Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 19:38, курсовая работа
Ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, еліміздің сүт өнеркәсібінде ұлттық сүт өнімдерінің белгілі бір ассортименттері өндірілуде, олар қымыз, қатық, айран сияқты диетикалық сүт өнімдері. Сүтті өңдеуде халықтың тәжірибесін меңгеріп және қолданудың арқасында өндірістік жағдайларда қымыз, қатық, тан, тандем, шалап, құрт сияқты ұлттық сүтқышқылды өнімдерді өндіруге қол жеткіздік. Бұл өнімдер тамаша тағамдық сүтқышқылды өнімдер ғана емес, сонымен бірге диетикалық тамақтануда емдік-профилактикалық өнімдер ретінде өте құнды болып табылады [1].
Кіріспе
7
техникоэкономикалық негіздеме
10
Биотехнологиялық өндіріс
14
2.1 Ұлттық сүтқышқылды өнімдердің шикізаттарының
және ассортиментінің сипаттамасы
14
Биотехнологиялық өндірісте қолданылатын
ашытқылар сипаттамасы
17
Өнім ассортиментінің сипаттамасы
20
Шикізатты тарату сұлбасы
25
2.2 Өнімнің биотехнологиялық өндірісі
26
2.2.1 Айранды өндірудің резервуарлық әдісі
26
2.2.2 Қатықты өндірудің резервуарлық әдісі
27
2.2.3 «Шалап» сусынын өндірудің резервуарлық әдісі
29
2.2.4 «Тан» сусынын өндірудің резервуарлық әдісі
30
2.2.5 Қымыз өндірудің резервуарлық әдісі
32
2.2.6 Құрттың биотехнологиялық өндірісі
33
Қаймақ өндірудің резервуарлық әдісі
34
2.3 Ұлттық сүтқышқылды өнімдерді өндіретін
өнеркәсіптің өнім есебі
36
2.3.1 Майлылығы 1% болатын айран өндірудің өнім есебі
36
2.3.2 Майлылығы 2,5% болатын айран өндірудің өнім есебі
38
2.3.3 Майлылығы 3,2% болатын айран өндірудің өнім есебі
40
2.3.4 Майлылығы 3,2% болатын қатық өндірудің өнім есебі.
42
2.3.5 Майлылығы 1,4% болатын «Шалап» сусынын
өндірудің өнім есебі
44
2.3.6 Майлылығы 0,5% болатын «Тан» сусынын
өндірудің өнім есебі
46
2.3.7 Қымыз өндірісінің өнім есебі
48
2.3.8 Құрт өндірісінің өнім есебі
50
2.3.9 Майлылығы 10% болатын қаймақ өндірісінің өнім есебі
53
2.3.10 Майлылығы 20% болатын қаймақ өндірісінің өнім есебі
54
2.4 Технологиялық жабдықтарды есептеу және таңдау
58
2.4.1 Технологиялық жабдықтарды есептеу
58
2.5 Аудан есебі
69
3 Өнімді және өндірісті техно-химиялық бақылау
70
3.1 Сұйық диетикалық сүт қышқылды өнімдеріне
қойылатын НТҚ талаптары
70
3.1.1 Шикізат сапасына қойылатын талаптар
72
3.1.2 Сұйық сүт қышқылды өнімдер өндірісінің
технологиялық процестерін бақылау сұлбасы
73
3.1.3 Дайын өнімнің сапасын бақылау
75
3.2 Сүзбелі жартылай фабрикаты – құртқа қойылатын НТҚ талаптары
77
3.2.1 Шикізат сапасына қойылатын талаптар
77
3.2.2 Құрт өндірісінің технологиялық процесін бақылау
78
3.2.2 Сүзбе бұйымдарының сапасын бақылау
79
3.3 Қаймаққа қойылатын НТҚ талаптары
79
3.3.1 Шикізатқа қойылатын талаптар
82
3.3.2 Қаймақ өндірісінің технологиялық процестерін
бақылау сұлбасы
83
3.3.3 Дайын өнімнің сапасын бақылау
86
4 Технико-экономикалық бөлім
87
4.1 Өндірістік бағдарламаны құрастыру және дәлелдеу
87
4.1.1 Маркетинг жоспары және стратегиясын құрастыру
90
4.2 Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарын құрастыру
92
4.2.1 Жоспарланған кәсіпорынның негізгі өндірістік
қорларының мөлшерін анықтау
92
4.2.2 Шикізат және негізгі материалдар шығындарын анықтау
96
4.2.3 Көмекші материалдарға кететiн шығындар есебi
97
4.2.4 Энергия және отынның барлық түрлерiне кететiн
шығындар есебi
97
4.3 Кадрлар және еңбек ақы төлеу жоспарын құрастыру
98
4.4 Өнімнің өзіндік құнын жоспарлау. Бағаның жасалуы.
108
4.5 Қаржы жоспары. Инвестициялардың тиімділігін есептеу
113
Қорытынды
121
Қолданылған әдебиеттер тізілімі
4.2.2Шикізат және негізгі
Шикізат, материалдық, отын және энергетикалық ресурстар кәсіпорын мен бүкіл мемлекет экономикасының қалыпты қызметі үшін негіз болып табылады. Шикізат, материалдар, отын, энергия – бұлар еңбек затына жатады, яғни олар еңбек құралы мен адам еңбегінің әсеріне тап болып, нәтижесінде адамның өндірістік және жеке қажеттілігін өтеу үшін өздерінің түрлері мен қасиеттерін өзгертеді. Бұл ресурстар өнеркәсіптің материалдық-техникалық базасының заттық әлементі болып табылады. Олар айналым қорының құрамына кіріп, толығымен өзінің құнын дайын өнімге өткізеді.
Өнеркәсіпте өндірілген өнім мен шикізат сапасы өндірістің экономикасын арттыруда маңызды роль атқарады.
Шикізат ресурстары әр түрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының жиынтығы түрінде болып келеді. Пайдалану дәрежесіне байланысты шикізат ресурстары негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгі шикізатқа жаңа дайындалған өнімнің материалдық негізін қалайтын еңбек заттары жатады. Дайын өнімді дайындауға мүмкіндік жасайтын бұйымдар көмекші шикізатқа жатады [37].
Кәсіпорында шығарылатын өнiмнiң ассортиментi, көлемi және қолданылатын технология негiзiнде негiзгi өндiрiстiң шикізаттағы, негізгі материалдардағы натуралдық және ақшалай қажеттілігі анықталады. Шикiзатқа деген қажеттiлiктердi есептеу үшiн оны өңдеудiң технологиялық ерекшелiктерiн, жоғалтулар нормативтерiн және өнім шығу және шикізат жұмсау нормаларын ескеру керек. Есептеулерде әртүрлi өндiрiстiң өзiнiң ерекшелiктерi ескерiлуi керек. Шикiзатқа деген қажеттiлiк есебi өнiмнiң әрбiр түрi үшiн жеке есептелiнедi. Өнiмдi шығару көлемi және әрбiр өнiм бiрлiгiн өндеу үшiн кеткен шикiзаттың шығын нормалары (сүт өндiрiсi үшін) сияқты көрсеткiштердi қолдану керек. Сүт өндiрiстерiнде шикiзатты өңдеуден шығатын қалдықтарды (сарысу, кесінділер) пайдалынатын шикiзаттың бағасынан алып тасталынатын қосымша өнiмдердiң бағасын есептеп, ескеру керек. Жалпы есептеулер өндіріс бойынша жеке берілген кестелерде келтірілген. Негiзгi материалдардың (дайын өнiм құрамына қоспалар ретiнде кiретiн тұз, қант, т.б.) шығындары ұқсас әдістеме бойынша табылады: яғни натуралды бірлікпен келесі формула бойынша табылады:
Пнат = В * Нр,
мұндағы В – берілген өнім түрінің жылдық көлемі,
Нр – өнiм бiрлiгi үшiн негiзгi материал түрiнiң шығын нормасы;
Ақшалай бірлікпен:
Пқ = Пнат * Цм ;
мұндағы Цм – материал бiрлiгiнiң бағасы, тг.
Есептеулер қорытындылары А қосымшасында берілген кестелерде келтірілген [38].
4.2.3 Көмекші материалдарға кететiн шығындар есебi
Көмекші материалдарға өнiмнiң сақталуын, тасымалдануын, маркiленуiн, ыдысталуын қамтамасыз ететiн материалдар жатады. Көмекші материалдарға кететін шығындар келесi формуламен анықталады:
Зк.м = В * Нр * Ц
мұндағы В – шығарылатын дайын өнім көлемi;
Нр – өнiм бiрлiгi үшiн көмекші материалдардың шығындалу нормасы;
Ц – көмекші материалдар бiрлiгiнiң бағасы.
Көмекші материалдарға және ыдыстарға кететін шығындар есебінің нәтижелері Б қосымшасында берілген кестелерде келтірілген [38].
4.2.4 Энергия және отынның барлық түрлерiне кететiн шығындар есебi.
Энергияға (электр энергиясы, су, суық, жылу, бу, және т.б.) және отынға шығындар есебi негiзгi және көмекші материалдарға кеткен шығындар сияқты анықталады, яғни энергияның шығындалу нормалары, энергия түрлерінің бағалары қолданылады. Энергияға, отынға кеткен шығындар екi бөлiкке бөлiнедi: технологиялық мақсатқа кеткен шығындар, сонымен қатар жалпы шаруашылық мақсаттарға кететiн шығындар. Егер технологиялық мақсаттағы шығындар жоғарыда көрсетiлген формуламен анықталса, жалпы шаруашылық мақсаттағы шығындар жалпы энергетикалық шығындардың 30 %-н құрайды. Жалпы энергетикалық шығындар технологиялық мақсаттарға кететiн энергетикалық шығындардың көлемiн 0,7 коэффицентіне қатынасымен анықталады. Одан кейін жалпышаруашылық мақсаттағы шығындар анықталады. Энергияға және отынға кететін шығындар есебінің нәтижелері В қосымшасында берілген кестелерде келтірілген [38].
4.3 Кадрлар және еңбек ақы төлеу жоспарын құрастыру
Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін, адамның еңбек ету қабілетін тауар түрінде сатуға және салып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары мамандықты талап ететін еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді. Осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады. Жұмыскерлерге және олардың еңбегіне, сапасына деген талап күшейеді. Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді ынталандыру аса маңызды орын алады. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын персоналы – материалдық игіліктер, қызмет көрсетулер және басқа да қажеттіліктерді қамтамасыз ету үрдісінде әр түрлі функция атқаратын жеке тұлғалардың жиынтығы. Жеке тұлғалар заңды тұлға болып табылатын кәсіпорынмен жалданып жұмыс жасау келісімі арқылы реттелетін қатынаста болады. Тек жалдамалы жұмыскерлер ғана емес, сонымен бірге кәсіпорынның нақты жұмыстарына араласатын, өзінің табыс бөлігінен қоса еңбекақы алатын жеке тұлғалар – кәсіпорын иелері мен үлесшілері де мұндай қатынастарда болады.
Кәсіпорын персоналының құрылымы. Барлық кәсіпорындарда персоналды негізгі және көмекші, басшылар, мамандар мен жұмыскерлер деп бөлу қарастырылған. Еңбектік әлеует – еңбекке қабілетті әр түрлі топтағы адамдар санының, сапасы мен өлшемінің интегралдық сипаттамалары. Оның сандық сипаттамасы – нақты бір күндегі немесе белгілі бір кезеңдегі персоналдың нақты саны.
Персоналдың саны мен құрылымы кәсіпорынның ерекшелігіне, оның салалық өзгешелігіне байланысты болады. Персонал құрылымы абсолютті өлшемдер және пайыздармен сипатталады.
Персонал нақтылығының көрсеткіштері. Персонал нақтылығы оның сандық көрсеткіштерімен сипатталады. Персонал саны белгілі бір күнде (мезгілдік көрсеткіш) және кезең аралығында (аралық көрсеткіш) анықталуы мүмкін. Белгілі бір күнде тізімдік, жұмысқа шыққан және нақты жұмыс атқарған жұмыскерлер саны анықталады. Жұмыскерлердің тізімдік құрамына кәсіпорын штатындағы жұмыскерлер, сонымен бірге келісім бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлер кіреді. Тізімдік құрамға тұрақты, уақытша және маусымдық жұмысқа алынған барлық жұмыскерлер кіреді. Сонымен бірге, нақты жұмыскерлер мен уақытша жұмыс істемейтіндер де кіреді.
Кезең ішінде персонал қозғалысы болып, персонал саны өзгереді. Сондықтан кезең ішіндегі жұмыскерлердің саны орташа өлшемдермен есептеледі. Негізгі маңызды көрсеткіш – персоналдың орташа тізімдік саны. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның өндірісітік қызмет көрсеткіштерін есептеу үшін қолданылады. Жұмыскерлердің орташа тізімдік саны есептелуде төмендегілер ескеріледі:
Аталған жұмыскерлердің сұралуы персоналдың орташа тізімдік санын айқындаумен қатар, еңбекақы қорын анықтау үшін негіз болып табылады. Бір айдағы персоналдың орташа тізімдік саны анықталады:
ТЗС=бір айдың әр күніндегі жұмыскерлердің тізімдік санының қосындысы/бір айдағы күнтізбелік күндер саны [37].
Өндірістің барлық түрлері бойынша негізгі жұмысшылардың санын есептеу үшін әрбір жұмысшының жұмыс уақытының тиімді қорын анықтау керек, яғни жұмыс уақыттың балансы құрылады [38].
Кесте 16
Жұмыс уақытының балансы
Көрсеткіштер |
Мәлімет |
1. Жұмыс уақытының күнтізбелі қоры, күн |
365 |
2. Демалыс және мейрам күндері |
58 |
3. Жұмыс уақытының номиналды қоры, күн |
307 |
4. Жұмысқа шықпау күндердің саны, күн |
35 |
оның ішінде а) сырқатқа байланысты |
6 |
б) босануға байланысты |
4 |
в) оқумен байланысты |
3 |
г) кезекті және қосымша демалыстар |
15 |
д) заңмен рұқсат етілген басқа себептер |
2 |
5. Жұмыс уақытының нәтижелі қоры, күн |
272 |
6. Сменаның орташа ұзақтығы, сағ. |
7,8 |
7. Жұмыс уақытының қоры, сағат |
2122 |
8. Смена ішіндегі үзілістер, сағат |
122 |
9. Нәтижелі жұмыс уақыт қоры, сағат |
2000 |
Негізгі жұмысшылардың санын анықтау үшін келесі формула қолданылады:
Чнег = Т / Фэф
мұндағы: Т – белгілі бір өнім түрін шығарудың еңбек сіңіргіштігі, адам – сағаттар;
Фэф – жыл бойынша жұмысшы уақытының тиімді қоры, сағат.
Еңбек сіңіргіштік берілген өнім түрінің жалпы көлемін (В) берілген өнім бірлігін шығаруға қажет уақыттың ірілендірілген нормасына (Нвру) көбейту арқылы анықталады:
Т = В * Нвру [38].
Есептеулер нәтижесі кестеде көрсетілген.
Кесте 17
Негізгі жұмысшылар санын есептеу
Өнім түрі |
Өндіру көлемі |
Іріленген уақыт нормасы, адам-сағ |
Жалпы еңбек сіңіргіштік, адам-сағ |
Негізгі жұмысшы-лар саны, адам |
Айран 1,0% |
908,7 |
9,9 |
8996,13 |
4 |
Айран 2,5% |
1089,3 |
9,9 |
10784,07 |
5 |
Айран 3,2% |
1201,8 |
9,9 |
11897,82 |
6 |
Қатық |
1201,8 |
9,9 |
11897,82 |
6 |
Шалап сусыны |
2367 |
9,9 |
23433,3 |
12 |
Тан сусыны |
1827,9 |
9,9 |
18096,21 |
9 |
Қымыз |
2226,3 |
9,9 |
22040,37 |
11 |
Құрт |
97,5 |
42,5 |
4143,75 |
2 |
Қаймақ 10% |
1467,3 |
28,1 |
41231,13 |
21 |
Қаймақ 20% |
842,55 |
28,1 |
23675,66 |
12 |
Барлығы: |
88 |
Көмекші персоналдың саны өндірістің жеке учаскелері бойынша, сондай-ақ негізгі жұмысшылардың санынан процент түрінде есептелінеді. Есептеулер бойынша жеке учакілердегі көмекші персоналдың саны келесі кестеде берілген.
Кесте 18
Көмекші персоналдың санын есептеу
Өндіріс учаскесі |
Учаске-нің жұмыс істеу режимі |
Жылдық нәтижелі уақыт қоры, сағат |
Қызмет көрсету нормасы, адам |
Жылдық еңбек сіңір-гіштік, адам/сағ |
Бір жұмыс-шының нәтижелі уақыт қоры, сағат |
Көмек-ші персо-нал саны, адам |
Электршаруа-шылығы |
1 смена |
2450 |
0,99 |
2425,5 |
2000 |
1 |
Су учаскесі |
1 смена |
2450 |
0,99 |
2425,5 |
2000 |
1 |
Жылу қазандығы |
1 смена |
2450 |
4,99 |
12225,5 |
2000 |
6 |
Суық-компрессорлы бөлім |
1 смена |
2450 |
1,33 |
3258,5 |
2000 |
2 |
Технология-лық жабдықтарды жөндеу бөлімі |
1 смена |
2450 |
5,53 |
13548,5 |
2000 |
7 |
Жөндеу цехы |
1 смена |
2450 |
10 |
24500 |
2000 |
12 |
Барлығы: |
29 |
Жұмысшылар санын анықтағаннан кейін осы жұмысшыларының еңбек ақыларының қорын анықтау есебін жүргізу керек. Есептеулер мынадай көрсеткіштер негізінде жүргізіледі: ірілендірілген еңбек бағасы (кесімді жұмыс істейтін жұмысшыларға) және сағаттық тарифтік ставка (мерзімді жұмысшыларға). Еңбекті төлеудің тарифтік қоры келесі кесте бойынша анықталады.
Информация о работе Маркетинг жоспары және стратегиясын құрастыру