Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 19:09, дипломная работа

Краткое описание

Міндеттері
- тақырыптың мазмұнын әртүрлі әдебиеттер мен оқулықтарға теориялық және практикалық талдаулар жасау;
-«валеология», «экология», «аспект» ұғымдарына түсініктеме беру;
- колледжде валеологиялық білу беру жүйесінің рөлі мен орнын анықтау;
- студенттердің валеологиялық білімдерін тест, анкета түрінде тексеру және
талдау жүргізу;
- валеологиялық білім беру жүйесін жетілдірудің әдістемелік нұсқауларын жасау және оқу-процесіне ендіру;

Содержание

Кіріспе ....................................................................................................5
1 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
Валеологиялық білім беру жүйесінің теориялық сипаты.............................................................................................8
1.1 Зиянды әдеттердің пайда болу себептері мен салдары............34
1.2 Колледждегі валеологиялық білім берудің дайындық
бағыты...........................................................................................61
2 Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудағы валеологиялық білім беру жүйесінің әдістемелік негіздері
2.1 Валеология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстарды
пайдалану жолдары....................................................................74
2.1 Валеологиялық білім беруді жетілдірудің тиімді жолдары
мен әдістері...............................................................................84
2.2 Валеологиялық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған
іс-тәжірибелердің қорытындысы және нәтижесі......................92
Қорытынды .......................................................................................112
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................115

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕ.docx

— 351.55 Кб (Скачать документ)

Яков: «Темекі тарту - жанарға залалды, келбетке кеселді, миға зиянды, өкпеге қатерлі әдет» деп атап көрсетеді.

Осындай тәлімдік нақыл сөздерді болашақ ұрпақ, ертеңгі азамат ескерер болса, адам жанының рухани тазалығы артқан болар еді. Жоғарыда келтірілген нақты мәліметтерді саралай келіп, зиянды әдеттердің денсаулыққа әсерін төмендегідей сызба түрінде белгіледік: /сызба 3/. Бұл жерде никотин мен оның түтінінің аурудың қандай түріне әкеліп соғатыны көрін

                                                

 

                                                     Рак ауруы

 

 

Есту, көру мүшелерінің нашарлауы                    Асқорыту мүшесінің нашарлауы



             Жүрек ауруы                                                  Өкпе ауруы


 

Аллергиялық аурулар                                              Тіс эмалінің бүлінуі


Жүйке-психикалық ауру                                                Қан тамырлар ауруы


 

                                                        


                                                        

 

                                                        

 

                                                          Темекі түтіні


 Метил спирті, (акролейн), анилин                             альдегидтер, күрделі эфирлер

 

                        марганец                                                  көмір қышқылы


 

    көмір қышқыл газы                                                     синил қышқылы

 

    мышъяк, смола                                                            полоний, стронций

 

    май,сірке, валериан қышқылдары                             ацетилен, фенол

 

  Сызба 3                                             Никотин

 

 

Тропикалық аймақтарда цэцэ деген шыбын тіршілік етеді. Егер ол адамды шақса, онда адам жұқпалы кеселге (мәңгілік үйқыға кетеді) шалдығып өледі. Ал цэцэ де маса сияқты түтінен қорқады екен. Соны білген ертедегі адамдар қылқан жапырақтар мен басқа да әр түрлі жапырақтарды кептіріп, үгітіп түтікшелерге салып тартқан. Әлі күнге шейін тундра халықтары - ненец, эвенкілер белдері бесіктен шықпай жатып-ақ шылым сорып, денсаулықтарын "түзейді" екен.

Сонау жаугершілік заманда қазақтар мен жоңғарлардың соғысы кезінде қазақта Жаушыбай атты батыр болған екен. Жаушыбай батыр қол астында 1000-ға жуық әскері бар алғыр да, ер жүрек сардар болса керек. Үнемі жеңістерге жетіп отырған. Сондай бір кезекті шайқаста Жаушыбай батырдың иығына оқ тиіп және ернін найзаның ұшы тіліп кетіпті. Күні-түні шайқасып, екі-үш күн дем алмаған әскерін аялдатуға бүйрық беріп, өзі ағаштың түбіне жайғасып тынығады. Қан қызуы басылғаннан соң ғана барып жаралы екенін сезген Жаушыбай тоқтаған жерінде өсіп түрған белгісіз бір өсімдіктің жапырағын иығына түтастай жапсырып, ерніне үгітіп салады. Біраз уақыт өткен соң ұйықтап кетеді. Оянған соң байқаса жара жанына батқан соң жапсырған жапырағы жараның іріңін сорып, тәуір болып қалған екен.

      Сол мезетте әскеріне бұйрық беріп әлгі белгісіз өсімдікті жинатып алады. Жапырақты ерніне тұтастай сала алмай, үгітіп салып біраз уақыттан соң түкіріп отыруға әбден үйреніп, ол жапырақтың насыбай жасап атпаса отыра алмайтын жағдайға жетеді. Еліндегі жас бозбалалар Жаубасарға ұқсаған батыр болсақ деп олар да насыбай ата бастаған екен. Темекі түтіні күрделі улы химиялық қосылыс болып табылады [32].

      Олар мына заттар мен оның қосылыстарынан тұрады. Бейорганикалық заттардан адам организімін улайтын бейорганикалық қышқыл (көмір қышқылы), цианидтар (синил қышқылы), көмір қышқылы газы, радиоактивті заттар (полоний, стронций), марганец, мышъяк.

       Органикалық заттардан: алколидтар (никотин және оның туындылары), аромат көмірсутектер  ақуыз, фенол, смола, азот негіздері, альдегидтер, күрделі эфирлер, метил спирті, ацетилен (акролеин), анилин; органикалық қышқылдар: (май, сірке, валериан және т.б). Ішіндегі ең улысы никотин. Ол көптеген мүшеге тарап, оларды зақымдайды (мұрынның шырышты қабатын, сілекей бездерін, ауа тамырларын, өкпені, бауыр, ұйқы безі, ащы ішек, бүйрек, бүйрек үсті бездері, қантамырлар, қан плазмасы, жыныс мүшелері).

Насыбай аты төңірекке түкіріп отырудың өзі-ақ, оның пайдалы-зиянды екенін аңғартса да керек. Насыбайдың уыты бездерді суалтып, түкірік (сілекей) кұрамындағы асқортуға көмектесетін птиалин мен лизоцим деген ферменттерді құртып жібереді, яғни олар суға айналып, дамылсыз ауыз қуысына тола береді. Насыбай атушының түкіре беретіні де сол. Темекі түтіні адам ағзасын әлсіретеді, ал насыбайдың зияндығы одан да асып түседі. Оның қүрамында темекі жапырағы болатыны оның зияндылығын күшейте түседі. Ол ас жолдарындағы, ауыз қуысындағы, қызыл өңештегі, қарындағы тұщы, ащы және тік ішектегі сөлдердің бөлінуін жеделдетіп, бездердің қалыпты қызмет жиілігін бұзады. Сөйтіп денедегі зат алмасулар үрдісінен жаңылып, адам не шектен тыс семіреді, не арықтап, терісі сүйегіне ілінгендей жадау кейіпке түседі, не басқадай ауруларға ( рак, қан, жүрек аурулары, т.б) ұшырайды. Өйткені насыбайдың құрамында темекі болғандықтан онда да мутагенді және канцерогенді әсер ететін зиянды-пәрменді химиялық заттар-қосылыстар болады [33].

Темекі тарту ежелгі замандарда пайда болған. Мысалы, Мысырда фарондардың мүрделерін қазуда саз балшықтан жасалған темекі түтікшелері табылған. Грек тарихшысы Гередот (б.д.д.) скифтердің түрмыс-тіршілігін баяндай отырып, олар арнайы тұтатылған шөп түтін соратынын жазады.             Темекі тарту туралы дәлелдер, ежелгі Қытайда, Үнді де және бірқатар Азия елдерінде табылған. Әйтсе де әлем халықтарының көпшілігі темекі туралы көп уақытқа деін ештеңе білмеді. Темекі тарту Американы ашқаннан кейін ғана етек ала бастады.

Европаға темекіні XVI ғасырда әйгілі теңізші Христофор Колумб әкелген деген болжам бар. Алғашқы уақытта темекі адам денсаулығына пайдалы деп есептеледі. Дәрігерлер сырқаттарға темекі тартып немесе иіскеп отыруға кең түрде кеңес беріп отырған. Темекі құрамы мен оның зиянды әрекеті туралы білмеудің салдарынан орта ғасырларда темекіні емдік-қасиеттері туралы қауесет тез тарап жатты. Ақындар өлеңдерінде мадақтаса, емшілер оны ем ретінде ұсынып жатты. Мысалы; ағылшынның денсаулық туралы журналында "Жаңбырлы күні ертеңгісін ашқарынға тартылған темекі-барлық ауруларға қарсы жедел де, әрі бір ғана ем"- деп жазды. Темекінің қайғы-мұңды тез ұмыттыратыны туралы, темекі тартқан "Исаның мұжығы" деген лақап та ел арасына көп тарады.

Бірақ темекі салдары көп ұзамай байқала түсті. Жан қинаған көк жөтел, 
ерін, тіл, тамақ өкпе ауралары тарай бастады. Темекі өртінен көптеген материалдық шығын келтірді. Осылайша темекі тартуға наразылықтар шығып жатты. «Темекі тарту жанарға залалды, келбетке кеселді, миға зиянды, өкпеге қатерлі әдет». Темекіні әдетке айналдыру жөнінде Роберт Бертон «Бұл апатқа айналды. Бізді қоршаған ортаға, жерге, денсаулыққа кеселді қол салу. Осының бәрі тозақ, сайтан атқыр, қарғыс атқан, жан мен тәнді бұзып, азапқа салатын профилактикалық мақсатта   пайдаланған» деп жазды [34].

Мысалы,  1603 жылы Англияда оба ауруы  шіркеу де темекі тартуға қарсы шықты етек  алған  уақытта барлық  оқушыларды темекі тартушылар «Өз көрін өзі қазатындар, таңертең темекі тартуға мәжбүрлеген. Өзіне-өзі қол салғандар» деген сияқты мақалалар жарық көріп отырды. Европада алғашқы темекіні өсіргенде дәрігер, сындарлы пікірлер айтылып жүрді. Темекі ол Франция королевасының елшісі Жан Нико  оған иіскеп рахат күйге бөлену үшін темекі ұнтағын жіберіп, оны емдік дәрі ретінде жазаланады. Алайда зиянды әдетті тоқтату өте пайдалануға кеңес берді. Сол Никоның аты-жөнімен темекінің негізгі әсер етуші күші, улы заты - никотин  аталып  кеткен.  XVII ғасырдағы Ресейде темекі тартуға тыйым салынып қана қоймай, оны тартатындар аяусыз жазаланған. I Петр-дің патшалығы де барлығы  тұсында жағдай күрт өзгерді, өзі өлермен тартқыш болғандықтан айналасындағыларды

осыған   баулыса,   кейінірек   бұл   әдет жұртшылыққа кең тарады. Темекінің әр түрлі қасиеттері туралы қауесет тарап жатты.

Әйтсе де, темекіге қарсы күрес бәсеңдемеді. Темекі құрамындағы улы зат - никотиннің табылуы осы күрестегі қуатты құралға айналды. Қазір ғалымдар тартылған темекі құрамында жүздеген улы заттардың, соның ішінде радиактивті полоний 210-ның, залалды ісіктердің өрбуіне ықпал ететін бензопирені, дибензопиренің, темекі қара майының, қышқылдардың 500-ге тарта түрінің, әр түрлі қоспалардың уыты элементтерінің, ауа қабатындағы құрамынан он есе асып түсетін көмір қышқылының, көміртегі тотығының  тағы сол сияқты залалды заттардың бар екенін дәлелдеп отыр.


Темекі жаңалап тартқан сайын түтінмен ішке баратын уытты заттар молайып, өмірлік маңызды мүшелерді   үсті-үстіне уландыра береді. Темекінің соңғы үштен бірі бөлігі аса қауіпті. Онда көміртегі қышқылы 5 есе, бензопирен   - 4 есе, никотин - 3 есе, қара смала-3 есе, аммиак - 46 есе көп. Сондай-ақ басқа да уытты заттардың қосындысы қан арқылы бүкіл бойды улап өтеді. Темекі тартатындардың өкпе рагына шалдыгуы тартпайтын адамдарға қарағанда он есе жиі кездеседі. Ракпен ауырған 100 еркек адамның тоқсаны темекі тартатындар. Сілекей арқылы кеңірдек пен асқазанға түскен никотин жүректі айнытып құстырады, улы заттардың салдарынан    асқазан мен тоқ ішектің қабырғаларында жаралар пайда болды. Соңғы уақытта дәрігерлерді   темекінің жүрекке және қан тамырларға залалды әсері алаңдатып отыр [35].

 Никотин мен көміртегі тотығы оттегінің алмасуы қиындатып, темекі тартылғаннан     кейін     30-40     минут қантамырларының жұмысын әлсіретеді. Әрбір жарты сағат сайын тартылған темекі салдарынан қантамырлар үнемі әлсіз жұмыс істейді де оттегінің адам ағзасына таралуы баяулап, жүрек шаншулары пайда болып, инфаркқа ұшырайды. Есептеу мәлімдеулеріне қарағанда, темекі тартатындар миокард инфаргіне 5 есе, миға қан құйылып кетуден 3-4 есе көбірек мерт болады екен. Темекі аяқ тамырының  тарылуына, бұлшық еттерінің ауыр-сырқаттарын соқтыратын тәжірибе  көрсетіп жүр. Тіпті ауру аяқты кесуге тура келетін кездерде болады. Тартылған әрбір темекі сайын С витамині жойылып отырады. Орталық нерв жүйесінің, ішкі темір секрециясының жұмысы бұзылып, жыныстық қатынас төмендеп, көз, құлақ зардап шегеді. Шетел ғалымдары темекі мен никотин түтінінің ысы аллергиялық аурулардың көбеюіне себепші екенін дәлелдеді.

Сөйтіп, қазіргі кезде темекінің адам ағзасына келтірер зияны өлшеусіз, әрі өте залалды екені бүкпесіз.

Фильтрлі темекінің қағаз өткізгіші никотиннің 20%, қоспа заттардың 10%, радиоактивті полонидің 8%, мыщьяктың 1,9 микрограмын тұтып қалады екен. Фильтр көміртегі тотығын, перидин қоспаларын, қорғасын мен басқа да уытты заттарды тұта алмайды. Одан темекі қаупі төмендеді деуге болмайды. Залалсыз темекі шығару барысындағы көптеген талпыныстар нәтижесіз аяқталды. Сигарлар, трубкалар арқылы тарту деген пікірлер де негізсіз. Олардын ауыз, жұтқыншақ, ас қорыту мүшелерінің залалды ісіктерге шалдығуы жиі кездеседі.

Темекі шығаратын монополиялар никотині мен смоласы аз, зиянсыз деген сигаретті әрдайым жарнамалап жатады. Бұл да шындыққа сәйкессіз. АҚШ-тың рак аурулары ұлттық институтының директоры, доктор А.Аптон "Тұтанбаған темекі ғана зиянсыз" деп шынайы шындықты мысқылмен ескертеді.

Біздің елімізде барлық қоғамдық орындарда, көліктерде темекі шегуге тыйым салынған. Олай болса, дүңгіршектерде неліктен сигарет сатылады? Ия, өкінішке орай, қатаң тыйым салумен темекі құмарларға әсер ете алмайсың. Қолдан жасалған сигарет, сурогаттар фабрикада дайындалған темекіге қарағанда зиянды. Адамдарды темекі шекпе деп тия алмаймыз, бірақ темекі шекпеу керектігіне көзін жеткізуіміз қажет.

Темекінің зияны дәлелденді, көптеген адамдар темекіні тастады, "пассивті" темекі шегуге қарсы күрес жүргізіп жатыр. Темекіні жақтаушылар қөптеген атақты адамдар, көрнекті зиялылардың кезінде темекі шеккендерін колденең тартады. Мәселен, Ч.Дарвин, И.Ньютон, М.Горький,

С. Рахманеинов, тіпті терапевт дәрігер С. Боткин және т. б. Демек, темекі оларды осындай табысқа жеткізді ме? Бұл жерде атақты мәдениет және ғылым қайраткерлердің айтқандарын келтірейік. Жазушы кіші А.Дюма."...мен өз сигаретімді ысырып тастап, қойдым және ешқашан да шекпеймін деп ант бердім. Бұл антымды мен мықтап ұстаймын және темекінің миды алкоголь секілді талқандайтынына толық сенімдімін".

Л.Н.Толстой темекіні тастап, былай деді: «Мен мүлдем басқа адам болдым. Жұмыста бес сағат қатарынан отырамын, мүлдем жаңарып тұрамын. Ал бұрын темекі шегіп жүргенімде тез шаршап, басым ауырып, құсқым келіп, басым тұманданатын....».

Ұлы терапевт дәрігер С.П.Боткин темекіні қатты шегетін  болыпты. Өлер алдында, әлі де қартаймаған (57 жасында) былай деді: «Егер мен темекі шекпегенімде, әлі де 10-15 жыл өмір сүретін едім...». Ол адамдарды құтқару үшін ғылымға қанша еңбек сіңірсе де, өкініште-ақ, өзінің қатерлі әдетінен арыла алмады, өзін құтқара алмады.

Міне, ұлы шахматшы А.Алехиннің пікірі: «..никотин есте сақтауды әлсіретеді, нерв жүйесін бұзады және ерік күшін нашарлатады - мұның бәрі шахматшы үшін өте зәру нәрсе. Мен бүгінде өзімнің әлем біріншілігіндегі жеңіске деген сенімімнің темекіні тастағаннан соң пайда болғанын айта аламын».

Темекі шегудің ақыл-ой жұмысы үшін зиянды екенін атақты адамдар жоғарғыдай пікір қалдырыпты.

Егер жасөспірімдер туралы сөз қозғасақ. онда былай деп кесіп айтуға болады: ақыл-ой еңбегі және темекі шегу- бір- біріне жат нәрсе!

Конькимен сырғанаудан еліміздің бірнеше дүркін жеңімпазы И. Аниканов былай деп жазды: «Менің спорттық жетістіктерім темекі шегуден бас тартуыммен байланысты. Менің бәріңізге арнаған ыстық сәлемім-мұндай зиянды әдеттен бас тарту!»

Информация о работе Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары