Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 19:09, дипломная работа

Краткое описание

Міндеттері
- тақырыптың мазмұнын әртүрлі әдебиеттер мен оқулықтарға теориялық және практикалық талдаулар жасау;
-«валеология», «экология», «аспект» ұғымдарына түсініктеме беру;
- колледжде валеологиялық білу беру жүйесінің рөлі мен орнын анықтау;
- студенттердің валеологиялық білімдерін тест, анкета түрінде тексеру және
талдау жүргізу;
- валеологиялық білім беру жүйесін жетілдірудің әдістемелік нұсқауларын жасау және оқу-процесіне ендіру;

Содержание

Кіріспе ....................................................................................................5
1 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
Валеологиялық білім беру жүйесінің теориялық сипаты.............................................................................................8
1.1 Зиянды әдеттердің пайда болу себептері мен салдары............34
1.2 Колледждегі валеологиялық білім берудің дайындық
бағыты...........................................................................................61
2 Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудағы валеологиялық білім беру жүйесінің әдістемелік негіздері
2.1 Валеология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстарды
пайдалану жолдары....................................................................74
2.1 Валеологиялық білім беруді жетілдірудің тиімді жолдары
мен әдістері...............................................................................84
2.2 Валеологиялық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған
іс-тәжірибелердің қорытындысы және нәтижесі......................92
Қорытынды .......................................................................................112
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................115

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕ.docx

— 351.55 Кб (Скачать документ)

Оқыту

Әрбір сабақ өтілетін тақырыпты,оның мақсаты мен міндеттерін белгілеуден басталады. Сабақ басталғанға дейін оқушылардың ақпараттану деңгейін алдын ала  білу үшін сауалнама жүргізуге болады. Сауалнамалар тренинг толық аяқталғанға дейін сақталады,соңында оқушылардың білім деңгейі  қайта бағаланады.Нәтижесін салыстыра отырып, оқушылардың  білімі мен дағдыларында  қандай өзгерістер болғанын білуге, тренинг тиімділігіне  баға беруге болады.

        Осы кезеңде ақпарат беру мен  практикалық дағдыларды, дұрыс шешім  қабылдау шеберліктерін қалыптастыру  жаттығуларын ұштастырудың маңызы  зор.Мінез-құлықтың өзгеруіне  себептерді  нақтылау үшін АҚТҚ/ЖҚТБ мәселесіне оқушылардың назарын аударып, бұның әрқайсысының алдында кездесетін мәселе екеніне көзін жеткізу керек.

Бұл әдістемелік ұсыныстардағы жаттығуларды оқытушы өз қалауынша пайдалана алады.Оқытушы алдындағы дәрісхананың дайындық деңгейіне  сәйкес жаттығуларды алмастыруына болады.

 

Сабақты қорытындылау

    Тренинг  кез-келген сабағының соңында  қорытынды жасалынады.Әдетте, бұл  процедура оқушылар өздерінің  әсерлерімен ,сезімдерімен бөлісуіне,талап-тілектерін  ортаға салуына есептелінген.Сауалнама, «сыр ашу»  парақтарын толтыру  түрінде де өткізуге болады.

Жаттықтырушы-оқытушы семинарға қатысушылардан  қандай жаңалықты білгендерін,оларға пайдалы қызықты болған жағдайларды сұрай алады.Өтілген жағдайларды бекіту үшін  олардың қандай жағдай жасағандарын есіне түсіруге болады.

    Оқытудың  интерактивті әдістерін еш уақытта  дәрістік жағдайларға алмастыра  алмайды. Бірақ оның толық меңгерілуіне  көмектеседі, өзіндік пікір, арақатынас, мінез-құлық, дағдыларын қалыптастырады.

«Ойға шабуыл». Бұл әдісте оқушының қойылған сұраққа қайтарылған  кез-келген жауабын есепке алынады. Айтылған пікірге бірден баға бермей, оны қағазға немесе тақтаға жазып түсіндірудің маңызы зор.Олардың берген жауаптарының негізделуі,түсіндірмелі сұралмайтынын оқушылар білуі тиіс. «Ойға шабуыл» 4-5 минуттан аспауы керек, аяқталғаннан кейін жауаптардың барлық нұсқаларын талқылап, бастылары таңдап алынады да,қосалқылары қалдырылады, яғни жауаптың тиімді нұсқасын топ таңдайды.Бұл әдіс мынандай қажеттіліктерде тиімді болады;

    • күрделі және даулы мәселелерді талқылағанда;
    • өзіне сенімсіз оқушыларды талқылау ісіне ынталандыруға;
    • қысқа мерзімде көп ұсыныс-пікір жинақтау қажет болғанда;
    • дәрісхананың ақпараттануын немесе дайындығын анықтауға.

Шағын топтардағы жұмыс

Оқушылар 4-5 адамнан шағын топтарға бөлінеді. Оларды бөлуге әртүрлі әдіс қолданылады. Мысалы мұғалім  бір, екі, үш, төрт деп санауды ұсынады.Санақ саны қанша топ құру қажетіне сәйкес алынады.Біріншілері бір топқа,екіншілері екінші топқа т.с.с. топтасады.Шағын топтардағы  жұмыс барлық қатысушылрды  белсенді іс-әрекетке,ашық пікір алмасуға, пікір тартуға  мүмкіндік береді.Тапсырма орындалғанан кейін, әр топ орталарынан  жұмыс қорытындысын хабарлайтын жетекші таңдайды.Бақылау парағы немесе тест

Бұл әдіс оқушылардың тақырыпқа сәйкес мағлұматтарды білу деңгейін немесе олардың тақырыпқа көзқарасын анықтауға көмектеседі.Қатысушылар жауаптарының нұсқасын тиісті бағаналарға белгілейді.

 

 

дұрыс

дұрыс емес

 білмеймін

АҚТҚ маса шаққанда жұғады

 

 

    +

 

 

  Сонан  кейін жауаптарын бір-бірімен  салыстырып талқылайды. Қорытындысы  мұғалімнің қатысуымен талқылаудан  өтеді.

 Рөлдік  ойын

Шағын топтарда (3-4 оқушы) жүргізіледі.Қатысушылар кескіндегі  тапсырмаларды алғаннан соң, рөлдерді белсендіойнап, бүкіл топқа көрсетеді. Мұғалім рөлдерді балалардың мінез-құлқына  сәйкес өзі бөліп бере алады. Бұл әдістің артықшылығы, қатысушылар нақты ұсынылған жағдайда  өзін көрсете алады,шын мәнінде жағдайларды ұғына алады. Ойын аяқталған соң осындай жағдайларда тиімді әрекет жасау жолдарын бірлесіп талқылайды.

 

Құндылықты,пікірді,көзқарасты анықтауға арналған жаттығулар

 Жұмыстың бұл түрі талқыланған мәселе бойынша  қатысушылардың түсінігін,көзқарасын, өмірдегі ұстанымын  анықтауға мүмкіндік береді.

  Парақтағы («келісемін», «келіспеймін», «білмеймін») бағаналарда өзінің көзқарасын  белгілейді.

 

келісемін

келіспеуге болады

білмеймін

 келеліспеуге  болмайды

 

 

     +

 

   

 

 

Одан әрі шешімдерін жұптарда,топтарда талқылап,өз көзқарасын қорғайды. Топта пікір талас ұйымдастыруға болады. Соңынан мұғалім оқұшыдан  осы мәселеге деген пікірінің өзгерген, өзгермегенін сұрайды.

 Жобалар жасау

Бұл әдіс оқушыларды ойша мектептен  тысқары шығып, талқылынып отырған мәселе бойынша өз әрекеттерінің  жобасын жасауына мүмкіндік береді.Ең басты топ немесе жеке қатысушы өзінің жобасын қорғауға,оның артықшылығын басқалар алдында дәлелдеуге, достарының пікірінбілу мүмкіндігіне ие болады.

Мысалы: «Өз қалаңда ЖҚТБ –ның алдын алу шараларының жобасын жасаңдар».Оқушылар қосымша мәліметтер алуға  арнайы мекемелерге, кітапханаға т.с.с барып, сұрау салуына болады.

