Салық және салық салу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 18:00, реферат

Краткое описание

Салыктар-занды жэне жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде. мерзімде мемлекеттік бюджетке теленетін міндетті төлемдері. Салык экономикалык категория ретінде аныктамасы былай тужырымдалады: Салыктар дегеніміз үлттык табысты жинактап, шогырландырып. кайта болу каржылык катынастарын сипаттайтын. сондай-ак шаруашылык жүргізуші субъекттер мен азаматтардын мемлекетпен екі арадагы орталыктандырылган каржы көзін кұруға байланысты туындайтын каржылык катынастардын жиынтыгын сипаттайтын экономикалык категория.

Прикрепленные файлы: 1 файл

new_gos_Salyk.doc

— 1.11 Мб (Скачать документ)

9.Корпоративтик табыс салыгы: мани, алыну механизми

КТС-гы ҚР мемл.бюджетінін 1\4 бөлігін кұрайды. ҚР салык жуйесіне 1992 ж. 1 каңтарынан бастап занды түлгалардын пайдасына салынатын салык түрінде енгізілді. Салык алынган накты пайдадан төленді. Нэтижесінде занды түлгалардын операциялары негізінен бартерлік сипатта жүргізіледі: жалган құжат негізінде кайырымдылық көмек беру фактілері орын алды; салыктан жалтару орын алды. Занды түлғаларды каржылык кызмет нзтижесіне салык салуды пайдадан емес табыстан алынатын болды. 2002ж. 1 кантарынан бастап колданыска енгізілген Салык Кодексіне сэйкес занды түлгалардың табысына КТС сатынатын болды. КТС төлеушілер - салык жылы ішінде салык салынатын табысы бар барлык занды тұлгалар. Резидент занды тулғалар - ҚР аумагында 183 күннен астам кызмет жасап табыс табатын жэне салык салу объектісі бар отандык ж\е шетелдік з.т.  Резидент емес з.т. - ҚР аумағында 183 күнге дейін кызмет жасайтын ж\е салык салу объектісі 
бар шетелдік з.т. Туракты мекеме қүрган рез.емес з.т.- ҚР аумағында өзінің өкілдігі, кеңсесі, фирмасы бар шетердик з.т. Тұракты мекеме курмаған рез.емес з.т. - резидент занды тұлғаның карамагына келген н\е шакырумен келген шетелдік з.т. Салык объектісі: 1.салык салынатын табыс; 2.таза табыс; 3.төлем көзінен салык салынатын табыс. Жылдық жиынтық табыс - Салык салынатын табысты аныктау барысында бір жыл ішінде алынған табыстарга тузетулер 
жүргизилип, кұрамы аныкталады:  өнімді сатудан түскен табыс, жүмыс, кызмет көрсетуден түскен табыс , гимаратты өткізуден алынган кұнынын өсімі, мүлікті жалға беруден алынган табыс, кызмет көрсету барысында кайтарымсыз негізде алынған мүлік каражат. ЖЖТ-аныктау барысында мынадай табыстарға түзетулер жүргізіледі: мемл.бағ.қағ-мен жасалган операциялардан алынған табыс, дивиденд түрінде алынган табыс, ҚР-гы көздер б\ша бүрын салык салынатын табыстар, табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаганда кайырымдылык көмек түрінде алынған табыстар, мемлекеттік бюджеттен алынган каржылар ж\е т.б.

Салық салынатын табысты анықтау барысында жекелеген шығындар одан шегеріліп тасталады. Ондай шығындар шегерім деп аталады: өнім өнд.шығындар, экімшілік шыгындар, енбекакы

Шегерімнің құрамына мынадай шыгындар кіргізілмейді: мемл.бюджетке төленетін салыктар, айыппұл, к\к кызметке катысы жок объектілерді үстауға кеткен шыгын, салык төлеушінін қайтарымсыз негізде берген мүлкінің кұны.

КТС-н ставкалары: барлық занды түлгалар үшін - 30%, негізгі кұралы жер б.т. з.т. - 10%, тұракты мекеме кұрган резидент емес з.т. - 15%. Салык декларациясы есепті жылдан кейінгі жылдың 31.03 дейин тапсырылады. Тұрақты мекеме күрган резидент емес з.т. КТС пен коса таза табыс салығын 15% ставкамен төлейді. Әлеуметик саладагы үйымдар КТС б\ша мынадай  талаптарга сай болган жагдайда босатылады: ЖЖТ-н 90%-ы   грант,  кайырымдылык  көмек.  кайтарымсыз түрде  берілген  мүлік х.ар.ұйымдардан алынган каржылык көмек түріндегі каржылар есебінен құралса; кітапхана қызметі; спорт кызметі (көңіл көтеру, ойын сауык) түріндегі шаралардан баска; мектепке дейінгі тәрбие ж\е білім. бастауыш, орта. арнаулы білім беру мекемелері, ғылым саласындагы мекемелер, балаларга, мүгедектерге карттарға. әлеуметтік коргач  ж\е колдау кызметін көрсетумен айналысатын мекемелер, косметологиядан басқа медициналык мекемелер. Бюджетке төленетін ККС сомасы сатылған өнім б\ша есептелген ККС сомасымен сатып алынған өнім бойынша есептелген ҚҚС-ң айырмасына счет-фактура негізінде аныкталады.

10. Жанама салық Салық салу әдiсi бойынша салықтарды тiкелей және жанама тұрге бөлемiз. Жанама салықтар салықтың соңғы тұтынушыға ауысуы арқылы жүргiзiлетiн салықтар немесе бағаға үстеме түрінде жүргiзiлетiн салықтар. Жанама салық тауарды тұтыну немесе сату кезiнде салынады. Бұларға акциздер, қосылған құн салығы жатады.

Жанама салықтардың  өзi индивидуалды жанама салықтар, әмбебап  жанама салықтар және фискалды-монополиялық жанама салықтар түрінде бөлiнедi.

Жеке жанама салықтар – қатаң түрде белгіленген  бір тауар топтарына салынады;

Әмбебап жанама салықтар – негізінен барлық тауарлар мен  қызметтерге салынады;

Фискалды-монополиялық жанама салықтар – мемлекеттік құрылымдар-да сатылатын өндірістің барлық тауарларына салынады.

Индивидуалды жанама салықтарға – акциз салығы жатады.

Әмбебап жанама салықтарға – қосылған құн салығы жатады.

Жанама салықтардың  қолданылуында ең басты кемшiлiгi болып тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлген қызметтердiң құнының, бағасының өсiп кетуi табылады.

Ал жанама салықтардың  ең басты артықшылығы – салық төлеушiлердiң салықты төлеуден жалтарынудың ешқандай мүмкiндiгiнiң болмауы.

11. Жер салығын есептеу механизмі     

   1. Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша жеке салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзіледi. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты С.К-де белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді. 2. Егер С.К-те өзгеше белгіленбесе, жер салығы салық төлеушiге жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi. 3. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептеледi. 4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi. 5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқа санатына ауыстыру кезiнде салық төлеушілерден ағымдағы жылғы жер салығы - осы елдi мекендер үшiн бұрын белгiленген ставкалар бойынша, ал келесi жылы қоныстардың жаңа санаты үшiн белгiленген ставкалар бойынша алынады. 6. Елдi мекен таратылған және оның аумағы басқа елдi мекеннiң құрамына қосылған кезде, таратылған елдi мекеннiң аумағында жаңа ставка тарату iске асырылған жылдан кейiнгi жылдан бастап қолданылады. 7. Салық төлеушiлер орналасқан жер учаскелерi бонитетiнiң балдарын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, жер салығының мөлшерi шектесiп орналасқан жерлердiң бонитет балы негiзге алына отырып айқындалады. 8. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық олардың осы жер учаскесiндегi үлесiне барабар есептеледi.  Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейдi.  Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi. Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан,            25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады.

12. Акциздер: есептеу және төлеу механизмі

Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;

2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын;

3) Қазақстан Республикасының аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын;

4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбеген болса, тәркіленген, иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын;

5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе, осы Кодекстің 279-бабында аталған акцизделетін тауарлардың конкурстық массасын өткізуді жүзеге асыратын;

6) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.

Осы Кодекстің 279-бабының 5) – 7) тармақшаларында аталған тәркіленген, иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар акциздерді төлеушілер болып табылмайды.

Мыналар акцизделетiн тауарлар болып табылады:

1) спирттiң барлық түрлерi;

2) алкоголь өнiмi;

3) темекi бұйымдары;

4) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;

5) микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлiк құралдары;

6) шикi мұнай, газ конденсаты.

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім.

Акциз ставкалары заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді. Акциз салығының ставкасы адволорлық ж/е тұрақты ставкамен есептеледі. Адволорлық ставка - әр тауар түрі б-ша ставканың дербес белгіленуі (прогрессивті, регрессивті, пропорционалды.)

Акциз салығының обьектісі тауардың физикалық н/е сандық көрсеткіштеріне б-ты дербес анықталады (өткізу, жөнелту, сату ж/е т.б)

1) Акцизделетін тауарлардың экспортына;

2) этил спирті мен алкогол өнімін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін квоталар шегіндегі:

3)өндірушінің аталған өнімді өндіру құқығына арналған Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда емдік және фармацевтік препараттарды дайындау үшін;

4)тиісті лицензиясы болған кезде мемлекеттік медицина мекемелеріне босатылатын этил спиртіне;

5) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалауға жататын, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құрамында спирт бар өнімге акциз салудан босатылады.

13. Рента салыгын есептеу механизми

 Экспортқа нақты өткiзiлетiн  шикі мұнай, газ конденсаты  бойынша шикi мұнайдың, газ конденсатының  көлемi және С.К-нде белгіленген  тәртіппен есептелген әлемдік  баға негізінде есептелген экспортталатын шикi мұнайдың, газ конденсатының құны экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Экспортқа іс жүзінде өткізілетін көмірдің көлемін негізге ала отырып есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шикі мұнай, газ конденсаты жөніндегі шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеушінің арасында жасалатын қосымша келісімде белгіленген тәртіппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін. Шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртібі С.К-нде белгіленген.

14. Әлеуметтiк салықты есептеу механизми. Әлеуметтік салықтың сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар  сомасына азайтылуға жатады. Егер С.К-нде өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Құрылымдық бөлiмшелерi бар әлеуметтiк салық төлеушiлер әлеуметтiк салық төлеудi С.К-нде белгiленген тәртiппен жүзеге асырады. 

15.КР-дагы жер койнауын пайдаланушылардын арнайы салыктары мен толемдери Жер қойнауын пайдаланушьілар-сал.төл.-ҚР аум.техногендік минералды ресурстарды өндірумен ійналысатын з/ж т. Жер койнауын пайдаланушылардын мынадай салыктары мен арнайы төлемдері белгіленеді: үстеме пайда салығы- өнімді бөлу туралы келісімшаттар кең таралган пайдалы казбалар мен жерасты суларын өндіруге. сондай-ак ьарлау мен өндіруге бацланысты жерасты қүрылыстарын салуга жэне пайдалапуга жасалган келісімшарттар бойынша кызметті жүзеге асыратындарды коспаганда. жер койнауын пайдаланушылар осы келісімшарттар пайдалы казбалардың баска түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда, үстеме пайдаға салык төлеушілер болып табылады. Бонустар жер койнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады. Бонустын мынадай түрі бар: кол коиылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт -жаслатын аумакта жер койнауын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру кұқыгы үшін біржолғы тіркелген толем.Коммерциялық табу-келісімшарт аумагы шегінде ашылған, өндіру үшін экономикалык жағынан тиімді пайдалы казбалардың белгілі бір түрінің запастары. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салу 

Жер қойнауын пайдалануға  арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық  және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық  мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер туындаған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледi. 

Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт  бойынша жер қойнауын пайдалану  құқығы жай серіктестік (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесілі болса, онда жер қойнауын пайдалануға арналған мұндай келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша  жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылар шоғырландырылған салық есебін жүргізу үшін сенім білдірілген тұлғаны (операторды) айқындауға міндетті.

Егер Қазақстан Республикасының  Үкiметi немесе құзыретті орган мен  жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт ережелерінде сенім білдірілген тұлғаны (операторды) айқындау көзделсе және осы келісім (келісімшарт) бойынша салық салу міндеттемесін орындауды сенім білдірілген тұлға (оператор) жүзеге асырса, онда осы сенім білдірілген тұлға (оператор) мұндай келісімнің (келісімшарттың) тараптарына қатысты қолданылатын салық режиміне сәйкес аталған келісімнің (келісімшарттың) салық міндеттемесін орындайды.

4. Жер қойнауын пайдалануға  арналған келiсiмшарт бойынша  қызметін жүзеге асыратын резидент eмec жер қойнауын пайдаланушы  қосымша салық салынуға жатады.

16. МҮЛІК САЛЫҒЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ САЛЫНАТЫН МҮЛІК САЛЫҒЫ 
Мүлік салығын төлеушілер 
      Мүлік салығын төлеушілер келесілер болып табылады: 
      1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар; 
      2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар дара кәсіпкерлер; 
      3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер. 
      Егер осы бапта өзге жағдай белгiленбесе, келесілер мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:  
      1) өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу үрдісінде тікелей пайдаланатын, меншік құқығында бар салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер; 
      2) мемлекеттік мекемелер; 
      3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары; 
      4) діни бірлестіктер. 
Салық салу объектісі 
      Қазақстан Республикасының аумағындағы дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн салық салу объектісі төмендегілер болып табылады: 
      1) техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген топтастырмаға сәйкес осындайларға жататын және негiзгi құралдар құрамында есепке алынатын ғимараттар, құрылыстар немесе қаржы есептiлiгiнiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн жылжымайтын мүлiк инвестициялары; 
      2) концессия шартына сәйкес концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар. 
Төмендегілер салық салу объектісі болып табылмайды: 
      1) Салық Кодексінің 375 және 376-баптарына сәйкес жер салығын салу объектісі ретіндегі жер; 
      2) Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі бойынша консервацияда тұрған ғимараттар, құрылыстар; 
      3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары: 
бұрылу белдеуі; жолдардың конструкциялық элементтері; жол жағдайы мен оны абаттандыру; көпірлер;  өткерме жолдар;  виадуктар;жол тарамдары; тоннельдер;қорғаныш галереялары; жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар; су бұрғыш және су өткізгіш құрылыстар;  жол бойындағы орман алаптары;    желілік тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметінің кешендері; 
      4) аяқталмаған құрылыс объектілері.

Информация о работе Салық және салық салу