Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 19:09, дипломная работа
Міндеттері
- тақырыптың мазмұнын әртүрлі әдебиеттер мен оқулықтарға теориялық және практикалық талдаулар жасау;
-«валеология», «экология», «аспект» ұғымдарына түсініктеме беру;
- колледжде валеологиялық білу беру жүйесінің рөлі мен орнын анықтау;
- студенттердің валеологиялық білімдерін тест, анкета түрінде тексеру және
талдау жүргізу;
- валеологиялық білім беру жүйесін жетілдірудің әдістемелік нұсқауларын жасау және оқу-процесіне ендіру;
Кіріспе ....................................................................................................5
1 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
Валеологиялық білім беру жүйесінің теориялық сипаты.............................................................................................8
1.1 Зиянды әдеттердің пайда болу себептері мен салдары............34
1.2 Колледждегі валеологиялық білім берудің дайындық
бағыты...........................................................................................61
2 Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудағы валеологиялық білім беру жүйесінің әдістемелік негіздері
2.1 Валеология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстарды
пайдалану жолдары....................................................................74
2.1 Валеологиялық білім беруді жетілдірудің тиімді жолдары
мен әдістері...............................................................................84
2.2 Валеологиялық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған
іс-тәжірибелердің қорытындысы және нәтижесі......................92
Қорытынды .......................................................................................112
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................115
СӨСҚПҰО мен Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты бірігіп денсаулықты нығайту және аурудың алдын алудың Бас кафедрасын құрды, ол кафедрада АМСК болашақ дәрігерлерін диплом алдында дайындайды, тақырыптық циклдар бойынша СӨСҚ ұйымдарының мамандарын даярлауға және қайта даярлауға қатысады. Бас кафедраларды медициналық жоғарғы оқу орындарында ұйымдастыру барысында, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасы бойынша студенттер арнайы диплом алады, сөйтіп, аурудың алдын алу мен денсаулықты нығайтуға үйретеді. Сонымен барлық медициналық жоғарғы оқу орындарын тәмамдаушы түлектер, институттарда білімін көтерген дәрігерлер 2003 жылдан бастап дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары бойынша кәсіби маман болып шығады.
Медициналық колледждерде тұракты СӨСҚ бойынша жаттықтырушылар даярлайтын курстар жұмыс істеуде. Сонымен қатар медколледж окушылары мен орта медициналық білімі бар адамдар мен фармацевтикалық қызметкерлерден де диплом алды және дипломнан кейінгі тренерлерді даярлау жүзеге асырылуда.
Білім беру саласындағы валеология пәнінің мұғалімдерін даярлау әрдайым өткізілетін семинарлардың тұрақты және ұзақ мерзімді болмауына байланысты айтарлықтай нәтиже берген жоқ. Бүгінгі танда жалпы білім беретін мектептердің тек 20% ғана арнайы дайындалған мұғалім валеологтармен қамтамасыз етілген, ал қалған мектептерде бүл пәнді негізінен биология пәнінің мұғалімдері жүргізеді. Ал олар салауатты өмір салтының кейбір жекелеген аспектілерін толық білмегендіктен, оқу барысында ұмыт қалдырады (мысалы, тиімді тамақтану, зиянды әдеттердің алдын алу, балалардың медициналық хабардарлығы, т.с.с). Осының нәтижесінде оқушылардың салауатты өмір салты туралы білімдері, көзқарастары төмен деуге болады. Осы мәселені шешу үшін ҚР 2002-2004 жылдардағы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында, яғни білім жүйесіндегі мамандардың осы сала бойынша біліктілігін арттыру үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурудың алдын алу және денсаулықты нығайту бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арнайы курс ашып оқыту қажет [16].
Валеология бойынша
—76,2% және жоғарғы оқу орындарында
—69,3% оқытылуда.
Республика мектептеріндегі сараптама зерттеу жұмыстарының көрсетіп отырғанындай, оқушылардың жеке бас гигиенасына байланысты ауруларының алдын алу 1998 жылға қарағанда 34%-ға өскен, СӨС нормалары мен ережелерін орындау 60% өскен, дене шынықтыру 18% өскен, шылым шегушілердің саны 20% азайған, спирттік ішімдік ішетіңдердің саны 5%-ке азайған, ал ЖЖБА жөнінде және олардың алдын алу жайлы білімдері 52% артқан. Кейбір аймақтарда оқушылар арасында сары ауру сырқатымен ауыратын адамдардың саны 10%-ға төмендеген (Ақтөбе, Ақмола, Павлодар), асқазан, ішек қарын және тыныс жолы ауруларымен ауыратын адамдардың саны 18% төмендеген (Жамбыл, Батыс Қазақстан). СӨСҚ мәселелері бойынша оқушылардың білім деңгейі 65% артқан; дене шынықтыру белсенділігі 3 есеге; ЖЖБИ және ЖТИС алдын алу 45% артқан; спирттік ішімдік пен темекі тартудың зияндылығы жайлы білімдері 30% артқан. Бағдарламаны одан өрі жетілдіре енгізу үшін білім беру бойынша бағдарламалардың Республикалық координациялық кеңесі кұрылды, қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігінің техникалық қолдауымен оқу құралдары мен 1-4 сыныптарға оқу бағдарламалары жасалды [17].
Ы.Алтынсарин атындағы мамандарымен бірігіл 5-6 сыныптар аралығында валеология пәні бойынша арнайы оқулықтар мен әдістемелік материалдар жазылды, үздіксіз білім беру процесіне бағдарламаны енгізу консепциясы жасалды, оқушылар мен жоғары оку орыңдары студенттерінің білім алуына стандарттар дайындалды.
2003 жылы СӨСҚПҮО ҚР
Білім және ғылым министрлігіме
Профилактикалық бағдарламалар. Ұлттық Орталықта жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, жергілікті деңгейде келесі тиімді профилактикалық жұмыстарды жүргізу ұйғарылды:
Халықтың ақпарат алу деңгейін жақсарту мақсатында, жасаған іс әрекеттеріне жауаптылығын арттыру, оны дағдыға айналдыруды қалыптастыру үшін үйлестірушілер әр түрлі әдістер мен технологияларды пайдаланады: арнайы топтарға ақпаратты білім тест материалдарын қолдану, интерактивті әдістерді қолдану; волонтерлік қозғалыстарды дамыту, "теңге-тең"принципі бойынша оқыту; жасөспірімдерге ақпараттық білім беру мақсатында білім беру орталықтарын құру, интернет жүйлерін және тұрмыс дағдыларына үйрету орталықтарын құру көзделуде [18].
Соңғы жылдары аурудың алдын алу және денсаулықты нығайту мәселелерімен айналысатын халықаралық және қоғамдык ұйымдармен тығыз қарым қатынаста жүмыс істеу күшейе түсті: бірігіп республикалық семинарлар мен конференциялар өткізу, кең көлемді акциялар мен халықаралық күндерді өткізу, ақпараттық білім және әдістемелік материалдарды басып шығарып, социологиялық зерттеулерді өткізілуде.
Бүгінгі танда профилактикалық бағдарламалар сапалы, жаңа деңгей жетістіктерін көрсетуде. Ғылыми қолдау бар және оны тиімді түрде енгізуге де мүмкіңдіктер бар: ДДҰ жобалары — денсаулықты нығайту мектептері, салауатты университеттер, салауатты қалалар, салауатты жүмыс орындары, ауруханалар салауатты өмір салтын қолдайды; денсаулықты нығайту орталықтары, темекі тартушылықпен күрес орталықтары, тамақгануды реттейтін орталықтар, салауатты өмір дағдыларына үйрететін орталықтар немесе т.с.с. СӨСҚПҮО базасында жасөспірімдердің ақпараттық білім беру орталығы қүрылған, онда 2002 жылдың мамыр айы мен қыркүйек айлары аралығында 50 ерікті түрде жалданушылар (студенттер мен окушылар), 30 педагог, 10 медицина қызметкерлері білім алып шықты [19].
Жалпы халық үшін аурулардың алдын алу және денсаулықғы нығайтуға арналған барлық бағдарламалардағы білімді алуға қажетті тақырыптарды қамтитын білім стандарттары жасалған.
Алкоголизм мен темекі шегу бағдарламасы
Статистикалық көрсеткіштер бойынша спирттік ішімдіктерді ішу мен темекі шегушілік дүние жүзінде кең тараған және денсаулыкқа қауіп туғызатын бірден бір себепкер болып табылады. Сонымен қатар, спирттік ішімдіктер ішу көптеген жайсыздықтар туғызады, кейде ол медициналық шектен шығып, психо-әлеуметтік және экономикалық қиындықтар да туғызады. Денсаулық сақтау әлеуметтік қамтамасыз етілу көлік және қылмыстық қүқық жүйесі және сонымен қатар жұмыс орны мен өндіріс қоғамның негізгі секторлары болып табылады, олар жиі спирттік ішімдік ішу нәтижесінде басты зиян шегетін орталық болып табылады.
1998 жылғы СӨСҚПҮО-ның халықтың өмір салтын зерттеу нәтижесі бізге келесі көрсеткіштерді көрсетті, Қазақстанда 12 жастан жоғары 28% адам темекі тартады. Оның ішінде көп темекі тартатыңдар ер адамдар29-59 жастағы 62% қала тұрғындары және 65% ауыл тұрғындары. Әйелдердің арасындағы темекі шегетіңдер 17% қала жөне 8% ауыл түрғындары екен. Жасөспірімдер арасында 15-17 жастағылар 21% құрады. Ал 12-14 жас арасындағы балалар 10% құрайды.
2001 жыды қайта зерттеу жұмыстарын өткізген кезде темекі тартушьшардың деңгейі жалпы 5% төмендегені аныктадды. Ол әсіресе
29 жастағылар арасында айқын байқалды: 12-14 және 18-19 жастағы топтар арасында 6% төмендеді, 15-17 жастар арасында 11% төмендеді, 20-29 жас арасындағылар 8% төмендеді. ҚР жыл сайын орта есеппен темекі тартудың салдарынан 20-25 мың адам өледі. Оған өкпе рагы, жүрек аурулары және өкпенің түрлі қабыну ауруларының жиі кездесуі дәлел.
СӨСҚПҰО ұлттық зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан халқының 51% айына 1 немесе 2 рет спирттік ішімдіктерді пайдаланады. Балалар арасында спирттік ішімдіктерді ішу — 20% құрайды, жасөспірімдер арасында — 64% қүрайды, 20-29 жас арасындағы жастарда — 74% құрайды, зерттелушілердің арасындағы жасөспірімдердің — 63% спирттік ішімдіктің дәмін 12-15 жас аралығында татып көрген.
1998-2000 жылдар көрсеткіштерін
Темекі тарту мен спирттік ішімдіктерді қолданумен күресу бағдарламасының ұлттық стратегиясы ҚР Үкімет қаулысымен 1999 жьшы
30 маусымда № 905 бұйрығымен "Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасында бекітілген. Сонымен қатар, 2002 жьлдың 10 шілдесінде ҚР "Темекі тартуды шектеу мен оның алдын алу" атты Заң қабылданды. Заң бойынша радио мен теледидарда, сыртқы жарнама тақталарында, мәдени қызықтаушы немесе спорттық жиыңдарда темекіге жарнама жасауға; жекелеген қоғамдық орьшдар мен қоғамдық коліктерде темекі тартуға, 18 жасқа толмаған адамдарға темекі сатуға тыйым салынады. Заң жеке адамдар мен заң саласының адамдарының темекі бұйымдары мен оның зияны жайлы ақпаратты кез келген адамдарға таратуды бақылайды [20].
Бағдарламаның мақсаты — темекі тарту мен спирттік ішімдіктерді ішудің таралу деңгейін төмендету, зиянның алдын алу, спирттік ішімдікті ішуден немесе темекі тартудан туындаған.
Бағдарламаның міндеттері
1. Темекі мен спирттік ішімдіктерді таратуды реттеу мен оны шектеу, жүмыс және қоғамдық орындарында пайдалануға байланысты нормативті — қүқықтық базаны қүру.
Арнайы (нысаналы) топтар: жасөспірімдер мен жастар, фертильді (бала туу жасындағы) жастағы әйелдер мен ер адамдар, БАҚ қызметкерлері, медицина қызметкерлері, қоғамдық және үкіметтік емес үйымдар [21].
Бағдарламаның жүзеге асырудағы нәтижелері. Міндеттерді жүзеге асыру мақсатында СӨСҚ қызметінің мүрындығымен Министрліктер, ведомстволар, денсаулық сақтау үйымдары, білім, спорт саласы үйымдары мен темекі тартуды шектеуге бағытталған іс шаралар жасалды, бүйрықтар жарық корді. Аудандық және қала әкімшіліктерімен темекі өнімдерін сату мен реттеу бойынша түрлі шешімдер қабылданды және т.с.с. іс-шаралар жасалды.
Темекі тарту мен спирттік ішімдіктерді қолданудың денсаулыққа зияндығы жайлы ақпарат келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
Валеология пәні бойынша оқыту бағдарламаның жалпы білім беретін мектептерге енгізілуі, онымен 3,5 млн. мектеп балаларына, 1 млн. астам арнайы маманданған орта оку орындарының оқушыларына, жоғары оқу орындарында 1,5 млн. студенттерге білім беру.
БАҚ-ын пайдалану — озге қауіп факторларымен қатар күнделікті эфирге шығып жатқан хабарлар мен жарияланатын баспа материаддардың 3-5% темекі тарту мен спирттік ішімдіктердің зияндығына арналады.
"Дүниежүзілік темекісіз күн",
дүниежүзілік сайыс "Темекі тартуды
таста да, жең" және онымен байланысты
айлықтарды откізуге
ДНО (Денсаулықты нығайту орталықтары) мен Емдік профилактикалық үйымдарда темекіге қарсы орталықтарды ұйымдастыру, денсаулықты нығайтуға арналған ДДҰ-ның жобасы бойынша "Салауатты университет", "Денсаулықты нығайтуға арналған мектептер" бағдарламаларын құру.
Іс-шараларды жұргізу барысында темекі шегудің төмендегенін байқауға болады, әсіресе, ұйымдасқан ұжымдарда (мектеп жасындағы балаларда).
Ұлттық Орталықтың аймақтық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталықтарымен темекі тартуға қарсы бірлесіп өткізген акцияларының бірі - "Темекі тартуды таста да, жең" Халықаралық науқаны. Ең алғаш Қазақстанда Халықаралық темекіге қарсы Дүниежүзілік темекіге карсы ұйымдастырылған сайысқа барлық аймақтағы адамдар санын қосқанда 1998 жылы 450 адам қатысты, 2000 жылы олардың саны 5891 жетті, ал 2002 жылы 21002 адамға жетті. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, акцияға қатысқан адамдардың 15-25% жыл бойы темекі тартпайды. Неғұрлым акцияға көп адам қатысса соғұрлым шылым шегетін адамдар саны азаяды [22].
Келешекке жоспар-Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіре түсу, "Спирттік ішімдіктерді тұтынуды шектеу саясаты" атты консепциясын бекіту және ұйымдастыру.