Маркетинг жоспары және стратегиясын құрастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 19:38, курсовая работа

Краткое описание

Ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, еліміздің сүт өнеркәсібінде ұлттық сүт өнімдерінің белгілі бір ассортименттері өндірілуде, олар қымыз, қатық, айран сияқты диетикалық сүт өнімдері. Сүтті өңдеуде халықтың тәжірибесін меңгеріп және қолданудың арқасында өндірістік жағдайларда қымыз, қатық, тан, тандем, шалап, құрт сияқты ұлттық сүтқышқылды өнімдерді өндіруге қол жеткіздік. Бұл өнімдер тамаша тағамдық сүтқышқылды өнімдер ғана емес, сонымен бірге диетикалық тамақтануда емдік-профилактикалық өнімдер ретінде өте құнды болып табылады [1].

Содержание

Кіріспе
7
технико­экономикалық негіздеме
10
Биотехнологиялық өндіріс
14
2.1 Ұлттық сүтқышқылды өнімдердің шикізаттарының
және ассортиментінің сипаттамасы
14
Биотехнологиялық өндірісте қолданылатын
ашытқылар сипаттамасы
17
Өнім ассортиментінің сипаттамасы
20
Шикізатты тарату сұлбасы
25
2.2 Өнімнің биотехнологиялық өндірісі
26
2.2.1 Айранды өндірудің резервуарлық әдісі
26
2.2.2 Қатықты өндірудің резервуарлық әдісі
27
2.2.3 «Шалап» сусынын өндірудің резервуарлық әдісі
29
2.2.4 «Тан» сусынын өндірудің резервуарлық әдісі
30
2.2.5 Қымыз өндірудің резервуарлық әдісі
32
2.2.6 Құрттың биотехнологиялық өндірісі
33
Қаймақ өндірудің резервуарлық әдісі
34
2.3 Ұлттық сүтқышқылды өнімдерді өндіретін
өнеркәсіптің өнім есебі
36
2.3.1 Майлылығы 1% болатын айран өндірудің өнім есебі
36
2.3.2 Майлылығы 2,5% болатын айран өндірудің өнім есебі
38
2.3.3 Майлылығы 3,2% болатын айран өндірудің өнім есебі
40
2.3.4 Майлылығы 3,2% болатын қатық өндірудің өнім есебі.
42
2.3.5 Майлылығы 1,4% болатын «Шалап» сусынын
өндірудің өнім есебі
44
2.3.6 Майлылығы 0,5% болатын «Тан» сусынын
өндірудің өнім есебі
46


2.3.7 Қымыз өндірісінің өнім есебі
48
2.3.8 Құрт өндірісінің өнім есебі
50
2.3.9 Майлылығы 10% болатын қаймақ өндірісінің өнім есебі
53
2.3.10 Майлылығы 20% болатын қаймақ өндірісінің өнім есебі
54
2.4 Технологиялық жабдықтарды есептеу және таңдау
58
2.4.1 Технологиялық жабдықтарды есептеу
58
2.5 Аудан есебі
69
3 Өнімді және өндірісті техно-химиялық бақылау
70
3.1 Сұйық диетикалық сүт қышқылды өнімдеріне
қойылатын НТҚ талаптары
70
3.1.1 Шикізат сапасына қойылатын талаптар
72
3.1.2 Сұйық сүт қышқылды өнімдер өндірісінің
технологиялық процестерін бақылау сұлбасы
73
3.1.3 Дайын өнімнің сапасын бақылау
75
3.2 Сүзбелі жартылай фабрикаты – құртқа қойылатын НТҚ талаптары
77
3.2.1 Шикізат сапасына қойылатын талаптар
77
3.2.2 Құрт өндірісінің технологиялық процесін бақылау
78
3.2.2 Сүзбе бұйымдарының сапасын бақылау
79
3.3 Қаймаққа қойылатын НТҚ талаптары
79
3.3.1 Шикізатқа қойылатын талаптар
82
3.3.2 Қаймақ өндірісінің технологиялық процестерін
бақылау сұлбасы
83
3.3.3 Дайын өнімнің сапасын бақылау
86
4 Технико-экономикалық бөлім
87
4.1 Өндірістік бағдарламаны құрастыру және дәлелдеу
87
4.1.1 Маркетинг жоспары және стратегиясын құрастыру
90
4.2 Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарын құрастыру
92
4.2.1 Жоспарланған кәсіпорынның негізгі өндірістік
қорларының мөлшерін анықтау
92
4.2.2 Шикізат және негізгі материалдар шығындарын анықтау
96
4.2.3 Көмекші материалдарға кететiн шығындар есебi
97
4.2.4 Энергия және отынның барлық түрлерiне кететiн
шығындар есебi
97
4.3 Кадрлар және еңбек ақы төлеу жоспарын құрастыру
98
4.4 Өнімнің өзіндік құнын жоспарлау. Бағаның жасалуы.
108
4.5 Қаржы жоспары. Инвестициялардың тиімділігін есептеу
113
Қорытынды
121
Қолданылған әдебиеттер тізілімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Алинур ДЖ.doc

— 1,018.00 Кб (Скачать документ)

 

Облыстық бағдарламаға сәйкес бұл кәсіпорын сүт шикізатымен қала маңындағы Бородулиха, Бесқарағай, Шемонайха, Абай, Жарма және Тарбағатай аудандарымен қамтамасыз етіледі. 2009 жылдың 1 шілдесіндегі санақ бойынша 51,6 мың ірі қара мал басы саналды. 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында 14285 т сүт алынған. Бұл жоспарланған шағын өнеркәсіп үшін жеткілікті шикізат [36].

Бұл жобаның мақсаты – ұлттық сүтқышқылды өнімдерді өндіретін шағын өнеркәсіпті құрудың экономикалық тиімділігін негіздеу.

Жоспарланған кәсіпорынмен өндірілетін өнімдер ретінде келесі сүтқышқылды өнімдер болады.

Кесте 10

Кәсіпорын шығаратын өнімдердің ассортименті және көлемі

Өнім аты

Шығару көлемі, кг

Жалпы өңдеу көлеміндегі үлесі, %

Ауысымына, кг

Жылдық, т

Айран 1%

3029

908,7

6,8

Айран 2,5%

3631

1089,3

8,2

Айран 3,2%

4006

1201,8

9,1

Қатық

4006

1201,8

9,1

«Шалап» сусыны

7890

2367

17,8

«Тан» сусыны

6093

1827,9

13,8

Қымыз

7421

2226,3

16,8

Құрт

325

97,5

0,7

Диетикалық қаймақ 10%

4891

1467,3

11,1

Қаймақ 20%

2808,5

842,55

6,3

Барлығы:

44100,5

13230,15

100


 

Өндірісті экономикалық бағдарламасын болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және оны таратуға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:

  1. Жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;
  2. Тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;
  3. Бәсекелестер мүмкіндігі (тауарлардың сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;
  4. Маркетингтік зерттеулер нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;
  5. Өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;
  6. Ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен ісінің бағдары белгіленеді;
  7. Жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;
  8. Жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастыралады;
  9. Жобаның барлық буындарының құнды көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;
  10. Қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады;

Өндірісті экономикалық жоспарлау тауар ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді.[8]

 

 

4.1.1 Маркетинг стратегиясын және  жоспарын құрастыру

Тұтынудың рациондық нормасына сәйкес тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру Қазақстан үшін ең маңызды мәселе болып табылады. Сүт және сүт өнімдерінің өнідірісін қаншалықты арттырғанымен, тұрғындардың жеке басының тамақтану нормасына әлі де сәйкес келмейді.

Сатып алушының қажеттілігін қанағаттандырудың және ұйым мақсатына жетудің тиімді тәсілдерінің көмегімен сатып алу-сатуды жүзеге асыру қажет. Бұл орайда маркетинг негізінде жатқан негізгі идеологиялық алғышарт – сатып алушылардың қажеттілігін альтуризм күшіне емес, барынша өнімді көп табысты нәтиже алатындай етіп жылжыту [37].

Ұйымды басқаруда оның рөлінің өсуі бәсекенің күшеюінің шынайы үрдістерімен, сыртқы экономикалық қатынастың ырықтандырылуымен, тұтынушылардың таңдау қабілетінің артуымен байланысты.

Маркетингтің қазіргі заманғы тұжырымдамасы тауарлы-бағалық саясаттың және өнімді бөлу, жылжыту қаражаттарын кешенді пайдалану негізіне сүйенеді. Қаражаттың бұл жиынтығы (маркетинг-микс) бір жағынан тұтынушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес келуі, яғни төлемге қабілетті сұранысты қанағаттандыруы қажет, екінші жағынан – ұйым жұмысының тиімділігін арттыруы тиіс.

Ұйымның нарықтық қызметінің бастапқы жағдайын анықтайтын қағидалар маркетингтің негізін құрайды. Оған жататындар: нарықтың өзгеру үрдісі мен жағдайын тұрақты зерттеу; тұтынушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын ескере отырып, оның жағдайларына лайықты бейімделу; ұйымға қажетті бағытта нарықтың белсенді қалыптасуы.

Жаңалықты ендіру стратегиясын ұстана отырып, ежелден қазақ халқымен тұтытынылып келген ұлттық сүтқышқылды өнімдерді ендігі кезде өндірістік жағдайларда өндіретіндігін атап өтуге болады.

Жоспарланған кәсіпорында өндірілетін ұлттық сүтқышқылды өнімдер диетикалық және профилактикалық мақсаттарда қолданылатындықтан халықтың барлық сегменттерімен тұтынылуы мүмкін.

Қазақ тамақтану академиясының медико-демографиялық мәліметтері бойынша елімізде макро және микроэлементтердің, көптеген витаминдердің дефициті байқалуда. Сол себептен кәсіпорын өндіретін өнімдер дәл осы қажеттіліктерді барынша толығымен қанағаттандыруға бағытталған. Бұл ағымдағы нарықтық жағдайда неғұрлым табысты бизнес болып табылады.

Буып-түйілген өнімді маркілеу кезінде олардың барлық диетикалық қасиеттері қоса беріледі. Тұтынушылар сатып алу алдында осы мәліметтермен таныса отырып, өздеріне тиімді және қажетті пайдалы өнімдерді сатып ала алады.

Сондай-ақ, бұл өнімдердің өзіндік құны басқа бәсекелестердің өнімдерінен қымбат болмайды және оны мүмкіндігінше төмендету стратегиясын пайдалануға тырысамыз.

Өнімді өткізу дүкендер жүйесі, көтерме баға рыногы, павильондар, дүкендер (тұрғын үйлер маңындағы) арқылы жүргізіледі.

Осы айтылғанның негізінде өнімді өткізу шығындары анықталады.

 

 

Кесте 11

Өткізу шығындары

Шығын баптары

Мәлімет, мың тг

1. Сатушылардың еңбегін төлеу

12436,72

2. Әлеуметтік төлемдер

3731,016

3. Транспорттауға, тиеу- түсіруге кеткен  шығындар

11090,49

4. Маркетингтік зерттеулерге кеткен  шығындар

8705,704

5. Жарнама және өнімді өткізуді  ынталандыру шығындары

22180,98

6. Сатуға қажет құралдардың амортизациясы

14924,06

7. Делдалдық қызметтерді төлеу

3109,18

8. Басқа шығындар

3808,908

Барлығы:

79987,06


 

4.2 Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарын құрастыру

4.2.1 Жоспарланған кәсіпорынның  негізгі өндірістік 

қорларының мөлшерін анықтау

Негізгі өндірістік қорлар елдің экономикалық әлеуетінің маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Сол себепті олардың өндіріске тигізер ықпалын, оларды барынша тиімді пайдалануды зерттеу үлкен қызығушылық туғызады.

Негізгі капитал деп материалдық өндіріс саласында, сонымен қатар өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құны шығарылған өнімге біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын айтады.

Негізгі капиталға жататындар: жылжымайтын мүлік (жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар, көп жылдық екпе ағаштар және басқа да жермен байланысты және оларды оның міндетіне залал келтірмей жылжыту мүмкін болмайтын нысандар), машина мен құрал-жабдықтар, өткізгіш тетіктер, өлшеуіш машиналар мен техникалар және олардың бағдарламалық құралдары, тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, жұмыскер және өнім беретін мал басы, арнайы саймандар және өзге де негізгі капитал.

Кәсіпорында негізігі капиталдың есебі №6 БЕС-ке сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі капиталдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оралымдық басқару жүйесін анықтайды.

Мақсатына қарай материалдық активтер есепте негізгі капитал, тауарлық материалдық қорлар және қаржылық инвестициялар түрінде көрсетіледі. Негізгі өндірістік қорлар қоғамның материалдық-техникалық негізінің едәуір маңызды бөлігін құрайды. Оның қаншалықты тиімді пайдаланылуына, қайтарымы қандай болатынына байланысты оған тұтынылатын еңбек өнімділігінің өсімі, ұлттық табыс өсімі байланысты болады [37].

Жоспарланған шағын кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының мөлшерін анықтау келесі есептеулердің негізінде жүргізілді. НӨҚ жалпы құнын табу үшін таңдалған технологиялық жабдықтардың құнын және анықталған өндіріс ауданының құнын қосу қажет.

НӨҚ құрамы бойынша есептеулер келесі құрылымдар бойынша жүргізіледі [38].

 

Кесте 12

Жабдық құнын есептеу

Жабдық аты

Саны

Бағасы, мың тг

Құны, мың тг

Сорап

2

108,56

217,12

Есептегіш

2

57,9

115,8

Жылытқыш

2

1100

2200

Сүт тазалағыш-сепаратор

2

3588

7176

Салқындатқыш

2

644

1288

Сақтау резервуары

2

4376

8752

Сепаратор

3

3804

11412

Резервауарлар 4000л

14

874

12236

Резервуарлар 6300л

7

1150

8050

Резервуарлар 10000л

6

1426

8556

Қатпарлы пастеризатор-салқындатқыш 5000л/сағ

1

4207,5

4207,5

Автоматтандырылған пастеризатор-салқындатқыш 10000л/сағ

3

4972,5

14917,5

Гомогенизатор (кілегей)

1

1748

1748

Сепаратор сүзбе айырғыш

1

4278

4278

Кептіргіш сөре

1

811,829

811,829

Құю автоматтары

6

2162

12972

Барлығы:

55

 

98937,749


 

 

Кесте 13

Технологиялық жабдықтар мен машиналардың баланстық құнын табу

Көрсеткіштер

Шамасы

1. Бастапқы құны

98937,75

2. Жеткізу құны

494,6887

3. Орнату құны

14840,66

4. Өлшеу аспаптар құны

7915,02

5. Баланстық құны

122188,1

6. Транспорт құралдары

30547,03

7. Барлығы:

274923,3


 

Кесте 14

Өндірістік ғимарат құнын табу

Аты

Ғимарат ауданы, кв.м

Бағасы

1 кв.м, тг

Ғимарат құны мың.тг

Өндірістік және көмекші

1814,4

30000

54432

Қызмет көрсетуші

272,16

30000

8164,8

Барлығы:

   

62596,8


 

Кесте 15

Инвестициялар есебі

Инвестиция түрі

Үлестік салмағы, %

Құны, мың тг

Технологиялық жабдықтар мен машиналар

39,8

122188,12

Транспорт құралдары

9,96

30547,03

Өндірістік аудан

20,4

62596,8

Әкімшілік ғимарат

2,7

8186,6

Құрылыстар

9,96

30547,03

Күш машиналары

15,9

48875,2

Жиһаз және басқа қорлар

1,2

3665,6

Барлығы:

100

306606,5

Информация о работе Маркетинг жоспары және стратегиясын құрастыру