Бейнефильмдер

Бейнефильмдер тақырыпты меңгеруге  қосымша материал ретінде  пайдалануға болады. Фильмді көрсетер алдында оқушылардың назарын негізгі 4-5 мәселеге аударуын ескерту қажет.Ол фильмнің  мазмұнын талқылауға негіз болады. Алдын ала таңдап қойған көріністерге келгенде фильмді тоқтатып, пікірталас жүргізіледі.

Интерактивті оқыту әдістемесінің артықшылығы:

    • жағдайлардың тиімді меңгеруіне мүмкіндік беру
    • қызығушылық туғызады;
    • белсенді қатысқандар марапатталады;
    • сезімге ықылас аударады;
    • жан-жақты, әсіресе мінез-құлыққа әсер етеді;
    • арақатынас және пікір талас жүзеге асырылады.

Тренингте оқыту міндеттері

    • ақпарат беру
    • жас-өспірімдер мінез-құлқының қауіптен қорғау
    • мінез-құлқында жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру болып табылады

Қорыта айтқанда тренинг оқушылардың танымдық ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін арттырады.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

     Салауатты өмір салтын қалыптастырудың  басты бағыттары мен міндеттерін  жүзеге асырудың бірі балалар  мен жасөспірімдердге үздіксіз  білім беру барысында валеологияны  оқыту, яғни, валеологиялық білім  беру болып табылады.

     Президентіміз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030»  Жолдауында  әрбір адамға өз  денсаулығын  сақтауға  жауапкершілік  жүктеледі. Аурулардың алдын алып,салауатты  өмір салтын орнықтыру-мемлекеттің  негізгі басымдылық саясаттарының  бірі.Салауатты өмір салты мемлекеттік,әлеуметтік  саясатқа арналған орта-қоғам  және ұлтты сауықтандырудың қолайлы  әлеуметтік-экономикалық негізі  болады.Ұлттың саулығы әрбір адамның  денсаулығын сақтап, нығайту және  салауатты өмір салтын орнықтырумен  анықталады.

   Салауатты  өмір салты (СӨС)- адамның денсаулығын  сақтап,нығайтуға арналған белсенді  іс-әрекет.Салауатты өмір салтын  қалыптастырғанда ғана мықты  денсаулыққа  ие болып, өмірдегі  барлық мақсаттар мен армандарға  жетуге болады.

    Қазіргі күнде біздің  мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына үмітіміз сенімді емес, ал адамдардың өз денсаулығына деген жаңа көзқарасы өлі дүрыс қалыптаспаган. Сондықтан да халықтың көпшілігі денсаулықтың дұрыс қалыптасуына көп көңіл бөлуі қажет, әсіресе жасөспірім балалар.  Мұндай қадам қазіргі заман талабына сай валеологиялық білімді методологиялық және әдістемелік қамтамасыз етуді қажет етеді.

    Жұмыстың мазмұнында  айтылып кеткендей, білім беру  бағдарламалары  көп дағдарыстарға ұшырады, яғни ол валеологиялық білім беру сапасына жақсы әсер етті деп айта алмаймыз.  Шынында да, мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында валеология пәнін арнайы маманданған мамандар беріп жүрген жоқ, олар балаларға дәл емес ақпаратты жеткізеді. Бұл іс әрекетпен адамның денсаулығын басқарудың негізгі принципі бұзылады.

Қалыптасқан жалпы мамандыққа сай тілдің болмауы оқу және әдістемелік әдебиеттердің сапасына да өз ықпалын тигізді. Сондықтан да, жаңа өз бетінше дамып келе жатқан адам денсаулығын сақтап, нығайтуға арналған ғылымның қалыптасу жолдары мен тәсілдері қажет екендігі өзінен өзі қажеттілік туғызды.Бірақ та салауатты омір салты жайлы білім әр түрлі халықтың дәстүрлер мен тіршілігі және ұлттық медицинадағы ерекшеліктері эмпирикалы болды, яғни ұзақ жылдар бойы оның ғылыми негіздемесі болған жоқ.Сондықтан жұмыстың мазмұнында айтылғандай, валеология ғылымының зерттеу пәні- адам денсаулығы болып табылады. Әрі, бұл тақырыптың мазмұнын зерттеу бүгінгі күннің басты мәселесі. Осы орайда, орындалған жұмыс өте өзекті мәселені зерттеді. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың аспектілерін нақтылап, айқындады.

 Жұмыстың алға қойған мақсаты, колледж студенттеріне салауатты өмір салтын қалыптастырудағы валеологиялық білім беру жүйесін  жетілдіру және оны  оқу-тәрбие  процесінде  жүзеге асыру еді. Осы мақсатты зүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер орындалды:

1.Тақырыптың  мазмұнына сай келетін түрлі  әдебиеттер мен оқулықтарға   теориялық және практикалық талдаулар  жасалынды және сараланды;

2.«Валеология», «экология», «аспект» ұғымдарына  ғылымға,бұрыннан да белгілі, анықтамалар, беріліп,түсініктеме жасалды;

3. «Құқық  және салалық технологиялар»  колледжінде  валеологиялық  білу  беру жүйесінің  рөлі мен орны  анықталды;

4. Студенттердің  валеологиялық  білімдерін  тест, анкета  түрінде сауалнама арқылы  тексеріліп,талдау жүргізілді;

5.Валеологиялық  білім беру жүйесін  жетілдірудің  бағдарламасы мен әдістемелік  нұсқаулары   жасалынып, ол оқу-процесіне  ендірілді;

     Жұмысты орындау барысында төмендегідей  зерттеу әдістері қолданылды: теориялық  негіздеулерді талдау және саралау, бақылаудың құрлымдық жүйелеу,социологиялық  сауалнама (анкета,тесттер), математикалық  есептеу мәліметтерінің әдістері. Педагогикалық зерттеу әдістері (оқу-құжаттарын талдау,бақылау, студенттерді  дайындауда оқу-әдістемелік  нұсқаулықтардың  саралануы), жүйелі статистикалық  әдістер. Жұмысты зерттеудегі  жаңалығы:

- колледж  студенттерін салауатты өмір  салтын қалыптастырудың негізі  болып    отырған валеологиялық  білім беру мәселелерінің  алғаш  рет зерттелуі.

- колледждегі  оқу- тәрбие процесінде валеологиялық  білім берудің ролі мен орны  анықталды.

- колледж  студенттеріне салауатты өмір  салтының қалыптастыруда валеологиялық  білім берудің тиімді түрлері  мен әдістері анықталып, ол пайдалауға  ұсынылды.

      Сондай-ақ зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы мынада:

- колледж  студенттеріне валеологиялық білім  беруде теориялық әлеуметтік  және педагогикалық  алдын –алу  жағдайлары анықталды.

- колледж  студенттерінің салауатты өмір  салтын қалыптастыруда  валеологиялық  білім берудің жағдайына талдау  жасалған практикалық маңызы.

- колледж  студенттерін дайындауда валеологиялық  әдістемелік жабдықтар жасалынған.

- бұл зерттеу  жұмысының нәтижелерінің салауатты  өмір салтын қалыптастыру бойынша, жалпы валеологиялық білім беретін  оқытушылардың пайдалануына  болады..

     Зерттеу жұмысындағы автордың  жеке үлесінің жетістігі, зерттеу  жұмысының негзгі нәтижелері  Оңтүстік Қазақстан құқық және  салалық технологиялар колледжінің  оқу-тәрбие процесінде ендірілгендігі.

    Жұмыстың мазмұнына байланысты зерттеу нәтижелері 2006жылы Шымкентте өткен Халықаралық ғылыми-практикалық «Әуезов оқулары 5» конференциясында сыннан өтті.  Жұмыстың нәтижесі мен жетістіктері 2007-2008 оқу жылында  «Биологияны оқытудың әдістемесі мен теориясы» кафедрасының ғылыми семинарларында баяндалды.

       Қорыта келе айтарымыз, Елбасының  «Қазақстан 2030» стратегиясын       жүзеге асыру барысында жасақталған "Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасының талабына орай, жүргізілген  «БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

Информация о работе Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары