Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 19:09, дипломная работа

Краткое описание

Міндеттері
- тақырыптың мазмұнын әртүрлі әдебиеттер мен оқулықтарға теориялық және практикалық талдаулар жасау;
-«валеология», «экология», «аспект» ұғымдарына түсініктеме беру;
- колледжде валеологиялық білу беру жүйесінің рөлі мен орнын анықтау;
- студенттердің валеологиялық білімдерін тест, анкета түрінде тексеру және
талдау жүргізу;
- валеологиялық білім беру жүйесін жетілдірудің әдістемелік нұсқауларын жасау және оқу-процесіне ендіру;

Содержание

Кіріспе ....................................................................................................5
1 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
Валеологиялық білім беру жүйесінің теориялық сипаты.............................................................................................8
1.1 Зиянды әдеттердің пайда болу себептері мен салдары............34
1.2 Колледждегі валеологиялық білім берудің дайындық
бағыты...........................................................................................61
2 Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудағы валеологиялық білім беру жүйесінің әдістемелік негіздері
2.1 Валеология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстарды
пайдалану жолдары....................................................................74
2.1 Валеологиялық білім беруді жетілдірудің тиімді жолдары
мен әдістері...............................................................................84
2.2 Валеологиялық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған
іс-тәжірибелердің қорытындысы және нәтижесі......................92
Қорытынды .......................................................................................112
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................115

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕ.docx

— 351.55 Кб (Скачать документ)

Жерлердің ластануының негізгі көздері болып республикада өнеркәсіп, энергетика кәсіпорындарының, әскери-өнеркәсіптік кешеннің қалдықтары табылады.

Экономиканың өндіріс қалдықтарының ең көп көлемін құрайтын салалары болып қара және түсті металлургия және көмір өндіру өнеркәсібі табылады.

Түсті металлургия қалдықтарын жинақтауыштар алып жатқан аудандар 15 мыңға жуық га. құрайды, оның ішінде тау жыныстарының үйінділері 8 мың га., байыту фабрикаларының қалдықтары - 6 мыңға жуық га. және металлургия зауыттарының үйінділері - 500 астам га. Қоймаланатын қалдықтардың тұрақты өсетін көлемі қоршаған ортаға кері әсер ете отыра, жаңа техногендік ландшафттарды құрады.

Барлық дерлік ірі қалаларда әрі өсіп келетін тұрмыстық қалдықтарды сақтау және қайта өндеу мәселелері өткір тұр. Оларды қоймалау орындары санитарлық – гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейді, қоршаған ортаға, оның ішінде жерлердің жай күйіне де кері әсер етеді.

Қазақстанда 2000-2006 жылдар кезеңінде 197 мыңнан астам төтенше жағдайлар және табиғи және техногендік сипаттағы оқиғалар тіркелген, зардап шеккендердің жалпы саны 117 мыңнан сатам адамды құраған. Ірі масштабты табиғи және техногенді төтенше жағдайлар негізінен ауыр экологиялық салдармен ілеседі. әсіресе үлкен зиянды, олардан залал 2000 жылдан бастап        2 млрд. теңгені құраған орман өрттері келтіреді. ТЖ жағдайларының 2003 жылы 33375-тең 2006 жылы 23835-ке дейін едәуір азаюы байқалып отырғанын атап өту қажет.

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи байлықтарды ұлғайту және сақта, оларды тұрақты әрі тиімді пайдаланумен қатар қоршаған ортаны өндіріс қалдықтарының, өндірістен шыққан сулардан, улы химикаттар мен басқадай түрлі қалдықтармен ластануға жол бермеуге қоғам болып бір адамдай жұмылып қызмат жасау керек.

Екіншіден, осы мақсатқа бағытталған мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілер мен заңдар, халықаралық, мемлекетаралық келісімдер, конвенциялар, шарттардың кешенді жиынтығы және басқада құжаттар жаһандағы табиғи қоршаған ортаны келешек пен болашақ ұрпақтарға сақтау проблемесын шешуге көзделіп отырғанына толық көзімізді жеткіздік деуге болатын сияқты.

Мемлекеттік заңдар мен халықаралық келісімдерге сәйкес, қазіргі және болашақ ұрпақтардың пайдасы үшін, қоршаған ортада түрлі табиғат қорғау шараларын жүргізуде оқушылар мен жастар, әрбір көкірегі ояу, «елім менің – жерім менің» - деген адам ат салысу керек!

Ендігі біздің мақсатымыз, мектеп түлетері мен жастарымызды алдында тұрған көп мәселелердің бірі, қоршаған ортаны қорғау, агроэкология, жерлестіру мен жерге орналастыру, орман және су шаруашылықтары бойынша инженерлер дайындау, агрономдарды дайындап – агрохимия, гидрохимия, топырақтану, орманды және ауыл шаруашылық дақылдарын қорғау т.б. салалар бойынша оқытып, кәсіптендіріп, терең әрі жан-жақты білім беру. Экологиялық мәдениеттерін қалыптастыру болып табылады [41.38].

Сонымен адамның денсаулығының төмендеп ,ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге  берген теріс жауабы ретінде  қалыптастыру керек.Дүниежүзілік денсаулықты сақтау  ұйымының  анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз-бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.

Ғалымдардың есептеулері бойынша  адамдардың денсаулық жағдайы

50-52% -ы өмір сүру салтына ,20-25%-ы тұқым қуалау факторына ,18-20%-ы қоршаған орта жағдайына, ал 7-12% ғана  денсаулық сақтау саласының деңгейіне  байланысты болады.Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа  техногенді  ауруларды туғызады.

      Адамның денсаулығына  зиянды  әсер ететін  факторлардың ішінде  әр түрлі ластаушы  заттар бірінші  орынды алады.Адамның іс-әрекеті  нәтижесінде  биосфераға, оған тән  емес 4млн-нан астам заттар шығарылады.

 

 

 

1.3 Колледждегі валеологиялық білім  берудің  дайындық бағыты

     Оқушылардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру, кәсіби деңгейін дамыту, жалпы алғанда орта білім беру орындарына арналған жалыпға бірдей мемлекеттік білім беру стандартының талабына  сай оқу-тәрбие процесі жүріп жатқан, біз зерттеу жұмысын жүргізіп отырған «Құқық және салалық технологиялар» колледжінде жұмыс ойдағыдай жүруде. Онда мемлекеттік стандарттың талабы бойынша биология, экология, құқықтану, физика, мәдениеттану, математика және тағы басқа пәндер оқытылады. Аталмыш колледждің жаратылыстану кафедрасында оқылатын пәндерге төмендегідей сағаттар бөлінген:

     Биологиядан бөлінген            58 сағ

     Экологиядан бөлінген            38 сағ

     Валеоогиядан     бөлінген      38 сағ

     Дене шынықтыру бөлінген   120 сағ    

     Мұны 1 диаграммадан  көруге болады:                                                

 

 

 

 

Сурет  4  Жаратылыстану пәндеріне бөлінген сағат  (% көрсеткіші)

 

 

44%-дене шынықтыру

26%-биология

15%-валеология

15-%-экология

 

     Жоғарыдағы пайыздық көрсеткіштерді  талдайтын болсақ, валеология мен  экология пәндеріндегі көрсеткіш  ең төменгі пайызы. Өйткені орта  білім беретін оқу орындарында  арнайы типтік бағдарлама «Валеология»  пәніне жасалынбаған. Валеология  пәнінен студенттерге арналған  оқулықтар жоқтың қасы. Олар жоғары  оқу орындарына  және мектепке  арналған оқулықтар мен газет-журналдардан  қосымша «Валеология дене тәрбиесі  спорт» журналдарымен толықтырылып  оқылады. Оқу жоспары бойынша  бөлінген 38 сағат тек 9 сыныптан кейін  түскен студенттерге жүргізіледі.

         Зерттеу жұмысын жүргізу мақсатында  оқу жылының барысында тәлімгерлердің  тәрбиелік журналдарымен жұмыс  жасай отырып, тәжірибелік тесттер, анкеталар жасап, оны Оңтүстік  Қазақстан құқық және салалық  технологиялар колледжінің студенттеріне  адам  ағзасына  зиян  келтіретін  факторларға   яғни  шылым  шегу,   ішімдік ішу,  алкоголді  заттарды  пайдалануына  байланысты   «Шылым  шегу денсаулыққа пайдалы ма?» -деген тақырыпта  төмендегі бөлімдерге  анкеталық сұрақ-жауаптар жүргізілді.

 

    Қаржы  бөлімінің студенттер саны:

    І  курс бойынша                         180  

    ІІ  курс бойынша                        255

    ІІІ  курс бойынша                       269

 

    Гидромелиоративтік  бөлімнің студенттер саны:

     І курс бойынша                         222 

    ІІ  курс бойынша                         278

    ІІІ  курс бойынша                       149

   

    Салалық  технологиялар бөлімінің студенттер  саны:

     І курс бойынша                         286  

    ІІ  курс бойынша                         185

    ІІІ  курс бойынша                        124

  

    Экономика,аудит  және есеп бөлімінің студенттер  саны:

    І  курс бойынша                          242  

    ІІ  курс бойынша                         241

    ІІІ  курс бойынша                        271

 

    Заңтану  бөлімінің студенттер саны:

 

    І  курс бойынша                          202

    ІІ  курс бойынша                         198

    ІІІ  курс бойынша                        151

 

          

 

      Тестілеу нәтижесінде - 20% салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру ұстанымы, қалған студенттердің - 80% денсаулықтарын сақтамайтыны  байқалды [42].

Денсаулыққа көп зиян келтіретін  шылым шегу болып табылады. Сондықтанда біз студенттерге шылымның зияны жайлы сауалнамалар жүргіздік. Колледждегі студенттердің 100 студенті сауалнамадан  өтті.Жасырын сауалнама 10 сұрақтан тұрады.

№1 Сіздің жасыңыз нешеде? 22,5%-12 жас,23,5%-16

№2 «Сіздің жынысыңыз» 70%-қыз 30%-ұлдар

№3 «Шылым шегесіз бе?» 75%-,ия 25%-жоқ

№4 «Алғаш рет темекі шеккеннен алған әсеріңіз» 90%-әлсіздік, бастың айналуы,жүрек айнуы, 10%-есінде жоқ

№5 «Қанша уақыттан бері шылым тартасыз» 70%-жыл, 20%-2жыл,10%-2жылға жуық.

№6 «Қандай себептермен шектіңіз?» 60%-шегіп көрейін деген едім. 40%-ерте есеюге тырыстым.

№7 «Үйде ата-аналарыңыз шегеді ме?» 80%-ия,  20%-жоқ.

№8  «Бір тал темекінің өзі 15 минут өміріңізді жоятынын білесіз ? » 70%-ия, 30% - жоқ.

№9 «Пассивті шылым шегетіндер кімдер екенін білесіз бе?» 95%-жоқ ,5%-ия.

№10 «Не үшін шылым шегесіз ?» 40%-жігіттерге ұнауы үшін.

 Ал ұлдарға 3 сұрақпен  жауаптың 3варианты берілді.

1- сұрақ  «Сенің араласатын қыздарың шылым  шегеді, бұған қалай қарайсын» 41%-қарсы  емеспін,17,4%-бәрібір, 41.6%-қарсы.

2-сұрақ «Сенің  дос қызыңның шылым шеккеніне  қалай қарайсың» 1%-қарсы емеспін 15%-бәрібір, 85%-қарсы.

3-сұрақ «Сен  болашақта әйеліңнің темекі шеккенін  қалайсың ба?» 99 –жоқ, 1%-бәрібір.

   Колледж  студенттері арасында жүргізілген  сауалнама  олардың 10-11 жаста шегіп  көргенін, 70%-4 жылдық стажы барын, 70% қыз балалардың 16-17 жастан шегетінін  көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет  5  Жас ерекшеліктеріне қарай  темекі шегетін қыз балалардың саны

 

Ал ұлдар 24%-10 жаста, 40%-13 жаста  14-16 жаста  30-35 төмендегенін  50%-17 жаста екенін көрсетті.

 

 

Сурет 6  Жас ерекшеліктеріне қарай темекі шегетін ұл балалардың саны

 

Анкеталық сұрақтың нәтижесінен жасаған қорытындымыз: қазіргі жастардың 100%-тен  70%-ке жуығы Европалық елдерге еліктейтіні байқалды. Колледждеге әдістемелік нұсқаулардың жасалуын назарларыңызға ұсына кетпекпіз. Сонымен қатар валеологиядан алған білім мен тәрбиенің  бірлескен жүйесі бойынша  салауатты өмір салтын  қалыптастыру барысында  көптеген іс-шаралар өткізілуі қажет.Себебі колледждегі  барлық жұмыстың  бағыты  салауатты өмір салтының  негізгі құралдарын орындау болып табылады,яғни баланың денсаулыққа деген көзқарасын тәрбиелеу [43].



 

Сызба 4                    Денсаулық және өмірлік дағдылар

 

   Осыған орай, колледж тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, валеология,  экология, биология пәнінің мұғалімі,дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, колледж психологы мен медбибінің араларында үлкен байланыс болу керек,яғни колледж ішілік салауатты өмір сүру салтының жоспары бірлесіп жасалу қажет (нұсқалары). Сонда ғана жасалған іс-әрекет өз нәтижесінің тиімділігін көрсетеді. Оның төмендегідей нұсқасын ұсынамыз:

1 бөлім СӨС арналған оқу және  тәрбие бағдарламаларын енгізу

  а)ЖҚТБ (СПИД) мәселелері және оның алдын алу

  б)Зиянды  заттарды қолданудың алдын алу  шаралары, т.б.

 

 

 

2 бөлім Денсаулықты сақтау

  а) Санитарлық-гигиеналық жағдай: температура,түс гаммалары т.б.

  б)Сабақ  кестесіне бақылау

  в)Үзіліс  уақыты

  г)Ыстық  тамақты ұйымдастыру

  д)Дәрігерлік  тексеріс

  е)Арнайы  дәрігерлік топтың құрылуы

  ж)Денсаулық  беті.

 

  3 бөлім Спорттық сауықтыру мерекелерін ұйымдастыру

  а)спорттық  секциялар

  б)әр  түрлі  мерекелер

  в) әр  түрлі спорттық жарыстар

  г) призиденттік  тест тапсыру

  д) денсаулық  күндері

  е) жазғы  демалысты ұйымдастыру

 

  4 бөлім СӨС қалыптастыру барысында жүргізілетін мерекелер

  а)сабақтар

  б)клубтардың  жұмысы(Денсаулық,Рауан,Дебат,т.б.)

  в)дөңгелек  стол басында кездесулер,кештер  КВН, ата-аналар жиналысы,дәрігер  қызметкелерімен кездесу.

 

  5 бөлім Кітапханалар

  а)СӨС тұралы арнайы стенд

  б)арнайы  әдебиеттер

  в) СӨС  Денсаулық Валеология және т.б.

  г)журнал-газеттер

 

  6 бөлім Колледжден тыс мекемелер

  а)қалалық емхана

  б) қалалық  ЖҚТБ орталығы

     Жұмыстың мазмұнында келтірілген  теориялық негіздеулер, салауатты  өмір сүру салтын қалыптастыруға  арналған бағдарламалар, статистикалық  талдаулар анкеталық сұрақ-жауаптар, колледждің оқу-тәрбие процесіндегі  жетістіктері мен қарам-қайшылықтар, валеология пәнінен оқылатын  сағаттың көптеп бөлінуіне және  СӨС орталығының ашылуына себеп  болды [44].  

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          СӨС орталығының жұмысы

  


     

Колледждегі  медбибі бөлмесі                            Әдістемелік қызмет


1.педагогикалық  кеңес                                          1.дәрігерлік кеңес


2.арнайы  дәрігерлік топ                                        2.пед.консилиум

Информация о работе Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары