Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:44, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.
Кіріспе
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
1.1 Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасы
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық–психологиялық негіздері
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту әдістемелік негіздері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығы жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі
2.2 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен балалардың шығармашылық жұмыс жасауға үйрету жолдары
2.3 Эксперимент жұмысының нәтижесі мен қорытындысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Шығармашылық психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары формасы және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзіндің ерекшелігімен бағаланады.
Американдық психолог Фромм анықтамасы бойынша шағармашылық дегеніміз – бұл, тани білу, жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті.
И.П Волков [31] бастауыш сынып оқушысы үшін шығармашылық деп «оқушы игерген білімін, білігін әдістерін тиісті жерде қолдана отырып, баланың өзі үшін пайдалы және жаңалық болып есептелетін іс−әрекеттің нәтижесін» атауды ұсынады. Бізде осы анықтамаларды басшылыққа ала отырып оқыту процесіндегі шығармашылық деп, оқушының қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың себеп салдарын өз көзқарасынша қабылдап, түсіне отырып, қиялы мен белсенді ой еңбегі арқасында бала үшін бұрын болмаған, жаңалық болып табылатын пайдалы іс−әрекетті орындау нәтижесін айтамыз.
Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады. Шығармашылық әрекетке – оқушының проблеманы көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар тудыра алуы жатады.
Мектептегі білім беру ісіндегі басты бағдар − оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу. Ол үшін ең біріншіден, өз таңдаулары бойынша оқытудың ұстанымын жүзеге асыру, яғни денсаулығын, дамуын, қызығуын ескеріп, мүмкіндіктерін ашу. Екіншіден, оқыту процесінің сапасын арттырудың басты құрамды бөлігі − жақсы түсінікті тілмен жазылған оқулық. Ол жоғары сапалы, ғылыми түсінікті, қысқа да дәл, тілге жеңіл, мазмұнды, қазіргі технология мен педагогика талаптарына сай келетін болуы керек. Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдіске арналған оқу процесінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ал қазіргі оқу процесінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды. Ол өздігінен оқуы тиіс, ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы: әрбір оқушының жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу [30]. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды. Керісінше, дамуына қарай өзімен−өзі салыстырылады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жетістігіне берілген мадақтау, қызығу мен қажетін көтермелеу құралына айналады. Оқытудың негізгі мотиві − таным. Өйткені, таным арқылы балаға оқу қуаныш және тұрақты қызығу тудырады. Оқытудың негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды дамыту болғандықтан, оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын меңгеруі тиіс.
Профессор А.Л.Хинчин «... жаңа материалды меңгеру үшін, шағын, оқулықтағы көрсетілген жолдан гөрі, өз бетімен сол нәтижеге жету маңызды», - деп жазды.
Шығармашылық әлемдік
мәдениеттің барлық дәуіріндегі
ойшылдардың назарында
Шығармашылық тұлға жайлы психологиялық даму мен қалыптасу зерттеулерін қарастырсақ, А.М.Матюшкин [31] келесі құрылымдық компоненттерін атап көрсетеді:
Жалпы «шығармашылық» кең мағыналы ұғым. Ғылыми - теориялық зерттеулерге сүйенсек:
«Шығармашылық» психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, «шығармашылық» дегеніміз - адамның белсенділігімен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзіндік ерекшелігімен бағаланады [32].
Американдық психолог
Фромм анықтамасы бойынша: «
«Шығармашылық – бірегей
игілік және тұлғаның маңызды сапасы
мен өзіндік ерекшелік
«Шығармашылық – жаңа өнім жасау немесе бұрынғы өнімді жаңалап жетілдіру» [34];
«Шығармашылық – іс–әрекеттегі қайталанбайтын, өзгеде жоқ, нәтижелі өнім» [35].
«Шығармашылық» сөзіне берілген ғалым пікірі нақты тұжырым болғанмен, оның мәні бұл тұжырымнан да терең, кең. Шығармашылық – қабілет, дарын, өнерпаздық деген ұғыммен үндес. Сол себептен ол тұлғадағы дарын, қабілет, өнердің көзін ашу, сол қасиеттерді дамыту мәселесіндегі ерекше іс–әрекет болып табылады.
А.И.Кочетов: «Творческая деятельность – это процесс создания новой информации или продукции с высокими показателями их количества и качества с наименьшей затратой времени и сил» – деп, шығармашылық іс–әрекетке түсінік береді [36]. Ғалымның пікіріне жүгіне отырып, шығармашылық іс–әрекеттің басты белгілерін төмендегідей тұжырымдауға болады:
– уақыт үнемдей отырып, артық күш түсірмей, жоғары нәтижеге қол жеткізу;
– ойлап табу, дайындау, жаңа өнім жасау.
Ал, педагог–ғалым Г.Ю.Ксензова: «Творчество – это атрибутивное свойство любой личности, неотьемлимый компонент ее структуры. Если человека лишают творческого начала, он перестает чувствовать себя личностью», – дейді [37].
Ғалым тұлғаның басты белгілері ретінде оның шығармашылық қабілетіне тоқталады. Шығармашылық қабілеті жоқ жеке бастың тұлғаға жете алмайтынын сөз етеді. Ғалымдар ізденісі теориялық тұжырымдармен шектеледі, ал оны істе, тәжірибеде қалай жүзеге асыруға болатынына, нақты жолдарына тоқталмайды.
А.Ш. Орақова: «шығармашылық деп – проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижесінде жаңа материалдық және идеялық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекетін айтады»[38].
Шығармашылыққа ниеттену
– адамның белсенділігінің
Д.Б.Богоявленская, З.И.Калмыкова, А.М.Матюшкин және тағы басқа ғалымдар «шығармашылықты» кең мағынасында белгілі білім шегінен шығу ретінде анықтайды [40].
И.Ф.Харламов [41]оқытушының педагогикалық шығармашылығын оқу-тәрбие әрекетіне әр түрлі әдістемелік түрлендірулерді енгізіп, оқу және тәрбие тәсілдері мен әдістерін тиімді қолдану арқылы жүзеге асырады. Кәсіби әрекеттің жоғары деңгейі ретінде ғалым педагогикалық жаңашылдықты атап көрсетеді. И.Ф.Харламовтың пікірінше, жаңашыл оқытушылар педагогикалық процестің жаңартушысы болып табылады. Сонымен қатар жаңа бағдарламалар құрады, оқу-тәрбие мәселелерін шешуде жаңа идеялар ұсынады, жаңа технологиялар құрастырады.
Үлкен энциклопедиялық сөздікте «шығармашылық» қайталанбайтын, тарихи–қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс–әрекет» деп тұжырымдалған.
Энциклопедиялық [42] сөздікте:
«шығармашылық ешқашан
И.П Волков [43] бастауыш сынып оқушысы үшін шығармашылық деп «оқушы игерген білімін, білігін әдістерін тиісті жерде қолдана отырып, баланың өзі үшін пайдалы және жаңалық болып есептелетін іс−әрекеттің нәтижесін» атауды ұсынады. Бізде осы анықтамаларды басшылыққа ала отырып оқыту процесіндегі шығармашылық деп, оқушының қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың себеп салдарын өз көзқарасынша қабылдап, түсіне отырып, қиялы мен белсенді ой еңбегі арқасында бала үшін бұрын болмаған, жаңалық болып табылатын пайдалы іс−әрекетті орындау нәтижесін айтамыз.
Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады. Шығармашылық әрекетке – оқушының проблеманы көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар тудыра алуы жатады.
Сонымен, «шығармашылық
– адамның алдағы міндеттерді (тапсырмаларды)
шешу кезіндегі, қандай-да бір бар
нәрсені жетілдірудегі, оң нәтиже беретін
табиғатта кездеспеген қандай-
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден - кез-келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірибесін меңгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды. Екіншіден, кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен, шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін-өзі дамуна, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Платон: «Талант пен данышпандылық өнер мен білімге байланысты емес, ол алла тағаланың жіберуімен» десе, Аристотель көркем шығармашылыққа назар аударған. Әйтсе де олар тәрбие мен білімнің берерін текке шығармаған.
Қайта өрлеу дәуірінде дарындылықтың табиғатына зер салғандардың бірі испан дәрігері – Хуан Уарте болды. Ол өз тәжірибелерін қорытындылай келе, талант табиғаттан келеді, оның дамуы үшін тәрбие мен еңбектің қажеттілігін айта келе, бұлар үшін кәсіби таңдап алуды, мемлекеттік жүйелер құруды айтқан.
ХІХ ғасырда ғалымдардың жіктелуіне байланысты: соның ішінде психология мен педагогикада адамның психикасы мен қабілеті туралы арнайы зерттеу жұмыстары шыға бастады. Солардың бірін ағылшын психологы Фрэнсис Гальтон тұжырымдап берді. Ол адамдардың даралық айырмашылықтарын оқып, зерттеген. Өзінің еңбегі «Таланттың тұқымқуалаушылығы: оның заңдылықтары мен шығу тегінде» қабілеттің шығу тегінің методологиялық базасын негіздеген [30].
Гальтонның соңынан неміс педагог – психологы Э. Мейман дарындылықты теориялық тұрғыдан зерттеп, дарындылықтың туа біткен аспектісін айқындап, табиғи және жинақталған жақтарын біріктеруге ұмтылыс жасайды. Сөйтіп, есте сақтау дарындылығын ажыратып алып, дарындылық – даралық ерекшеліктерін зерттейді және адамдағы дарындылықтың қаншалықты дәрежеде екенін қарастырған.
Э. Мейман әсіресе дарындылықтың педагогикалық аспектісін, тәрбие мен оқытудың дарындылықтың дамуына тигізетін әсерін зерттеген.
ХХ ғасырдың І –
ші жартысында ерекше атауға тұрарлық
неміс психологы В.Штерн
Қабілет – осы және
басқа өндірістік іс-әрекетті табысты
орындау жағдайы болып
Қабілетті индивидуалдылықтың бір деңгейінде орналастыруға болмайды; басқа сапалармен әсерлесе олар барлық деңгейлер арқылы дамиды.
Қабілеттердің бірнеше концепциялары бар:
1.Тұқымқуалаушылық теориясында қабілеттің дамуы мен көрінуі тұтастай және толығымен тұқымқуалаушылық факторларға тәуелді биологиялық детерминантталған құбылыс ретінде түсіндіріледі. Бұл ұстанымды белгілі адамның генеологиясы және энциклопедиялық сөздіктерге сүйене таланттың тұқымқуалаушылығын зерттеген Ф. Гальтон ұстанған.
2. Жүре пайда болған қабілеттер теориясы ХУІІІ ғасырдағы Гельвецийдің тұжырымдауынша, тәрбие арқылы данышпандылықтың кез-келген деңгейін қалыптастыруға болады. Эшби бұл тұжырымды былай жеңілдетті, қабілет бұл тума бағдарламалар және жұмысқа деген қабілеттілік арқылы қалыптасады.
3. Негізінен кеңестік
психологияда дамыған
Б.М. Теплов музыкалық қабілеттілікті өте жоғары деңгейде тәрбиелеуге болады деген, бірақ, қабілеттілікті бүтіндей алғанда әлеуметтік, ал нышандар тұқымқуалаушылық арқылы ғана берілетіндіктен индивидтік сипаттамалар болады деген өз қарсыластарымен де келісті [18].
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту