Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:44, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.
Кіріспе
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
1.1 Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасы
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық–психологиялық негіздері
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту әдістемелік негіздері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығы жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі
2.2 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен балалардың шығармашылық жұмыс жасауға үйрету жолдары
2.3 Эксперимент жұмысының нәтижесі мен қорытындысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
К.Д. Ушинский логикалық ойлауға үйрету үшін ең алдымен балаларды жан-жақты бақылауға үйрету керек деген. Оқушылардың бақулауы жүйелі түрде және дұрыс бағытта іске асуы үшін ең алдымен бақылаудың мақсатын, қабылданатын объектілердің мөлшерін анықтап беру қажет, «Бақылау» тек қана сезім мүшелерінің ғана жұмысы емес, ол адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты. Бақылауда оқушылардың анализ бен синтез, салыстыру арқылы заттардың негізгі қасиеттерін ажырату, топтастыру, қорытындылап жасау сияқты ойлау процестерін қолдануларына басшылық ету қажет [12].
Бақылау - оқушылардың ой белсенділігін, өзбетттілігін дамыту жолдарын іске асыру, яғни, табиғат құбылыстарын, әртүрлі адамдардың іс-әрекетін, көңіл-күйлерін бақылау, қорытынды шығару. Сабақта ойын элементтерін пайдаланып, оқушылардың байқағыштығын арттыру.
Ойын: «Байқа».
Мұғалім әртүрлі геометриялық фигуралар салынған карточкаларды көрсетеді. Оқушылар еске сақтау арқылы дәптерлеріне карточкадағы суреттерді салады. Карточка оқушылардың алдында 2-3 секунд қана болады.
С |
( |
( |
( |
( |
$ |
Сурет 8 Геометриялық фигуралар карточкасы
Оқыту барысында әр алуан әдіс-тәсілдер, әр алуан жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқушының логикалық ой жүйесі мен абстракциялау қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөліп отыру қажет. Бұл оқушының ақыл-ой қабілетін арттырады, білімнің сапалы, тиянақты, толық болуына әсер етеді. Баланың өзіндік ойлау дағдысын тәрбиелейді.
Жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үміт артар келешегі бүгінгі мектеп партасында отырғандар десек, оларды жан-жақты уақыт талабына сай білімді, мәдениетті, интеллектуалды азамат етіп шығару - бүкіл ел-жұрт, отбасы, қоғамдық мекемелер болып бірлесе атқаратын аса жауапты міндеті екені де айқын. Тәрбиенің осы бір сан-салалы, күрделі, мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті өміріміздегі қарапайым дағдылар арқылы бала жүрегіне жол табуға тырысатын алғашқы білім баспалдағы - бастауыш мектеп болып табылады.
Өйткені, бала да «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілетін» балапан сияқты айналамыздағы әр нәрсенің қыр-сырын білуге табиғатынан ынтазар болып табылады. Құнарлы жерде өскен мәуелі ағаш тамыры секілді осы жаста берілген тәрбиенің сөлі мен нәрін бойына сіңіріп, қуат алып өскен баланың өмірге деген бейімділігі де, зерделілігі де анағұрлым жоғары тұрмақ.
Ал, баланы оқыту мен тәрбиелеу - ұзақ жылдарға созылатын, инемен құдық қазғандай, бейнеті ауыр еңбек екенін ескерсек, бұл орайда ұстаздар қауымының орны ерекше.
Міне, қалай болғанда да алла жаратқан әрбір пенденің өзіндік ерекшелігі, өзіндік қабілет-қарымы бейімділігі болатыны даусыз. «Бұлақ көрсең - көзін аш» деген сөзді дана халқымыз адамның тәрбиесіне байланысты айтқан. Яғни, адамның бойындағы дарынның көзін аш дегені. Әр баланың бойындағы осы бір ерекшеліктерін дәл басып танып, оны әрі қарай дамыту үшін ата-анамен байланыс жасау, олардың жан-ұялық жағдайын зерттеу ата-ананың өзінің қабілет даныны қандай, арғы тегінде өнерпаздық дарыған адамдар болған ба, міне, осылардың барлығын бірінші сыныпқа бала қабылдаған күннен бастап, зерттеуді талар етеді [42].
Оқушыларымызды қабылдағаннан кейін ата-аналармен анкеталық сұрақтар беру арқылы зерттеулер жүргіздік.
1 Аты-жөні.
2 Туған жылы, білімі.
3 Қызметі.
4 Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
5 Балаңыздың мінезін қалай деп ойлайсыз?
6 Неге қабілеттілігі бар?
Осы анкета сұрақтарына берілген жауап бойынша біраз бақылағаннан кейін, оқушылардың өздігінен ойлау қабілетін арттыруға, мінез құлықтарын жақсы қасиеттермен қалыптастыруға және ата-аналарын құрметтеуге баулу мақсатынды «Танысу кеші» атты алғашқы тәрбие сағатын өткіздік. Тәрбие сағаты ата-аналармен бірлесіп ойын түрінде ұйымдастырылып, жұмыстардың бірнеше түрі қолданылды. Топқа бөлінген сынып оқушылары ата-аналармен бірлесіп өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаш-жұмбақ, мақал-мәтелдер айтысты. Тәрбие сағаты барысында оқушылардың өз ойларын еркін, жасқанбай айтып, қызығушылықпен қатысты. Жаттығуға арналған таақпақтар, сөздіктер, жұмбақ-жаңылтпаштар, санамақ, қысқа ертегілер, өлеңдер қоры қаншалықты мол болса оқушылардың ойлау қабілеті, қызығушылығы соншалықты арта түседі. Мысалы: «р» дыбысын дұрыс айтуға үйрететін «Ей, Тайқарбай, Тайқарбай! Малыңды жадыраға жай, Тайқарбай!» деген жаңыылтпашты жылдам айту кезінде балалар «р»-дың орнына «и»-ды айтып қалып, қыран-топан күлкіге кенеліп жатады. Сол сияқты:
Ақ шар бар,
Көк шар бар,
Көп шар бар,
Бес шар бар, - деп тез-тез қайталағаан кезде, балалар «бес шал бар», «ақ шал бар» деп жаңылысып мәз-мәйрәм болады. Міне, осы сәтте мұғалім ортаға шығып, жоғарыдағы қателіктерді дұрыстап түзетуді сұрап, әлгі жаңылтпашты тағы да бірнеше рет айтқызады. Ақыры өзінің мақсатына жетеді. Балалар да әсерленіп оны ұзақ уақыт естерінде сақтайды.
Оқушылардың ойлау қабілетін, тілдік қорын дамыту: мейірімділікке, әдептілікке, қарапйымдылыққа баулу мақсатында - халық педагогикасының негіздеріне сүйене отырып, «Ойна да, ойлан», «Имандылық әліппесі», «Ерікті ел – Қазақстан», «Өнегелі өміріне еліктейміз», «Ұлы Жеңіс» атты өткізілген тәрбие сағаттары - жас ұрпақтың ертеңгі болашағына да игі әсерін тигізетіні хақ.
Тәрбие сағаттарында оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырудың бір жолы мақал-мәтелдерді, жұмбақ-жаңылтпаш, ертегілерді пайдалану мақал-мәтелде бір-біріне қарама-қарсы ұғымдармен нәрселерді салыстыру арқылы ой-пікірді айқындай түсетіндігін айта отырып, баланың танымдық қасиеттерін қалыптастырып, ойлау қабілетін дамыттық. Ертегілерді пайдалану - оқушының тіл байлығын дамытып, баяндау қабілеті артады, ойын жүйелі, әсерлі жеткізуге тырысады.
«Қош бол, Әліппем» атты тәрбие сағатымызда өтірік өлең, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер айтудан жарыс өткіздік. «Мақта қыз бен Мысық» ертегісінен көрініс көрсеттік. Осындай түрлендіре жүргізген жұмыс - оқушының ойлау қабілетін тудырып, шығармашылық ізденіске бейімделушілігін молайтады, тіл байлығын дамытады. Әр оқушы өз бетінше жұмыс істеуге қалыптасады, келесі баланың жұмысына сын көзбен қарай біліп, бағалауға, ойын еркін, дұрыс, ашық айтуға үйренеді.
Тәрбие сағатында ойын түрлерін пайдалану - оқушының ақыл-ойын кеңейтеді, Адамгершілік эстетикалық тәрбие, бір-бірімен достық қарым-қатынас мәселесі де жүзеге асады. Мысалы, «Наурыз - жыл басы» атты тәрбие сағатымызда «Теңге алу», «Асық», «Күш сынасу» ойындары дәлел бола алады.
Оқушының ойлау қабілетін дамыту мақсатында оның ауыз әдебиетіміздің ғажайып үлгілері - мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, өлең-жырларды үйретудің басты жолдарының бірі «Тілдің мерейі - елдің мерейі» атты тәрбие сағатымыздың сценариімен таныстыра кетпекпіз.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой-өрісін кеңейтуге, шешндік өнердің қыр-сырын ұғына білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Ұрандар, мақал-мәтел жазылған плакаттар, т.б.
Сабақтың барысы: Сахна үйдің төрі сияқты безендірілген.
Мұғалім Кіріспе сөз.
Елімізді басқа ел
танып жатқанда, ттәуелсіз ел тірегі
- білімді ұрпақты тәрбиелеу
Алдымен кезекті Ұлы Абай атамызға берейік!
1-оқушы: Өнер алды - қызыл тіл
Ой толғаған сырлы тіл,
Қалауын тауып қар жаққан
2-оқушы: Ұғым түсінік өрген тіл,
Түйсік, саңылау түйген тіл,
Қырлап қыйсын түгелдей,
Жүйе желісін тартқан тіл,
Сарап түзеп ашқан тіл,
Бүкпей құпия тапқан тіл,
Қисындай толған қиянды,
Мезгеуін мезет ұтқан тіл!
3-оқушы: Көкіректен суырылған тіл,
Сыбыс, дыбыс жиған тіл,
Буындай ұғым шығарып,
Үйлесті сөз құрған тіл.
4-оқушы:
Қырлап, сырлап астарлап,
Толқынды ой толғаған тіл,
Сөз тізілтіп тізген тіл,
Ес-сана кіріккен тіл,
Бұлбұлындай арманның
Сыңғырлаған сайраған тіл!
Мұғалім: Қазақ халқы тіл өнеріне, шешендікке зор мән берген. Атақты билер мен шешендер, ақындар мен жараулар дау шешіп, айтысқан кездерде ұйқастыра өлеңдетіп сөйлеген. Енді балаларды осындай шешендікке баулу үшін қазір «Ұйқасын тап» ойынын өткіземіз.
Мұғалім: Ана тілін білмеген адам-
Оқушы: Ештеңе сезбейтін надан.
Оқушы: Түк сезбесе балаң-
Оқушы: Жақсылық күтпе одан.
Мұғалім: Жүйрік тілді ақын бол!
1-оқушы: Жақсылыққа жақын бол!
2-оқушы: Достарыңмен тату бол!
3-оқушы: Дұшпаныңа қату бол!
Мұғалім: Ақындардың бірі бол!
4-оқушы: Туған елдің ұлы бол!
5-оқушы: Туған жердің гүлі бол!
6-оқушы: Азамат бол, ірі бол!
Мұғалім: Енді мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш айтып, тілімізбен ойымызды жаттықтыруға талпынып көрейік. Кім қандай мақал-мәтел біледі? «Оқушылар кезектесіп шығып, мақалдар айтады».
Мұғалім:
Кіші үйдің ішінде балуан би. (ауыз, тіс, тіл)
Үстінен ақ тақырдың із кеседі. (саусақтар, қалам, қағаз, жазу)
Мұғалім:
Көркем сөз: «Ана тілім»
Көрініс: «Зерделі»
Оқушылармен жүргізілген ой дамыту жұмысы әр сабақтың бөлінбес бір бөлшегі болуы қажет. Ол күрделі де творчестволық процесс. Баланың ақыл-ойын дамытуда басты назар аудаылатыны олардың орындаған жаттығуларының мазмұндылылығы, жүйелілігі, өрнектей түрлендіре алушылығы.
Түрлі тәсілдермен ұйымдастырылатын сабақ оқушының жан-жақты дамуына ықпалын тигізеді. Ойын еркін жеткізуге көркем де, тартымды сөйлеуге дағдыландырады. Соның нәтижесінде оқушылар жаттандылықтан, мағынасыз жауаптан арылып, сабаққа белсене қатысатын болады. Қорыта айтқанда, ой дамыту жұмыстарына қойылатын талаптар да балаларға білім беру, іскерлікке және олардың білімін дамыту мақсаттарына бағынуы тиіс.
2.3 Эксперимент жұмысының нәтижесі мен
қорытындысы
Бастауыш сыныптарда оқушыларды шығармашылық іс–әрекетке енгізу жолдары деген тақырыппен ұйымдастырылған диплом жұмысының практика негізінде шығармашылық іс–әрекетке енгізу жолдарын анықтау мақсатында эксперимент жұмысы ұйымдастырылды.
Ұйымдастырылған эксперимент №16 орта мектебінің 3 «А» сыныбында жүргізілді.
Эксперимент жүргізбес бұрын 3 «А» сыныпты эксперимент сынып деп, ал 3 «Б» сыныпты салыстырмалы түрде бақылау сыныбы деп белгіледім.
Эксперимент жұмысымыздың алғашқы кезеңінде осы мақсаттарға сүйене отырып, жоғарыда анықталған эксперименталды және бақылау сынып оқушыларының білім деңгейін анықтадық.
Кесте 6
Білім деңгейінің диагностикалық картасы
Білім деңгейі |
Критерийлер |
Жоғары |
Оқу материалын толық меңгеру, өз бетінше білімін жетілдіру, сұрақтарға тиянақты жауаптар дайындау, шығармашылық тапсырмаларды орындай алу, үй тапсырмасын еркін орындау, пікір сайысына белсенді түрде қатысу, әрбір мәселе туралы пікірінің болуы, өз жұмысын бағалай білу. |
Орташа |
Оқу материалының көлемінде жеткілікті білім қорының болмауы, сұрақтарға жауап беруге, үй тапсырмасын орындауға, шығармашылық тапсырмаларды орындауға қиналу, пікір сайысында белсенділік таныта алмау, басқаның пікірін жиі мақұлдайды. |
Төмен |
Оқу материалы туралы ұғымы төменгі дәрежеде қалыптасқан, өз бетінше ешбір тапсырманы орындай алмайды, баядау, дәлелдеу қабілеті толық қалыптаспаған. |
Білім деңгейінің
анықтау картасының
Кесте 7
Эксперимент басында оқушылардың білім деңгейі
Сынып Оқушы тізімі |
| ||||||
Жоғары |
Орташа |
Төмен | |||||
3 «А» |
25 |
Оқушы |
% |
Оқушы |
% |
Оқушы |
% |
7 |
32 |
12 |
40 |
6 |
28 | ||
3 «Б» |
25 |
7 |
28 |
12 |
40 |
8 |
32 |
Сурет 6 Эксперимент басында оқушылардың білім деңгейінгің көрсетікші
Эксперименттің екінші кезеңінде оқушылармен жаңа сабақ өтіп, әртүрлі шығармашылық тапсырманы ұсындық (Тіркеме А).
Мәселен оқу мақсатын анықтап алғаннан кейін, оқу элементтерінің мазмұнын, көлемін, ретін, олардың әрқайсысына кететін уақытты, жұмыс түрін анықтадық. Қосымша материалдар, көрнекі құралдар, тапсырмалар іріктірілді. Ал біз бақылай жүріп, әлсіздерге көмектесіп, күштілерді мадақтап, әр оқушымен жеке байланыс жасадық. Мүмкіндігінше әр тапсырманың алдында оқушылар білімінің деңгейін анықтап, дәл уақытында түзету жасауға тырысқан жөн.
Екі сыныпты салыстыра отырып, мынадай қорытынды шығаруға болады: екі сынып та сабақтың әртүрлі әдіс-тәсілдермен өтуін ұнатады (60-70 %) және оларды мұғалімнің сабақ беруі қызықтырады. Ал жазба жұмыстарын, әртүрлі тапсырмаларды орындауды онша жақсы көрмейді (20 %). Одан гөрі эксперимент сыныбының оқушылары бақылау сыныппен салыстырғанда практикалық сабақтардың қажет екенін есептейді (70-30 %).
Іс тәжірибенің қорытынды кезеңінде екі сынып та тест жұмыстарын, сынақ, бақылау тапсырмаларын жүргізе отырып, іс тәжірибе кезеңіндегі материалды қаншалықты меңгергенін және оқушылардың жалпы білім деңгейінің дамуын келесі интеллектуалдық ерекшеліктеріне (оқу материалын түсінуі, талдауы, ойлау икемділігі, ойлау шапшаңдығы) сүйене отырып, келесі критерийлер арқылы анықтап, қорытынды шығардық (Кесте 6).
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту