Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:44, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.
Кіріспе
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
1.1 Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасы
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық–психологиялық негіздері
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту әдістемелік негіздері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығы жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі
2.2 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен балалардың шығармашылық жұмыс жасауға үйрету жолдары
2.3 Эксперимент жұмысының нәтижесі мен қорытындысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әрине, бұл ұғымдар жеке адамдық қасиеттер өзара бір-бірімен тығыз байланысты болады.
Дарынды оқушыны оқытудағы ғылыми-әдістемелік деңгейге көтеру үшін, зерттеудегі ғылыми негіздегі әдістемелік жүйесін жасау, оның мақсаты мен міндеттерін, құрылымдық компоненттерін, мазмұнын айқындау өте маңызды.
Дарынды оқушының пән бойынша игеретін базалық мазмұнын айқындау, ол мазмұнды игертудің заман талабына сай тиімді жолдарын іздеу - ең маңызды мәселе.
Дарындылыққа арналған теориялық пікірлердің, модельдердің, тұжырымдамалардың көптігіне қарамастан, оның әлі күнге тұрақты терминологиясы қалыптаспаған, ғалымдар әлі күнге дейін осы құбылыс жайында ортақ бір пікірге келмеген, ортақ құрылымдары, даму заңдылықтары бар болса да, «дарындылықтың» нақты анықтамасы нақтыланбаған:
- дарындылық – жеке тұлғаның
жас ерекшеліктеріне
- дарындылық – табиғи қасиет
және адами іс-әрекеттің
- дарындылықтың ең негізгі
- дарындылық – жеке
тұлғаның психологиялық
- «Дарындылық» түсінігінде – тұлғаның жеке өзгешеліктерін және шығармашылық мүмкіндіктерін түсінуге мүмкіндік беретін «жеке тұлғаның әлеуеті» деген түсінігі қалыптасқан (Дж. Гильфорд, Дж. Рензулли, А.И.Савенков, С.Л.Рубинштейн т.б) [11];
- дарындылықтың әр
түрлі деңгейлерінде және
- барлық зерттеушілер
дарындылықтың дамуына
Дарындылықтың теориялық орталық ұсынымына сәйкес келетін және осы мәселе төңірегіндегі тәжірибелер жұмысына бағыт көрсететін ортақ анықтама құру мақсатында біз осы ұғымды интегративті, тұтастай жағынан қарастыруға тырысамыз. Дарындылықты зерттеуге интегративті тұрғыдан қарауға ұмтылу оның маңызды бағытын анықтау мүмкіндіктерін беретін ең негізгі шарт.
І кезең – проблемалық жағдайдың пайда болуымен (түсіну немесе практикалық қызмет барысында), оны талдаумен сипатталады.
ІІ кезең – мәселені шешу жолдарын іздестіру кезеңі. Бұл ізденіс бар білімдер негізінде мәселені біртіндеп талдау барысында жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда оқып-үйреніп жатқан зерттеу объектісі туралы білімді тиісті әдебиетті оқу немесе қажетті тәрбиелік зерттеулер жүргізу арқылы толықтыруға болады.
Сурет 4 Дарындылықтың құрылымдық сызбасы
ІІІ кезең – шығармашылық танымдық іс-әрекет кезеңінде мәселенің табылған шешімі ұстанымын жүзеге асырады және тексереді, бұл кезеңде шығармашылық белгілі бір нәтижелері түрінде жүзеге асырылады. Мәселен, жаңа міндеттерді шешу, конструкцияны, теорияны негіздеу және жазу т.б. алынған нәтижені тәжірибе жүзінде тексереді, басқа да теориялық көрсеткіштермен сәйкестендіріледі т.б.
Оқушының шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді әдіс-тәсілдермен дамыту мұғалімнің шеберлігі мен біліктілігіне байланысты. Мұғалім оқу мазмұнын түсіндіруде оқушы санасына «ұғыну», «ой операцияларын» меңгертеді және оқушыны танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алу жолдарына қалыптастырып, оларға бағыт беріп, жолдарын көрсетуі керек. Қарама-қарсы нәрсені салыстыра алушылық, түсініксіз жағдайды таба білушілікпен өз бетімен жұмыс істеуге оқушы үйренеді.
Жалпы, теориялық, шығармашылық ойлауын дамыту мақсатында арнайы оқу бағдарламасын жасау, типтік оқу жоспарын құру, жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалану, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік бақылаулар жүргізудің арнайы әдіс-тәсілдері мен теориялық білім алу жолдарын арнайы дайындаған мұғалім ғана оқу процесін тиімді ұйымдастыра алады.
Мұғалім тұлғасы кез-келген оқытудың жетекші факторы болып саналады. Б.Блум дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімнің 3 түрлі типін анықтады. Олар:
- баланың пәнге деген қызығушылығын арттыра алатын мұғалім;
- баланы орындаушылық техникаға жаттықтыратын мұғалім;
- жоғары кәсіби деңгейге апаратын мұғалім [13].
Дарынды оқушының бойындағы шығармашылық қабілетін дамытып, өзіндік мүмкіндігін аша алатын, оқытып, тәрбиелейтін мұғалімнің бойында, ең алдымен, дарындылық белгілері, яғни қабілеті, таланты болуы міндетті. Дарынды оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдердің қасиет ерекшеліктерінің белгілері төмендегідей:
- мейірімділік, сезімталдық;
- дарынды балалардың
психологиялық ерекшеліктерін
- интеллектуалдық дамудың жоғары деңгейінің болуы;
- қызығушылығы мен білік, дағдының жан-жақтылығы;
- мінездің белсенділігі;
- өзінің көзқарасын өзгертуге даяр және үнемі өзін-өзі дамыту;
- шығармашылық немесе қалыптан тыс жеке көзқарас;
- әзіл-қалжыңға бейімділігі.
Қорыта айтқанда, оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту үшін оқу процесі және мұғалімнің жеке тұлғасын ұйымдастырудың үлкен мәні бар. Яғни, білім беруші мен білім алушы екеуінің арасындағы дидактикалық үдерістің барлық аспектісі педагогикалық тұрғыден зерттелуі тиіс. Дарынды балаларды теориялық деңгейде оқыту үшін арнайы бағдарлама мен білікті мұғалім қаншалықты қажет болса, соншалықты оқу-танымдық қызметін шебер ұйымдастыруға болатыны сөзсіз.
Дарынды балалардың теориялық ойлауын дамытуда олардың «жаңашылдық сезімдерін» ұштау, «шығармашылық қабілеттерін» дамыту, «соны шешімге» келудің психологиялық және логикалық жолдарын, олардың ерекшеліктерін үйретудің маңыздылығы зор [14].
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдауымыз көрсеткендей, дарынды балалардың ақыл-ой қызметі жоғары деңгейде, ойы жүйрік болып келеді. Оның танымдық құштарлығы, біліктігі, білуге құмар болуынан көрінеді, дарынды балалар өзінің қоршаған ортасын белсенді түрде зерттегіш болып, олар айналадағы болып жатқан бірнеше жайттарды бір мезгілде бақылай алатын қабілетке ие. Дарынды балалардың себеп-салдарлық байланысты бақылап отыру және дұрыс пайымдама жасау, дұрыс нәтиже шығару қабілеті де жоғары болады. Олар кейде оқушының кездейсоқ, үстірт берілген түсіндірулерімен жиі келіспей қалушылығы байқалады және айналасындағылар туралы өзінің ұғымдарының бірқатар дамыған жүйесіне сай келетін түсіндірулерді талап етеді.
Дарынды балаларға берілетін білімнің теориялық жақтары, құбылыстарды түсіндіру, байланыстарды анықтау (оларды жалпылау) едәуір тереңдетілген және кеңейтілген түрде берілуі тиіс. Абстрактілі теориялық материалдарды және істі меңгере алатындай етіп, әрбір баланың ақыл-ойының пайдаланатындай жан-жақты дамуы үшін белсенді оқуды ұйымдастырған жөн. Бұл кезегінде, бастауыш мектеп оқушыларының логикалық пайымдауларының, дерексіз ойлауының қарапайым, бірақ маңызды тәсілдерін игеруге тәрбиелейді.
Дарынды баланың ақыл-ой операцияларын шапшаң және нақты орындау, өз бетімен сұрақ қоя білу және күрделі мәселені шешуде дұрыс сұрақ қою дағдылары жақсы дамыған. Дарынды балалардың сөздік қоры мол, сөйлеу тілінде шапшаңдық және сонылық айқын танылып тұрады. Ондағы ойлаудың абстрактылығы, рефлексия (сананың өзіне назарын аударып, өзінің психикалық күйіне ой жүгіртуі), күшті есте сақтау қабілеті, ақпаратты және тәжірибені топтай алу қабілеті, күшті зейін, байқағыштық қасиеттері де қатарынан алдағы қатарда болады. Дарынды балалардың ерекше белгісі – ойлаудың сонылығы, ешкімге ұқсамайтындығы. Сонылық негізінде шығармашылық қабілеті дамып, жетіледі.
Оқу материалын жақсы меңгеру және шығармашылық қабілет – дарындылықтың айқын белгілері. Сұрақ қоя білу, тапқырлық, кітаппен жұмыс, құбылысты бақылау, талдау, болжам құруға талпыну сияқты біліктері қалыптасады, пікірін ерекше етіп айту ерекшеліктері шығармашылықпен тығыз байланыста болып келеді.
Дарынды баланың тағы бір ерекшелігі – ой еңбегінің бейімді келуі. Білімді, жаңа материалды игеруге ұмтылуда, яғни, танымдық қажеттіліктерін қанағаттандырудағы серпін күшті келеді. Олар қиын және ұзақ уақыт орындалатын тапсырманы қуана орындайды, жауаптың басқа нұсқаларын да іздейді. Бірақ, олар дайын жауапты алдын-ала беріп қойғанды жек көреді. Осыдан барып сыныпта келешекте болатын дау-дамайдың «дәні» пайда болады.
Көп жағдайда адамның көздеген кейбір қажеттіліктері қандайда болсын себептермен орындала бермейді, оларды қанағаттандырудың мүмкіндігі болмай қалады. Мұндайда әрекет-қылық психологиялық қорғаныс тетіктерімен реттеліп барады. Психологиялық қорғаныс жасау арқылы, дарынды бала әзілдеп, дау-дамайға соқтырып мүмкіндік ақпаратын елемей, қабылдамай, оның өз болмысына, абыройына, өзіндік бағасына қатер төндірмейді.
Тәрбие нәтижесінде қалыптасып, әлеуметтік негізге ие болатын дарынды балалардың жеке тұлғалық бағыт-бағдары болады. Бағыт-бағдар – адамның қасиеттеріне айналған көрсеткіштер. Бағыт-бағдар құрамына өзара байланысты, деңгейі жағынан бірінен-бірі жоғары бірнеше формалары кіреді: құмарлық, ниет, ұмтылыс, қызығу, көзқарасы, нанымы «Кесте 3» [15].
Сонымен, дарынды бала ойлау дербестігіне ие, ол жаңа мәселелер мен проблемаларды қоя біліп, оларды тың әдістермен шеше біледі. Ал бұл қабілет өз кезегінде ойлаудың белсенділігімен, кезіккен міндеттер мен мәселелерді өз бетінше шешуге ұмтылыс жасайды.
Кесте 3
Дарынды балалардың бағыт-бағдар формасы
№ |
Формалары |
Қысқаша мәні |
1 |
Құмарлық |
Құмарлық - бағыт-бағдардың ең қарапайым биологиялық формасы; |
2 |
Ниет |
Ниет – саналы қажетсіну, толық белгілі затқа құмарлық; |
3 |
Ұмтылыс |
Ұмтылыс – ниетке еріктік күш қосылғанда пайда болады; |
4 |
Қызығу |
Қызығу - бағыт-бағдардың қандай да затқа ауысуындағы танымдық формасы; |
5 |
Көзқарас |
Көзқарас – қоршаған дүние болмысын философиялық, этикалық, жаратылыстану және басқа ғылымдар жүйесінде тану; |
6 |
Наным |
Наным – адамды өз танымы, принципі көзқарастарына орай әрекетке ықпалдаушы мотивтер жүйесі, бағыт-бағдардың ең жоғарғы формасы. |
Дарынды бала қойылған проблеманы тұтастай көре біліп, оған байланысты болмыс сырларын көптеп шешуге, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығады, түсініксіз нәрсені білуге ынтазарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой әрекетімен шұғылдануға бейім келеді.
Сондықтан кіші мектеп жасынан оқушылардың дарындылығын дамыту жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру басты мақсат, ғылыми проблема болып табылады.
Шығармашылық дарындылықты дамыту үшін оқыту мазмұнын ұйымдастырудың 4 негізгі принципін айта аламыз:
1. Тапқырлық тараулар бойынша мазмұндық сипатының толықтығы;
2. Ғаламдық, кең таралған
тақырыптар мен мәселелерді
3. Дарынды балалардың
білімге құштарлығын оятатын
мазмұнды тақырыптарды оқытуға,
4. Мазмұндық өзара
ішкі байланысты қалыпқа
Аталған төрт принцип те бір-бірімен тығыз байланысты, біреуінің жүзеге асуы басқасына әсер етеді. Пәнаралық көзқарастың іске асуы пәндер арасында тақырыптардың бірігуін қамтамасыз етеді. Дарынды балалар қажеттіліктерінің ақыл-ой жүктемесінде бесінші принцип пайда болады, бұл – оқыту мазмұнының нақтылық принципі.
Біз баланың жеке шығармашылық
қабілетінің даму мәселелеріне, дарынды
балалардың жоғары шығармашылық мүмкіндігіне,
олардың өзіндік
Әрбір адам бала кезден өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды.
Көпшілігі ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, өлең айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін салады).
Бірақ, бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды.
Қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады.
Сондықтан ата-аналардың, мұғалімдердің алдында жаңа міндет:
Балалардың жеке қабілеттілігін,
бейімділігін анықтау және оны дамыту,
соның негізінде олардың болаша
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту