Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:44, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.

Содержание

Кіріспе
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
1.1 Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасы
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық–психологиялық негіздері
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту әдістемелік негіздері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығы жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі
2.2 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен балалардың шығармашылық жұмыс жасауға үйрету жолдары
2.3 Эксперимент жұмысының нәтижесі мен қорытындысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 640.00 Кб (Скачать документ)

Шығармашылық қабілеті бар балалар берілген тапсырманы орындауға тез кірісіп кетеді.

Әрбір ұстаз оқушының бойында «шығармашылық қабілетті» дамыту үшін, келесі тұжырым жолдарын міндетті түрде ескеру керек [35]:

1. Ақыл-ойды дамыту;

2. Себеп және әрекет  мақсаты;

3. Пәнге деген қызығушылығы  және пәнаралық байланыс;

4. Алдына қойылған  сұрауға, оған жауап беруге, үйренетін  нысанға көңіл бөлуге дағдылану;

5. Ерік пен жігері;

6. Көңіл-күйі;

7. Өз бетінше жұмыс  істеуінің жоғары деңгейі;

8. Шығармашылық білімді игеру процесінде тұлғаны тәрбиелеу;

9. Жаңа білімнің мазмұнын  жоспарлағанда оқушыға берілетін  тапсырма оқушының қабілетін  ұштайтындай, ойын, қиялын дамытатындай  етіп әзірлеу;

10. Оқушы өзін жеңімпаз ретінде сезіне алатындай тапсырмаларды күрделірек дәрежеде орындату арқылы оқушылардың білімін саралауды ұйымдастыру;

11. Білімді дайын күйінде  бермей, оқушының өзі білімді  қарқынды ой еңбегін қажет  ететін тапсырмаларды орындауы  арқылы жетуін ұйымдастыру;

12. Оқушының шығармашылық  мүмкіндіктерін тудыратын, қабілеттерін  жан-жақты дамытатын әр түрлі  белсенді оқыту әдіс-тәсілдерді  кеңінен қолдану;

13. Оқушылардың білім  алу нәтижелерін жүйелі талдап, бағалап отыру.

14. Шығармашылық іс-әрекеттің сипатына сай ойлауды және танымдық әрекетті қалыптастыру;

15. Болмысты, табиғат пен  қоғамды тануға қажет шығармашылық идеялар мен әдістермен таныстыр.

Оқушы білімді өз деңгейінде игермесе және оны практикада қолдана  алмаса, онда танымдық белсенділікті де көрсете алмайды. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін мұғалім әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану керек. Мысалы: проблемалық ахуал, ойын, мадақтау, бағалау мен талапты күщейту, шынықтыру минуттарын ұйымдастыру, тарихи мағлұматтар беру арқылы және т.б. әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Оқушылардың шығармашылық әрекетін ұйымдастырудың әр түрлі әдістері жасалған. Солардың бірқатары проблемалық мәселелер ұсынады. Т.В.Кудрявцев, Б.А.Миллерян, Л.Л.Гурова еңбектерінде әрекеттің барлық негіздері қарастырылған, яғни оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға дайындаудың маңыздылығын шығармашылық еңбектің формасы деп көрсеткен. Қоршаған ортада әр алуан, орасан зор өндірістік күштер мен адамзаттың рухани байлығы, мәдениеті тұтас алғанда адам шығармашылығының жемісі. Жан-жақты шектеусіз, әрі сан алуан адам қабілетін мынадай түрлерге бөлуге болады:

1) Барды қайталау, көшірме  және т.б.

Қабілеттің бұл түрі шығармашылыққа жатпайды. Бірақ қабілеттің бұл түрін жоққа шығаруға болмайды.

2) Жаңаны жасау.

Жаңа құрал-жабдық жасау, жаңа әдіс-тәсілдер табу, жаңа бағдарламалар құру.

3) Жаңалау, түп нұсқасын  жаңалау.

Жаңаны жасап шығару – шығармашылықтың классикалық  айқын түрі.

4) Көшірме, белгіліні  қайталау [36].

Белгілі нәрсені жетілдіріп, дамыту шығармашылыққа тән құбылыс. Шығармашылықтың барлық түріне тән, ойлау-болжам жасауды білдіреді.

Мәселені қою, оның шешімін  табу, болжам жасау мен оны тексеру  тұлғаның басты ойлау мазмұны. Оқушылардың  шығармашылық қабілеті мынадай белгілермен  сипатталады:

1) белсенділік;

2) жаңалық;

3) субъекті үшін құндылық.

Шығармашылықты талдау, мәселені шешу процесі ретінде адам қажеттілігін қанағаттандыратын тәсілдерді іздеу мен әлеуметтік қайшылықтарды  шешудің табиғи байланысын бірге  қарастыруда шығармашылық теориясы негізгі орын алады және қоғам өмірінің мәнін, адам мен оның философиясын түсінудің кілті болып саналады.

 

 

1.3 Шағын кешенді мектептерде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны 

 

Д.Б.Богоявленскаяның пікірі бойынша шығармашылық берілген мәселе аясынан шығуға ұмтылыста көрінетін жағдаятты – ынталандырылмаған белсенділік болып табылады. Интеллектуалдық дарындылық тұлғаның шығармашылық белсенділігінің қажетті, бірақ жеткіліксіз шарты. Креативті мінез-құлық детерминациясында мотивация, құндылықтар, тұлғалық сапалар басты рөлде Интеллект - адамның ақылды әрекет ету, рационалды ойлау, тіршілік мәселелерін дұрыс шешу қабілеті. Жалпы қабілеттің бір көрсеткіші  - интеллектік кабілеттер жаңа өмірлік жағдайға бейімделуді негіздейді. Интеллектінің негізіне белсенділік (шығармашылық белсенділік), ортаның өзгеруіндегі интеллектік мінез-құлық, (шығармашылық акт), бейімделгіш әрекет жасауға мүмкіңдік беретін ортаның мүмкіндіктері (шығармашылық өнім) жатады.

Интеллектіні түсіну үшін оның құрылымын түсіну керек. Осыған байланысты М.А.Холодная құрылымдық-интегративті методологияны ұсынады. М.А.Холодная ұсынған тұлғаның интеллект: потенциалын эмпирикалық жан-жақты терең зерттеуге мүмкіндік беретін интеллект теориясы, бүгінгі ғылыми талдау тұрғысынаи интеллекттік дарындылықты болжау мәселесіне қатысты жаңа, қажетті теориялардың бірі деп саналады.

Д.Б.Богоявленская шығармашылықты өнім бойынша емес, процесс бойынша зерттейді. Алайда оны эксперименттік бекіту өте киын, ол үшін шығармашылық феноменіне деген жаңа ықпаддарды табу керек болады. Д.Б.Богоявленскаяның зерттеулерінде шығармашылық интеллектік белсенділік, өзіне екі компонент біріктіреді: танымдық ақыл-ой қабілеттері) және мотивациялық компоненттер, ал онын критерийі - берілген ойлау тапсырмаларын адамның орындау сипаты. Осы екі компоненттің диалектикалық өзара әрекеті инттеллектік белсенділіктің индивидуалды деңгейін анықтайтын тұлғаның қасиеті болып табылады. Эксперимент барысында сол-ой қабілеті тұлғаның мотивациялық сферасы арқылы өтіп, сол қабілеттерді не тежейді немесе дем береді. Интеллект шығармашылықтың дамуының шарты жайлы зерттеулерді талдау, бұл —ұғымның біржақты еместігін және әр түрлі позицияда интерпретацияланатынын көрсетеді.

1.  Интеллектінің эмпирикалык  құрылымдық модельдеріне К.Спирменнің бір факторлы моделін, Л.Терстоунның көп факторлы моделін, Ф.Верноннның иерархиялық моделін, Дж.Гильфордтың ; бейнелі моделін, Р.Кеттелдің моделін жатқызуға болады. Алайда бұл модельдерде, атап айтқанда, Стернбергтің зерттеулерінде интеллектің мінез-құлықтық сипатын адекватты қолдану жолдары қамтамасыз етілмеген.

2. Интеллект мәселесінде интеллект жайлы субъективті түсініктер маңызды және потенциалды құрылымдардың арасындағы өзара байланыстар, қабілет құрылымындағы интеллект мәселелері әлі өз шешімін толық тапқан жоқ. Интеллектінің имплицитті теориясындағы жалпы қабілеттердің репрезентациясы туралы түсініктер де толық нақтыланған жоқ. Соңғы кезде интеллектіні когнетивті психология позициясы тұрғысынан ақпараттарды қайта өндеу процестері арқылы зерттеуде. Біздің ойымызша, интеллект - берілген мақсатқа тиімді жетуді қамтамасыз ететін танымдық белсенділікті ұйымдастыруға деген қабілет.

Интеллект - ол ақыл-ой қабілеті, ал ойлау - ол ақыл-ой белсенділігі, олардың арасындағы айырмашылықтарды ескеріп зерттеу мәселесі әлі толық негізделмеген. Ақыл-ой шығармашылық қабілетте іске  асырылады. Шетел психологиясында  интеллект операциялық-эмпирикалық мазмұнға ие, психометрикалық процедурасымен байланысты жалпы теория бола алмаса да интеллектіні зерттеуге зерттеуге болады дейді кейбір зерттеушілер.  Сонымен қатар ойлау процесінде көрінетін интеллектіні тарату шарттары да ескерілмейді. Мұнда психологиялық зерттеулер ойлаудың үстірт құрылымдарын суреттеуге және табуға бағдарланады, ал интеллект ойлау процесінің негізі болса да, ол өз дәрежесінде зерттелінбейді.

4. Адам интеллектісінің логикалық құрылымы күрделі, ол жоғары дифференциалданған ұйымдасудың үш деңгейін береді: дұрыс мағына, интеллектіні қолайсыздықтан сақтайтын логикалық-семантикалық фильтр, ақыл-ережені туғызу қабілетіне ие формалды логикалық операциялар. Ақыл-ой жоғары шығармашылық қабілетке айналады, алғашқы парадигмаларды өзгертеді. Интеллект - нақты ойлау процесін анықтайтын терең құрылым. Ақыл-ой іс-әрекеті күрделі құрылымға ие, интеллектің құрылымы көп деңгейлі. Қоғамдық іс-әрекеттің танымдык, механизмдерінің даму сатылары  сол механизмдерді  ұйымдастырудың құрылымдық деңгейлерінде трансформацияланады және жаңа жағдайларды шығармашылықты-интеллектік деңгейде шешеді.

5. Шығармашылық даму және интеллектік жүйелерді меңгеру "субъект-құрал", "құрал-объект" байланыстарына назар аударуды талап етеді. Ғылымда жаңа білімдерді бағалайды, жаңа білімді алу - шығармашылық процесс, мәселен, "продуктивтілік-репродуктивтілік" ұғымдарына жақыны - "жаңалық-дәстүр" ұғымдары. Біріншісі шығармашылықтың технологиясын ұйғарады, екіншісі оның мәдени сипаттамасын береді.

6, Шығармашылық мотивациясы - шығармашылық іс-әрекеттің ең маңызды компоненттерінің бірі. Шығармашылықты ойлай білу қабілеті -шығармашылық іс-әрекеттің маңызды бір бөлігі. Шығармашылық ойлау - жоғары рефлексия, шешімді іздеу, интеллектік қиындықтарды жеңе алу қабілеті. Жоғары интеллектіні тұлға шығармашылық субъектісі бола алады, ал интеллект тұлға шығармашылықты болмауы мүмкін, шешімі табылмаған сұрақтардың бірі - шығармашылық өнімділікке қарағанда, шығармашылық өнімсіздік тіпті қиын сұрақ.

7. Интеллект пен креативтің үйлесуі әлеуметтік белсенділіктің әр түрлі сфераларын тандауды болжайды. Сана мен бейсаналылықтың, саналы іс-әрекет субъектісі мен бейсаналы шығармашылық тұлғаның өзара әрекетінің ерекшеліктері шығармашылық адамдардың типологиясын және өмірлік жолдарының ерекшеліктерін анықтайды. Интеллект - шығармашылық дамуының жоғары формасы, шығармашылық интеллекте кабілеттерде маңызды жағдайға ие болады және бірынғай бүгін әлем көрінісінде бірге қарастырылады.

Лейтес өзінің зерттеулері  мен тәжірибелерінің нәтижелері бойынша балалардың жалпы ақыл-ой дарындылығының мынадай ерекшелігін  анықтаған:

  • ұқыптылық, анғарымпаздық, жинақылық;
  • еңбек етуге әрқашан даярлығы, жалықпайтыны, еңбексүйгіштігі.
  • ойлау шапшаңдығы, талдау мен қорытындылау мүмкіндіктерінің жоғарылығы, ойының жүйелілігі, ойлау қызметінің нәтижелілігі;
  • ой-өрісінің кеңдігі, ойлау белсенділігі.

           Ал И.П. Павловтың анықтауынша, адамдардың дарындылығы - көркем тип, ойшыл тип болып бөлінеді.

Бірінші типке жататын  балаларға суретші, мүсінші, артист, ақын, жазушы т.с.с. мамандықтарды таңдап алған лайық, ал екінші типтің өкілдері - математика, химик, физика, философ  болуға бейім. Үшінші тип осылардың  бәріне бірдей қабілетті болуы мүмкін [11].

Ф.Баррон (1969 ж.), Ф.Фримен (1968 ж.) кретаивтілік пен интеллектуалдық  белгілі бір деңгейге дейін байланысты, одан жоғары креативтілік тәуелсіз ауыспалы болатынын анықтады.

   Нәтижесінде бұл тұжырымдама «табалдырық теориясы» немесе «тармақтану теориясы» деген атқа ие болды. Тестілеу объектісі бір жағынан интеллектуалдық дарындылық немесе өнімділік болса, екінші жағынан шығармашылық дарындылық пен өнімділік болады. 

       

 

 

 


 






Психолог Н.С.


 




 

 

Сурет 1 Лидерлік дарындылық


 










 

 

Сурет 2 Табиғи дарындылық

 

 








 


 

 


Сурет 3 Дарындылықты анықтау картасы

 

 

Соңғысы үшін басқа көрсеткіштер анықталды: ой жылдамдығы (уақыт бірлігінде пайда болған идеялар саны), ой икемділігі (бір идеядан екінші идеяға ауыса білу қабілеттілігі), сонылылық (жалпы қабылданған көзқарастардан ерекшеленетін идеяларды өндіру қабілеттілігі), білуге құмарлық (қоршаған ортадағы өзгерістерге сезімталдық), болжамды жасауға қабілеттілік, иррелеванттылық (реакцияның ынталандырудан логикалық тәуелсіздік), фантастикалық (ынталандыру мен реакцияның арасында логикалық байланыстың болуы жағдайында жауаптың шындыққа мүлдем жанаспауы). Бұл көрсеткіштер Дж.Гилфордтың шаршылық моделінің бес ойлау операциясының бірі – «дивергентті» ойлауды құрайды (1950; 1967 ж.).

1960 жылдары Дж.Гетцельс  пен Р.Джексон (1967 ж.) интеллект  пен «креативтілік» көрсеткіштері  арасында корреляцияның болмауын  көрсететін мәліметтерді жариялады. Бұл екі сипаттаманың қатынасы мұқият факторлық-тестілік талдаудан өткізілді.

Бір жағынан  интеллект  пен интеллектуалдық дарындылықты, екінші жағынан креативтілік пен  шығарамашылық дарындылықты қарама қарсы қойып салыстыру сипаты дұрыс.

Өткен ғасырдың соңғы он жылдығы АҚШ мен Батыс Еуропадағы Дж.Гилфорд теориясының орнына полимодальды тұжырымдамалар (Р.Стенберг, Дж.Рензулли. К.Хеллер) келеді. Бұл шығармашылықты күрделі кешен ретінде  түсінуге алға жасалған қадам. Теориялық сипатта факторларды қосу нәтижесі оларды кесіп өту аймағымен, ал әдістемелік сипатта нәтижелердің қандай да бір сомасымен көрінеді. Сөйтіп, көптеген мамандардың пікірі бойынша бұл теориялар элементтік талдау аясынан шықпайды.

И.А.Сусоколова АҚШ креативтілікті тестілеу проблемасын зерттеу нәтижесі бойынша 60-жылдардың екінші жартысында шұғыл еңбектердің шұғыл өскенін жазады (1965-1969 – 380 еңбек). Жарияланған еңбектер саны өсіп,  70-жылдардың екінші жартысында өзінің алғашқы шарықтау шегіне жетеді (1975-1979 - 485 еңбек) [89, 410 б.].

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту