Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 19:09, дипломная работа
Міндеттері
- тақырыптың мазмұнын әртүрлі әдебиеттер мен оқулықтарға теориялық және практикалық талдаулар жасау;
-«валеология», «экология», «аспект» ұғымдарына түсініктеме беру;
- колледжде валеологиялық білу беру жүйесінің рөлі мен орнын анықтау;
- студенттердің валеологиялық білімдерін тест, анкета түрінде тексеру және
талдау жүргізу;
- валеологиялық білім беру жүйесін жетілдірудің әдістемелік нұсқауларын жасау және оқу-процесіне ендіру;
Кіріспе ....................................................................................................5
1 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
Валеологиялық білім беру жүйесінің теориялық сипаты.............................................................................................8
1.1 Зиянды әдеттердің пайда болу себептері мен салдары............34
1.2 Колледждегі валеологиялық білім берудің дайындық
бағыты...........................................................................................61
2 Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудағы валеологиялық білім беру жүйесінің әдістемелік негіздері
2.1 Валеология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстарды
пайдалану жолдары....................................................................74
2.1 Валеологиялық білім беруді жетілдірудің тиімді жолдары
мен әдістері...............................................................................84
2.2 Валеологиялық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған
іс-тәжірибелердің қорытындысы және нәтижесі......................92
Қорытынды .......................................................................................112
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................115
№ |
Қала мен аудан атаулары |
Балалар |
Барлығы |
Жалпы саны |
1. |
Арыс |
- |
- |
- |
2. |
Бәйдібек |
- |
- |
- |
3. |
Қазығұрт |
1 |
1 |
2 |
4. |
Махтаарал |
1 |
- |
1 |
5. |
Ордабасы |
- |
- |
- |
6. |
Отырар |
- |
- |
- |
7. |
Сайрам |
2 |
3 |
5 |
8. |
Сарыағаш |
3 |
6 |
9 |
9. |
Созақ |
- |
- |
- |
10. |
Төлеби |
- |
2 |
2 |
11. |
Түлкібас |
- |
- |
- |
12. |
Кентау |
- |
4 |
4 |
13. |
Түркістан |
2 |
3 |
5 |
14. |
Шымкент |
2 |
10 |
12 |
15. |
Түрлі ұлттар |
2 |
4 |
6 |
16. |
Барлығы |
13 |
33 |
46 |
Кесте 1 АҚТҚ – мен 2007 жылы тіркелген көрсеткіштері
ЖҚТБ бірнеше жолдар арқылы жұғады.
1. Жынысты қатнас арқылы
2.Тері асты инфекциясын жасау үшін бір шприцті бірнеше адамдарға пайдалану
3. ЖҚТБ ауруымен ауырған екі қабат әйел ішіндегі нәрестеге жұғады
4. Қан құю кезінде АҚТҚ вирусы беріледі
5.Қолдағы,
тістегі, аяқтағы кішкентай
жарылып жерлер арқылы
СПИД ағзаға өтуі мүмкін. 2 кестеде
ОҚО бойынша ЖҚТБ-мен
№ |
Қала мен аудан атаулары |
Балалар |
Барлығы |
Жалпы саны |
1. |
Арыс |
- |
- |
- |
2. |
Бәйдібек |
- |
- |
- |
3. |
Қазығұрт |
- |
- |
- |
4. |
Махтаарал |
- |
- |
- |
5. |
Ордабасы |
- |
- |
- |
6. |
Отырар |
- |
- |
- |
7. |
Сайрам |
2 |
- |
2 |
8. |
Сарыағаш |
- |
- |
- |
9. |
Созақ |
- |
- |
- |
10. |
Төлеби |
- |
- |
- |
11. |
Түлкібас |
- |
- |
- |
12. |
Кентау |
- |
- |
- |
13. |
Түркістан |
- |
- |
- |
14. |
Шымкент |
2 |
6 |
8 |
15. |
Түрлі ұлттар |
2 |
2 |
4 |
16. |
Барлығы |
6 |
8 |
12 |
Кесте 2 ЖҚТБ– мен 2007 жылы тіркелген көрсеткіштері
ЖҚТБ ауруларының белгілері
1. Ештеңе істемей өте қажып жалқау үрдісі басып кетеді.
2. Безгек ауруымен ауырғандай қалшылдап дірілдеп кетеді.
3. Бездердің мөлшерден тыс өсіп кетуі болады.
4. Ауыз қуысында ерекше көзге түсетін теңбілдер болады.
Қазіргі таңда ең қатерлі ауруладың бірі болып отырған ауру.
ЖҚТБ бірнеше жолдар арқылы жуғады.
1. Жынысты қатынас арқылы
2.Тері асты инфекциясын жасау үшін бір шприцті бірнеше адамдарға пайдалану
3. ЖҚТБ ауруымен ауырған екі қабат әйел ішіндегі нәрестеге жұғады
4. Қан құю кезінде АҚТҚ вирусы беріледі
5.Қолдағы, тістегі, аяқтағы кішкентай жарылып жерлер арқылы СПИД ағзаға өтуі мүмкін.
Қоршаған ортаның жағдайы және және денсаулық.БҰҰ-ның климаттың өзгеруi жөнiндегi негіздемелік конвенциясын ратификациялаған және осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойған Қазақстан көмiрсутегi отынын жағудан парник газдары (ПГ) көлемiнiң тұрақты ұлғаюымен байланысты жаһандық жылынудың алдын алу жөнiндегi жалпы әлемдiк қозғалысқа қосылды.
«Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасының шеңберінде орындалған Қазақстан Республикасында парник газдары шығарындыларының көздеріне жүргiзiлген түгендеудің нәтижелері бойынша соңғы 5 жыл ішінде атмосфераға ПГ эмиссияларының жыл сайынғы ұлғаюы 6,7% құрағандығы белгіленді. Қазақстандағы парник газдары эмиссияларының негізгі көзі энергетикалық қызмет болып табылады, оның үлесі іс жүзінде өзгермеді де 2005 жылы 78,0% құрады. Екінші орында үлес бойынша ауыл шаруашылығы тұр, оның үлесі 1990 жылдағы 13,0%-дан 2005 жылда 8,4%-ға дейін азайды.
2005 жылы парник газдарының жалпы эмиссиялары 1992 жылдың деңгейінен 70%-ды құрады.
Ғалымдардың бағалауы бойынша, уақыттың 31-жылдық кесіндісі ішінде Қазақстан үстіндегі сомалық озон 2%-ға азайды. Және одан әрі де озон қысқаруының дәп осындай қарқынын болжаса, жақын арадағы онжылдықта озонның жалпы болуының орташа шамасы шамамен 335 м атм-см құрайды.
Озон қабатын бұзатын заттар (ОҚБЗ) эмиссияларының қазіргі көлемдерін және оларды Монреаль хаттамасының шеңберінде болжанатын рұқсатты көлемдерін ескере отырып, ХХІ ғасырдың алғашқы бірнеше онжылдықтары озондық қысқару үшін неғұрлым өзгермелі кезеңдер ретінде бағаланады. Қазақстан үстінде де, жалпы планета үстінде де, озон қабатының қалпына келуі кейінгі отыз жылда, егер атмосфераға Сl және Вr шығарылуы тоқтатылса және басқа да ОҚБЗ барынша қысқарған жағдайда басталуы мүмкін.
Аумақтың ауқымдығы, Еуразия ортасында орналасуы, флора мен фауна түрлерінің молшылығы, биологиялық сан алуандығы бойынша орман, дала, жайылым, шөлейт және тау ландшафттары үйлесуінің болуы еліміздің ерекшелігі болып табылады. Қорғауды талап ететін сирек кездесетін эндемикалық және реликттік түрлердің арасында өсімдіктердің 400-ден астам түрі мен омыртқалы жануарлардың 300 түрі бар, олардың едәуір бөлігіне жойылу қауіпі төніп тұр [39].
Эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді, бірегей және эталонды учаскелерді, тұтастай алғанда табиғи экожүйелерді сақтаудың ең тиімді шарасы деп әлемдік қауымдастық ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін құруды таныды.
Қазақстандағы 178 сүт қоректілердің арасында жұмыс істейтін қорықтарда 140 (78,6%), яғни Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген 22 түрі, қорғалатындығын атап өту қажет. Алтайлық, қазақстандық, қаратаулық, қызылқұмдық тау текенің тіршілік ету орындарында сенімді қорғалатын аумақтар керек. Шөлейтті сүт қоректілер - джейран, құлан, манул, қарақал үшін де қорғалатын аумақтар жеткіліксіз. Қорық аумақтарында сүт қоректілердің 37 түрі (21,1%), оның ішінде Қызыл Кітапқа енгізілгендердің 12 түрі, мүлдем кездеспейді. Орал өзенінің аңғарында тіршілік ететін жұпар тышқан, орман сусары, еуропалық құндыз, Волга-Орал құмдарында үлкен жұмық және осы өңірде болатын Батыс Тянь-Шань эндемигі - Мензбир суыры, Ақсу-Жабағлы қорықтың аумағында кездеспейді. Жалғыз теңіз сүт қоректі - Каспий итбалығы Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі қорықтық аумағымен тек қана жартылай қорғалған.
Республикада ұялайтын құстар түрінен қорықтықтарда құстың 346 түрі ұялайды, бұл 87,4% құрайды. Олардың арасында 39 сирек кездесетін және жойылу қауіпі төнгендер, бұл Қазақстанда ұялайтын қызылкітапты құстардың барлығынан 76,5% құрайды. Бірақ олардың біразы ғана қорғалатын аумақтармен жеткілікті қамтамасыз етілген деп саналады. Бұл бүркіт, үкі, сондай-ақ қоқиқаз. Айдарлы қазанқап, колпица, каравайка, жек дуадақ, джек, стрепет, серпоклюв, қаратөсті рябка тәрізді және басқа да қызылкітапты құстар үшін қорғалатын аумақтар жеткіліксіз [40].
Биологиялық сан алуандықты сақтау үшін ормандар үлкен маңызға ие. Аумақтардың орман жамылған ауданы 12 303,4 мың га (республика ауданынан 4,5%), оның ішінде қылқан жапырақты ормандар ауданы - 1650,8 мың га. Орманның биологиялық сан алуандығына қауіп төндіретін факторларға өрт, өз бетімен шабу, мал бағу жатады.
«2004-2006 жылдарға арналған «Қазақстан ормандары» бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы № 542 қаулысымен бекітілген «Қазақстан ормандары» Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі жұмыс жүргізілді. Ормандарды молықтыру және орман өсiру бойынша 22,34 мың га ауданда іс-шаралар орындалды, оның ішінде егу және отырғызу әдісімен - 18,11 мың гектарда.
Орманды қалпына келтіру жұмыстарының жалпы көлемі республика бойынша тұтастай алғанда 2006 жылы 36,96 мың га құрады және 2000 жылғы көлемді екі еседен астам артып кетті .
Бүгінгі күні республика аумағының 70% жерлері әртүрлі деңгейде шөлейттену және азып – тозу процестеріне ұшырағандығы анықталды.
Республиканың табиғи ерекшеліктері антропогендік әсерлерге әлсіз орнықтылықтың себебі болып келеді. Ел жайылымының 188,9 млн. гектарында азып-тозудың шекті дәрежесі 26,6 млн. га байқалады. Барынша көп азып-тозуға ауылды елді мекендер төңірегіндегі жерлер ұшыраған. Шабындықтың 50 млн. га шөлейттенуінің салдарлары олардың аудандарының қысқаруында, улы өсімдіктердің басуында, бұталануында байқалады. Суармалы жерлерде қара шірінді азайғанның үлесіне 0,7 млн. га келеді. Суармалы жерлердің тұздануы тұйық бассейндердегі сазды шөлдер ауданының өсуіне және суармалы жерлердің қайталама тұздануына әкеледі. Тұзданған топырақтың үлесі барлық суармалы егістік жердің ауданынан 31,3% құрайды.
Сурет 1 Ормандарды қалпына келтіру, мың га
Тұтастай алғанда республика бойынша жер сапасының нашарлауға орнықты үрдісі байқалады: қара шірінді болуының, биогендік элементтердің, өсімдіктердің түрлік құрамының, биологиялық өнімділіктің және т.б. төмендеуі .
Арал теңізі акваториясының апаттық қысқаруы Арал өңірін экологиялық қияпат аймағы деп жариялауға себеп болып табылды. Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметтері бойынша 50-70 мың тоннадан астам тұз көтерілуде. Ауыз судың сапасының нашарлығы балалар арасындағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда.
Арал маңының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде 2004-2006 жылдары Арал теңізінің солтүстік бөлігінің деңгейі Балтық жүйесі бойынша 41,4 метр белгісіне жетті (жобаны іске асыру басталмай тұрғанда 39 метр болған). Бұл ретте су айнасының ауданы 2006 жылдан бері 3156,6 шаршы метрге, су көлемі - 17,7-де 25,2 текше метрге ұлғайды, ал судың минералдануы бір литрге 23-тен 12 грамға дейін азайды.
Сырдария өзенінің Қазалы және Қызылорда гидротораптардан төмен өткізушілік қабілеті 60-тан 400 секундына текше метрге дейін және 400-ден 760 секундына текше метрге дейін тиісінше ұлғайды.
Сол кезде Арал маңының өңірлерінде жұмыс істеп тұрған су құбырларының санитарлық – техникалық жай-күйі қанағаттандырылғысыз болып қалуда, бұл су құбыры имараттары мен су бөлу желісінде авариялық жағдайларға жиі әкеліп соғады. Су құбырларының бірқатарында тазарту және залалсыздандыру имараттарының қажетті кешені жоқ. Су тапшылығынан ең ауыр жағдай Оңтүстік Қазақстан облысының ауылды мекендерінің халқын сумен қамтамасыз етуде қалыптасуда, онда Арал маңы өңірлерінің кейбір елді мекенді пункттерінде суды меншікті тұтыну 150 тәулікке/литр норма кезінде шамамен тәулікте 30 литрді құрайды.