Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 19:09, дипломная работа

Краткое описание

Міндеттері
- тақырыптың мазмұнын әртүрлі әдебиеттер мен оқулықтарға теориялық және практикалық талдаулар жасау;
-«валеология», «экология», «аспект» ұғымдарына түсініктеме беру;
- колледжде валеологиялық білу беру жүйесінің рөлі мен орнын анықтау;
- студенттердің валеологиялық білімдерін тест, анкета түрінде тексеру және
талдау жүргізу;
- валеологиялық білім беру жүйесін жетілдірудің әдістемелік нұсқауларын жасау және оқу-процесіне ендіру;

Содержание

Кіріспе ....................................................................................................5
1 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
Валеологиялық білім беру жүйесінің теориялық сипаты.............................................................................................8
1.1 Зиянды әдеттердің пайда болу себептері мен салдары............34
1.2 Колледждегі валеологиялық білім берудің дайындық
бағыты...........................................................................................61
2 Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудағы валеологиялық білім беру жүйесінің әдістемелік негіздері
2.1 Валеология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстарды
пайдалану жолдары....................................................................74
2.1 Валеологиялық білім беруді жетілдірудің тиімді жолдары
мен әдістері...............................................................................84
2.2 Валеологиялық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған
іс-тәжірибелердің қорытындысы және нәтижесі......................92
Қорытынды .......................................................................................112
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................115

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕ.docx

— 351.55 Кб (Скачать документ)

Бұл сызбада валеология мектебін дамытуға үлестерін қосқан ғалымдар мен педагогтардың өз ұстанымдары келтіріледі :

  1. П.К.Иванов пен С.А.Назарбаеваның принципі: денсаулық дегеніміз- денені шынықтыру және жаттығу;
  2. А.А.Покровский мен Т.Ш.Шорманов: денсаулық жәек теңестірілген тамақ;
  3. Н.М.Аманжолов: қимыл және жүйелі түрде тамақтану:
  4. Ж.Ж.Жатқанбаев: қалыпты тамақтану және биологиялық белсенді заттар, витаминдер:
  5. К.К.Сатбаева: жеке бастың гигиенасы;

Өздеріңіз көріп отырғандай бұл ғалымдар салауатты өмір сүрудің негізі принциптері осылар деп ойлайды.

 

 


 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызба 1     Қазақстан  Республикасындағы    валеологиялық мектептердің  ұйымдасуының  негізгі    принциптері

 

 

 Валеология  денсаулық  сақтау,  салауатты  өмір  сүру  салтын  қалыптастыру  тұралы  ғылым.  И.Брехман   өзінің  еңбегінде  былай  деп   жазды. «Адам  биологиялық  белсенді  заттар  атты » кітабында  валеология  терминін   алғаш  рет  қолданған  болатын. Қазіргі  кезде  валеология   өз    алдына  дара ғылым  ретінде  қалыптаса  бастады. Ол  адамдардың  денсаулығын  қамтамасыз  ететін  сала.

Оқушылардың салауатты өмір сүру тәрбиесінің принциптері

    Салауатты өмір сүру салты дегеніміз – биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады.Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады.Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмыс, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін , қоғамдық ұжымдарда өзін өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез –келген адамдарды жамандамау, біреуді – біреуге шағыстырмау өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көріу т.б. аулақ болу.Сонымен өмір сүру салты дегеніміз- тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті дамуының көрсеткішінің категориясы [8].

      Салауатты өмір сүру салтының  жоғары немесе төмен деңгейінде  болуы әлеуметтік – экономикалық  жағдайларға байланысты болады. Адамның психикасына, денсаулығына  ағзаның функцияналды биологиялық  қасиеттеріне де байланысты болады.

      Адамдардың биологиялық ерекшеліктеріне  сәйкес салауатты өмір сүру  салты бір келкі болмайды .Болу  керек деп айту да дұрыс  емес. Әр адам өзіне тән қалыптасқан  өмір салтымен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа «ген»  арқылы беріліп отыруы мүмкін. Міне, осыған байланысты «салауатты  өмір сүру салтының» үш категориясы  болады:

1.Салауатты  өмір сүру деңгейі;

2.Салауатты  өмір сүрудің сапасы;

3.Салауатты  өмір сүрудің стилі.

     Салауатты өмір сүру деңгейі  дегеніміз – экономикалық категория. Адамдардың материалдық және  моральдық – рухани қажеттілігі  толығымен қамтамасыз етілу.

     Салауатты өмір сүрудің сапасы  дегеніміз - әлеуметтік категория  – үй- іші қызымет істейтін  орындары (оқу орындары, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын  қамтамасыз ететін комфортты  мебельдер мен лабораториялық  жабдықтармен қамтамасыз етілуі.

     Салауатты өмір сүрудің стилі  дегеніміз - әлеуметтік – психологиялық  катигория – адамның қоғамдық  орындарда    (мектептерде) өзін - өзі ұстап және көрсете білуі.Белгілі  бір қалыптасқан стандартты ұстап  өмір сүру.

     Салауатты өмір сүру деңгейі  мен салауатты өмір сүру сапасы  эквипотенциялды болып келеді. Сондықтан  да, адам денсаулығының жақсы  және жаман болуы салауатты  өмір сүру стиліне байланысты  болады. Ал, салауатты өмір сүру  тарихы және ұлттық дағды, дәстүрлер  арқылы қалыптасады. Сондай-ақ тұлғаның  биімділігіне байланысты болады.

     Адамның жүріс-тұрысы оның тіршілікке  қажетті заттарын  пайдалануға  қарай дамиды.

    Адам  өзінің жеке басының ерекшелігіне  сәйкес өмір сүреді .Белгілі бір  ұжымдарға қалыптасып, сол жұмыс  мүшесі болып сіңіп кетеді. Қызмет  еткен ұжым мүшелерімен  бірге  өсіп, бірге қайнасып кетеді. Адамның  басына түскен ауыр жағдайлармен  бөліседі. Адамның жүріс- тұрысы  бір келкі емес. Ол тәрбиеге  байланысты болады.

     Тәрбиелі үйлердің балалары сүйкімді  тәртіпті келеді. Үлкенді аға, кішіні  іні деп ерекше көзге түсіп  тұрады.Жақсы тәрбие көрген балаларды  педагогтар бірден тани кетеді. Ал тәрбиені аз көрген балаларды  бірден ажыратуға болады.Тәжірибелі  мұғалім,адам оларды бірден байқап  отырады [9].

     Жалпы қазақ елін ежелден салауатты  өмір сүрудің салтының  символы  деп есептеуге болады. «Ұяда не  көрсең, ұшқанда соны ілесің»  деп адамдар өзінің ұрпақтарына  үйретіп отырады. Өмір сүру салты  мен  денсаулықтың ара- қатынасына  салауатты өмір сүру салты  туындайды. Салауатты өмір сүру  валеология ғылымының негізі  болып есептеледі.

      Салауатты өмір сүру салты  адамның профессионалды  іс әрекетінің, қоғамдық қызметімен күнделікті  тіршілік ету функцияларымен  дамып отырады. Бұлар денсаулықтың  қалыптасуына және оның сақталуына, мықты болып бекінуіне жәрдемдеседі. Осыдан келіп қоғамдық  денсаулық  қалыптасады. Жалпы алғанда адам  денсаулығы бірінші орында болуы  қажет.

     Бірақ жас жеткіншектер өздерінің  денсаулығына онша мән бермейді. Ол жастық өмірдің белгісі,тәрбие жұмысының әділсіздігі. Сондықтан да балаларды жас кезінен бастап денсаулығын сақтай білуге  тәрбйелеудің қажеттілігі туындайды.Осыдан келіп денсаулық зор байлық  деген ұғым қалыптасады.

     Жер шары халықтарына әлеуметтік-гигиеналық  зерттеу жүргізу нәтйжесінде  жинақталған орасан көп құжаттарды  талдай келіп,дүние жүзілік денсаулықты  сақтау ұйымы (ДДСҰ). Мына төмендегідей  тұжырым жасады.

     Жер шарының халықтарының денсаулықтарының  сақталуының 49-53% адамдардың салауатты  өмір сүру салтына байланысты  екені анықталды.Бір сөзбен айтқанда  адамдардың өз денсаулығына деген  көз қарасына байланысты, ал 17-20% әлемдік экологиялық факторларға  байланысты, әдетте әлемдік экологиялық  фактор үнемі өзгеріп отыруын  табиғи құбылыс,оны мөлшерден  тыс өзгертетін адамдардың өздері (антропогендік фактор).

     Әсіресе, тәрбиесі мен түсінігі  аз адамдар табиғи экологияны  үнемі бұзып жіберіп отырады. Ал,18-22% тұқым қуалайтын себептерге  байланысты (оны генотиптік себеп  деп есептейді), 8-10% денсаулық сақтау  орындарының қызмет істеуіне  байланысты деп қорытынды жасаған.

Міне, осы айтылған  қағидаларды жан-жақты дамытып, іске асыру  валеологияның міндеті.

     Сондықтан да валеология пән  ретінде мектеп және колледж  оқушыларына ұсынылып отыр.

Оқу процесінде негізінен жоғарғы оқу орындарымен  мектепке арналған оқулықтар қолданылып жүр Бірақ колледж студенттеріне арналған арнаулы оқулық, оқу құралдары жетіспейді.

     Оқыту процесінде Қазақстан Республикасының  валеологиялық мектептерінің тағайындаған  принциптері мен тәжрибесін басшылыққа  аламыз.

     Денсаулық сақтау  адамзат баласының  ең бір бағалы қасиеттерінің  бірі. Сондықтан да салауатты  өмір сүру салтын көздің қарашығындай  етіп сақтауымыз керек [9.5б].

     Қазіргі заманның көз қарасы  бойынша, салауатты өмір сүру  салты мына төмендегі көрсетілген  шарттармен сипатталынады.

Ең басты зиянды дағдыдан аулақ болу. Зиянды дағдыларға жататындар; темекі шегу,ішімдік ішу,наркотикалық заттар және т.б.

    Салауаттану –денсаулық тұралы ғылым.    Салауаттану-адамның денсаулығы және оны сақтау тұралы ғылым. Салауаттану ғылымы денсаулық физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан қарастырғандықтан,денсаулықты сақтау және нығайту әдістері жөніндегі гигиеналық ережелерді қорытып шығарады.Салауаттану жеке тұлғалық жеке қоғамдық болып бөлінеді.

    Жеке  тұлғалық салауаттану-төменгі негізгі  аспектілер бойынша адамның гигеналық  білімдері мен денсаулығын нығайту  жөніндегі дағдылар кешенін  қамтиды.

 А) жеке  гигиена-денені, киімді, тұратын үйін,тамақ  өнімдерін,суды таза ұстаудың  санитарлық-гигиеналық ережелерін,жұмыс  орынының жарық болуын, желдетіп  тұру режимін, мектептегі температуралық  режимді, партада дұрыс отыруды  қарастырады.

 Б) қозғалыс  белсенділігі-таңертеңгі гимнастиканы  міндетті түрде өткізуді, физикалық  жаттығуларды жүйелі түрде орындауды, спорттық және қимылды ойындармен  айналысуды, жүргізуді, т.б. ойластырады.

  В) шынығу- организімді су, күн,  ауа сияқты  табиғи факторлармен  шынықтыру  шараларын, организімнің суыққа, түрлі  ауруларға төзімділігін, қарсы тұра  алу қабілетін арттыратын әртүрлі  әдістер мен тәсілдерді орындалуын  қарастырады.

  Г) психогигиена  мен психопрофилактка-бұл психоэмоцианалдық  денсаулықты нығайтуға арналған  шаралар кешені.Яғни эмоционалдық  ширығуды жоюға  көмектесетін  психофизикалық жаттығулар кешенін  білу және орындар алу. Құрбылар  арасында, үйде,отбасында және қоршаған  адамдармен мейірімді қарым-қатынастар орнатып, келіспеушілікті,ашу ызаны болдырмау.

  Д)  дұрыс  тамақтану- денсаулық үшін тиімді  тамақтану  маңызды, яғни тағам  калориялы және әртүрлі болу  керек. Тамақтану рационына  барлық  негізгі тамақ өнімдері  қамтылуы  тиіс: ет, өсімдік және жануарлар  текті майлар,көмірсулар, жемістер,көкөністер, таза су.Тамақтану режимін сақтау, яғни күніне 4-5 рет белгілі бір  сағатта  тамақтану қажет.Тамақты  мөлшерден артық  ішпеу және  тұзды, тәтті тағамдарды жемеу  керек.

  Е) жұқпалы  ауруларды алдын алу-санитарлық-гигиеналық  талаптармен ережелерді сақтау.Жеке  гигиена ережелерін  қатаң орындау,егу  жұмыстарын уақытында жүргізу. Жұқпалы  ауруы бар адамдармен  қарым-қатынас  жасаған кезде гигиена ережелерін  сақтау, ауру құстармен малдарға  жоламау.Жұқпалы аурулардан  сақтандыратын  алдын-ала егіу жұмыстарын уақытында  жүргізу.

       Қоғамдық салауаттану–адам денсаулығын  қорғау мен нығайту жөніндегі  дәрігерлік және әлеуметтік -экономикалық  мәселелер кешендерін қамтитын  шаралар кіреді [10].

       Қоғамдық салауаттанудың төмендегідей  бөлімдері бар: Медициналық салауаттану  –отбасындағы, үйдегі,мектептегі, еңбек  ұжымындағы, қоғамдық орындардағы  гигиена және жеке гигиена  ережелерін сипаттайды.Қоғамдық  ортадағы ауа су, топырақ т.б  санитарлық-гигиеналық талаптарға  сай орындалуын қадағалайды. Қоршаған  ортаға уландырғыш заттардың  мөлшерден тыс жібермеуін бақылайды. Сондай-ақ ауыз судың  уландырмауды,ауру  тудырғыш микроорганизімдермен  ластанбауды, ауыл шаруашылық өнімдерінде  пестицидтердің болмауын қадағалайды.

     Экономикалық салауаттану- адамдардың  материалдық қамтамасыз етілуін, олардың өмір сүру деңгейін, адамдардың  еңбек етудегі, тіршілік етудегі,сондай-ақ  денсаулық  сақтаудағы құқықтарының  бұзылмауын қабылдайды.

     Әлеуметтік салауаттану-қоғамның  әлеуметтік салауатты қолайлы  болуын,білім,мәдениет,өнер.діни ұйымдардың  деңгейін және олардың адамдарға  әсерін зерттейді. Адам -тек биологиялық  тіршілік иесі  емес, сонымен бірге  әлеуметтік жеке тұлға.Оның денсаулығы  ол өсіп-дамитын қоршаған ортасына  байланысты болады.Сондықтан қоршаған  ортаны қалай қорғаса,денсаулығын  қалай сақтайтыны,қорғайтыны соған  байланысты болады.Ол өзінің,жақындарының  және қоршаған адамдарының денсаулығын  сақтауға жауапты.

    Салауаттану  – салауатты өмір салтының  негізі: денсаулық адамнан бөліп  қарауға болмайтын құқықтарының, адам бақытның  маңызды компаненттерінің бірі.Көп денсаулығы мықты, жан-жақты дамыған, білімді адам ғана  өз тағдырын дұрыс қарай алады. Кез келген әрбір адам  физикалық, психикалық, рухани әлеуметтік тұрғыдан денсаулығы мықты болу үшін салауатты өмір салтын таңдауы тиіс. Әр адам дені сау, күшті,қуатты, сергек болуды, жақсы қимылдауды, неғұрлым ұзақ жасауды қалайды. Денсаулықты  сақтауға адам өзі жауапты, дегенмен  қоғамға да жауапкершіліктер жүктелген.

    Ел  президентінің «Қазақстан-2030» Жолдауында  әрбір адамға өз денсаулығын  сақтауға  жауапкершілік жүктеледі.Аурулардың  алдын алып,салауатты өмір салтын  орнықтыру-мемлекеттің негізгі басымдылық  саясаттарының бірі.Салауатты өмір  салты мемлекеттік,әлеуметтік саясатқа  арналған орта-қоғам және ұлтты  сауықтандырудың қолайлы әлеуметтік-экономикалық  негізі болады.Ұлыттың саулығы  әрбір адамның денсаулығын сақтап, нығайту және салауатты өмір  салтын орнықтырумен анықталады.

   Салауатты  өмір салты (СӨС)- адамның денсаулығын  сақтап,нығайтуға арналған белсенді  іс-әрекет. Салауатты өмір салтын  қалыптастырғанда ғана мықты  денсаулыққа  ие болып, өмірдегі  барлық мақсаттар мен армандарға  жетуге болады [11].

    Салауатты  өмір салтын қалыптастыру- денсаулықты  сақтау мен ауруларды алдына  алудың басты шарты.Б.Н.Чумаковтың  пікірі бойынша  салауатты өмір  салты өмір бойы  белгілі бір  мақсаттқа бағытталып, біртіңдеп  және тұрақты түрде қалыптасады.Және  салауатты өмір салты дегенді  адамның күнделікті  тіршілігінде  саяси және әлеуметтік-экономикалық  жағдайларға тәуелсіз өзінің  әлеуметтік  және кәсіби міндеттерін  ойдағыдай атқарып,организімнің  резерівтік  мүмкіндіктерін жетілдіруі  деп жаттығуға, шынығуға дұрыс  тамақтануға,зиянды әрекеттерден  аулақ болуға және т.б. уйренеді.

Информация о работе Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары