Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 19:09, дипломная работа

Краткое описание

Міндеттері
- тақырыптың мазмұнын әртүрлі әдебиеттер мен оқулықтарға теориялық және практикалық талдаулар жасау;
-«валеология», «экология», «аспект» ұғымдарына түсініктеме беру;
- колледжде валеологиялық білу беру жүйесінің рөлі мен орнын анықтау;
- студенттердің валеологиялық білімдерін тест, анкета түрінде тексеру және
талдау жүргізу;
- валеологиялық білім беру жүйесін жетілдірудің әдістемелік нұсқауларын жасау және оқу-процесіне ендіру;

Содержание

Кіріспе ....................................................................................................5
1 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
Валеологиялық білім беру жүйесінің теориялық сипаты.............................................................................................8
1.1 Зиянды әдеттердің пайда болу себептері мен салдары............34
1.2 Колледждегі валеологиялық білім берудің дайындық
бағыты...........................................................................................61
2 Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудағы валеологиялық білім беру жүйесінің әдістемелік негіздері
2.1 Валеология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстарды
пайдалану жолдары....................................................................74
2.1 Валеологиялық білім беруді жетілдірудің тиімді жолдары
мен әдістері...............................................................................84
2.2 Валеологиялық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған
іс-тәжірибелердің қорытындысы және нәтижесі......................92
Қорытынды .......................................................................................112
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................115

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕ.docx

— 351.55 Кб (Скачать документ)

 Жануартану  пәнінің  көптеген  материалдарын  6-7  сыныптың  география,  ботаника  пәнімен  тығыз  байланыстыра  оқытуға   мүмкіндік  жасайды.  Сонымен  қатар  жануартану  пәнін  оқыта  отырып,  оқушыларға  ғылыми  дүниетаным,  политехникалық  білім  және  экологиялық  тәрбие  берудің   де  маңызы  зор [56].       

Ал, валеология пәнін оқытудағы ең бір маңызды дидактикалық ұстанымдардың бірі-пәнаралық байланыс. Бұл-ғылыми-жаратылыстану пәндері мен қоғамдық-гуманитарлық циклдердің және жастарды еңбекке баулуда білім берудің арасындағы байланыстарды қамтамасыз етеді.

Бірақ, мектеп мұғалімдері күнделікті оқыту жұмыстарына пәнаралық байланысты іс жүзінде пайдалану кездерінде көптеген қиындыққа кездеседі. Оның негізгі себебі, пәнаралық байланыс жайлы керекті оқу-әдістемелік құралдарының жоқтығынан.

Пәнаралық байланысты күнделікті сабақ өткізуде пайдалану биология пәні мұғалімінің теориялық білімінің тереңдігін, оның жан-жақтылығын, эрудициясын, ізденімпаздығын талап етеді. Валеология пәніндегі, әсіресе, адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасындағы көптеген заңдылықтар мен түсініктер басқа пәндермен, оның ішінде физика, химия, география, медицина және экология, математика, т.б. өте тығыз байланысты [57].

Валеология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстар бірнеше қызмет атқарады.

Бірінші-методологиялық қызметі. Осы қызметі оқушылардың денсаулықтың кепілі-тазалықтың, оның біртұтастығы мен дамуына диалектикалық-материалистік көзқарасын қалыптастыруға үлкен әсерін тигізеді.

Екінші-оқушының білімдік ой-санасын қалыптастырып, оның бір жүйелілігін, тереңдігін, алғырлығын дамытады. Бұл ретте пәнаралық байланыс аралық байланыстарды игеруге мүмкіндік туғызады, валеологиялық түсініктерді дамыту құралы есебінде пайдаланылады.

Үшінші-тәрбиелік қызметі. Пәнаралық байланыс білім берудегі кәсіптік бағытты іске асыруға көмек көрсетеді.

         Төртінші-конструктивті  қызметі. Осы қызметі оқу материалдарының  мазмұнын, әдісі мен ұйымдастыру  формаларын арттыруға көмектеседі [58 ].

Валеология курстарынан сабақ беру үшін әрбір мұғалім пәнаралық байланысты іс жүзінде орындауы тиіс.

Оның өзі бірнеше кезеңдерден тұрады:

а) валеологияның әрбір курсының және басқа да пәндердің басты тақырыптарының арасындағы пәнаралық байланыстарды талдап, қосымша әдебиеттерді пайдалану;

ә) курстық және тақырыптық жоспарларды пайдалынып, пәнаралық байланысқа сәйкестеп, сабақтың жоспарын құру;

б) нақтылы сабақтың тақырыбы бойынша әдістемелік тәсілдер мен керекті құрал-жабдықтарды дайындау, т.б.

Пәннің әрбір тарауының мазмұнына талдау жасап, бөлген жөн:

а) бұрын оқылған валеологияның басқа курстарынан таныс түсініктерге сүйеніп, олардың арасындағы байланыстарды анықтау;

ә) валеологиядан басқа пәндерден алынған таныс түсініктермен байланысын ашу;

          б) болашақта  оқылатын валеология және басқа  да пәндерде кездесетін түсініктермен  байланыс жоспарын алдын ала  жасау [59 ]..

Пәнаралық байланысты іс жүзінде орындауға қолданылатын әдістемелік тәсілдердің барлығы да оқушылардың өз бетімен ізденіс жұмыстарын арттыруға арналған. «Адам және оның денсаулығы» және «Валеология» пәндерінің ішіндегі пәнаралық байланыстарға жеке-жеке тоқталайық.

Тәнтану пәнінде пәнішілік және пәнаралық байланыстарды қалыптастыру.

Жасушаның (клетканың) құрылысы мен қызметі, мүшелер (органдар) жүйесі, олардың эволюциялық дамуы, қызметтерін рефлекторлы реттеу, ағзаның біртұтастығы, олардың сыртқы ортамен байланысы жайлы түсініктерді дамыту үшін биологияның бұрынғы курстарымен байланыстыру керек. Мұғалім оқушылардың түсініктерін жинақтап, адам және оның денсаулығы курсын оқытқанда осы курсқа тән анатомиялық физиологиялық және гигиеналық түсініктерді шеберлікпен дамытады.

Сүйектің химиялық құрамы мен құрылысын оқыту кезінде оқушылардың 6-сыныпта алған органикалық заттар, сулар мен тұздардың қасиеті туралы түсініктеріне сүйеніп, оны әрі қарай кеңітіп және тереңдете ұғынуға ықпал жасау керек. Ал буындар мен сүйектердің қозғалу механизмдерін әңгімелегенде оқушы физика пәнінен-механикалық жұмыс және үйкеліс күші, рычаг(иін) жайлы алған білімін пайдаланып, жаңа түсінікті тез игеріп кетеді.

Физикадағы энергияның сақталу және алмасу заңы валеологияда адам ағзасындағы зат алмасу жайлы тақырыпты өткенде тірек білім болады, яғни оның тірі табиғат заңдылықтарының жан-жақты, бірдей екенін оқушылар жақсы ұғынады және химиялық үрдістер мен биологиялық үрдістердің біртұтастығын танып біледі.

Биологиядағы көру және есту мүшелерінің қызметі мен құрылысы тақырыбындағы оқушылар білімі болашақта физика курстарынан оптика және дыбыс жайлы әңгімелегенде тірек білім ретінде қолданылады.

Валеология сабақтарында кең және жан-жақты пәнішілік және пәнаралық бұрынғы, болашақ, тура және кері байланыстарды пайдаланудың арқасында мұғалім оқушының материя қозғалысындағы адамның алатын орны, даму формасы жайлы білімін жетілдіреді [60].

Адам және оның денсаулығы курсындағы пәнаралық байланысты іске асыруда ең бірінші-проблемалық жағдайларды тудыру, оларды талқылау,

Осылай өтілген сабақтардың барысында оқушылар өте күрделі біліктерді пайдалану арқылы ой-өрістерін дамытуға, басқа пәндерден алған білімін саралап, жаңа жағдайға алмастырып және салыстыра, талдай отырып, жалпы қорытынды жасап, өз білімін тиянақтауға, бекітуге тырысады.

Сондықтан пәнаралық байланысты бір жүйемен, барлық жағдайда түрлі түрлі тәсілдерді пайдалану арқылы жүргізу оқушылардың шеберлігін, ойлану мүмкіндігін арттыруға үлкен көмегін тигізеді.

Адам ағзасындағы көптеген физиологиялық үрдістер физикалық заңдарға бағынады, қан тамырлары арқылы қанның ағысы гидродинамикалық заңдылығына, қан тамырларының серпімділік қасиеті механикалық тербелісінің белгісін байқатады, биопотенциалдың таралуы тоқтың химиялық электр қозғаушы күшіне ұқсас, тыныс алу-аэродинамика заңдылығына ұқсас.

Соңғы жылдардағы мектеп бағдарламасына информатика негіздері мен есептеу техникасын ендіруге байланысты биология, валеология мен информатика теориясының арасындағы пәнаралық байланыстарды пайдалану проблемалары, әсіресе, ауыл мектептерінде үлкен қиындықтарға тіреліп отыр. Осылардың ішінде ғылыми зерттеуде бионика басты екі бағытта дамып келе жатыр. Сигналдарды өлшейтін және қабылдайтын техникалық құралдар тірі ағзалардың сезім мүшелерінің  құрылысы мен қызметінің негізінде жасалып жатыр. Автоматты басқару жүйесіндегі құралдардың, информацияны саралау, беру және сақтау адам миы мен шеткі жүйке жүйелерінің негізінде жасалып отыр.

Тірі ағзалардың өз-өзін реттеудегі биологиялық ұстанымдарды кең пайдаланудың нәтижесін ЭЕМ іске асыруда.Сондықтан жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметінің осындай ерекшеліктерін атай отырып, бұл мәселелерді шешуде информатика негізі және есептеу техникасы пәндерімен де тығыз байланыс болғаны жөн.

«Адам және оның денсаулығы» курсын оқытудың жоғары деңгейде болуының басты факторларының бірі-осы пәнаралық байланысты негізге алып, тазалық сақтау және табиғатты қорғау мақсатында тәрбиелік жұмысты күшейту тәсілдерін пайдаланып, өзара байланыстарды қорытынды сабақтардан басқа, мазмұнына байланысты пәнаралық дәрістер, семинар, тіпті арнаулы конференциялар өткізуге болады.

Тіршіліктану пәнінен пәнаралық байланыстарды қалыптастыру.

Тіршіліктану пәнінде пәнаралық байланыстардың өте кең түрде, оның ішінде пәнішілік және әртүрлі пәнаралық байланыстардың болатынын дұрыс анықтай білген жөн. Егер 5-8-сынып оқушыларына өсімдіктер мен жануарлардың сорттары мен тұқымдарының көптүрлілігін ауылшаруашылық саласында еңбекке баулу жайлы айтатын болсақ, ал жоғары сынып оқушыларына-шаруашылық практикасында ғылымның рөлі жайлы заңдылықтарды мазмұндай көрсету керек. Оқушылардың бұл білімі эволюциялық ілімді, экологияны, генетиканы және селекция негіздерін өткен кездерде дамытылады.

Тіршіліктану пәнінің ең бір пайдалы, білімділік жақтарының бірі-оқушылардың тірі табиғаттағы диалектикалық заңдылықтар мен категорияларды меңгере отырып, дүниетанымдық көзқарастарының дұрыс қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.

Сондықтан валеология курсын пәнаралық байланыста өткізу оқушылардың білімін дамытумен қатар тәрбиелік қызметінің де қалыптасуына мүмкіндік береді.

Оқушылардың білімін қалыптастыруда пәнаралық байланыстың негізгі үш тобына тоқталайық.

1. Оқушылардың  білімін дамыту.

2. Алған  білімін іс жүзінде қолдану.

3. Алған  білімін бағалай отырып, іскерлігін  дамыту.

Әрбір мұғалім оқу материалының мазмұнын сараптай отырып пәнаралық байланыстарды анықтап, әр түрлі әдістерді пайдаланып, өз жұмысын іске асыру қажет.

Мысалы, «Экология негіздері» тақырыптарын қоршаған ортаның абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторларының өсімдіктер, жануарлар және микроағзаларға әсерін оқушылардың физикадан, химиядан, географиядан және басқа пәндерден алған білімін пайдаланып өткізген дұрыс. Мысалы, абиотикалық фактордың бірі-температура. Оның тірі ағзаларға қалай әсер ететінін Ч.Блэгденнің тәжірибесінің мысалында былай түсіндіруге болады. Егер бірнеше адамды және итті 45минут бойы +20°С құрғақ камерада ұстаған жағдайда, олар ыстық температураға оңай шыдаса, ал осы температурада ұсталған еттің бір тілімі пісіп үлгерген. Себебі-еттің құрамындағы белок денатурацияға түсті. Осы құбылысты түсіну үшін оқушылар физика курсынан алған жылу жайлы білімін пайдаланып, құрғақ ауада булану үрдісі жақсы жүретінін анықтайды. Сонымен қатар «тірі ағзалардың денесінде жылуды реттейтін механизм жақсы жетілген» деген қорытындыға келеді.

Мектеп оқушыларына білім мен тәрбие берудің танымдық жағын арттыру әдістерінің бірі-пәнаралық байланыстарды пайдаланып, биологиялық есептерді шығаруды үйрету.

   Әрбір тәжірибелі мұғалім оқушыларын қазіргі жаратылыстану ғылымы болашақ ұрпақты табиғаттың адам және қоғамдағы алатын орны, табиғаттың өзін қоршаған ортамен әрекеті, адамның табиғатпе өзара қарым-қатынасының тарихы, табиғаттың көптеген процестері мен құбылыстары және тепе-теңдік заңдылықтары, экологиялық  жағдайларды анықтау  туралы ғылыми білімдер жүйесімен қаруландырады [60].

   Пәнаралық байланыстың түрі көп, ол сабақтың әр түрлі кезеңінде жүзеге асырылады. Бүгінде әр түрлі  пән мұғалімі бірігіп өткізетін кіріктірілген сабақтар жиі жүргізіледі. Бірақ оған мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан мұғалімге сабақты пәнаралық байланыста өткізу тиімді. Мұғалім сабаққа оқушыларды тек тыңдаушы дәрежесінде емес, еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы ретінде қатыстырып, үнемі іздендіріп отыруды мақсат етіп, олардың өз ой-пікірі бар екенін ескеруі керек. Сонымен қатар басқа пәндерден алған теориялық білімдерін еске түсіру арқылы оны пайдалану мүмкіндігін ұйымдастыру қажет.

  Дамыта оқыту жүйесіне кұрылған әдеби шығармашылық жұмыстардың басты құндылығы - мектепте және мектептен тыс алатын білімін бекіте білуге, жалпылай отырып, қорытындылауға үйретуі. Оқу сабағында мектеп оқушыларының танымдық әрекеттерін белсенді ету мүғалімнің алдына проблемалық оқыту ісін үйымдастыруды міндеттейді. Алдымен проблемалық оқыту деген не, соның басын ашып алайық.

Кейбір зерттеуші - ғалымдар (И.Я.Лернер, И.И.Махмутов)  проблемалық оқытуды әдіс ретінде қарастырады. Ал педагог-ғалымдар    И.Н.Скаткин,    Т.А.Ильина    "проблемалық   оқыту    -танымдық әрекетті ұйымдастыруға қойылатын талап' деген пікір айтады. Олар проблемалық оқыту басқа да әдістер арқылы іске асатындықтан, ол өз ал«ына жеке әдіс немесе оқытудың басым жүйесі болуы мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Біз осы соңғы пікірді басшылыққа ала отырып, проблемалық оқытуды дүниетану сабақтарында ұйымдастыру жолдары туралы тоқталып кетейік [61].

       Проблемалық  оқытуда көзделетін мақсат-оқушыларға  білім даяр түрде берілмей, мұғалімнің  өзі баяндап бермей олардың  алдына жұмбақ түріндегі міндет  қойып, оны оқушылардың өздері  шешуін басқару. Проблемалық принцип  оқушылардың ойлауына және көбінесе  қиялына негізделеді, яғни ойлау  проблемалық сұрақтан немесе  міндеттен басталады.

Валеология пәнін оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болғандықтан, оны жаңа білімді хабарлау сабақгары, қайталау сабақтары, білік пен дағдыны қалыптастыру, бақылау , аралас сабақтар, экскурсия сабақтары сияқты түрлері бар екені белгілі. Проблемалық оқыту әрекетін осы сабақтардың әр кезеңінде дербес жүмыстар үйымдастырып, жүмбақ түріндегі міндет қойып, оны талдап және шешіп отыру барысында ішінара іске асыруға болады. Алайда проблемалық оқыту әрекетін сабақ сайын толық және үнемі іске асырып отыру мүмкін емес. Бұл үшін сабақтың қүрылымын және оның элементтерінің мазмүнын ойластырып, жан-жақты қарастыру керек.

 Валеология пәні бойынша  проблемалық оқыту әрекетін ұйымдастыру  проблемалық әңгіме арқылы іске  асуы мүмкін. Мұндай әңгіме кезінде  мұғалім жағдайды әңгімелеу арқылы  жұмбақ міндет туғызады. Оқушылар  оның шешуін табады, одан әрі  осы жұмбақ мәтінде қалай шешілгені  оны оқу арқылы анықталады.

     Проблемалық  оқыту әрекетін ұйымдастыру сұрақ  қою арқылы да іске асырылады. Мұнда қойылған сұрақ оған  нақты жауап беретіндей болмай, оның жауабы бірнеше нұсқада  шешілу жағына назар аудару  керек. Мұндай проблемалық сұрақтардың  мақсаты-оқушылардың өзіндік ойын, шығармашылығын, қиялын дамыту, окулықта  осындай мақсаттағы сұрақ, тапсырмаларды  әр мәтіннің соңынан кездестіруге  болады.

Информация о работе Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары