Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:44, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.

Содержание

Кіріспе
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
1.1 Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасы
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық–психологиялық негіздері
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту әдістемелік негіздері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығы жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі
2.2 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен балалардың шығармашылық жұмыс жасауға үйрету жолдары
2.3 Эксперимент жұмысының нәтижесі мен қорытындысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 640.00 Кб (Скачать документ)

А. Маслоу интеллектуалдық дарындылық креативтіктің көрінуі үшін қажет, бірақ жеткіліксіз деп санайды. А.Маслоудың пікірінше, креативті мінез-құлықтағы детерминацияда басты рөлде мотивациялар, құндылықтар, тұлғалық мінез-құлықтар. Шығармашыл тұлғаның негізгі мінез-құлқына когнитивті дарындылық, мәселелерге сезімталдық, пайымдау тәуелсіздігін жатқызады.

Интеллектуалдық дарындылық – шығармашылық интеллектуалдық  әрекет мүмкіндігін қамтамасыз ететін жеке психологиялық ресурстар жағдайы (алдымен ойлау ресурстары) (Н.В.Зоткин). Дарындылықтың әрбір түрі үшін креативтіліктің диагностикасының сәйкес әдісі мен өзінің түсінігі тән. Креативтілік – дарындылықтың маңызды сипаттамасының бірі екенін Н.С.Лейтес айтады [51].

Сөйтіп, креативтілік ойлау  дарындылығының компоненті (дарындылықтың басқа түрі сияқты) немесе оны дарындылықтың өз алдына жеке, ерекеше түрі ретінде қарастыруға бола ма деген сауал әлі де пікірталасты қажет етеді.  Дарындылық – бұл шығармашылық дарындылық деген пікір де бар.  Д.Б.Богоявленская «шығармашылық» пен «шығармашылық дарындылық» өзі үшін синоним сөздер екенін айтады. Сөйтіп, «шығармашылық дарындылық» дарындылықтың ерекше, өз алдына жеке түрі ретінде қарастырыллмайды, ол жеке модальдық емес, кез-келген еңбек түріне тән. Шартты түрде айтсақ, «шығармашылық дарындылық» кез-келген әрекет орындаудың жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар әрекет субъектісінің бастамасы бойынша оны дамыту, ол әрекет субъектісінің ұстанымының нәтижесінің сипаттамасы [9].

«Дарынды балалар» сөз  тіркесін қолдана отырып, А.И.Савенков өз құрбыластарынан сапалық ерекшеленетін балалардың тобы бар екенін айтады. Арнаулы әдебиеттерде олардың ерекшеліктері туралы айтады. «Дарындылық» пен «балалар» сөздерін қолдануда проблема мүлдем басқа аспектіден көрінеді. Олардың орнын ауыстырсақ, біздің алдымызда «балалар дарындылығы» сөз тіркесі ғана емес, басқаша психология-педагогикалық проблема тұрады. Бұл мағынада дарындылық әр адамда бар әлеует ретінде көрінеді [167, 34 б.].

А.И.Савенков креативтілік дарындылық ретінде статистикалық  емес, динамикалық сипаттама үнемі қозғалыста болатын, дамитын, сондықтан үнемі өзгеріп тұратын ескеру қажеттігін айтады [78, 65 б.]. Автор аталған динамикалық бағыттың артықшылығын дарындылық идеясының элитарлық болмау идеясынан көреді [78, 66 б.].

Дарындылық проблемасы, оның түрлеріне Л.С.Выготский (дарындылық теориясының динамикасы), Б.М.Теплов (арнаулы қабілеттер) сияқты атақты психологтардың еңбектері арналған. С.Л.Рубинштейн жалпы қабілетті «дарындылық» терминімен белгілейтінін жазған, ал шетелдік әдебиеттерде ол әдетте интеллектімен бірдей деп қарастырылады.

Б.М.Теплов музыкалық  әрекетті табысты жүзеге асыруда  жалпы мінез-құлықтың кейбір сәттері (қиял, ерік және т.б.) үлкен рөл ойнайды  деген қорытындығы келді, ол қабілеттердің  дамыту деңгейін көтеру үшін оқыту әдістерін жетілдіру қажет деп санады. Атақты оқымысты дарындылық туралы «тар интеллектуализмге» қарсы болды. Б.М.Тепловқа сәйкес, дарындылық – кешенді, синтетикалық ұғым, «қабілеттердің сапалы-өзіндік үйлесуі». Бұл көзқарас В.Д.Шадрикованың зерттеулерінен қолдау тапты [96, 49 б.].

Н.С.Лейтес, егер жалпы  дарындылық - адамның әрекетінің өнімділігі байланысты болатын барлық сапаларының  жиынтығы десек, онда оған интеллект  қана емес, түлғаның басқа да қасиеттері мен ерекшеліктері, соның ішінде эмоционалдық сфера, темперамент (эмоционалды әсерленгіш, тонус, әрекет қарқыны және т.б.) енеді [51, 160 б.]. Автор «Дарындылықтың жұмыс тұжырымдамасының» (Б.Д.Богоявленская, В.Д.Шадриков, Мәскеу, 1998) болашағы бар екенін айтады, ол дарынды балаларға заманау бағытта бағдарлауға мүмкіндік береді.  Дарындылықты дамыту туралы айтқанда оқытудың бағдарламасын құрумен (жылдамдату, күрделілендіру және т.б.) ғана шектелуге болмайды.  Әрекеттің ішкі мотивациясын, тұлғаның бағытталуы мен тұлғаның руханилығының негізін салатын құндылықтар жүйесін қалыптастыру үшін жағдай туғызу керек. Әлеуетті және жасырын дарындылықты айқындап көрсету ізгіліктік ой-пікірден, көп балаларға назар аудару қажеттілігінен туындағанын ескеру керектігін Д.Б.Богоявленская жазады. Бұл формалардың барлық теориялық күрделілігін, оның табиғатының көмексіздігін түсінуде педагогтің зейінін қажет ететін бір де бір баланы назардын тыс қалтырмауға ұмтылу басым болып табылады [10].

Сонымен, ғылыми жұмыстарда дарындылық былайша қарастырылады  тұтастық сипаттама, қабілеттерді жүйеге біріктіру (Б.Б.Коссов), адамның «жүйелік қасиеті» (Д.Б.Богоявленская), әрекет мақсатында қабілеттердің ықпалдасып көрінуі (В.Д.Шадриков), дарындылық белгілерінде жас ерекшелік факторының жоғары үлес салмағы байқалды (Н.С.Лейтес, М.Т.Таллибулина).

Қазіргі кезеңде білім  беру саласында мұғалімдердің әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдерінің дарынды  оқушылармен жұмыс жасау көкейтесті мәселеге айналып отыр. Мұғалім оқушылармен  жұмыс жасап, олардың дарындылықтарын  шыңдау барысында барлық  жағдайды жасап, әсіресе жаңа оқытудың технологияларын қолдану барынша нәтижелі болады деп ойлаймыз.

   Қабілетті, дарынды  балалар көбінесе шапшаң, тез  ойлайтын, көп көлемде білім меңгеретін, оны ұзақ уақыт ұмытпайтын  болып келеді. Олардың түсінігі  өте жоғары, сезімтал, ойға алған нәрсесін, алдына қойған мақсатын қалайда орындауға тырысатын, адамгершілік сезімі ерте дамып, моральдық қасиеттерге өте бай, қиял-күші басым болады.

Дарынды оқушылардың  ішкі сезімі жағынан өзгешеліктері:

- айналасындағыларға  өте сезімталдықпен қарау;

- айтылатын ойды тез  ұғыну;

- жасынан байқалатын  идеализм;

- терең сезімталдық;

- кейбір пәндер бойынша  өте ерекше үздік үлгерім таныту;

- ықылас қойған бір  тақырыпты әр жерде негізгі  мәселе етіп қою.

Дарынды оқушылардың  физикалық және одан тыс сезімдері тұрғысынан өзгешеліктері:

- сезім мүшелерінің  қабылдауының ерекше болуы (түс,  дыбыс);

- Физикалық, интеллектуалдық  дамуда ерекше бір ілгерілеу  шапшаңдығы;

- жан дүниесінің тереңдігі;

- теориялық және көркемдік  құндылықтарға ерекше мән беруі;

- талап және ішкі күш-жігерінің жоғары деңгейде болуы;

- жиі-жиі ойға берілу, қиял күшінің басымдығы.

Дарынды балалардың әлеуметтік тұрғыдан ерекшеліктері:

- өз талап-тілектерін  орындауы;

- адамгершілік мәселесінде  ерте дамуы;

- жоғары моральдық  қасиеттерге ие болуы;

- өзіне-өзі сенімділік.

Қабілетті және дарынды  оқушыларды ерте айқындау, оларды тәрбиелеу  білім беру жүйесін жетілдірудегі  негізгі міндет болып табылады.

Дарынды оқушы - бұл болашақта  жаңа технологияларды  шығарушы, әділ саясаткер, сенімді медбике, шебер музыкант, қайталанбас суретші, бұл еркіндікті сүйетін, жауапты, рухы биік адам.  Бұл- ұлттық құндылық.  Дарындылықты дамытуда бірқатар педагогикалық міндеттер  айқындалған:

    1. Барлық құрылымдардың қызметінің басты объектісі-тұлға яғни, оқушы.
  1. Олимпиада резервтерін  дайындау штабы жылына екі рет барлық пәндер бойынша олимпиадалар және 8 пән бойынша ой- өріс марафондарын өткізді.
  1. Оқушылардың ғылыми қоғамы бағыт бойынша ғылыми жұмыстар ұйымдастырады, арнаулы курстар жүргізеді, жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыста болады.
  2. Әдістемелік бірлестіктер мен психологиялық қызмет тапсырмалар мен әдіс- тәсілдер бойынша  көмек нұсқау және ұсыныстар жасау керек, бақылауды жүзеге асыру керек.
  3. Әрбір сыныпта Дарынды қолдау және дамыту қорлары құрылуы тиіс. Оны ата- аналар  комитетінің төрағасы жүргізіп, бақылауды жүзеге асырады.

Бұл қор сыныптан озып шыққан жүйрікке  жан- жақты көмек  көрсетеді.

Олимпиадаға дайындау, арнайы курстарға апару, жоғары оқу орындарынан  оқытушылар шақырып, ақылы дәрістер бергізу, арнайы әдебиет және оқулықтармен қамтамасыз ету және т.б.

  1. Мектеп әкімшілігі: директор, оқу ісі жөніндегі, инновациялар жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар барлық түскен мәліметтерді сараптайды, жұмыстың сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

Дарындылармен жұмыс  мазмұны адам ресурстарын дұрыс  пайдалану, елдің интеллектуалды күшін, яғни стратегиялық қойнауларын жасау  болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Шағын кешенді  мектептерде бастауыш сынып оқушыларының  шығармашылық дарындылығын дамыту әдістемелік  негіздері                                                                            

2.1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі         

 

Өндіріс процестерінің  дамуы, өндірістің жеке сұраныстарға қарай  бағытталуы түптеп келгенде еңбек мазмұны  мен қызметкерлер біліктілігіне  деген талапты да күшейте түспек. Жаңа жағдайдағы жұмыс тиімділігін  арттырудың маңызды шарттарының  бірі-бұл оқушылардың шығармашылығы дер едік. Бұған мектепте ерекше мән берілуі тиіс.

Бұл проблема әрқашан  да мектеп назарынан тыс қалып  көрген емес. Аталмыш жұмыстар барлық пәндер бойынша жүргізіледі, шығармашылық аспектілер, сондай-ақ, психологиялық-педагогикалық  зерттеулерде кеңінен қарастырылған.

Осы проблеманы зерттеу  үстінде біз екі бірдей мәселеге кезігіп отырмыз:

  1. оқушылардың шығармашылық жұмысының мән-мағынасы;

2) шығармашылық жұмысты  ұйымдастыру қандай болмақ және  оны басқару жайы.

Аталмыш мәселелердің теориялық  жағынан негіздеп алмай алда тұрған проблеманы ойдағыдай шешу де мүмкін емес. Сондықтан, зерттеуіміздің алғашқы қадамы ретінде "шығармашылық жұмыс" деген ұғымды анықтап алдық. Осы мақсатпен психологиялық-педагогиалық зерттеулер мен әдебиеттерге талдау жүргізіледі. Талдаулар көрсетіп отырғанындай, әлгі ұғымды анықтау үстінде авторлар оның мынадай белгілерін [37] айқындайды:

1) іс-әрекет түрі;

2) оқу процесінің түрі;

3)оқу әдісі;

4) оқу жүйесінің тармақтары;

5) шеберлік жиынтығы  т.б.

Оқыту және тәрбиелеу  процесінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыру кезек күттірмейтін міндеттердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда жаңа талап, жаңа заманға сай оқушыларға тәлім-тәрбие мен білім берудің басым бағыттарында дарындылықты айқындау, ақыл-ой, интеллектуалдық шығармашылығын дамытуға баса назар аударылуда.

Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Көне замандағы Антик дәуірінің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар оқушылардың өзіндік ой-тұжырымын жасау, оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер, дарындылық мәселелеріне көңіл бөлінген.

Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі.

Бұл орайда дарынды оқушымен жұмыс  істейтін мұғалімнің атқаратын рөлі орасан зор.

Олардың негізгі де басты мақсаты - дарынды оқушылардың шығармашылық белсенділігін, рухани мәдениетін, интеллектуалдық дамуын, т.б. оқу пәндерінің мүмкіндігі арқылы қалыптастыру. Бұл мақсатқа жетуде әр пәнді оқыту әдістемесінің берері мол.

Әдістеме ғылымы білім берудің мақсаты мен міндетіне қарай пәнді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, яғни маманның кәсіби дайындығының сапасын көтерудің жолдарын қарастырады. Өйткені «Мектептің тіреуі де, тірегі де - оқыта білетін мұғалім» (А.Байтұрсынов) [4].

Ал оқыта білетін мұғалім дайындауда жоғары мектептегі әр пәнді (қазақ тілін оқыту әдістемесі) оқыту әдістемесінің маңызы зор.

Бұгінгі таңда дарынды балалар  мәселесін зерттеуге қатысты  философиялық, психологиялы, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған.

Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінің маңызы зор.

Қайта өрлеу дәуірінде  дарындылық табиғатын танып білу мәселесімен испандық дәрігер Хуар Уарте айналысты. Ол испан империясының қайта өрлеуінің болашағы  мемлекеттік  қызметке аса дарынды азаматтарды  тарту деп есептеді.

Дарындылық мәселесін зерттеушілердің  еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың  мән-мағынасы жөнінде олар ортақ  пікірге келе қойған жоқ.

«Дарындылық» ұғымы «сый» («дар») деген сөзден шыққан, дамудың қолайлы  ішкі алғышарттарын білдіреді [5].

Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген:

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту