Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:44, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.
Кіріспе
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
1.1 Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасы
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық–психологиялық негіздері
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту әдістемелік негіздері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығы жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі
2.2 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен балалардың шығармашылық жұмыс жасауға үйрету жолдары
2.3 Эксперимент жұмысының нәтижесі мен қорытындысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кесте 8
Білім деңгейінің диагностикалық картасы
Деңгей |
Критерийлер (деңгейдің сипаттық мазмұны) |
Жоғары |
- оқыған материалдарды талдай алады; - түсінігін топтап, жүзеге асыра алады; - оқу тапсырмаларын
өз бетінше орындайды, - білімді шығармашылық тасымалдауды жүзеге асыра алады. |
Орташа |
- оқу материалының
көлемінде жеткілікті - тапсырманы шығаруда білімін пайдаланады, бірақ жеңіл-желпі қателіктер жібереді; - мұғалімнің басқыншылығымен пікірді өз бетінше шешеді, пікірдің тиянақсыздығы, басқаның пікірін жиі мақұлдайды. |
Төмен |
- өз бетінше тапсырманы орындай алмайды, тапсырманы шығаруда қателерді көп жібереді; - оқушы дайын шешімге ортақтасуға тырысады. |
Сонымен, бұл деңгейлердің проценттік көрсеткіші эксперименттік және бақылау сыныбында төмендегідей шықты.
Кесте 9
Білім деңгейінің көрсеткіші
Сынып Оқушы тізімі |
| ||||||
Жоғары |
Орташа |
Төмен | |||||
3 «А» |
25 |
Оқушы |
% |
Оқушы |
% |
Оқушы |
% |
12 |
48 |
11 |
44 |
2 |
8 | ||
3 «Б» |
25 |
10 |
40 |
9 |
36 |
6 |
24 |
Эксперимент нәтижесі бойынша 3 «А» сынып оқушыларының білім, білік, икем дағдыларының деңгейі 3 «Б» сыныбымен салыстырғанда қаншалықты жоғары жетістіктерге жеткенімізді салыстырмалы түрде құрылған суреттен көруімізге болады.
Бұл суретте 3 «А» сыныбында жүргізілген эксперимент жұмысымыздың нәтижесін көре аламыз. Қорытындылай келе, бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылығының артуы; өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы; шығармашылық тапсырмаларды орындай алуы; ойлау белсенділігі, тапқырлығы, шешім қабылдау әрекетінің дамуы, жалпы алынған нәтиже шығармашылық іс әрекетті енгізуге болатынын көрсетті.
Қорытынды
Қоғам дамуының республикамызда орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық бағыттары және жас ұрпақты ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеу проблемасы, оқыту мақсатын, мазмұнын, түрін, әдістерін қайта қарап, оқу процесіне көптеген өзгерістер енгізуді қажет етеді. Білім саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасында: «Бұл саланы реформалаудың стратегиялық нысаны мүлде жаңаша, шығармашылық тұрғыда ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік адамдардың жаңа легін, дүниеге этикалық тұрғыдан жоғары жауапкеріпілікпен қарай білетін, біліктілігі жоғары мамандарды қалыптастыру идеясы болуға тиіс» – деп көрсетілген болатын.
Шығармашылық дарындылықты дамыту мен оның психологиялық табиғаты, мәні мен мазмұнын түсінуге байланысты ой-пікірлер тамырын тереңге бойлайды. Оның маңыздылығы жөнінде қазақ ғұлама ағартушылары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. еңбектерінде сөз қозғайды.
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласындағы міндеттерді орындауды жаңаша сипатта қарастыра отырып, қол жеткен жетістіктерге сын көзбен сараптау және оны бағалауда озық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытуды басты назар етіп алады.
Қазақстан Респуликасының
«Білім туралы» Заңында ұлттық және
адамзаттық құндылықтарды, ғылым мен
практикадағы жетістіктерді адамның
шығармашылық, рухани дамуына, дара мүмкіндіктері
мен интеллектуалдық
Осыған байланысты, орта мектептерде пәнді оқыту әдістері оқу процесінің сапасын жоғарылату, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін белсенді түрде дамыту, білімнің мазмұнын толықтырып жетілдіру бағытында жаңартылуда. ЕлІміздегі білім жүйесі дүниежүзілік білім кеңістігіне кіріге бастауына байланысты, білім мазмұнынын мақсатты компоненттері өзгеруде.
Жалпы, бастауыш мектептерде білімді жемісті оқыту мәселесінің шешілуі оқу процесіие қандай жаңа әдістемелер мен құралдардың енгізілуіне байланысты. Күнделікті өмірдің өзі бұл әдістемелер мен құралдардың бүтін жиынтық яғни оқу жоспарын құруға ғылыми негізделген тәсілдерді пайдалана отырып, білім мазмұнындағы интеграциялау проблемасын шешетін, сондай-ақ оқытудың сапасын артгыратын, интенсивтілігі мен бейімделуі арқылы оның шығармашылық деңгейін жоғарылататын көрсетіп отыр.
Энциклопедиялық сөздікте:
«шығармашылық ешқашан
Шығармашылық психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары формасы және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзіндің ерекшелігімен бағаланады.
Американдық психолог Фромм анықтамасы бойынша шағармашылық дегеніміз – бұл, тани білу, жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті.
И.П Волков бастауыш сынып оқушысы үшін шығармашылық деп «оқушы игерген білімін, білігін әдістерін тиісті жерде қолдана отырып, баланың өзі үшін пайдалы және жаңалық болып есептелетін іс−әрекеттің нәтижесін» атауды ұсынады. Бізде осы анықтамаларды басшылыққа ала отырып оқыту процесіндегі шығармашылық деп, оқушының қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың себеп салдарын өз көзқарасынша қабылдап, түсіне отырып, қиялы мен белсенді ой еңбегі арқасында бала үшін бұрын болмаған, жаңалық болып табылатын пайдалы іс−әрекетті орындау нәтижесін айтамыз.
Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады. Шығармашылық әрекетке – оқушының проблеманы көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар тудыра алуы жатады.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерлікгің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Осындай ерекше мәнге ие болып отырған кезде бүгінгі мектеп алдьнда оқушыларға білім берумен қатар, олардың ақыл-ой белсенділігін, шығармашылық іс-әрекетін дамыту мәселесі тұр. Осы жерде оқушының танымдық сұранысын туғызатын, оның іс-әрекетінің шығармашылық сипатқа ие болуын қамтамасыз ететін шығармашылық тапсырманы шығарудың мәні зор.
Шығармашлық тапсырмаларды мазмұнына, шығару тәсіліне, функциясына, қиындық дәрежесіне қарай классификациялау мәселенің негізгі жағын - тапсырманы шығарушы оқушының іс-әрекетінің сипатын ескермейді. Барлық шығармашылық тапсырмалар тапсырманы шығарушы сипатына қарай шығармашылық тапсырмалар және жаттығу болып бөлінеді.
Ал, шығармашылық тапсырмалар мәнінде жасырын жатқан заңдылықтарды ұғыну мақсатындағы оқушының танымдық ізденістегі іс-әрекеті оның қарапайым өзгеше шығармашылық сипатымен ерекшеленеді. Шығармашылық тапсырмалар оқушы санасында білімнің логикалық құрылымын ғана емес, ақыл-ой қызметінің эвристикалық тәсілдерін де қалыптастырады.
Оқушының шығармашылық тапсырманы шығару мен оның мүмкін нәтижелерін алудағы сұранысы оның шығармашылық іс-әрекет талпынысын туғызады. Шығармашылық тапсырмаларды шығаруда оқушының сұранысы тапсырмаларды шығаруға қойылатын талаптар арқылы тудырылады. Мұнда шығармашылық тапсырмалардың қарапайым тапсырмалардан айырмашылығы - оқушының тапсырманы шығарудағы іс-әрекетінің тек сыртқы талаптармен ғана шектеліп қалмауын ескеру қажет. Басқаша айтқанда, оқушының тек тапсырманы шығаруға бағытталған іс-әрекеті шығармашылық тапсырмалардың мазмұнында жасырын жатқан заңдылықтарды ұғынуға ұмтылдыратын іс-әрекетке айналуы керек.
Шығармашылық тапсырманы шығаруда осындай тұрғыда қарастыру оқушылардың потенциалдық мүмкіндіктерін ашып, оның ой қызметінің шектеусіз қозғалыста болуына мүмкіндік туғызады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ СОҢҒЫ БЕТІ
Диплом жұмысын өзбетіммен орындадым. Диплом жұмысында пайдаланылған барлық материалдар ғылыми әдебиеттерден алынып, оларға сілтемелер жасалды.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту