Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:44, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.

Содержание

Кіріспе
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
1.1 Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасы
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық–психологиялық негіздері
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту әдістемелік негіздері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығы жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі
2.2 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен балалардың шығармашылық жұмыс жасауға үйрету жолдары
2.3 Эксперимент жұмысының нәтижесі мен қорытындысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 640.00 Кб (Скачать документ)

Кесте 5-тің жалғасы

 

5. Өзара әрекет тиімділігі

Педагогтің оқушыға ықпал ету дәрежесінің өзгеруі:

- педагогикалық нәтиженің  сапалық, сандық көрсеткіштерінің  динамикасы;

- оқушылардың психофизиологиялық  ерекшеліктеріне педагогикалық  әрекеттердің сәйкестік икемділігінің  дәрежесі;

- педагогтің өзінің  оқушылардың ықпалын өзгерту дәрежесі;

- оқушыларды тұлға  ретінде инновациялық, шығармашылық  тұрғыда дамытудағы педагогтің  тұлға ретіндегі ерекшелігі;

- жаңа әдістердің туындауы.

6. Қанағаттанушылық

Педагогтің шығармашылық қызмет процесіне:

- педагогтің өз қызметінің нәтижесіне;

- оқушылардың қызметінің  әр кезеңде нәтижеге жетуі;

- оқушылардың еңбектестік  процесіне;

- оқушылардың педагог  қызметін атқару процесіне;

- сезімдік-адамгершілікті  жетілдірудің өзара нәтижелері;

- ақыл-ойдың өсуінің  нәтижелері;

- өзіндік даму және өзіндік жетілу жолын таңдауына;

- педагог пен оқушылардың  тұрақты шығармашылықты дамыту  бағытына.

7. Нәтиженің тұрақтылығы

- Педагогтің қызметі  бойынша көрсеткіші;

- пәнді оқыту көрсеткіші;

- басқа педагогтердің  пән бойынша көрсеткішіне қатысы;

- туыстас пәндерден сабақ беретін педагогтермен байланысы;

- білім беру жүйесіне  қатысы.

8. Бейімділігі

Өзіндік шығармашылыққа ынталандыруы:

- педагогикалық технологияны  меңгеру шығармашылығының мүмкіндігі;

- педагогтің жеке қасиетіне  сай әдістер мен технологияларға бейімделу мүмкіндігі;

- туыстас пәндерден  сабақ беретін педагогтердің  қызметіне, педагогикалық инновацияны  пайдалану мүмкіндігі, бейімделуі;

- білім беру жүйесіндегі  педагогтің қызметіне бейімділігі;

- әр түрлі жағдайға  бейімділігі.


 

Сонымен, мұғалім шығармашылығы мынадан байқалады:

1. Алынған көрсеткіштерге  талдау жасау;

2. Кезіккен проблемаларды,  жағдаяттарды сезіну;

3. Нәтижеге жету жолында  педагогикалық өзара әрекет жүйесін  құру;

4. Өз қызметінде бағдарланған  міндеттерді шешуді тұрақты түрде  кері байланыс арқылы жүзеге асыру.

Ал мұның барлығы  мұғалімнің кәсіптілігіне байланысты болмақ. Ол біріншіден, өзінің еңбегінің  нәтижесін өлшеу біліктілігі  мен қызметінде сапалы көрсеткіштерге жетуі. Екіншіден, практикалық қызметте педагогтің сапалық көрсеткішін зерттеу біліктілігі. Бұл шебер-педагогтің, шығармашыл-педагогтің өз қызметіне, оның нәтижесіне талдай жасай білу біліктілігін көрсетеді. Әр педагог өз жұмысына талдау жасауда: Неге жеттім?, Неге ұмтыламын?, Не кедергі жасайды? – деген сияқты сұрақтарды басшылыққа алуы тиіс.

Н.В.Кухарев [108] бойынша  педагогикалық шығармашылықты өлшеу  өлшемдері төмендегіше (кесте 5)

- Жаңашылдығы және  түпкіліктігі;

- Ғылыми негізділігі;

- Әлеуметтік-педагогикалық  ерекшелігі;

- Болашақтылығы;

- Өзара әрекеттің тиімділігі;

- Қанағаттанушылық;

- Нәтиженің тұрақтылығы;

- Бейімділігі.

Педагогтің өз еңбегіне, сапалы көрсеткішіне зерттеу және талдау жасау біліктілігіне қарай шығармашылық мынадай деңгейлерге бөлінеді:

1. Ақпараттық-өндірушілік:  педагог басқаның тәжірибесін  ескере отырып, нәтижеге жету жолындағы  педагогикалық міндеттерді шешеді, нақты жағдаяттарды шешудің тиімділігін талдауды біледі. Бұл педагогикалық шығармашылықтың төменгі І деңгейі болып табылады.

2. Бейімділік-болжаушылық:  педагог өзіне белгілі ақпараттан  оқушылардың потенциялық мүмкіндіктері мен өзіндік жеке қасиеттерін ескере отырып, өзара әрекет әдістерін, құралдарын, тәсілдерін іріктеп, өзгертіп пайдалана біледі. Бұл деңгейде пәнаралық байланыс, саралап оқыту, білім, білік-дағдыларын меңгерту жұмыстары жүреді. Бірақ әлі де болса оқушының жеке басын дамытуды тиімді болжау жағдайы жетіспейді. Бұл педагогикалық шығармашылықтың ІІ деңгейі.

3. Ұтымдылық: педагогтің  құрастырушылық-болжаушылық қабілеті  байқалады, яғни жаңашылдық, педагогикалық  процесті мақсатты, ұйымдастыру, педагогикалық міндеттерді шешудің қалыптан тыс түрлерін қолдану, т.б. Бұл педагогикалық шығармашылықтың ІІІ деңгейі.

4. Зерттеушілік: педагог  өзінің ізденісінің тұжырымдамалық  негізін анықтай біледі, оларды  еркін қисындырады. Оның нәтижесін  зерттеу негізінде өзінің жүйесін дайындайды. Бұл деңгейде педагог шығармашылықтың жоғары категориясына жақын. Бұл педагог өзінің тәжірибесін жинақтай біледі. Егер оны әріптестері мойындаса, оның идеясы басқа мұғалімдердің жұмысында тиімді нәтиже беруі мүмкін. Бұл педагогикалық шығармашылықтың ҮІ деңгейі.

5. Шығармашылық (шығармашылықты  елестете білу) болжаушылық: педагог  жоғары міндеттерді ұсыну және  оларды шешудің әдістерін негіздеу  қабілеттерін көрсетеді. Мұнда  қызмет нәтижесінде өмірлік шығармашыл  инновациялық тұлға дамиды. Бұл Ү деңгейде педагог қызметінде өзара әрекет жасау әдісі орын алады. Қағида бойынша бұл әдістерді оның оқушылары да меңгереді. Олар тұрақты жағдайда өз мүмкіндіктері бойынша өзіне-өзі іштей жарысқа түсу процесінде нәтижеге жетуге тырысады.

Алғашқы екі деңгейде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім өзін іздейді, яғни ол өзіне: Мен не істей аламын?, Қолымнан не келеді? деген сұрақтарын қойса, 3 деңгейде, Қалай жақсы істеуге болады?, қандай әдіс-тәсілдер, құралдар жоғары нәтиже береді? деген сұрақтарды басшылыққа алса, ал ІҮ, Ү деңгейде өз іс-әрекетіне шығармашыл-педагог: Мен кімді дамытамын?, Менің қызметімнің нәтижесі не? сұрақтарын басшылыққа алады.

Сонымен оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамытуда мынадай  қажетті жағдайлар болу керек:

- мұғалім ең алдымен,  сыныпта шығармашылық көңіл-күй  тудыру арқылы баланың назарын  бір нәрсеге бағыттау керек;

- мұғалім оқушының  басқаға ұқсамайтын, бұрын байқалмаған  қасиеттерін аша білу керек;

- мұғалім оқушыға шығармашылық  бағыт-бағдар беріп отыру керек;

- мұғалім ой - өрісі  кең, жан-жақты білімді, өз маманының  шебері болу керек;

- оқушының өз бетінше  жұмыс істеуге деген құлшынысын  құрметтеу;

- оқушыларды шығармашылық  жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу  үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білуі керек;

- оқушылардың өздері  құрастырған жобаларын, тапсырманы бағалап отыру;

- артта қалып қоюшылардың  әлеуметтік (әлеуеттік) мүмкіндіктерін  ескеру;

- оқушылардың бос уақытта айналысатын істерін (хобби) оқу-тәрбие процесімен ұштастыра білу;

- оқушыларды шығармашылық  жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу  үшін оқушыларды мадақтап отыруы  керек.

Оқыту сапасының негізгі  өлшемдері оқыту процесінің нәтижесі мен оқушылардың білім, білік-дағдысының сапасы болып табылады. Ал, бұның барлығы мұғалім кәсіптілігіне тікелей байланысты екендігін шексіз қайталап айта беруге болады. Өйткені сапалы, білімді, шығармашыл оқушы (әр түрлі ғылыми жұмыстардың жеңімпаздары, олимпиада жүлдегерлері және т.б.) шығармашылықпен жұмыс жүргізетін мұғалім еңбегінің жемісі.

Мұғалім - өте нәзік  инструмент, ол барлық адами қызметтерді  өзінде жинақтауға ұмтылады. Ол философ, дирижер, ұйымдастырушы, оқымысты, психолог, артист. Сондықтан оның бойындағы байқалатын қызметтерге сыйластықпен қарай отырып, оны жетілдіруге көмек көрсету және бұл инструменттің ерекшеліктері мен дауысына үн қосу негізгі міндеттердің бірі.

Мұғалімнің эмоциялық  жағдайы, оның дайындық дәрежесі және көбеюі баламен жұмыс жүргізудегі басты одақтас болатындығын әкімшілік білуі тиіс және мұғалімді соған бағыттауға тілектес бола білуі керек. Сондай-ақ олардың тұлғалық қасиеттерін аша отырып,  оқушыларға сапалы білім беру және шығармашылығын дамытуда жан-жақты көмек ұйымдастыру сапалы еңбекке қол жеткізудің бірден-бір жолы болмақ.

В.И.Загвязинский шығармашыл ұстазға «жаңашылдық пен өңдеу» тән деп көрсетсе, М.М.Поташкин ұстаздың шығармашылық әрекетінің нәтижесін  оқу-тәрбие процесіне талдау жасау  ебдейлігінен байқайды.

В.А.Кан-Калик және Н.Д.Никандаров тұжырымдаулары бойынша, шығармашыл ұстазға  – оқу-тәрбие процесінің берілген шеңберінен тыс шыға білу қабілеті тән [19].

Бұл айтылған ойлар ұстаздың іскерлігі мен оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру әдістерінің негізін құрайды.

Шығармашыл ұстаз іскерлігіне:

- оқу-тәрбие процесін  оқушының диагностикалық зерттеу  нәтижесінің негізінде құруы;

- оқу-тәрбие жоспарын  икемдей білуі;

- оқушыларды шығармашылық  әрекетке ынталандыруы;

- көмекші ғылыми-әдістемелік  әдебиеттерді оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалануы;

- оқушыларға ақыл-кеңес  беруі жатады.

Сонымен бірге оқушылардың  шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыруда  мынадай эмоционалдық факторларға  көңіл бөлуіде қажет:

- тәуекелшілдік;

- дивергенттік ойлау;

- ой және іс-әрекетінің икемлілігі;

- ой шапшаңдығы;

- түрлі идеяларды ұсына  білуі;

- жоғары эстетикалық  талғам;

- дамыған интуиция;

- өзгелердің ісіне  талдау жасау;

- өз тарапына айтылған  сынды бағалау;

- тапсырманы орындауға  ұқыптылық;

- өз ісіне деген  сенім;

- ішкі түрткі.

Сонымен, «шығармашыл  ұстаз» дегеніміз – ғылымдағы  жеткен жетістіктерді меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді  жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре  отырып, табыстарға қол жеткізуші.

Осындай шығармашыл ұстаздар, мектептен өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиелеп шығарады.

2.2 Озат мұғалімдердің  іс-тәжірибелерінен оқушыларды шығармашылық  жұмыс жасауға үйрету жолдары                                  

 

Білім негізі – бастауыш мектеп. Сондықтан да осы кезеңнен бастап, баланың жан – жақты дамуына аса көп көңіл бөлінуі керек. Қазіргі замандағы негізгі көкейтесті тақырыптардың бірі бұл – оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту және оны арттыру саласындағы бағыттар. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқу бағдарламаларында оқушылардың біліміне, дағды шеберлігіне қойылатын талаптар белгіленді және пәнаралық байланыс бойынша арнайы бөлім енгізілді. Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлеміндегі білім, білік, дағдыларды меңгеруімен бірге табиғат: қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ  сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуына шығармашылық жұмысқа  берілетін тапсырма мен жаттығулардың дұрыс таңдап алынып, құрастырылуына байланысты болады.

Шығармашылық жұмыс  кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі  анықтамалық кітаптармен, газет-журналдармен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен  білім алуға талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

Шығармашылық жұмыстар ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалуы қажет:

1. Шығармашылық жұмыстың  мазмұны бағдарламаға қойылатын  талаптарға сәйкес келуі керек.

2. Оқушылардың ойлау  қабілетін дамытуға тиісті.

3. Шығармашылық жұмыстар  түрі және мазмұны жағынан  әр түрлі болуы керек.

4. Әрбір шығармашылық  жұмыс тексеріледі және бағаланады.

5. Шығармашылық жұмысты  тек қайталау кезінде ғана  жүргізбей, сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.

Шығармашылық іс-әрекет шығармашылық ойлаудан басталады. Шығармашылық ойлау ол кез-келген жағдаятты шешу үшін барлық нұсқаларды ойдан өткізу арқылы жаңа нәтижеге қол жеткізу  болып табылады. 

Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен одан тыс  уақыттындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берудегі негізгі әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілетті дамыту үшін оқу процесін тиімді ұйымдастыру іс-әрекеттің субьектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақта және сабақтан тыс мезгілде шығармашылық тапсырмаларды тиімді қолдана білу қажет.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту