Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 19:09, дипломная работа

Краткое описание

Міндеттері
- тақырыптың мазмұнын әртүрлі әдебиеттер мен оқулықтарға теориялық және практикалық талдаулар жасау;
-«валеология», «экология», «аспект» ұғымдарына түсініктеме беру;
- колледжде валеологиялық білу беру жүйесінің рөлі мен орнын анықтау;
- студенттердің валеологиялық білімдерін тест, анкета түрінде тексеру және
талдау жүргізу;
- валеологиялық білім беру жүйесін жетілдірудің әдістемелік нұсқауларын жасау және оқу-процесіне ендіру;

Содержание

Кіріспе ....................................................................................................5
1 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
Валеологиялық білім беру жүйесінің теориялық сипаты.............................................................................................8
1.1 Зиянды әдеттердің пайда болу себептері мен салдары............34
1.2 Колледждегі валеологиялық білім берудің дайындық
бағыты...........................................................................................61
2 Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудағы валеологиялық білім беру жүйесінің әдістемелік негіздері
2.1 Валеология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстарды
пайдалану жолдары....................................................................74
2.1 Валеологиялық білім беруді жетілдірудің тиімді жолдары
мен әдістері...............................................................................84
2.2 Валеологиялық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған
іс-тәжірибелердің қорытындысы және нәтижесі......................92
Қорытынды .......................................................................................112
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................115

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕ.docx

— 351.55 Кб (Скачать документ)

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

                              

 

Мазмұны

 

Кіріспе ....................................................................................................5

 

   1 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

Валеологиялық білім беру жүйесінің теориялық сипаты.............................................................................................8

 

    1. Зиянды әдеттердің пайда болу себептері мен салдары............34

 

    1. Колледждегі валеологиялық білім берудің  дайындық

         бағыты...........................................................................................61

 

2 Салауатты өмір сүру салтын  қалыптастырудағы          валеологиялық білім беру жүйесінің  әдістемелік негіздері

 

    1. Валеология пәнін оқытуда  пәнаралық байланыстарды 

пайдалану  жолдары....................................................................74

    1. Валеологиялық білім беруді жетілдірудің тиімді  жолдары

          мен   әдістері...............................................................................84

    1. Валеологиялық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған

         іс-тәжірибелердің қорытындысы және  нәтижесі......................92

 

 

Қорытынды .......................................................................................112

 

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................115

 

Қосымша.............................................................................................120

 

Кіріспе

 

     Жұмыстың жалпы сипаты  жұмыста студенттерге салауатты өмір салтын  қалыптастыру аспектілері қарастырылған. Cалауатты өмір салтын қалыптастырудағы валеологиялық білімнің рөлі мен орны және оны жетілдірудің жолдары корсетілген. Алынған зерттеу нәтижелері колледж студенттерінің салауатты өмір салтын қалыптастырудың  оқу-тәрбиесіне негіз болады.

     Жұмыстың өзектілігі «Қазақстан-2030» мемлекеттік даму бағдарламасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізгі бағыттарының бірі «Азаматтардың денсаулығын,білімін және ырысын жақсарту» делінген.Оның мақсаты: салауатты өмір салтына ынталандыру, ана мен баланы қорғау,нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресу, темекі мен ішімдік тұтынудың  алдына алу, тағамның сапасын жақсарту,қоршаған ортаның және экологияның тазалығын сақтау.

      Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық  мәселелер,тұрғындардың қоныс аударуы, республика азаматтарының хал-ахуалындағы  бейтараптық пен тұрақсыздық  ересектердің де,балалардың да  денсаулығына, студенттердің біліміне,олардың  өз бетінше  тіршілік етуге  дайындығына зардабын тейгізбейтіні  байқалып отыр [1].

      Дегенімен салауатты өмір салтын  және сәбилардің, жасөспірімдердің, жастардың өмір дағдыларын қалыптастыруда  білім беру жүйесінің  рөлі  айрықша. Салауатты өмір салтының  негізін, оның нормалары мен ережелерін  сақтаудың мұқтаждарын жасау  үшін мектепке дейінгі және  мектептегі тәрбиелеу мен колледждерде  оқыту кезеңдерінде  жүргізу керек. Осы кездегі жеке тұлғаның  әдептілік, адамгершілік,рухани,адалдық  қасиеттері мен гигиеналық дағдыларды  қалыптастыру.

      ҚР Үкметінің 1999ж 30 маусымдағы №905 қауылысында («Салауатты өмір салтының комплексті бағдарламасы») төмендегі қажеттіліктер қаралған:

  • Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы білім беру саласының  рөлін күшейту;
  • білім беру жүйесінің базистік оқу жоспарына  валеология пәнін енгізу.

-  Сонымен  қатар білім беру жүйесіне  АҚТҚ/ЖҚТБ індетінің алдын алу  шаралары;

-    балалардың жолда жүру қауіпсіздігі;

-    денсаулыққа қажетті  өмір дағдылары;

-    репродуктивті денсаулықты жақсарту  және  отбасын құруға даярлау;                

-    зиянды заттардан  сақтану;

-   санитарлық-гигиеналық  дағдылар;

- темекіден,есірткіден  сақтандыруға арналған көп сатылы  білім беру бағдарламалары енгізілді. Бірақ аталған  бағдарламалар  көпшілігінде  мазмұны жағынан  бірін-бірі қайталайды.Соның нәтижесінде  оқу прцесінде оқушылардың жүктемесін  көбейтіп өмір дағдыларының қалыптасуы  жеткіліксіз дәрежеде қалады. Педагогикалық кадрлардың  осы мәселе бойынша кәсіби дайындығының төмен болуы да үлкен рөл атқарады.Білім беру саласының мамндарының айтуы бойынша, влеологиядан қажетті оқу әдістемелік материалдардың аздығына қарамастан, валеологияны қазіргі заманның пәні, ол балалардың денсаулығын қалыптастыруға және тәрбиелеуде үлкен роль атқарады. Кез келген тақырыптар, қозғалыс белсенділігін ұйымдастыру, тиімді тамақтану және психологиялық өзіндік реттелу және т.с.с мәселелер валеологияны дамытудың өзекті мәселелесінің бірі. Валеология,жолда жүру қауіпсіздігі,т.б. және жоғарыда аталған  бағдарламаларды көпшілігінде  мамандығы сәйкес келмейтін педагогтар жүргізеді. Осыған байланысты арнаулы орта білім беру жүйесінде  жүзеге асырылатын  оқушылардың  салауатты өмір салтын және дерлік  дағдыларын  қалыптастыруға арналған комплексті бағдарлама жасаудың, оның ақпараттық және әдістемелік  мәтінін  қамтамасыз етудің, әрбір сабақтың жүргізу жоспарын құрудың қажеттілігі туып отыр. Тақырыптың мазмұнына сай келетін көптеген ғалымдар мен педагогтар еңбектер жазған. Атап айтсақ: валеология ілімінің  негізін қалаушы, әрі влеология пәнін- пән ретінде ғылымға енгізген  италян ғалымы Брехман И.И.  Валеология оқулығын жазып шыққан отандық ғалымдар Сатбаева Х.К.және Жатқанбаев Ж [2].

      Дегенімен де,қаншама зерттеулер  жасалынса да, әлі де болса,бұл  тұрғыдан ғылыми зерттеу жұмыстары,зерттеуді  қажет етеді.

      Сондықтан да, жоғарыда келтірілген  теориялық негіздеулер мен стратегия  бағыттарын басшылыққа ала отырып, біз зерттеу жұмысымыздың  тақырыбын  «Колледж  студенттеріне салаутты өмір сүру салтын қалыптастыру аспектілері»(валеологиялық білім беру жүйесі) деп  атадық.

Зерттеу мақсаты:

    Колледж студенттеріне салауатты өмір салтын қалыптастырудағы валеологиялық білім беріу жүйесін  жетілдіру және оны  оқу-тәрбие  процесінде  жүзеге асыру.

    Міндеттері

- тақырыптың  мазмұнын әртүрлі әдебиеттер  мен оқулықтарға   теориялық  және практикалық талдаулар жасау;

-«валеология», «экология», «аспект»  ұғымдарына түсініктеме беру;

- колледжде  валеологиялық  білу  беру жүйесінің  рөлі мен орнын  анықтау;

- студенттердің валеологиялық  білімдерін  тест, анкета  түрінде  тексеру және    

талдау жүргізу;

- валеологиялық  білім беру жүйесін  жетілдірудің  әдістемелік нұсқауларын                жасау және оқу-процесіне ендіру;

Зерттеу обьектісі Оңтүстік Қазақсан  құқық және  салалық технологиялар колледжінің  оқу-тәрбие процесі.

    Зерттеу пәні Колледж студенттеріне салауатты өмір салтын қалыптастыру аспектілірі.

      Зерттеу әдістері Теориялық негіздеулерді талдау және саралау, бақылаудың құрлымдық жүйелеу,социологиялық сауалнама (анкета,тесттер), математикалық есептеу мәліметтерінің әдістері.Педагогикалық зерттеу әдістері (оқу-құжаттарын талдау,бақылау, студенттерді дайындауда оқу-әдістемелік  нұсқаулықтардың саралануы), жүйелі статистикалық әдіс.

    Зерттеу жұмыстың жаңалығы Колледж студенттерін салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі болып    отырған валеологиялық білім беру мәселелерінің  алғаш рет зерттелуі.

- колледждегі  оқу тәрбие процесінде валеологиялық  білім берудің ролі мен орны  анықталған.

- колледж  студенттеріне салауатты өмір  салтының қалыптастыруда валеологиялық  білім берудің тиімді түрлері  мен әдістері анықталған.

      Зерттеу жұмысының теориялық  және практикалық маңызы

- колледж  студенттеріне валеологиялық білім  беруде теориялық әлеуметтік  және педагогикалық  алдын –алу  жағдайлары.

- колледж  студенттерінің салауатты өмір  салтын қалыптастыруда  валеологиялық  білім берудің жағдайына талдау  жасалған практикалық маңызы.

- колледж  студенттерін дайындауда валеологилық  әдістемелік жабдықтар жасалынғандығы.

- бұл зерттеу  жұмысының нәтижелерінің салауатты  өмір салтын қалыптастыруда валеологиялық  білім беретін  оқытушыларына  пайдалануы.

      Автордың жеке үлесі Зерттеу жұмысының негзгі нәтижелері Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық технологиялар колледжінің оқу-тәрбие процесінде ендірілген.

      Зерттеу нәтижелерін сыннан өтуі Зерттеу нәтижелері 2006жылы Шымкентте өткен Халықаралық ғылыми-практикалық «Әуезов оқулары-5» конференциясында және жалпы  2007-2008 жылдары «Биологияны оқытудың әдістемесі мен теориясы» кафедраның ғылыми семинарларында баяндалды.

      тақырыбы бойынша  басылымдар материалдары бойынша 2 мақала жарияланды.

      құрлымы мен көлемі жұмыс кіріспеден 2 тараудан, қорытындыдан және әдебиеттердің тізімінен  қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1 САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ                                           ВАЛЕОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

    1. Валеологиялық білім беру жүйесінің теориялық сипаты

     Валеология -  медицина  ғылымдарының  саласы  емес. Ол  медицина  ғылымдарына  жатпайды. Оның  өздерінің   алдына  қойған  мақсаты  мен міндеттері  бар. Өз алдына  дара  ғылым. Өзінің  зерттейтін  арнаулы  функциялары  бар.

     И.И.Брехман   өзінің  еңбектерінде   валеология  тұралы  былай  деп  жазады.  «Денсаулық  тұралы  ғылым  интегралды  түрде  болуы  керек». Оның  пайда  болуы, дамуы  және  қазіргі  кездегі   жағдайы  экологиямен, биологиямен, медицинамен, психологиямен, педпгогикамен  және  т.б.  ғылымдармен   тығыз  байланыста   болады.  Жаңа  интегралды  ғылым  болғандықтан    ол  міндетті  түрде  жүйеге  келтіріліп   дамытып  отырады.  Оның көздеген  мақсаты  адамдардың  денсаулығын  арттыру,   ауруды  болғызбау, аурулардың  алдын алу. Денсаулықты  сақтау  адам   үшін  маңызы  зор.  Валеологияның  пайда  болуы, дамуы  және  қазіргі  кездегі   жағдай   адамзат  баласының   мәдениеті  мен  білімінің   өсуіне  байланысты.Валеология  – екі сөзден құралған-«Vale»  латынша (сау болу),(аман болу) деген  сөзден туындайды. «logos» грекше (ілім, ғылым) деген сөз. Валеология  қазіргі  заманның  ғылымы. Денсаулықты  сақтау  ғылымы.    Денсаулық  адамның  рухани  байлығы. Ол  біздің  жер  деп  аталатын   планетамызбен  тығыз  байланыста  болады.

     Табиғат  байлығымен  бірге  өсіп, біте  қайнасып   келе  жатыр.Адам  денсаулығын  артыруына  көмектеседі.Адамды  емдеу  дәрігерлердің алғашқы  қадамынан   бастап  осы  уақытқа   дейін  адамдардың денсаулығын  қорғау   медицинаның  бірінші  міндеті   болып  келеді. Кейін  ол  ғылым  ретінде  дамыды.Оны 1960 жылы профессор И.И.Брехман  енгізген.Валеологияның  интегративтілігі  ғылымдардың  бір – бірімен  байланыстығында. Ғылымен  байланыстылығы  адам  денсаулығын  күшейтеді.

      Экология -  айналаны  сыртқы  қоршаған  ортамен  тірі  ағзалардың  қарым  – қатынасын  зерттейтін  ғылым. Ғылымда «экология» деген ұғымды  алғаш айтқан адам – неміс  зерттеушісі Эрнст Геккель. Ол  «экология» деген сөзге анықтама  беруге тырысты, дәлме-дәл аударғанда  «үй туралы ілім, тұрақ (мекен) туралы  ғылым» деген грек сөзінен  шыққан. «Экология» айналаның  қоршаған  сыртқы  орта   факторларының  денсаулыққа  тигізетін  әсерін  анықтайды. Адамдар  адекватты  тіршілік  етуге  әрқашанда  дайын  болу  керек.

     Валеология   тұлға  денсаулығына  ерекше  мән  береді.  Тұлғаның   валеология  ғылымының   дамуына  үлес  қосатын   жолдары  мен  тәсілдерін  көрсетеді. Бұл  схеманы   дұрыс  түсіну  керек.  Сонымен  бірге,Қазақстан  Республикасында   валеологиялық   мектептердің   ғылыми  принціптері  берілген.

     Валеология — адам туралы ғылымның жаңа бағыты. Ол латын тілінен аударғанда "денсаулық" немесе "сау болу" деп аударылады. Яғни, валеология пәнінде оқылатын сала адам денсаулығы болып табылады. Валеология интерактивті ғылым, ол физиология, психология, биология, медицина, педагогика, экология ғьшымдарының негізінде пайда болған. Бүл ғылымның негізін қалаушы И.И. Брехманның басты қосқан үлесі, ол "денсаулық" түсінігіне деген жаңа көзкарасын білдіре білгендігі.

    Валеология ғылымы бос қиялдан  пайда болған жоқ. Валеологияның  тамыры мыңдаған жылдарға созылып  жатыр. Оның элементтерін империялық  ежелгі халықтарда, антикалық рәсімдерден, орта ғасырлық схоластикадан, біздің  планетамыздағы философиялық, діни және ғылыми мектептеріңде кездестіре аламыз.

     Валеологияны және  оның ғылыми концепциясын жасауға  көптеген клиникалық медицина, физиологиялық, гигиена, генетика және т.с.с. өзге  де салалардан көптеген ғалымдар  ат салыса қатысты.

     Адамзат    қоғамының    барлық    даму кезеңдерінде  адам өмірі әртүрлі аурулар  мен күресумен өткен, олар ол  кезде сауығу жолдарын іздеу  арқылы ғылыми және халық медицинасын  дамытқан. Қазіргі клиникалық медицина  денсаулық дегенді тәндік саулық ретінде қабылдап, көбіне көңілді ауру себептері мен емдеу әдістеріне бөлген.

Информация о работе Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары