Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 19:09, дипломная работа
Міндеттері
- тақырыптың мазмұнын әртүрлі әдебиеттер мен оқулықтарға теориялық және практикалық талдаулар жасау;
-«валеология», «экология», «аспект» ұғымдарына түсініктеме беру;
- колледжде валеологиялық білу беру жүйесінің рөлі мен орнын анықтау;
- студенттердің валеологиялық білімдерін тест, анкета түрінде тексеру және
талдау жүргізу;
- валеологиялық білім беру жүйесін жетілдірудің әдістемелік нұсқауларын жасау және оқу-процесіне ендіру;
Кіріспе ....................................................................................................5
1 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
Валеологиялық білім беру жүйесінің теориялық сипаты.............................................................................................8
1.1 Зиянды әдеттердің пайда болу себептері мен салдары............34
1.2 Колледждегі валеологиялық білім берудің дайындық
бағыты...........................................................................................61
2 Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудағы валеологиялық білім беру жүйесінің әдістемелік негіздері
2.1 Валеология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстарды
пайдалану жолдары....................................................................74
2.1 Валеологиялық білім беруді жетілдірудің тиімді жолдары
мен әдістері...............................................................................84
2.2 Валеологиялық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған
іс-тәжірибелердің қорытындысы және нәтижесі......................92
Қорытынды .......................................................................................112
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................115
«иә» жауабы 20%, «жоқ» жауабы 55%, 2007-2008 оқу жылындағы жүргізілген сауалнама сұрағының көрсеткіші «иә» жауабы 85%, «жоқ» жауабы 15%. Бұл сауалнама нәтижесінен студенттердің валеология пәнінен қаншалықты білімді қажет ететіні көрінеді.
ІІ СТУДЕНТТЕРДІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ВАЛЕОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
2.1
Валеология пәнін оқытуда пәнаралық
байланыстарды пайдалану
Егемен еліміздің жаңару
Пәнаралық байланыстың қазіргі
оқыту-тәрбиелеу, білім беру жүйесінде
оқушылардың дүниетанымын
Пәнаралық
байланыс педагогика ғылымында
философиялық психологиялық, дидактикалық
және әдіснамалық жағынан
Валеология тарихында пәнаралық байланыс ертеден зерттелініп келе жатқан педагогика ғылымының негізгі мәселелерінің бірі болып саналады.
Валеологиялық
ой – пікірдің дамуында және
колледж тәжірибесінде пәнаралық
байланыс проблемасы көптеген
прогресшіл педагогтарды
Ұлы педагогтар Я.А Коменский (1592-1670), И.Г.Песталоции (1746-1827), К.Д.Ушинский (1824-1870), Л.Н. Толстой (1828-1910) бұл мәселемен арнайы шұғылданған [48].
Сонымен
бірге шығыстың ұлы ойшылдары
Әл-Фарабидің (870-968) Ибн-Синаның (930-1037) және
Жүсіп Баласағұнидің тағы басқалардың
мұраларында,ал бертін келе
Сонымен
қатар қазақ халқының
Белгілі
педагогтардың М.Н.Скаткин, М.А.Данилов,
И.Д.Зверев, И.И.Петрова, А.А.Бейсенбаева
және басқа ғалымдардың пәнаралық
байланыстарды теориялық
Валеология бөлімдері (жалпы валеоогия,дене тәрбиесі адамның тазалығы гигиена) жайлы толығымен көрсетілген [49].
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Пәнаралық байланыстарды әр жақтылы міндетті оқу-тәрбие процесі арқылы жүзеге асырылады.Ол оқушы мен мұғалімнің оқу-таным іс-әрекетінің бір бөлігі болып саналады.
Оқушыларға барлық пәннен білім беретін мұғалімдеріміз өздерінің мамандығын,оның ғылыми жүйесі мен бағытын ана тілі арқылы үйретеміз.
Пәнаралық
байлныста күнделікті сабақ
өткізуде пайдалану валеология
пәнінің мұғалімі теориялық
Валеология
пәнін оқытуда пәнаралық
Валеология пәнін оқытуда пәнаралық байланыс бірнеше қызмет атқарады.
Бірінші методология қызметі.Осы қызмет оқушылардың тазалыққа, дене шынықтыруға оның біртұтастығы мен дамуына диалектикалық-материалистік көз қарасын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.
Екінші оқушының білімдік ой санасын қалыптастырып,оның бір жүйелігін, тереңдігін,алғырлығын дамытады.Бұл ретте пәнаралық байланыс аралық байланыстарды игеруге мүмкіндік туғызады,валеологиялық түсініктерді дамыту құралы есебінде пайдаланылады.
Үшінші тәрбиелік қызметі. Пәнаралық байланыс білім берудегі политехникалық бағытты іске асыруға көмек көрсетеді.
Төртінші қызметі. Осы қызмет материалдардың мазмұнын,әдісі мен ұйымдастыру формаларын арттыруға көмектеседі [50].
Оқыту процесі үшін «пәнаралық
байланыс», «пәнаралық іскерлік»
ұғымдарының мәні мен
Сурет 9 А.Бейсенбаеваның зерттеу бойынша пәнаралық байланыста
сабақ өту диаграммасы
Қ/с |
Айқындау нәтижелері |
Оқытушылар саны |
1 |
Сабақты пәнаралық байланыста үнемі жоспарлап өтетіндер |
30% |
2 |
Сабақты пәнаралық байланыста өтуді анда-санда ғана жоспарлайтындар |
35% |
3 |
Сабақты пәнаралық байланыста өтуді мүлде ескермейтіндер |
20% |
4 |
Жауап бермегендер |
15% |
Кесте 9 А.Бейсенбаеваның зерттеуі бойынша пәнаралық
Байланыста сабақ өті
Қазіргі таңда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың мынадай жолдары белгілі: әңгімелесу, топсеруенге шығу, тәжірибелік жұмыстар, техникалық құралдарды пайдалану, танымдық есептер құрастыру және оны шешу, сөзжұмбақтар, ребустар, практикалық жұмыстар жүргізу және т.б. [51]
Пәнаралық байланыстың әр жақтылы міндеті оқу – тәрбие процесі арқылы жүзеге асырылады. Ол оқушы мен мұғалімнің оқу – таным іс - әрекетінің бір бөлігі болып саналады. Төменде пәнаралық байланыстардың пәндерде сабақ оқытудағы іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырудың жолдарын мысалға келтіреміз [52].
Жалпы алғанда, оқушыларға барлық пәннен білім беретін мұғалімдеріміз өздерінің мамандығын, оның ғылыми жүйесі мен бағытын ана тілі арқылы үйретеді.
Мысалы, мұғалім тілден сан есімді өткен болса, математикадан, тарихтан да, биологиядан да, ауыл шаруашылық ғылымдарынан да, мәдениет пен әдебиет салаларынан да және т.б. ғылым салаларынан да мысалдар алып, сан есімді түсіндіреді, және сол арқылы оқушылардың өздеріне тәрбие беріп отырады.
Сонымен қатар мектептегі тәжірибелі мұғалімдер кез-келген пәндерді оқыту жұмыстарын табиғат құбылыстарымен, ұлттық ұғымдармен ұдайы байланыстырып отыруы қажет [53].
Табиғат құбылыстары мен тілді оқыту жұмыстарын практика жүзінде ұштастыра жүргізіп отырудың алуан түрлі тәсіл амалдары бар. Оқытушылар ең алдымен сол тәсіл – амалдарды және оны практикада қолдана білудің жолдарын меңгереді. Мысалы, оқытушы белгілі бір тілдік тақырыптарды өткенде, оқушылардың табиғат құбылыстарына байланысты сөз байлықтарын молықтырып дүние тануын күшейту мақсатында табиғат байлықтарын суреттеп көркем жазылған шығармалар мен өлеңдерден үзінділер алады. Соның ішінен өтілген тақырыпқа байланысты тіл ғылымының заңдылықтарын түсіндіреді немесе сол текстің ішінен өздеріне грамматикалық белгілерді таптырады.
Табиғат құбылыстарын суреттейтін көркем әдебиеттен алынған текстерді алдымен оқушылардың өздеріне оқытады. Одан кейін оқушылардың ұққанын әңгімелетіп айтқызады немесе өздеріне мазмұндатып жазғызады.
Сонымен ғылымдардың дәлелдеуінше: тіл – қоғамды біліп, дамытудың құралы. Ендеше тіл – адамның ақыл – ойының көрінісі, әдет – ғұрпының байлығы, өнер – білім қазынасын меңгерудің құралы.
Біз бұл жоғарыда келтірілген мысалдар арқылы кез-келген пәнді оқытуда бірнеше ғылымдар саласымен байланыстырудың педагогикалық әдістемелік мол мүмкіндіктері бар екенін тәжірибе арқылы көріп отырамыз.
Оқыту процесінде пәнаралық байланысына ерекше мән беріліп, пәнаралық байланыс сабақтардың, факультативтердің, экскурсиялар мен сыныптан тыс жұмыстардың және әр түрлі еңбек әрекеттерінің өзара байланыстылығы негізінде жүзеге асырылып келеді.
Оқыту процесінде біртіндеп қолданылып келе жатқан пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылған, сыныптан тыс жұмыстарға тоқталамыз.
Пәнаралық байланыс мақсатында тұтас бір сабақ немесе сабақ құрылымының бір кезеңінде фрагмент, жеке үзінділер, кино – телекөріністер түрінде өткізілуіне болады [54].
Пәнаралық сабақтың бір түрі: панорамалық сабақ. «Панорама» - грек сөзінен алынған өнердің түрі деген мағынаны білдіреді. Дәлірек айтқанда, барлық көлемді, үлкен аумақты қамтитын оқиғалардың бейнелеу суреті деген мағнада «панорама» сөзіне анықтама беруге болады. Не себептен мектеп тәжірибесінде панорамалық сабақ деген аталып тұр? Панорама деген сөздің теле – радиодағы «Бүгінгі күн панорамасы». «Апталық панорама», «Халықаралық панорама» тағы сол сияқты хабарлардың мазмұнынан айқын көруге болады. Осыдан панорамалық сабақты өткізуді қарастырғанда бұл сөздің мағынасы біршама түсінікті бола бастайды.
Сонымен панорамалық сабақ мектеп тәжірибесінде мұғалім сабақтың тақырыбы және оның мазмұнын бірнеше күрделі мәселелерді қамтитын жағдайда пәннің өзіне жақын пәндермен логикалық байланысы айқын көрінетін жағдайда, кіріспе, немесе тарау соңында қайталау сабақтарында материалдың аумақтағы көлемін қамту, тұтастығын көрсету мақсатында қолданылады. Панорамалық сабақты өткізуде бірнеше әдістемелік талаптар ескеріледі: сабақтың тақырыбы, мақсаты, пәндердің өзара байланысы, жоспары т.б. белгіленеді. Алдын – ала ірі – ірі блоктар бойынша құрылған тапсырмалар сынып оқушыларының таңдауларына беріледі [55].
Мысалға, «Валеология» пәнінен «Дені саудың-жаны сау» деген тақырып бойынша панорамалық сабақтың өткізілуіне тоқталамыз.
Бұл сабақта мұғалім пәнаралық негізде оқушыда тұтас білімнің қалыптасуын көздейді және пәнаралық байланысты ашатын жаңа түсініктер, ұғымдар, құбылыстар бойынша оқушылардың өздігінен іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы олардың диалектикалық ойлауын тереңдетеді. Мұғалім жаңа материалды өту барысында әңгімелесу, фронталды сұрау, текстпен жұмыс істеген кезінде олардың бұдан бұрын табиғаттанудан өткен «Көкжиек» тақырыбынан алған білімдерін есіне түсіреді.
Оқушылар екі пән материалының негізінде әр түрлі шығармашылық жұмыстарды өз қабілеттеріне қарай топ болып, немесе дербес орындаған. Мәселен, оқушылардың бір тобы бұрыннан жүргізіп жүрген байқау күнделіктеріндегі «көкжиек» туралы мәліметтерді бір топ – табиғат құбылыстары – «Күн батарда», «Таң атарда», «Жаңбыр», «Найзағай», т.б. жалғастырған.
Бұл сабақтың ерекшелігі – мұғалім пәнаралық байланыстағы сөздіктерді ажырата білуге және сол арқылы автор С. Сейфулиннің табиғат құбылыстарын бейнелеудегі сөз байлығына оқушылардың назарын аударады. Осыған байланысты оқушыларға үйге әртүрлі тапсырмалар береді.