Муниципалды баскару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 06:28, лекция

Краткое описание

Қазақстандағы саяси және экономикалық өзгерістер аймақтардың құқықтары мен жауапкершілігінің кеңеюіне алып келеді. Үкімет жария түрде экономикалық өзгерістердегі басымдылық орталықтан жергілікті жерлерге жылжығанын мәлімдеді. Жүргізіп жатқан реформалардың сәттілігін айқындайтын факторлардың бірі кәсіби мамандар болып табылады. Сол себепті қалыптасқан жағдайда муниципалды менеджмент, аймақтарды басқару саласында жоғары білім бар мамандарды дайындауға көп көңіл бөлінуде.
«Муниципалды менеджмент» курсынан дәріс берудің мақсаты - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының бакалаврларына ҚР-да муниципалдық басқарудың теориялық және практикалық білімін қалыптастыру.

Содержание

1
пәнННІҢ ТИПТІК оқу БАҒДАРЛАМАСЫ........................................................................

2
Бакалавриатқа арналған пәннің Силлабусы (SILLABUS)….......................
ГЛОССАРИЙ...............................................................................................................................

3
ПӘН БОЙЫНША ДӘРІС КОНСПЕКТТЕРІ............................................................................
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................................
пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі......................................................................................................................................

4
БІЛІМ АДУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР........................
ТӘЖІРИБЕ САБАҚТАРЫНЫҢ жоспары .........................................................................

5
АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.......................................................................................

6
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР...................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

УМКД Муницип Мен.docx

— 262.17 Кб (Скачать документ)

Муниципалдық қызметкердің негізгі міндеттері:

Қала әкімі аппараты бөліміне сәйкес келуші,қала әкімінің тапсырмасымен,жоғарыда тұрған органдардың құжаттарын сапалы және уақытында орындалуын қамтамасыз ету және бақылау.

Түскен ақпараттарды өңдеу,жинау  және сараптама жасау,жоғары тұрған органдардың актілерін орындауға  жалпы материалдар беру,қала әкімінің тапсырмасын орындау,жылдық ұйымдық  жұмыстарының қорытындысы бойынша  ақпараттарды дайындау.

Қала әкімі,оның орынбасарлары,аппараат жетекшісінің қатысуымен іс-шараларды  ұйымдастыру.

Қала әкімінің қабылдауында түнгі,кешкі,демалыс,мереке күндері  кезекшілік ету кестесіне бақылау  жасайды.

Компьтерлік техника,принтер,ксерокстерді сапалы техникалық қызмет көрсетуіне бақылау жасайды.

Мемлекеттік қызмет жөнінде  заңды білу және сақтау.Жұмыс қатаң  түрде қала әкімінің регламентіне сәйкес,берілген лауазымдық инструкция және басқа да инструкциялық құжаттармен жүзеге асырылады.

 

Кесте 7 – Қызмет лауазымын  жүзеге асыруда қажетті жұмысшы  өзар қатынастары(байланыстар)

Байланыс типтері

Жиілік

Мақсат

Ішкі  байланыстар:

Бөлім басшысымен, аппарат жетекшісімен

Күнде қажет болған жағдайда

Келісім, есеп беру, орындалған жұмыс орындалуының нәтижесі мен барысы

Әріптестермен

Күнде

Қызмет  лауазымын толық және сапалы орындауды  қамтамасыз ету үшін

Сыртқы  байланыстар:

Ауыл және кент әкім аппаратымен  бірлесе отырып, тәуелсіз атқарушы органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар

Тұрақты, қажет болған жағдайда

Қала  әкімі тапсырмасымен және бұйрығымен, шешімдерді, құжаттарды сапалы және уақытында орындау. Басқа да сұрақтар бойынша қызмет лауазымына сәйкес


 

 

Жұмысшылардың міндеттерін  орындау үшін келесі құқықтар берілген:

- қызмет лауазымын орындау  мақсатында сыртқы ұйымдармен  байланысты жүзеге асыру;

- тәуелсіз атқарушы  органдардан, кәсіпорын, мекеме, ұйымдардан керекті ақпаратты сұрау және алу.

- өз бөлім жұмысы  мен өз жұмысын жетілдіру үшін  ұсыныстар енгізу;

- қала әкімі тапсырмасы  мен бұйрығымен,шешімдер, жоғары тұрған органдардың актілерін сапалы және уақытында орындалуын бақылау;

- коллегия, аппарат мәжілісінде, сессия, жиналыс, басқа да қала әкімінің және орынбасарымен өткізілгенге қатысу.

   Өз бетімен келесі  сұрақтарды шешу керек:

-  Өз жұмысының тиімділігін  жетілдіру және жоғарылату

 - жеке талдау мен тексеру негізінде қала әкімі аппаратында орындау тәртібі жөнінде ақпарат дайындау.

 Жауапкершілік:

 Аталған лауазымда  жұмысшы келесідей жауапкершілік  атқарады:

  • Қызмет лауазымын сапалы және уақытында орындау;
  • Тәуелсіз атқарушы органдардың бақылау құжаттарының орындалуына бақылау жасау, қала әкімі аппаратының бөлімдерінде.

  Жұмысшылар қызметі  тікелей жетекші ретінде келесі  көрсеткіштер негізінде бағаланады:

Лауазымдық инструкцияны сапалы және уақытында орындау,қала әкімі тапсырмасы мен бұйрығын орындау.

Қала әкімі тапсырмасы және бұйрығымен,шешімдер,жоғарыда тұрған органдардың актілердің орындалуына  бақылау.

Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе келесідей тұжырымға  келуге болады:

Территориялық бірліктер (қалыптасу) елді мекеннен айрықшаланады, территориялық еңбек бөлінісі жүйесіндегі әр түрлі жағдайларын айтуға болады. Сондықтан құрылымы, қызметтері, басқару әдістерінде бірдей болуы мүмкін емес. Әр түрлі қалыптасу, әр түрлі басқару міндеттері, басқару аппараттарындағы жұмыс көлемі және әр түрлі құрылым, жергілікті билік органдарының функцияларының болуы шартты түрде. Бірақ жергілікті билік органдарының құрылымы мен функцияларында арнаулы жалпы жүйе қажет. Ол  басқару органдары мен функцияларын шектеуді құруда жалпы бағыттармен көрсетіледі,мұнда аймақтық басқару органдары (республика, облыс) жағынан жергілікті билік органдары жетекшілігіне бірдей бағытты табу қажет. Сондықтан жергілікті басқарудың заңды негізін жетілдіру қажет, унификация қажет, бір типті муниципалды білімнің тиімді басқару құрылымын іріктеу қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Байтанаева.Б Государственная  поддержка развития предпринимательства  в Казахстане //Аль-Пари// 2000 №6 с  19-22

2. Қазақстан  Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк  басқару. Алматы 2005 жыл

3. Бердалиев  Қ Б. Қазақстан экономикасын  басқару негіздері: оқу құралы /ҚР-ның Ғылым және Білім Министрлігі,  Т.Рыскулов атындағы Қазақ мемлекеттік  Басқару Академиясы – Алматы: Экономика, 2001- 129б.

4. Курманбаев  С.К. Гамарник Г.Н. Муниципальный  менеджмент. Алматы 2000ж

5. Местное самоуправление: проблемы методологии и организации / Под.ред. доктора экономических наук, доктора философских наук, проф. В.Я. Ельмеева, доктора экономических наук, проф. В.Н. Ивановой. – СПб: Изд-во СПбГУ, 97.

6. Курманбаев С.К. Гамарник  Г.Н. Муниципальный менеджмент. Алматы 2000ж

7. Фадеев В.И. Местное самоуправление: Российский вариант. – М.1993.

 

 

5-тақырып.Өкілетті  және атқарушы билік органдарының  басқарудағы іс-әрекетінің негізі

 

  1. Атқарушы билік және оның органдарының ролі.
  2. Өкілетті органдар қызметі

Биліктердің бөлу көзқарасынан атқарушы билік – бұл заңдарды орындау, заңдық шаралармен оларды жүзеге асыру бойынша билік. Бұл үшін ұйымдастырушылық шараллар, басқарушылық қызмет, жеке және нормативтік құқықтық актілерді шығару қажет. Қазіргі  жағдайларда атқарушы билік атқарушы – бұйрықтық ретінде, мемлекеттің  қызметін ұйымдастырушысы ретінде  шығады. Осы барлық аспектілер мемлекеттің  басқарушылық қызметін құрайды.

Өз міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік аппарат  келесілердіи иемден қажет, біріншіден, ерекше құрылымдарды иемдену, соның  ішінде «материалды қосымшаларды». Атқарушы билік орталықтарда және орындарда мемлекеттік қызметкерлердің көптеген кадрлық құрамымен әртүрлі мемлекеттік органдардың тармақталған жүйесін иемденеді. Екіншіден, атқарушы вертикаль қажет. Заңдық және соттық органдарға қарағанда атқарушы билік органдары бағыныштылық принципіне сәйкес құрылады.

Бағыныштылық бойынша  иерархияға сәйкес атқарушы билікті  бір лауазымды тұлға немесе бір  орган басқарады. Парламаенттік  монархияларда және парламенттік республикаларда  атқарушы билік үкіметте тиесілі  және премьер-министр қолында шоғырланады.

Атқарушы билік объективтік  қажеттілік болып табылады, онсыз  ешқандай мемлекет қызмет ете алмайды. Сонымен қатар өз сипат бойынша, ұйымдастыру әдістеріне сәйкес ол оқшаулануға, авторитаризмге ұмтылады, биліктің басқа  тармақтары жағынан бақылаудан босауға  ұмтылады.

Атқарушы билік бақылауына кетуге тырысып заңдық және соттық билікпен қарама-қайшылыққа шығады. Олардың  арасындағы қарама-қайшылықтар ылғи да болады. Және демократиялық мемлекетте де уақыттан уақытқа пайда болады. Ол қатаң күреске әкелуі мүмкін, мысалы 1993 ж қазан айындағы ресейдегі  әскери формаларды қолдану.

 

  1. Атқарушы билік органдары

Атқарушы билік мемлекетті территориялы ұйымдастырудың төрт дәрежесінде  әрекет ете алады. Олардың әрқайсысында өз мазмұны бойынша әртүрлі болады. Бірінші кезекте бұл атқарушы жалпы мемлекеттік билік.ү Унитарлы мемлекеттік билік оның орталық  органдарымен ұсынылған (президент, үкімент, министрліктер), федерацияда ол екі  дәрежелік сипатқа ие: федералды  орталықтың жалпы мемлекеттік атқарушы билігі және орталыққа вертикал бойынша  бағынышты федерация субъектісінің  атқарушы мемлекеттік билігі.

Кейбір елдерде әкімшілік-территориялық  бірліктерде құзыреттіліктерді  бөлу және тағайындау негізінде мемлекеттік  атқарушы биліктің жергілікті органдары  құрылады(Украина, Франция,Қазақстан).

Дәрежелер бойынша атқарушы биліктің органдарын бөлумен қатар  жалры және салалық құзыреттіліктің  атқарушы органдарды бөлу қабылданған.

2. Мемлекет басшысы және  мемлекеттік басқару.

Мемлекеттік басқарудағы  монарх. Олардың формаларына тәуелсіз барлық монархиялық елдерде таңдалған  президентке қарағанда монарх өз орынын мұрагерлік бойынша алады, атқарушы билікті иемденеді, біркқ елдерідің  көбісінде нақты түрде ол мұндай билікті иемденбейді.

Парламенттің монархияларда (Ұлыбритания, Испания, Швеция, Жапония) монарх басшылық етеді бірақ басқармайды. Абсолютті және дуалистік монархияларда  ол нақты түрде жоғарғы мемлекеттік  басшылықты жүзеге асырады.

Монарх мемлекетте ерекше жағдайды иемденеді. Басқа лауазымды  тұлғаларға қарағанда монарх қол  сұғылмайтын тұлға. Ол әкімшілік  қылмыстық жасуапкершілікке тартылайды, оған қарсы азамттық шағым жазыла алмайды, мемлекеттік істерді басқару  бойынша монарх әрекеттері үшін жауапкешілікті оның министрліктері көтереді. Монархтар  салық төлемейді. Ескі дәстүр бойынша  кейбір елдерде монарх өзіне ұнаған кез келген затты ала алады.

Монарх ерекше титулды  иемденеді (корол, император). Ол мемлекеттік  регалияларды (трон, скиптор, карона) иемденеді, өз дворын иемденеді, яғни оған қызмет көрсететін, бірақ, мемекеттік қазынадан  ақыланбайтын тұлғалар. Бұл мақсаттар  үшін парламаентті бар монархиялар  мемлекеттік қазынадан жыл сайынғы  ақшалай қаражаттар бөлінеді – цивилді  парақ деп аталады. Кейбір елдерде  цивилді парақ бойынша қаражатты  монархтың ең жақын туыстары алады. Абсолютті монархиялдарда кароль өз қолдарында мемлекеттік басқарудың тетіктерін шоғырландырады және нақты заң шығарумен айналысады. Дуалистік монархияларда ол заңдар шығармайды ол тек нұсқама береді, ал олардың күші заңға қарағанда аз. Парламенттік монархзияларда монарх өз актілерін тек үкімет келісімі бойынша шығара алады, бірақ ол мұндай инициативамен шықпайды және оған мремьер-министрмен ұсынылған барлық құжаттарға қол қояды. Монарх парламентпен қабылданған заңдарға қатысты вето құқығын иемденеді. Ол абсолютті болып саналады, бірақ дәстүр бойынша ол бұл құқықты толық дерлік қолданбайды. Елдер қатарының жаңа конституциялары монархтың вето құқығын заң жүзінде жояды.

Конституцияға сәйкес монарх үкіметті тағайындайды. Абсолютті және дуалистік монархияларда ол елдегі жағдайды ескеріп өзінің қарауы бойынша  жасайды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Байтанаева.Б Государственная  поддержка развития предпринимательства  в Казахстане //Аль-Пари// 2000 №6 с  19-22

2. Қазақстан  Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк  басқару. Алматы 2005 жыл

3. Бердалиев  Қ Б. Қазақстан экономикасын  басқару негіздері: оқу құралы /ҚР-ның Ғылым және Білім Министрлігі,  Т.Рыскулов атындағы Қазақ мемлекеттік  Басқару Академиясы – Алматы: Экономика, 2001- 129б.

4. Курманбаев  С.К. Гамарник Г.Н. Муниципальный  менеджмент. Алматы 2000ж

5. Местное самоуправление: проблемы методологии и организации / Под.ред. доктора экономических наук, доктора философских наук, проф. В.Я. Ельмеева, доктора экономических наук, проф. В.Н. Ивановой. – СПб: Изд-во СПбГУ, 97.

6. Курманбаев С.К. Гамарник  Г.Н. Муниципальный менеджмент. Алматы 2000ж

 

6-тақырып.Жергілікті басқару органдарындағы  іс-әрекетті жоспарлау

1.   Бұнда жаңа элемент - өзін-өзі  басқарудың концепциясы.

     2. Қазақстандағы өзін-өзі басқару  органын жан-жақты қарастыру және  пәнді зерттеу.

       3. Органның  шындығы мен әрекеттілігі  материалды-қаржылық ресурстармен  анықталады.

 

Өмірдің барлық саласына бақылау қойып, алақандарына ұстаған үкімет демек сол үкіметтің  өзін билеп отырған коммунистік  партия жергілікті жердің билігін де ешкімге бергісі келмейді. Жергілікті өкілді орган маслихат халық билігінің  белгісі ретінде қалғанымен, шын  мәніндегі билік ауылдарда совхоз директорында болса, аудандарда аудандық партия комиттерінің қолында болатын. Біз енді жергілікті өзін өзі басқару  ж.йесінің қазіргі проблемаларын  айқындай отырып, осы құрылымның басты  принциптерін ашып көрсетсек:

  1. Жергілікті өзін өзі басқару жүйесінің құрылысы нақты да анық:

а) Жергілікті бір әкімшілік территориялық  жердің тұрғындары заңды сайлау тікелей  жасырын тең арқылы сол территориның барлық ішкі мәселелірін шешуге құқықты  өкілдік орган сайлайды. Шартты түрде  ол орган Кеңес деп аталық.

б) Кеңес  өздерінің арасынан бір адамды Атқару органының басшысы етіп сайлайды не тағайындайды. Кей жерлерде Атқару органының басшысы да Кеңес мүшелері сияқты сайлау арқылы анықталады. Шартты түрде бұл орында отырған адамды Жетекші деп аталық. Ол азамат Атқарушы органды басқарып, солардың жұмысына жетекшілік етеді.

в) Жетекші  сол жердегі түрлі әлеуметтік, экономикалық, комуналдық мәселелерді  ұйымдастырып, жүзеге асыратын Атқарушы органды өзі жасақтайды. Сол жердің қажеттіліктеріне қарай әр түрлі  саладағы бөлімдер ашады. Оның басшыларын тағайындайды, құрамын анықтайды, міндеттерін  нақтылайды, қысқасы жалпы басшылық жасайды.

Информация о работе Муниципалды баскару