Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 19:09, дипломная работа

Краткое описание

Міндеттері
- тақырыптың мазмұнын әртүрлі әдебиеттер мен оқулықтарға теориялық және практикалық талдаулар жасау;
-«валеология», «экология», «аспект» ұғымдарына түсініктеме беру;
- колледжде валеологиялық білу беру жүйесінің рөлі мен орнын анықтау;
- студенттердің валеологиялық білімдерін тест, анкета түрінде тексеру және
талдау жүргізу;
- валеологиялық білім беру жүйесін жетілдірудің әдістемелік нұсқауларын жасау және оқу-процесіне ендіру;

Содержание

Кіріспе ....................................................................................................5
1 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
Валеологиялық білім беру жүйесінің теориялық сипаты.............................................................................................8
1.1 Зиянды әдеттердің пайда болу себептері мен салдары............34
1.2 Колледждегі валеологиялық білім берудің дайындық
бағыты...........................................................................................61
2 Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудағы валеологиялық білім беру жүйесінің әдістемелік негіздері
2.1 Валеология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстарды
пайдалану жолдары....................................................................74
2.1 Валеологиялық білім беруді жетілдірудің тиімді жолдары
мен әдістері...............................................................................84
2.2 Валеологиялық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған
іс-тәжірибелердің қорытындысы және нәтижесі......................92
Қорытынды .......................................................................................112
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................115

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕ.docx

— 351.55 Кб (Скачать документ)

Тұтастай алғанда қолданып жатқан шараларға қарамастан, өңірдегі экологиялық жағдай күрделі болып қалуда, бұл халық денсаулығына әсер етеді.

Семей өңірі (Семей сынақ ядролық полигоны - ССЯП) полигонның әсерін сипаттайтын халық денсаулығы мен ауруға ұшыраудың негізгі көрсеткіштері бойынша  бірден бір жайсыздардың бірі болып қалуда.

Семей өңірінің халқы денсаулығының жай-күйін динамикада талдау Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен халықтың денсаулығына полигон факторларының жалғастырылып жатқан кері әсері туралы куәландырады. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2005 жылдың қорытындылары бойынша қатерлі және қатерсіз ісіктерден өлім көрсеткіші орташа республикалық деңгей - 122,6 жағдай болған кезде, 100 мың халыққа 176,3 жағдайды құрады [41].

2005 – 2007 жылдарға арналған бұрынғы  Семей сынақ ядролық полигонының  проблемаларын шешу жөніндегі  кешенді бағдарламаның шеңберінде  зерттеулер алаң аумағында радиоактивті  ластанудың бар болуын растайды. Суда техногендік радионуклидтердің нормадан жоғары болуы анықталды.

 

 

Аймақтың қауіптілігі

Дозасы бэр

Облыс, аудан, елді мекендер

 

1

 

Төтенше қауіп-қатерлі аймақ

 

 

100

 

Семей облысы

Абай, Бесқарағай, Жаңасемей аудандары

2

Қауіп-қатерлі аймақ

35-100

Семей облысы

Бесқарағай, Жаңасемей, Абай, Абралы аудандары

Павлодар облысы

Май ауданы

 

3

 

Орташа қауіп-қатерлі аймақ

 

7-100

 

Семей облысы

Семей, Курчатов қаласы, Шүбартау, Аягөз ауданы Бородуллихин, новошульба.

Қарағанды облысы

Егіндібұлақ ауданы

Павлодар облысы

Май ауданы

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен, Лениноград, Глубокин, Таврия, Шемонайха аудандары.


 

Кесте 3  Қазақстан жеріндегі радиациялқ  апатты аймақтары

 

Жоғарыда келтірілген шынайы фактілер Қазақстанның қасиетті топырағы, ауасы мен су ресурстарының қаншалықты зардап шегіп келгенін дүние жүзінің адамзат қоғамы соңғы жылдары ғана біліп отыр. Ендігі жерде Қазақстанның ұлан – ғайыр территориясы өзінің жаралы денесін сауықтыра отырып болашақ ұрпақтарының салауатты өмір сүруін қамтамасыз етуге бел байлап өркениетті елдер қатарына қосылатын күн алыс емес екеніне кәміл сенеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экологиялық апат түрлері

 

Апаттың зардаптары

 

Апаттан қорғау жолдары

 

  1. Ортаның ластануы

 

  1. Техногенді апат

 

 

 

 

 

 

  1. Ресурстардың таусылуы

 

  1. Топырақтың эрозиясы
  2. Озон қабатының жұқаруы

 

  1. Табиғат апаттары

(жер сілкіну, сел, цунами, циклон, жүт, вулкандар атқылауы, теңіздер мен  мұхиттар деңгейінің көтерілуі  немесе түсуі

 

  1. Адамдардың ауруға ұшырауы

 

  1. Қаншама миллиондаған адамдардың қырылуы

 

 

 

  1. Ел экономикасының төменділігі
  2. Өнімнің жетіспеуі

 

  1. Ультракүлгін сәулелерінің зардаптары
  2. Адамдар шығыны-

ның көптігі, эконо-микалық шығындар

 

 

 

  1. Ластанудың себептерін табу

 

  1. Адамдарға үгіт-насихат жүргізу керек, ондай объектілерді қала-дан алыс жерде орналастыру керек.

 

  1. тиімді пайдалану керек

 

  1. Тыңайтқыштар беру керек
  2. Ауаға зиян газдарды жібермеу керек

 

  1. Алдын-ала

дайындық жүру және олардың болуын алдын-ала хабарлау керек


 

Кесте 4   Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апаттар, оның тигізетін зардаптары және қорғау жолдары

 

 

Бағдарлама шеңберінде ядролық және радиациялы – қауіпті объекті-лердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар орындалды және таратпау режимін сақтау жөніндегі бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Ядролық қару-жарақтық қызметтің қалдықтарын, радиоактивті және уытты қалдықтарды жою және консервациялау жөніндегі және радиациялы-ластанған аумақтарды қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешені жүргізілді. Бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының аумағында радиациялық жағдайдың дұрыс карталарын жасау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде .

Мұнай өндіру кәсіпорындары Қазақстанның мұнай газ кенорындарын 100-жылдық игерудің ішінде ауқымды зиян келтіріп, Каспий маңындағы бірқатар аудандардың экологиялық жағдайын өзгертіп жіберді.

Каспий теңізі суларының, әсіресе солтүстік және шығыс акваторияларының ластануы алаңдатушылық туғызады, онда Ресей мен Қазақстанның аймақтарынан тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар тасталады. Топырақтың ластануы, жағалаудағы көптеген мұнай амбарлары мен аңғарлар, сондай-ақ танкерлік флот Каспий теңізінің суына токсиканттар түсуінің басты көздері болып табылады.

Ластанудың нәтижесінде Солтүстік Каспий ихтиофаунасының өмірлік іс-әрекетінде өзгерістерге әкелді: төлдің жоғары табиғи өлімі, көктемгі айлардағы итбалықтардың буаз ұрғашыларының жаппай қырылуы, түсіктердің жоғары пайызы. Бекіре балықтарды ауладың көлемі 3 есеге қысқартылды.

Мұнай өндіру кәсіпорындарында ағынды суларды кәдеге жаратудың тиімді жүйесінің болмауы кәсіпшіліктер аумағында құрамында рассольді сулар және уытты химиялық заттар бар ауқымды тіршіліксіз су қоймаларының пайда болуына әкеледі.

Мұнай кәсіпшіліктер аумағының радиациялық ластануы өзекті мәселе болып кетті. Мұнай кенорындарының қабатты сулары радионуклидтердің жоғарылаған  нормасын, негізінен Rа-226 қосады.

Мұнай өндіру аумақтарында халық денсаулығы ерекше алаңдатушылықты туғызады, оның төрт ұрпағы атмосфераның, топырақтың және су ресурстарының мұнай өнімдерімен белсенді ластануының аймағында тұрақты тұрады. Бірқатар аурулардың, мысалы қан және қан жасау органдарының ауруы (республикалықтан 2-4 есе жоғары) мұнаймен ластанумен байланыста екені туралы зерттеулер бар.

Осы барлық факторлар мұнай өндірудің қоршаған ортаға әсер ету аймақтарында экологиялық мониторинг жүйесін дамытудың қажеттілігі туралы куәландырады  [41.3].

Жер асты және жер беті суларының сапалық және сандық құрамына әсер ететін факторлар болып әлі күнге дейін мыналар табылады: суды қайтарымсыз алу, су объектілерін ластау және қоқыстау, су жинау ауданында орналасқан жыртылатын жерлердің жоғарғы қабатының аудандың шайылып кетуі.

Сарқынды сулардың жер беті суларына төгінділерінің көлемі 2006 жылы 2005 жылғы көрсеткіштен 8%-ға асты және 2,8 миллиардтан астам текше метрді құрады, оған ең үлкен салымды әлі күнге дейін Қарағанды және Павлодар облыстары енгізіп отыр.

2006 жылы зерттелген су объектілерінің  жалпы санынан «тазаға» тек 18 өзен - Орал, Шаған, Дерқұл, Үлкен және  Кіші Өзен, Утва, Чижа-1, Чижа-2 және  Елек (Батыс Қазақстан облысы), 5 көл - Қопа, Үлкен Шабақ, Бурабай және  Щучье және 3 су қоймасы - Бұқтырма  және Өскемен, Вячеславка; «ластарға» - 6 өзен, оның ішінде Бреска, Тихая, Үлбе және Глубочанка және  «өте ластарға» - 1 өзен (Красноярка) жатқызылған. Су объектілерінің  «аса ластанбаған» сыныбы неғұрлым өкілді - 29 өзен, оның ішінде Бұқтырма, Оба, Емел, Аягөз, Есіл (Солтүстік Қазақстан облысы), Ертіс (Өскемен қаласы - Семей қаласы учаскесінде), Кіші, Үлкен Алматы және Есентай (Алматы қаласы), 7 су қоймасы (Қапшағай, Сергеевка, Шардара және т.б.) және 1 өзен. «Ластанған» су объектілері сыныбына 2 өзен және 1 су қоймасы жатқызылған. ЖББШШ мәнінен асатын негізгі ластаушы заттардың тізбесінде 11 ингредиент бар, олардың ішінде неғұрлым таралған болып нитраттар, мыс пен мырыштың қосындылары, сульфаттар, мұнай өнімдері, фенолдар және марганец табылады.

Күн тәртібінен сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесі алынбайды. Республиканың барлық облыстарында дерлік ауыз сумен қамтамасыз етуде қиындық шегіп отырған елді мекендердің анықталған саны бар.

Шекаралас аумақтарда құралатын және республиканың аумағына ластанған болып келетін трансшекаралық өзендердің жай-күйі сипатты мәселе болып қалып отыр, бұл оларды пайдалану үшін қосымша қиындықтар туғызып       отыр .

Оларға мұнайгаз кешенінің, жылу энергетикасының, тау рудалық және өндеу өнеркәсібініңбұрынғы қызметінің қалдықтары, сондай-ақ осы уақыттағы иесіз объектілер: мұнайгаз және гидрогеологиялық ұнғымалар, шахталар, рудниктер (оның ішінде радиоактивтік қалдықтар бар), қалдықсақтауыштар және сарқынды суларды жинақтауыштар, әскери-сынақ полигондары жататын тарихи ластанулардың проблемасы ерекшеленеді.

Консервіленген мұнай және қысымдық ұнғымаларды, өз бетінше төгілетін гидрогеологиялық ұнғымаларды жою проблемасы өзекті болып қалып отыр.

Соңғы уақытта олар зымыран тасымалдағыштардың (ЗТ) сынамалық және оқытулық жіберулері олардың ұшу траекториясындағы ауқымды аумақтарының ластануымен байланысты екендігін куәландыратын, әскери-ғарыштық және сынақ кешендерінің қоршаған ортаның жай-күйі мен халық денсаулығына әсерін бағалау жөніндегі көптеген зерттеулер өткізілді. Табиғи объектілерге едәуір зиян зымыран тасымалдағышының бөлінетін бөлшектердің (ЗТ ББ) конструкцияларының элементтерінен де, отының жанып бітпеген компоненттерінің қалдықтарынан да келтіріледі. Бір ластанудың ауданы ЗТ ББ құлау орнының гидрометеорологиялық және географиялық ерекшеліктеріне тәуелді бірнеше гектарға жетуі мүмкін, бұдан өзге сұйық зымыран отынының компоненттері және олардың өзгерулерінің өнімдері табиғат суларымен бірнеше жүз шақырымға дейін көше алады.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы бойынша орташа, бір тұрғынға есептегенде, атмосфераға жылына 200 кг-дан астам әртүрлі химиялық қосылыстар шығарылады, ал 2000 жылы бұл көрсеткіш 163 кг-ға тең болатын.

 


 

Сурет 2  Қазақстан Республикасының стацион қозғалмалы арлық

және қозғалмалы көздерінен жалпы шығарындылары санының

динамикасы

 

Графикті талдау көрсеткендей, соңғы жылдар ішінде республика бойынша стационарлық көздерден шығарындылардың 3 миллион тонна жылына деңгейінде тұрақтануы байқалады, ал автомобиль көлігінен ластаушы заттардың шығарындылары тоқтаусыз өсуде, бұл автокөліктік құралдары санының республика аумағындағы күрт өсуімен шартталған. Көптеген ірі қалаларда ауа бассейнінің ластауға автокөліктердің үлестері жалпы қалалық жалпы шығарындыдан 60%-ға және одан астамға, ал Алматы қаласында –90%-ға жетеді.

Қазақстан Республикасында атмосфералық ауаның стационарлық көздерінен ластануының негізгі себептері мыналар болып табылады: көптеген өндірістердің ескірген технологиялары; тозаң және газ тазартқыш қондырғыларының жеткіліксіз саны; бар тазарту қондырғыларының жоғары емес тиімділігі; жұмыстың технологиялық режимін бұзу; энергетикада төмен сапалы көмірлерді пайдалану.


Сурет 3 Қазақстан Республикасы қалаларының ластану индексінің динамикасы

 

«Қазгидромет» РМК бақылауларының деректері бойынша Қазақстан қалаларының атмосфералық ауасындағы зиянды заттардың құрамы жоғары болып қалып отыр. Зиянды қоспалардың орташа және максималдық мәндері қалаларда өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындыларының мөлшеріне, сондай-ақ қалалардың әртүрлі физикалық географиялық аудандарда орналасуына байланысты үлкен шектерде өзгерген.

2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда  Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Қостанай, Петропавл, Павлодар, Риддер, Тараз, Теміртау, Орал, Екібастұз қалаларында және Глубокое кентінде атмосфералық ауаның ластану деңгейі аса өзгерген жоқ, ал Алматы, Қарағанды, Семей, Өскемен және Шымкент қалаларында - төмендеген, ластаушы заттар шығарындыларының едәуір өсуі Астана қаласында байқалады.

Қазақстанның негізгі экологиялық проблемаларының бірі болып радиоактивтік ластану табылады. Олардың көздері мыналар: жұмыс істемейтін уран өндіру кәсіпорындардың және өңдеу өнеркәсібінің қалдықтары - уран рудниктерінің үйінділері, өзінше төгілетін ұңғымалар, қалдықсақтауыштар технологиялық барыстың бұзылған жабдықтары;

ядролық қаруды сынау нәтижесінде ластанған аумақтар;

мұнай өндіру қалдықтары және пайдаланып болған мұнай жабдықтары;

иондайтын сәулелену көздерін пайдаланып біткен ядролық реакторлардың қалдықтары;

Қазақстан аумағында табиғи радиоактивтіліктің жоғары деңгейін шарттайтын алты ірі уран бар геологиялық провинциялар, көптеген шағын уранның кен орындары мен руда көрінулері бар, онда уран өндіру кәсіпорындарының жинақталған қалдықтары сондай-ақ шоғырландырылған.

Қазақстандағы ең басты доза құрушы факторларының бірі әлі күнге дейін радон және оның ыдырау өнімдері қалып отыр. Барлығына белгілідей, радиацияның басқа барлық түрлерінің ішінде радон және еншілес ыдырау өнімдері өкпе рагы этиологиясында төтенше маңызды рөлді ойнайды .

Химиялық ластанудың проблемасы адаммен шаруашылық қызмет процесінде пайдаланылатын химиялық белсенді заттардың кең таралуымен байланысты, олардың ішінде табиғи ортада баяу ыдырайтын, тірі ағзада жинақталу қасиетіне ие орнықты органикалық ластанулар аса қауіпті. Жеткілікті мөлшерде пестицидтерді сақтау үшін қоймалардың және пайдалануға жарамсыз пестицидтер мен олардың таралары үшін жұмыс істеп тұрған мамандандырылған көму орындарының жоқ болуына байланысты күрделі проблема болып пестицидтер мен улы химикаттардың тараларын кәдеге жарату қалып отыр [41,20].

Информация о работе Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары