірінше
оқушылардың шығармашылық
Балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру барысында іс-әрекеттің нормалары мен үлгілерін қолдануға белгілі уақытта ерік беріледі. Қазіргі мектепке дейінгі кезеңнің оқыту әдістерінің негізгі кемшілігі - оқыту эталондарының жүйесін дайын күйінде ұсынылады. Ол балалардың өз бетінше әрекет етіп, ізденуіне, шығармашылық қабілетін пайдалануына мүмкіншілік бермейді. Мұндайда балалар берілген тапсырманы селқос орындайды, ынталанып, ізденімпаздық көрсетпей, оңай, ең қарапайым тәсілдерді қолданумен шектеледі. Осыдан барып балаға бастауыш сыныпта шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындау қиынға соғады.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда адам миында болатын миллиард клетканың белсенді түрде тек қана 3-4 пайызы ғана жұмыс істейді екен.
Өз халқымыздың "балаңды 5 жасқа дейіп піріңдей тұт, 5 жастан 15 жасқа дейін құлындай тұт "деген даналық сөзі де баланың қандай еңбекпен де айналысатын кезі балалық шақ екенін, сол шақты ұтымды пайдалану керектігін еске салғандай. Бүгінгі таңда бастауыш сыныпта қолданылып жүрген баланың шығармашылық еңбек жұмыс жасауына берілген тапсырмалар көлемі аз.
Шығармашылық қабілеттілік - бала өз бетінше жаңа бір бейне құрумен сипатталады. Яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқаткан жағдаймен түсіндіріледі. Соңғы жылдары шыгармашылық психологиясы туралы С.Рубинштейн, А.Брушлинский, Б.Кедров, Я.Пономарев, О.Тихомиров, ал жалпы және арнайы қабілеттіліктер туралы Б.Теплов, Н.Тарасов, қабілеттілік жәңе жеке даралық өзгешеліктердің психологиясы мсн психофизиологиясы туралы Б.Теплов, Э.Голубаева еңбектері қабілеттілік мәселслері бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізін қалады.
Қазіргі педагогикалық-психологиялық зерттеулерде балалардың бастауыш сыныптағы ерекшеліктерін атап көрсететін Л.Божовичтің, Р.Буренін, Л.Венгердің, Я.Коломинскийдің, Е.Панько және т.б. ғалымдар еңбектерінің маңызы зор. Онда мектепте оқытудағы аса мәнді қасиеттер: тәжірибелік және ой жұмыстарының қарапайым дағдылары, мінез-құлық қалыптасуының жайы, адамгершілік-жігерлік сапалар кеңінен сөз болады.
Оқу-танымдық әрекеттің үрдісінде мынадай мақсаттар жүзеге асырылады.
2. Қисынды ойлауды және көрнекі-бейнелі операцияларды меңгеру.
Бастауыш сыныпта баланың сөйлеу тілін дамытудың, қол және аяқ мүшелерінің қозғалысын, оқыту үрдісіндегі зор рол атқаратын интеллектуалдық дағдыларының маңызы ерекше. Бала сұрақтарға жауап қайтарып, ортамен өз танымымен бөлісе алуы қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында еркіндіктің пайда болуы, мінез-құлқын өзі реттеуі, жағымды өзіндік "Мені" қалыптаса бастауы, ересектер және өз тұстастарымен қатынас жасаудың тәсілдерін меңгеруі оқу-танымдық әрекеттің қажетті шарты болып табылады.
Бастауыш сынып оқушылары үшін негізгі бөліктер - оқу тапсырмалары, оқу әрекеттері: бақылау мен бағалау. Осыларға сәйксс кіші жастағы балалардың бойында оқу-танымдық әрекеттің мынадай шарттарын қалыптастыру қажет. Олар: оқу тапсырмасын қабылдау және сезіну қасиеті, мұғалімнің көмегімен немесе өз бетінше танымдық тапсырмалар қоя білу қабілеті; дербес қабілеті; жоспарлау қабілеті; тапсырманы шешу тәсілін таңдау қабілеті; бағдарлық, атқарушылық және оку әрекеттерін орындау қабілеті; тапсырманы тез және сапалы орындау қабілеті; оқу істерін бақылау қабілеті; дербес жұмысын бағалау қабілеті. Өкінішке орай, мұғалімдер жоғарыда аталған шарттарға көңіл бөле бермейді.
Ақыл-ой дамуының деңгейі бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық жүйедегі әдіс-тәсілдерді қаншалықты қолданғанына тікелей байланысты екендігі қазір баршаға белгілі.
Педагогтар бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін ұйымдастыру үшін мынандай логикалык көрсеткішті басшылыққа алады:
- жеке пәндерді бөлу;
- ішінде аталған
пәнінің негіздері бар және
әрекет ететін пәндер мен
құбылыстарды іріктеу;
- пәндердің жеке қасиеттері мен сапасын анықтау;
- осы қасиет
пен сапаны пәнаралық
талдау.
Ақыл-ой дамуының қажетті деңгейінде болуымен қатар баланың ерік-жігері дамуының маңызы зор. Бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігері дамуының белгісі мінез-құлқын басқара және өз ісіне тапсырма бере алуы. Баланың мектепте оқуға даярлығының ең басты мәселелерінің бірі, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, таным үрдістері мен әрскеттері және деңгейі болып табылады.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту