Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:44, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.

Содержание

Кіріспе
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
1.1 Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасы
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық–психологиялық негіздері
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту әдістемелік негіздері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығы жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі
2.2 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен балалардың шығармашылық жұмыс жасауға үйрету жолдары
2.3 Эксперимент жұмысының нәтижесі мен қорытындысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 640.00 Кб (Скачать документ)

 «Шығармашылық тапсырмалар» [47] термині педагогикада екі құрамдас бөліктен тұрады. Балалар дербес, өз бетімен құрастырады, ойдан айтады, себебі жағдай тудырушы, материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы қарастырылады. Педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне байланысты.

В.А.Моляко [48] шығармашылық тапсырма деп толығымен жаңа болатын, субьектіге таныс емес немесе көп мөлшерде жаңалығы бар, әртүрлі ақыл-ой күшін қажет ететін, арнайы ізденіс, шешудің жаңа жолын табуды қажет етуі керек. Шығармашылық процесте ол үш маңызды кезеңді атап көрсетеді:

1. Тапсырма шарттарын  түсіне білу (шартын бағалау);

2. Болжам жасай білу (ниет);

3. Болжамды алдын ала  шешу мен тексеру.

 

 

Сурет 5 В.А.Моляко бойынша шығармашылық процестің негізгі циклдары

 

Оқытуда шығармашылық жұмысқа көп көңіл бөлу қажет. Әр түрлі жаттығулар орындау барысында шығармашылық түсініктер бекітіледі, орындау дағдылары қалыптасады, геометриялық фигураларды сыза білуге, оқушылардың кеңістік жөніндегі көзқарасы дамиды, өз білімін өмірде пайдалана алуға үйретеді.

Шығармашылық жұмыс  ұйымдастыру формасы мынадай: жеке оқушымен, топпен жұмыс, барлық оқушымен болады.

Шығармашылық жұмыстардың  негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық және зертханалық  жұмыстар, тексеру, бақылау жұмыстары, сын жұмысы, өздік жұмыстар, рефераттар мен баяндамалар жасау, тәжірибе жасау, тест жұмысын орындау болып табылады.

 

 

Тексте баяндалған мағлұматтарға  зейін қоя білу, параграфтың соңында  берілген немесе мұғалім қойған сұрақтарға текстен жауап іздеу, графиктер  мен таблицалардан мәліметтер ала  білу, алфавиттік көрсеткіштерді пайдалану  сияқты оқулықпен жұмыс істеудің алғашқы машықтары 4-5 сыныптарда қаланады.

Ал оқу материалының жоспарын құру оқушылардың аналитикалық – синтетикалық қызметін дамытып, текстегі ұғымдардың арасында байланыстар орнатуға машықтандырады. Осыған орай, оқулықтағы теориялық материалмен жұмыс барысында мынадай тапсырмаларды орындатады:

1) анықтамамен жұмыс  істеу: анықтаманы оқу;

2) жоспар бойынша оқығандарды  айтып беру;

3) сұрақтарға жауап  беру;

4) тексті оқу, ондағы  ең маңызды мәселені бөліп  көрсету;

5) тексті оқу және  жоспар құру;

6) оқулықта берілген  материал негізінде таблицаларды, схемаларды, графиктерді құру.

Оқулықпен жұмыс істеген  кезде олардың оқушыларды кітаптың мазмұны және атау көрсеткішімен  таныстырудың зор мәні бар. Бұл үшін алдымен оқулықтағы қажетті материалды көрсетуді оқушылардан талап ететіндей жағдайды әдейі туғызады [41].

Кітап оқығанда суреттермен, таблицалармен немесе графиктермен жұмыс істеудің рөлі ерекше. Олар көп  ретте тапсырманың шешуін оқушылардың өздігінен табуына және теориялық тапсырмадан қолданымды тапсырмаға көшуге көмектеседі. Ұғымдарды дұрыс меңгеріп, түсіну үшін оқушылар әрдайым сөздіктерден, анықтамалардан қажетті терминдердің мән-мағынасын өздігінен іздеп табуға машықтануы керек.

Үй тапсырмаларының  тиімділігінің басты шарты –  барлық оқушының тапсырманы ұқыпты да сөзсіз орындауы. Бұл тапсырманы орындаудағы дербестіктің деңгейін үйге берілетін тапсырмаға ұқсас тапсырманы сыныпта шығару, үйге тапсырылған материал бойынша шығармашылық диктант, конспекті жаздыру және т.б жолдармен анықтайды.

Оқушыларға шамадан тыс тапсырма беріп қиындық туғызбау үшін үй тапсырмасының мазмұнын толық, әрі анық тұжырымдап, кездесетін қиындықтарды атап айтып, оларды меңгеруді жолдарын көрсетіп отырған пайдалы. Егер мұғалім сыныпта өткен материалды оқулықпен немесе ондағы қосымша мағлұматтармен байланыстырмаса, сыныпта шығарған тапсырмаға ұқсас тапсырма бермесе оқушылар сөзсіз қиындыққа ұшырайды.

Қазіргі күннің ең басты  мәселесі - оқушылардың логикалық  ойлауын дамыту.

Даму дегеніміз белгілі  бөлшектердің өлшем шегінен шығып, сапалы өзгерістерге айналауы.

 «Логикалық ойлауды  дамыту» дегеніміз - барлық логикалық  ойлау операцияларын арнайы жүййелі  тұрде қалыптастыру, ойлау белсенділігін,  өзбеттілігін дамыту, трансформация  әрекетін яғни, объектіні өзгерте  білу қабілеттерін жетілдіру жүйесі:

  1. Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру: талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау.
  2. Ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту: әртүрлі болжам, пікір айта білу: мәселені шешудің бірнеше тәәсіілдерін ұсыну.
  3. Трансформация әрекетін жетілдіру: заттарды бөліктері арқылы құрастыру: объектілер топтарының арасындағы қатынастарды анықтай білу.

Логикалық ойлау операциаларын  қалыптастыру жолдары:

  • заттардың, сөздердің, сандардың қасиеттерін сипаттау: берілген қасиеттерге сай заттарды тану:
  • заттардың, сөздердің, сандардың ұқсас және өзгеше қасиеттерін анықтау: заттардың мәнді қасиеттерін белгілеу:

Заттарды, сөздерді, сандарды өзараа салыстыра білуге үйрету. Заттарды, сөздерді, сандарды топтау.

  • оқиғаның тізбектілігін анықтау. Қарама-қарсы құбылыстар жайлы пайымдау.

Трансформация әрекетін жетілдіру бағытында арнайы жаттығулар ұсынылады:

а) «Бірдейін тап» жаттығуы. Оқушының мақсаты: басқа фигуралардың арасынан керектісін ойша тауып алу.

б)  «Өзгеру құпиясы неде» Оқушының мақсаты: трансформацияя тәсілдерін салыстыра және талдай отыра, логикалық тізбектілікті жасау.

Л.С. Выготский өзінің еңбектерінде «Ойлау - шыңдалған, Ойлау өмірдегі көп ақпараттың ішінен өзіңе керектігін таңдау деген сөз» деп жазған. Ендеше, сабақтың үш кезеңінен:

1-кезең - ой шақыр. «баланың  сабаққа зейінін аудару; мотивациясын аудару, яғни, ішкі сезімді аудару, икемдеу».

2-кезең - мағынаны таңдау «жаңа тақырыпты бойына сіңіру»

3-кезең - ой толғану  (қорытынды).

Оқушылардың өзбетінше  жұмысын ұйымдастыруды мұғалім  оқу тапсырмасыымен оның орындалу тәртібін алдын-ала айқындап, бекітіп алуы тиіс. Оқушылардың өздерін іізденіске баулу керек. Мысалы: 1-сынып «Ғарышкер» тақырыбын өткенде оқу мен жазу арқылы тың тұрғысынан ойлауды дамыту  жүзеге асырғанымызды айта кетпекпіз.

Сабақта «Ассоциация» әдісі қолданылды. Оқушылардың алдына мақсат қойылды: «Ғарыш» деген сөзді естігенде ойларыңа не келді (2 суретті қара), соның бәрін жазыңдар, яғни, ой шақыру кезеңі өтеді. (1 кестені қара). Бұл оқушылардың толғанысын, қызығушылығын, ойлау қабілетін арттырады. Мағынаны түсіну, ажырату, одан қорытынды шығаруға әрекет жасайды.

Балалардың ойлау қабілетін  дамытуда салыстыру амалының маңызы өте зор.

Салыстыру дегеніміз - объективтік  дүниедегі нәрселер мен құбылыстардың  ұқсастығын және айырмашылығын анықтаудың логикалық тәсілі. К.Д. Ушинский «Салыстыру - түсінудің, ойлаудың негізі. Дүниеде барлық болып жатқан құбылыстарды салыстыру арқылы ғана білеміз, егер бізге еш нәрсемен салыстыруға болмайтын, еш нәрседен айыруға болмайтын бір жаңа зат кездессе, біз бұл зат туралы бірде бір пікір, бір ауыз сөз де айта алмаған болар едік».


 

 

 

ҒАРЫШ

 

 

Сурет 5 «Ғарыш» сөзінің ассоциациялық бағыттары

 

Оқудың табысты болуы  оқушылардың салыстыра білу, яғни, ұқсастық пен әр тектілікті байқау қабілетінің қалыптасуымен анықталады. Сондықтан оқушыларға салыстыру амалын дұрыс қолдануды үйрету керек. Мысалы мынандай тапсырмаларды орындату пайдалы:

  1. Салыстырудың мақсатын анықтау.
  2. Нәрселерді қандай белгілері бойынша салыстыруға болады?
  3. Салыстыру арқылы нәрселердің айырмашылық және ұқсастық белгілерін айырып беру.
  4. Салыстыру арқылы байқағандарына қорытынды жасау.

Нәрселерді қандай белгілері  арқылы салыстыруға болады?

  1. Заттардың байланысы арқылы салыстыру.
  2. Салыстырудың дұрыстығы арқылы салыстыру.
  3. Бір белгі бойынша, салыстыру (Венн диаграммасы)
  4. Маңызы бар белгілері бойынша салыстыру.

Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуда пәндерді оқытуда алатын орны ерекше, өйткені, ол бойынша орындалатын әрбір жұмыс ой белсенділігін қажет етеді. Біз сабақ беретін 3 «Б» сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қабілетін, ой өрісін ескере отырып, сабақ барысында оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлеміз.  

Салыстыру амалында Венн диаграммасын қолданып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға болады. Салыстырыып отырған заттардың байланысын, бір белгісін  анықтау; айырмашылығын анықтау. Мысалы: Геометриялық денелер, өсімдіктер, бунақ денелер, т.б. тақырыптарды өткенде пайдалану.

Оқушылар мұндай жұмысты  ойынға балап қызығушылықпен қатысады. Барлық схемалардың ішінен қажеттсін таңдап алу туралы ұсыныс «Берілген тапсырманы қай схемаға саламыз? Қазір қай схемаға жұмыс істейтін болады?» жасалады. Сандардың жиынтығы бар екінші схема бойынша балааларға ауызша және жазбаша түрде амал талдауды дәлелдей отырып тапсырма құрастыру ұсынылады.

3-сыныптың ана тілі  сабағында «Сөйлем» тақырыбын  өткен кезде С.Н. Лысенкованың  схемасын пайдаланамыз. Мысалы: Оқушы  қойылған сұраққа схеманы пайдаланып  жауап береді.

Көктем қандай тамаша!


  !

 

  • Сөйлем нелерден құралады?
  • Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
  • Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?
  • Сөйлемнің соңына не қойылады?
  • Сөйлем неше сөзден құралған?

Жауап бергенде қысылып-қымтырушылық, қателесіп қалам ба деген қорқыныш жойылады. Схема пайымдау мен дәлелдеудің алгоритміне айналады, ойлануға, себеп-салдарлық тәуелділіктер мен байланыстарда түсінуге бағытталады. В.А. Сухомлинский былай деп жазған болатын:

Кіші жастағы ақыл-ой еңбегін ұйымдастыру шеберлігі  баланың мұғалімді зейін қойып  тыңдайтын алғашқы әзірде күш салып отырғанын аңғармай есінде сақтайтын, ойлайтын, мұғалімді зейін қоя тыңдауға өзін зорламай-ақ еске сақтайтын, ойлайтын болуында. Тірек схемалар, міне осыған көмектеседі.

Сабақтарда тірек схемаларын пайдалану оқушылардың оқудың қиындықтарын жеңетіндіктеріне, өздерінің қабілетті екендіктеріне сенімінің негізіне бөленеді, ынталандыратын еңбекке деген түрткіге айналады.

Оқушылардың жеке ойлау  қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік  күш-қуаты мен сенімін арттыру  керек. қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағыт берген абзал.

Мұндайда кездесетін кейбір қиыншылықтардан қалай өтудің жолдарын меңгерту үшін дайын нәрсеге  көп әуестендірмеген жөн [31].

 Оқушының ойлау  белсенділігін, өзбеттілігін дамыту, яғни, әртүрлі болжам, пікір айта  білуін арттыру үшін БӨМШТ әдістемесін қолдану. Мысалы: сурет сабағында «Болашақтағы мектебім» деген тақырыпта сурет салғызу. «Жақсы ма екен, жаман ба екен?» деген атпен тіл байлықтарын өз ойларын айтуға үйрету. Мысалы: «Бауырсақ» ертегісі бойынша: «Түлкінің бауырсақты жегені дұрыс па?» Болжам, пікірлерін айтқызу, шағын пікірталас өткізу [32].

Оқушылардың ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту жолдарыныың бірі проблемалық жағдайлар туғызу, проблемалық  сұрақ қою.

Сабақта кездесетін проблемалы жағдайлар туралы сөз болғанда кейбір мұғалімдер арнаулы күш немесе айырықша әдіс қажет емес деп есептейді. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, мұғалім проблемалы жағдаятты өзі туғызу керек, әрине, әрбір жаңа тақырып оқушының ойында жаңа сұрақтар мен ізденістердің пайда болуына септеседі де, соны шешуіне тура келеді. Проблемалы оқытуда ізденістің екі түрі ерекшеленеді. Біріншіден, шындықты зерттеудің ғылыми жолы ашылады, екіншіден, проблемалы оқыту ойлаудан туған қайшылықтарды шешеді.

Проблемалық жағдайларды  құрудың әр түрлі мақсаты болуы мүмкін. Мысалы:

а) оқушыларға оқу-таным  міндеттееріндегі негізгі мәселені анықтауға және оны құруға көмектесу.

ә) мәселенің шешімін  іздеуге оқушылардың танымдық қызығушылығын  ояту.

б) олардың өздерінде  бар білімдерін мәселенің шешімін  табуға пайдалануына көмектесу.

в) оқушының алдына қиын тапсырмалар қойып, соларды шешуге бар ықыласын аударту.

Сабақта проблемалы жағдайларды  туғызудың мынадай әр түрлі жолдары  мен әдістері болуы мүмкін:

  1. Оқушылардың нақтылы теориялық түсіндіруді қажет ететін өмірлік фактілермен, заттармен кездесуі.
  2. Оқушылардың таным қызығушылығын арттыратын және нәтижесінде өз беттерінше белгілі бір шешімге келтіре алатын практикалық жұмыстың орындалуы.
  3. Оқушылардың күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға жасайтын талдауы [32].
  4. Бірқатар фактілерді салыстыру мен қарсы қоюдан туындайтын тынымдық қиыындықтар.
  5. Жаңа фактілерді оқушылардың алдын-ала қорытуы.

Мәселелердің шешімін  табу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін  нығайып, тереңдей түседі. Сондықтан  да оқушыларды тек тыңдатып қана қоймай, оларды ойландыратын түрлі әдістерді сабақта қолдана білу керек [32].

Ол үшін Швед педагогы Б. Блумның сұрақ қою такталогиясын пайдалану  Мысалы:

«Ойлау деңгейіне сәйкес сұрақтар схемасы (проблемалық сұрақтар қою)»

Ал іздену, ойлау, тапқырлық, білімділік көрсету қажет болатын тапсырманы өздігінен немесе проблемалы оқыту әдістерін қолданып шығарғанда ғана жаңа білім алуға, тапсырма шығарудың жаңа жолын табуға оқушылар қызығушылығының артуы мүмкін. Сондықтан да жаңа материал мазмұнын анықтағанда қай сабақта және қандай проблемалар қою керегін, оларды шешуде оқушылардың өзіндік іс-әрекеті қалай ұйымдастырылатынын алдын-ала белгілеп алу керек. Сонда тапсырманың қолайлысы оқу проблемаларын өздігінен зерттеудің ұйымдастырушы бастамасына айналады [27].

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту