Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:44, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.
Кіріспе
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
1.1 Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасы
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық–психологиялық негіздері
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту әдістемелік негіздері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығы жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі
2.2 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен балалардың шығармашылық жұмыс жасауға үйрету жолдары
2.3 Эксперимент жұмысының нәтижесі мен қорытындысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Кіріспе |
3 |
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері |
6 |
1.1 Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасы |
6 |
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық–психологиялық негіздері |
21 |
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны |
31 |
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық
дарындылығын дамыту әдістемелік негіздері |
38 |
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық
дарындылығы жұмысын ұйымдастырудағы
мұғалімнің ролі |
38 |
2.2 Озат мұғалімдердің
іс-тәжірибелерінен балалардың шығармашылық жұмыс жасауға
үйрету жолдары |
60 |
2.3 Эксперимент жұмысының нәтижесі мен қорытындысы |
71 |
Қорытынды |
75 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
78 |
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының [1] «Білім туралы» Заңында, Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.
Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы – дидактиканың әртүрлі ұтымды әдіс-тәсілдерін пайдалану есебінен бастауыш сынып оқушыларының ой өрісінің, шығармашылығының даму деңгейін көтерудің, олардың ғылыми танымдық іс-әрекеттерін белсендірудің, оқуға, білім алуға ынталандыру, шығармашылық іс-әрекетке енгізу болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында бастауыш мектептің негізгі міндеті - «Баланың жеке басын бастапқы дамытуды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту», - деп көрсетілген. Осы міндетті шешудің жолы оқушыларды шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Белгілі ғалым А.Байтұрсынов: «Бала білімді тәрбие арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі - балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру», - деген [3].
Оқушының шығармашылық қабілетін педагогикалық және психологиялық тұрғысынан жан-жақты зерттеулер көптеп жүргізілген. Өйткені, қоғамның тәжірибесі шығармашылық жетістік тұлғалық емес, әлеуметтік мағынаға ие болғандығын мойындап, психологиялық-педагогикалық ойлардың осы мәселеге назар аударуына мәжбүр етті.
Оқыта отырып, баланың шығармашылығын, қабілеттерін дамыту мәселесі Ш.А.Амонашвили, Б.М.Теплов, К.К.Платонов, А.Н.Лук, Б.Т.Ананьев, Н.С.Лейтес, Г.А.Давыдова және т.б. еңбектерінде қарастырылады. Қазақстанда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар М.Ә.Құдайқұлов, Г.К.Нұрғалиева, Б.А.Тұрғынбаева, А.Б.Мырзабаев, Л.Г.Дирксен, К.К.Жумадирова және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Жоғарыда аталған еңбектерді талдай келе, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарына олардың арнайы тоқталмағанын байқадық. Осыдан келіп мектепте оқушының тұлғасын объект ретінде емес, субъект деп қарау, оның шығармашылығын дамыту, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту, яғни өзіндік іс-әрекет оқу процесін шығармашылық іс-әрекетке енгізу негізінде ұйымдастырудың нәтижесінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды ролін ғылыми негіздеу тақырыбымыздың өзектілігін арттыра түсті.
Біз көтеріп отырған проблема жөнінде жоғарыда аталған зерттеулерге ғылыми-теориялық талдаулар нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жете қарастырылмаған.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың қажеттілігі мен оның мектептегі бастауыш сыныптар жағдайында кешенді түрде іске асыру мүмкіндіктерінің жүйеленбегендігінің арасындағы қарама-қайшылық айқын көрінеді. Аталған қарама-қайшылықтарды шешу жолдарын іздестіруді біздің зерттеуімізде мақсат еттік. Үшінші сынып оқушыларының бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуды ғылыми негіздеп, теориялық тұжырымға сүйене отырып, оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке енгізу жолдарына қолайлы жағдай туғызу, оның тиімділігін дәлелдеу қажет деп санадық.
Осыдан бүгінгі таңда үшінші сынып бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу қажеттілігі біздің зерттеуіміздің маңыздылығын айқындайды.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын анықтау.
Зерттеу нысанасы: бастауыш сынып оқушыларының оқу үдерісі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарының әдістемелік жүйесі.
Зерттеудің болжамы: егер үшінші сынып оқушыларының оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын қарастырсақ, онда оқушылардың білім деңгейі артады, өйткені олар өз бетімен ізденіп, білімін толықтыруға белсенділік көрсетеді.
Зерттеудің міндеттері:
1. Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасына талдау жасау;
2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық–психологиялық негіздерін айқындау;
3. Шағын кешенді мектептерде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұнын сипаттау;
4. Бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық дарындылығын жұмысын ұйымдастырудағы
мұғалімнің ролін қарастыру;
5. Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен оқушыларды шығармашылық жұмыс жасауға үйрету жолдарын көрсетіп, айқындау;
6. Эксперимент жұмысының нәтижесі мен қорытындысын талдау.
Зерттеудің теориялық әдіснамалық негіздері: философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттердегі шығармашылық теориясы, тұлға қажеттілігін қанағаттандыру арқылы оқушының шығармашылық дарындылығын дамытуға қатысты тұлғалық, танымдық теориялар.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары педагогиканың ғылыми негізінде зерттеу нысаны, өзіндік ерекшелігі бар жеке саласы ретінде анықтауға талпыныс жасалды. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижелері бастауыш сыныпта пәндерді оқытудағы мәселелерге өз дәрежесінде үлес қоса алады деп санаймыз.
Зерттеудің әдістері: проблемаға байланысты философиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; педагогикалық іc-тәжірибелермен танысып, ғылыми тұрғыда сұрыптап, талдау; оқушылар мен, мұғалімдер мен әңгімелесу; топтық және жеке әңгімелесулер.
Зерттеудің кезеңдерi: бірінші кезеңде (2009-2010жж) тақырып анықталды, зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, әдістері жазылып, тұжырымдалды. Тақырып бойынша теориялық-педагогикалық негіз зерттелді, патриоттық тәрбие беру бойынша деректер жинақталды.
Екінші кезеңде (2010-2011жж) жиналған теориялық және деректі материалдарға жүйелі ғылыми талдау беріліп, сұрыптаудан өткізілді, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны мен әдістемесі анықталып, білім беру мекемелерінде іс жүзінде жүзеге асырылды.
Үшінші кезеңде (2011-2012жж) жиналған материалдар теориялық тұрғыда қорытындыланды, педагогикалық құнды ой-пікірлер сараланып, жүйеге келтірілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бойынша алынған нәтижелер талданып, қорытындылар жасалды, зерттеу тұжырымдамалары анықталды. Іріктелген материалдар ғылыми зерттеу жұмысы болып жинақталды.
Зерттеу базасы: Өскемен қаласы, №16 қазақ орта мектебі.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1 Шағын кешенді мектептерде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
1.1 Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасы
Өркениеттік қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім беру мен тәрбиелеу, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын дамытуды, кәсіби біліктілігі мен іскерлігін талап етеді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқына көтерілуі ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасының [2] президенті Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер − бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелген міндет өте ауыр», − деген болатын.
Осыдан келіп, қазіргі заманғы мектеп алдындағы өте күрделі мақсатты бәріміз де мойындаймыз. Ол − шығармашылыққа бейім тұлғаны дамыту, яғни мектеп ортасындағы мұғалім мен оқушының өзара үйлесімді шығармашылық іс−әрекеті.
Бүгінгі таңда
білім саласының алдында
Әрине мәселе
тек басты ұғымның мәнін
Шығармашылық – адам ісі, әрекеттерінің бір түрі [7]. Мұндай әрекеттің ерекшелігі, даму деңгейі тек әлеуметтік факторларға да байланысты. Тек шығармашылық қана адамға мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік береді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын мектептің алар орны ерекше. Өйткені білім беру мекемелері:
1) оқушылардың парасаттылық,
рухани, табиғи нанымдарын дамытуға,
өзінің қызығушылықтарымен
2) жеке адамның сенімдерін дамытуға үйрету;
3) бір адамның еркін шығармашылық ойлауына, оның барлық қабілеттерін дамытуға, өз күшіне деген сенімнің болуына жағдай жасауы тиіс.
«Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет [8].
Адам бойындағы
қабілеттерін дамытып, олардың
өшуіне жол бермеу оның рухани
күшін нығайтып, өмірден өз орнын
табуға көмектеседі. Адам
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту