Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 19:09, дипломная работа

Краткое описание

Міндеттері
- тақырыптың мазмұнын әртүрлі әдебиеттер мен оқулықтарға теориялық және практикалық талдаулар жасау;
-«валеология», «экология», «аспект» ұғымдарына түсініктеме беру;
- колледжде валеологиялық білу беру жүйесінің рөлі мен орнын анықтау;
- студенттердің валеологиялық білімдерін тест, анкета түрінде тексеру және
талдау жүргізу;
- валеологиялық білім беру жүйесін жетілдірудің әдістемелік нұсқауларын жасау және оқу-процесіне ендіру;

Содержание

Кіріспе ....................................................................................................5
1 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
Валеологиялық білім беру жүйесінің теориялық сипаты.............................................................................................8
1.1 Зиянды әдеттердің пайда болу себептері мен салдары............34
1.2 Колледждегі валеологиялық білім берудің дайындық
бағыты...........................................................................................61
2 Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудағы валеологиялық білім беру жүйесінің әдістемелік негіздері
2.1 Валеология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстарды
пайдалану жолдары....................................................................74
2.1 Валеологиялық білім беруді жетілдірудің тиімді жолдары
мен әдістері...............................................................................84
2.2 Валеологиялық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған
іс-тәжірибелердің қорытындысы және нәтижесі......................92
Қорытынды .......................................................................................112
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................115

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕ.docx

— 351.55 Кб (Скачать документ)

3.егу жұмыстары                                                    3.конференция


4.денсаулық  беті                                                    4.тәлімгерлердің отырысы 

 

                           Дене шынықтыру,

                        сауықтыру орны                             Асхана   

                      1.жарыстар                                           1.ыстық тамақ   


                      2.сайыстар                                            2.тағам өнімдерін      

                       3.денсаулық күндері         

 

  Кітапхана                                                         Психолог қызметі

1.СӨС тұралы арнайы стенд                               1.студенттер мен мұғалімдерге

2.арнайы  әдебиеттер                                             арналған семинар байланыс

3.СӨС денсаулық,валеология  т.б.                              тренинг   

      журнал-газеттер                                              2.өзіңді таны,сенім клубтары

 

Колледждің басқа

мекемелермен байланысы

                                    1.қалалық емхана

                                    2.қалалық ЖҚТБ орталығы

 

Сызба 5 Колледжде ашылған СӨС орталығындағы жұмыс жүйесінің бағдарламасы

 

 

   Міне  осындай жүйелі түрде құрылған  жоспар барысында,биылғы оқу жылында  колледжімізде салауатты өмір  сүру салтын қалыптастыру барысында  көптеген іс-шаралар өткізілді.

   Атап  айтқанда «Салауатты өмір сүру  салтын қалыптастырайық» атты  тәрбие меңгерушілірі мен валеология  пән мұғалімдеріне  арналған қалалық  облыстық семинарлар жүргізілді.

  Валеология  пәнінен студенттер салауатты  өмір сүру салтын ұстануды  оқып,біліп қана қоймай сонымен  бірге ғылыми зерттеу жұмыстарымен  де айналысады.Көбінесе өзіміз  тұратын қаланың ауасының адам  денсаулығына әсері,оқушының сабақ  үлгеріміне әсер ететін факторлар  т.б. зерттейді.

  Зерттеу  нәтижесінде оқушылардың «Ластанған  ауаның адам ағзасына әсері», «Шылым шегудің адам ағзасына  тигізетін зияны» деген тақырыпта  ғылыми жұмыстар, ғылыми жобалар  облыс деңгейінде жасалынды.Сонымен  салауатты өмір салтын қалыптастыру  барысында жасалып жатқан  іс-шаралар  өз нәтижесін беруде,яғни,студенттердің  денсаулыққа байланысты білімін,спорт, би үйірмелеріне деген қызығушылығын  арттырды.

 Колледжімізде  студенттердің 38%  өнер жолында,47%  спорт жолында,

15% ғылыми  ізденіс жолында.

     Қорыта келгенде айтарымыз валеологиялық  білім мен тәрбиенің  бірлескен  жүйесі оқушылардың денсаулығын  сақтауға және нығайтуға көмектеседі.Тек  валеология түсініктермен терең  қаруланған бала ғана өз денсаулығының  қадірін біліп,салауатты өмір  салтын қалыптастырады [45].

    Сондықтан  оқушылардың дені сау болу  үшін жақсы дәстүрлер  мен әдеттерді  қалыптастыра отырып,салауатты өмір  салтын сақтаудың қажеттілігін  және іске асырудың жолдарын  айқындап,нақты шешім қабылдауға  үйретуіміз қажет.

     Салауатты өмір салтын қалыптастырудың  басты бағыттары мен міндеттерін  жүзеге асырудың бірі балалар  мен жасөспірімдерге үздіксіз  білім беру барысында валеологияны  оқыту, яғни, валеологиялық білім  беру болып табылады. Жұмыстың  мазмұнында келтірілген салауатты  өмір сүру салтын қалыптастыруға  арналаған бірнеше бағдарламалардың  үлгілік нұсқаулықтары мысалға  алынды. Осындай бағдарламаларды  іс-әрекет барысында жүзеге асыру  мақсатымен біз өзіміз зерттеу  жұмысын жүргізіп отырған «Құқық  және салалық технологиялар»  колледжінің  20 тәлімгердің тәрбие-жұмыс  жоспарын зерттедік. Тәлімгерлердің  жұмыс жоспарынан байқағанымыз  бірінші диаграмма көрсетеді. /Сурет 7 /. Бұл диаграммадан көріп отырғанымыздай  ең үлкен көрсеткіш 50% оқу-білім  тәрбиеге берілген. Әрине, тәрбиенің  бұл түрі үлкен роль атқарады. Оқушыларға кәсіптік  бағдар беру, білім беруді дамыту, еңбек тәрбиесі  – мұның барлығы оқушылардың  функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Бұл жерде тәлімгерлер өз жұмыстарының  басым бөлігін оқушының негізгі  құрылымдық бөлігіне арнайды. Ол  деп отырғанымыз:

  • Азаматтық қасиеті;
  • Еңбекке деген қарым-қатынасы, мамандыққа қызығуы;
  • Дене және ақыл ойының жарамдылығы;
  • Білім, білік дағдысының жетілуі, т.с.с

     Диаграммадан көріп отырғанымыздай  экологиялық тәрбие 20% көрсетіп отыр. Қазіргі кезеңде ғылыми-техникалық  прогрестің дамуы барысында қоршаған  орта мен қоғам арасындағы  қарым-қатынастың қарама-қайшылығы  арта түсуде. Адам баласының табиғат  пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың  үйлесімді дамуы әрбір адамның  денсаулығына, физиологиялық өсіп  жетілуіне ауадай қажет екендігіне  жас ұрпақтың көзін жеткізу  бүгінгі таңдағы маңызды мәселенің  бірі. Сондықтан да оқушы тәрбиесі  жолыда жүрген ұстаз оған көбірек  көңіл бөлуі тиіс. Құқықтық тәрбие 13% көрсетіп отыр. Бұған да аса  көп көңіл бөлінбейді. Қоғамымызда  өмір сүріп отырған әрбір оқушы  сол қоғамның іс-әрекеті, межелері, мәдени дәстүрлерінің құрсауында  болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей  ме, бұл оның еркінен тыс жүреді. Өкінішке орай, күнделікті күйбең  тіршіліктің құрығына түсіп, өз  ар-ожданын, ұятын, намысын бір сәттік  дүниенің жалған қызығына айырбастап, сатып жүргендер де аз емес. Осының өзі ұстаздар алдына  жас ұрпақтың шынайы құқықтық  тәрбиесін зор міндет етіп  қойып отыр [46].

    Сондықтан  оқушылар құқықтық білімдер негізін  меңгере отырып, оны әрі қарай  көлемін кеңейтіп, тереңдетіп еңбекпен, өмірмен қоғамдық тәжірибемен  байланыстыру керек. 10% мәдени-эстетикалық  тәрбиені құрайды. Бұл көрсеткіштен  біздің оқушылардың мәдени-эстетикалық  дамуының қаншалықты деңгейде  екендігін байқауға болады.Қазіргі  кездегі әсемдікке көзқарасты  тәрбиелеу- тәрбие барысының зейін  салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған әлеуметтік орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді.Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты өтеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Сондықтан да, ұстаздар қауымынан оқушыларды әсемдікке көзқарасын тәрбиелеуді қоғам талап етеді. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған көрсеткіш 7%. Бұдан көрінетіні колледждегі салауатты өмір сүруді қалыптастыруда ешқандай іс-шаралардың өтілмеуі, оқу процесіне бөлінген сағат санының аздығы, оқушылардың өз денсаулықтарына немқұрайлы қарауы т.с.с. дәлел бола алады.Мұның өзі зерттеу жұмысының алға қойған мақсатының іске асырылуын міндетті түрде қажет етіп отыр.

 

            

 

           Сурет 7  Тәлімгерлердің түрлі тәрбие жұмыстарын  бөлісуі 

                            (сұрақталғандардың пайыздық көрсеткіші)

 

 

 

 

 

50%- оқу-білім тәрбиесі

20%-экономикалық тәрбие

13%-құқықтық тәрбие

10%-мәдени-эстетикалық тәрбие

7%-салауатты өмір сүру салтын  қалыптастыру тәрбиесі

 

Тәрбиенің осы түрлерінің көрсеткішінің төмен болу себебін анықтау барысында, біз колледж кітапханасындағы «валеология» пәнінен оқулықтармен қамтамасыз етілуін зерттедік.Сонда төмендегідей мәліметтер алдық:  

Әдістемелік жабдықтың сапасы және қолда бары

Қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар

Бағдарламалар

 

 

Автор

алалуы

Саны мен нұсқасы

Сәтбаев Х.Қ.

Нілдабаева Ж.б.

Әбішова З.С.

 

Валеология

40

Л.З.Тель, Е.Д.Даленов

Арнайы валеология

10


 

Кесте 5  «Валеология» пәнінің оқулықтармен қамтамасыз етілуі

 

 

Бұл оқулықтардың өзі де тек, ЖОО студенттеріне арналған. Ал колледж студенттеріне арналған оқулық жоқтың қасы. Газет-журналдар, басқа басылымдар өте аз.

Колледж студенттерінің валеологиялық сауттылығын қалыптастыру мақсатымен  автордың өзі 2006-2007-2008 жылдың оқу жылдарында Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық технологиялар колледжінде  тәрбие жұмысын жүргізді.

Зерттеу жұмысы студенттердің валеологиялық сауаттылық деңгейін анықтау үшін және мына міндеттерді шешу үшін жүргізілді.

1.Студенттердің валеологиялық  категорияларының оның маңыздарын  түсіну деңгейін анықтау.

2.Студенттердің  денсаулыққа қауіпті факторларды  меңгеруін анықтау

Төмендегі кестеде студенттердің саны көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Мамандар бойынша

2006-2007оқу жылында

2007-2008оқу жылында

Барлығы

 

Экономика,аудит және есеп

 

         241

 

       242

 

        283

 

Қаржы бөлімі

 

         255

 

       180

 

       435

 

Салалық технологиялар

 

        185

 

       286

 

       471

 

Гидромелиорация

 

        278

 

       222

 

       500

 

Заңтану

 

        198

 

       202

 

       400


 

Кесте 6                Студенттің контингент көрсеткіші

 

Зерттеу жұмысымыз бойынша 2006-2007 оқу жылдарында колледж студенттеріне «Сіз үшін валеологиялық білімді меңгеру, салауатты өмір салтын қалыптастырудың қажеті бар ма?» деген анкеталық сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға 9 сыныптан кейін түскен 72 респондент қамтылды. Олардың жауаптарының деңейлерін төмендегі 7 кестеден көруге болады.

 

 

Мінездемелік жауаптар

дұрыс жауаптар

дұрыс емес

жауап жоқ

 

 

жылдары

2006-2007

2007-2008

2006-2007

2007-2008

2006-2007

2007-2008

 

Валеология ілімі жайында түсінігі

 

5,5

 

   7,8

 

     27

 

    19

 

67,5

 

70,2

 

Салауатты өмір

    салты түсінігі

 

17,1

 

  10,4

 

  19,7

 

   20,4

 

63,2

 

69,2

 

Гигиена ережелері

 

  10,6

 

  9,2

 

34,5

 

    30,8

 

54,9

 

60,0

 

Денсаулық ұғымы түсінігі

 

3,0

 

  5,4

 

  18,2

 

    11,2

 

78,8

 

83,4


 

   Кесте 7   Студенттердің валеологиялық сауаттылықты меңгеруі

 

Кестені қорытындылай келе студенттердің валеология ілім жайлы нашар білетіні байқалады.

Бұл көрсеткіш колледжде салауатты өмір салтын қалыптастыруды дұрыс ұйымдастырмаудың, сондай-ақ іс-шаралардың аздығы, валеология пәнінен сағаттың аздығы т.с.с себептерінен.

Зерттеу жұмысының екінші кезеңінде 2007-2008 оқу жылдарында тағы да сол тақырып бойынша сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға сол 72 респондент қамтылды. Жауап бергендердің пайыздық көрсеткіші төмендегідей 8 кестеде берілген.

 

 

 Мінездемелік 

жауаптар

   Дұрыс жауаптар

Дұрыс емес

Жауап жоқ

 

жылдары

2006-2007

2007-2008

2006-2007

2007-2008

2006-2007

2007-2008

Валеология ілімі жайында түсінік

80,1 

72,3

1,3

1,7

0,4

0,6

Салауатты өмір салты түсінігі

61,7

78,2

0,3

0,8

0,2

0,8

Гигиена ережелері

52,3

67,8

1,2

1,7

1,4

1,2

Денсаулық ұғымы түсінігі

50,9

71,3

1,9

1,1

1,7

2,2


 

Кесте  8  Студенттердің валеологиялық сауттылықты меңгеруі

 

 

Кестеден көріп отырғандай, алдыңғы 2006-2007 оқу жылындағы  жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесімен, 2007-2008 оқу жылындағы жүргізілген сауалнама жауаптарының нәтижесін салыстырғанда, соңғы жылдағы көрсеткіш жоғары пайызды көрсетті.

Бұл көрсеткіш колледж студенттері үшін валеологиялық білімді меңгерудің қаншалықты қажет екендігі көрінеді.

Жоғарыда келтірілген теориялық, практикалық негіздеулер мен зерттеу нәтижелерін саралай келіп, колледж студенттеріне «Колледж студенттеріне валеология пәнін оқыту қажет пе?» деген сауалнама жүргіздік. Респонденттердің берген жауаптарының пайыздық көрсеткіші төмендегі сызбадан көрінеді.

 

 

 

Сурет 8       Колледж студенттеріне  валеология  пәнін оқыту қажет пе?

                                    деген сұраққа студенттердің  берген жауабы

 

 

 

2006-2007 оқу  жылында жүргізілген   сауалнама  сұрағының көрсеткіші

Информация о работе Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары