Муниципалды баскару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 06:28, лекция

Краткое описание

Қазақстандағы саяси және экономикалық өзгерістер аймақтардың құқықтары мен жауапкершілігінің кеңеюіне алып келеді. Үкімет жария түрде экономикалық өзгерістердегі басымдылық орталықтан жергілікті жерлерге жылжығанын мәлімдеді. Жүргізіп жатқан реформалардың сәттілігін айқындайтын факторлардың бірі кәсіби мамандар болып табылады. Сол себепті қалыптасқан жағдайда муниципалды менеджмент, аймақтарды басқару саласында жоғары білім бар мамандарды дайындауға көп көңіл бөлінуде.
«Муниципалды менеджмент» курсынан дәріс берудің мақсаты - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының бакалаврларына ҚР-да муниципалдық басқарудың теориялық және практикалық білімін қалыптастыру.

Содержание

1
пәнННІҢ ТИПТІК оқу БАҒДАРЛАМАСЫ........................................................................

2
Бакалавриатқа арналған пәннің Силлабусы (SILLABUS)….......................
ГЛОССАРИЙ...............................................................................................................................

3
ПӘН БОЙЫНША ДӘРІС КОНСПЕКТТЕРІ............................................................................
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................................
пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі......................................................................................................................................

4
БІЛІМ АДУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР........................
ТӘЖІРИБЕ САБАҚТАРЫНЫҢ жоспары .........................................................................

5
АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.......................................................................................

6
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР...................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

УМКД Муницип Мен.docx

— 262.17 Кб (Скачать документ)

Соңғы уақытта қолданылып жүрген аймақтық саясат принциптері  өздері қалыптасып, дамитын сыртқы және ішкі шарттарымен ескеріледі. Оларға:

- табиғатты дәстүрлі қолдану  ерекшеліктерімен байланысты экологиялық  қорғаныс;

- аймақтардың мамандануының  салалық принципі, олардың құрылымдық  қайта құрылысы мемлекеттің ғылыми-техникалық  және инвестициялық саясатымен  сәйкес жүзеге асырылады.

- Қазақстан аймақтарының  экономикасының дамуының кешенділігін  күшейту, қоғамдық өндіріс пен  тұрғылықты жерді үйлестірудің  прогрессивті формаларын қолдануды  кеңейту;

- тепе-тең институционалды  шарттардың қалыптасуы, әлеуметтік, этносаяси және экологиялық мәселелерді  есепке ала отыра, территориалды  шаруашылықтың экономикалық даму  деңгейінде аймақтық экономикалық  айырмашылықтарды жою.

Мемлекеттік аймақтық саясаттың  негізгі өткір мәселесіне – ақша және қаржы-несие сферасындағы аймақтық қайта баланстау проблемасы жатады. Аймақтық өзін-өзі қаржыландырудың  нақты мүмкіндіктерін анықтау көптеген көрсеткіштер бойынша аймақтардың  қаржылық жағдайына үнемі мониторинг жасауды талап етеді. Аймақтық саясатта аймақтардың дамуына қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған бюджеттік және салықтық қамтамасыз етудің механизмі болуы керек. Мемлекеттік бюджет құралдарының үйлестірілуі оның қалыптасуына аймақтардың қатысуын, аймақтық даму ерекшеліктеріне салалық және аймақтық тұрғыдан үйлесуін есепке ала отырып жүзеге асырылуы керек. Бұл кезде ұсынылатын шешімдердің салдарына кешендік бағалау қамтамасыз етілуі керек. Аймақтық бағдарламаларды қамтамасыз ететін қаражаттардың үйлестірілуі барлық билік органдарының субьективті пікірі негізінде емес, оптималды нұсқаны табу негізінде жүргізілуі тиіс.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Байтанаева.Б Государственная  поддержка развития предпринимательства  в Казахстане //Аль-Пари// 2000 №6 с  19-22

2. Қазақстан  Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк  басқару. Алматы 2005 жыл

3. Бердалиев  Қ Б. Қазақстан экономикасын  басқару негіздері: оқу құралы /ҚР-ның Ғылым және Білім Министрлігі,  Т.Рыскулов атындағы Қазақ мемлекеттік  Басқару Академиясы – Алматы: Экономика, 2001- 129б.

4. Курманбаев  С.К. Гамарник Г.Н. Муниципальный  менеджмент. Алматы 2000ж

5. Местное самоуправление: проблемы методологии и организации / Под.ред. доктора экономических наук, доктора философских наук, проф. В.Я. Ельмеева, доктора экономических наук, проф. В.Н. Ивановой. – СПб: Изд-во СПбГУ, 97.

6. Курманбаев С.К. Гамарник  Г.Н. Муниципальный менеджмент. Алматы 2000ж

7. Фадеев В.И. Местное самоуправление: Российский вариант. – М.1993.

 

10-тақырып.Аймақтық экономикалық  реформаларды басқару үрдісі

1. Аймақ экономикалық реформалар обьектісі ретінде

2. Бюджет аралық қатынастарды  реформалау

 

1. Басқару обьектісі- мамандардың  пікірі бойынша, аймақ,әкімшілік  территориялық қалыптастыру,әлеуметтік-экономикалық  дамуы жеке элементтердің өзара  іс әрекетіне байланысты болады-ресурсты  құрайтын,аймақ(облыс)басқару органдары  элементтері болып саналады.Сондықтан  аймақтың әлеуметтік –экономикалық  дамуы еңбек,материалды –техникалық,табиғи,қаржы  және ақпараттық ресурстардың  жағдайына байланысты ғана емес,жүзеге  асрылып жатқан аймақтық экономика  жүйесі,әлеуметтік –экономомикалық  нәтижеге жету үшін қойыған  ұзақ,қысқа мерзімді,стратегиялық  бағыттарға байланысты болды.Сол  кезде аймақ  күрделі әлеуметтік  –экономикалық  жүйе ретінде  тиімді қызмет етіп,негізгі элементтері  ретінде-өз мақсатына жетуде өндірістік  және әлеуметтік сфераны біріктіріп  ары қарай дамуы тиіс

2. Бюджет жүйесі – мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңыздықұрамдас бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын – бюджетті – қалыптасуы мен пайдалану бойынша заңды және жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы қаржылық қатынастар, бюджеттің қалыптасуы мен оны атқарудың әдіс-тәсілдері және сол қатынастарды басқаруды қарастырады.

Ал бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады. Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалық  және жергілікті бюджеттер. Ал федеративті  мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан: федералды бюджет немесе орталық  үкіметтің бюджетінен, федерация  мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядағы жерлердің, Канададағы провинциялардың, Ресейдегі Федерация субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады.

Мемлекеттің кәсіпорындары, мемлекеттік мекемелер мен халық  арасындағы қаржылық қатынастарды бюджеттік  қатынастар деп атайды. Бұл қатынастардың  қаржылық қатынастар бөлігі ретіндегі  ерекшелігі, біріншіден, олар мемлекет қатысатын бөлу процесінде болуынан, екіншіден, олар жалпы мемлекеттік  мұқтаждықты қамтамасыз етуге арналған ақша құралдарының орталықтандырылған қорды қалыптастыру және пайдалану  байланысынан тұрады.

Бюджеттік қатынастар мен  бюджетаралық қатынастар қаржы ресурстарын  қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу процестері арқылы белгілі болады. Бюджеттік құрылым – елдің  мемлекеттік құрылымдық формасымен анықталады және биліктің орталық және жергілікті бюджеттерді құрастыру, қарау, бекіту мен атқару, кірістер мен шығыстарды бөлу жөніндегі өкілеттіктерін реттейтін құқықтық нормаларға негізделеді. Бұлар бюджеттік жүйенің буындарын  құрайды, ал олардың өзара байланысы  бюджетаралық қатынас механизмі  арқылы іске асады [4].

Бюджеттік процестегі жоғары және төмен тұратын бюджеттер  арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар деп аталады, яғни бюджетаралық қатынастар – мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктердің  аражігінің айқын ажыратылуына, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында кірістер мен шығыстардың  біркелкі бөлінуіне, сондай-ақ бюджетаралық трансферттерді айқындау әдістерінің  біртұтастығына және ашықтығына негізделген.

Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негізделеді:

1) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің республикалық  бюджетпен, аудандар (облыстық маңызы  бар қалалар) бюджеттерінің, жоғары  тұрған облыстық бюджетпен өзара  қатынастардағы теңдігі;

2) айқындалған түсімдердің  аражігін ажырату арқылы нақтылы  түсімдерді бюджеттер арасында  тиімді бөлу, ол түсімдердің аражігін  ажыратудың мынандай өлшемдерін  бір мезгілде сақтауды ескереді:

- тұрақты сипаттағы, сыртқы  факторлардың әсеріне тәуелсіз  салықтық және салықтық емес  түсімдер төмен тұрған бюджеттерге  бекітіледі;

- мемлекеттік мекемелер  көрсеткен қызметтер ақысы болып  табылатын салық түсімдері және  салықтық емес түсімдер аталған  көрсетілетін қызметтер қаржыландырылатын  бюджет кірісіне түседі;

- қайта бөліну сипатындағы,  сондай-ақ салық базасы әркелкі  орналастырылған салықтар бюджет  жүйесінің неғұрлым жоғары тұрған  бюджеттер деңгейлеріне бекітіледі;

- салық және бюджетке  төленетің басқа да міндетті  төлемдерді бюджетке бекіткен  кезде оларды жинаудың неғұрлым  жоғары дәрежесін қамтамасыз  ететін бюджет деңгейіне артықшылық  беріледі;

- нақты аумақтық байланыстылығы  бар салықтық базадан алынатын  салықтар жергілікті бюджеттерге  бекітіледі.

3) әкімшілік-аумақтық бірліктердің  бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін  теңестіру;

4) жергілікті атқарушы  органдардың бірдей деңгейде  мемлекеттік қызметтер көрсетуін  қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік қызметтер  көрсетудің тиімді жүргізілуін  және көрсетілуін неғұрлым тиімді  әрі нәтижелі қамтамасыз ете  алатын мемлекеттік басқару деңгейіне  тиісті мемлекеттік қызметтер көрсетуді бекітіп беру жолымен барынша тиімді әрі нәтижелі мемлекеттік қызметтер көрсету;

6) тиісті қызметтерді  қабылдап алушылардың қажеттіліктерін  барынша дәл есепке алу және  мемлекеттік қызметтер көрсету  сапасын арттыру мақсатында көрсетілетін  қызметтерді атқаруды мүмкіндігінше  бюджеттің төмен деңгейіне беру  арқылы мемлекеттік қызметтер  көрсету деңгейін оны қабылдап  алушыларға барынша жақындату;

7) республикалық бюджеттік  бағдарлама әкімшісінің республикалық  бюджеттен алынатын нысаналы  трансферттер мен несиелер есебінен  қаржыландырылатын облыстық бюджеттік  бағдарламалардың күтілетін нәтижелері  мен индикаторларына қол жеткізу  үшін жауаптылығы;

8) облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың  жергілікті атқарушы органдарының  республикалық бюджеттен алынатын  трансферттер мен кредиттердің  тиімді әрі нысаналы пайдаланылуы  үшін жауаптылығы;

9) облыстық бюджеттік  бағдарлама әкімшісінің республикалық  бюджеттен алынатын нысаналы  трансферттер мен кредиттер есебінен  қаржыландырылатын аудандық бюджеттік  бағдарламалардың күтілетін нәтижелері  мен индикаторларына қол жеткізу  үшін жауаптылығы;

10) ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) жергілікті атқарушы  органдарының облыстық бюджеттен  алынатын нысаналы трансферттер  мен несиелердің тиімді әрі  мақсатты пайдаланылуы үшін жауаптылығы  [2].

Бюджетаралық қатынастар – бұл тұрақты немесе ұзақ мерзімді негізде елдің бюджеттік жүйесіне түсетін кірістер, шығыс өкілеттіктерін шектеу, тұрақты және ұзақ мерзімді негізде реттеуші салықтарды бекіту нормативтерін анықтау, бюджеттік  ретеу тәртібі бойынша жоғарғы  деңгей бюджеттерінен төменгі бюджеттерге  қаржыларды қайта тарату, қосымша  шығындар туғызған шешімдер қабылдаумен  немесе шығыс өкілеттіктерін берумен  байланысты шығындардың орнын толтыру, қайтарымды ақылы немесе ақысыз негізде  уақытша көмек көрсету, сонымен  қатар, биліктің әр түрлі деңгейлері және белгілі бір билік деңгейінің әр түрлі мүдделерге, шығындарды қаржыландыру үшін аумақтарды біріктіру бойынша  бюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік  және муниципалды билік органдары  арасында пайда болатын, экономикалық-құқықтық қатынастар. Берілген анықтаманыі принциптік ерекшеліктері келесідей:

- біріншіден, мұнда бюджетаралық  ретінде қарастыруға болатын,  бюджеттік үдеріс барысында пайда  болатын пайда болатын қатынастардың  толық тізімі келтірілген;

- екіншіден, берілген  анықтамада бір деңгей арасындағы  қатынастар да бюджетаралық қатынастарға  жатқызылады;

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Курманбаев С.К. Гамарник  Г.Н. Муниципальный менеджмент. Алматы 2000ж 

2. Қазақстан  Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк  басқару. Алматы 2005 жыл

3. Бердалиев  Қ Б. Қазақстан экономикасын  басқару негіздері: оқу құралы /ҚР-ның Ғылым және Білім Министрлігі,  Т.Рыскулов атындағы Қазақ мемлекеттік  Басқару Академиясы – Алматы: Экономика, 2001- 129б.

4. Байтанаева.Б  Государственная поддержка развития  предпринимательства в Казахстане //Аль-Пари// 2000 №6 с 19-22

5. Местное самоуправление: проблемы методологии и организации / Под.ред. доктора экономических наук, доктора философских наук, проф. В.Я. Ельмеева, доктора экономических наук, проф. В.Н. Ивановой. – СПб: Изд-во СПбГУ, 97.

6. Курманбаев С.К. Гамарник  Г.Н. Муниципальный менеджмент. Алматы 2000ж

7. Фадеев В.И. Местное самоуправление: Российский вариант. – М.1993.

 

 

11-тақырып.ҚР-ның  әкімшілік-территориялық құрылысының  реформасы

 

  1. Әкімшілік-территориялық құрылысы түрлері.

2.   ҚР әкімшілік-территориялық құрылыс

 

1. Кез келген мемлекет территориясы әр түрлі территоиялық бірліктерден тұрады.Бұл территориялық бірліктердің мемлекеттік басқаруы,ұйымдастырылуы аталған территоиялық  бірліктің немесе бірлік муниципалдық қалыптасу статусына ие болғандықтан болуы мүмкін.Муниципалды қалыптасу статусына ие болмаған,әкімшілік-территиялық бірліктер,лауазымды тұлғалар арқылы басқарылады(аудан бастығы,губернатор т.б).Бұл аудан,облыстар,бірақ қалалар мен селолар,Шығыстың кейбір елдерінде ,мысалы,Индонезияда, ауылдар тағайындалған старосталар арқылы басқарылады.Муниципалдық қалыптасу атауы(ауылдық әкімшілік округ,аудан,қала және т.б) әкімшілік-территориялық бірліктермен сай келеді,бірақ өзіндік таңадаулы өзін-өзі басқаруға ие болады(кеңес,мэр). Бірақ муниципалды қалыптасуда мемлекеттік басқару жоқ.Ірі бірліктерде (аудан және жоғары) аудан директорлары көрсете алады,тағайындалған губернаторлар,префектер,жалпы мемлекеттік құзіреттілікт муниципалды кеңестер мен мэраларда жүзеге асырылады.Сонымен қатар кейбір муниципалды қалыптасулары бар қалаларда (делегатуралар),министрліктер(ішкі істер министрлігі бөлімі,юстиция,ауыл шаруашылығы) жүзеге асырылады.Басқаша жағдайда аймақтық бірліктерді басқару ұйымдастырылған.

Информация о работе Муниципалды баскару