Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 10:49, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектiлiгi өнер тақырыбының көркем шығармаларға арқау болуымен байланысты. Сонымен бiрге 60-80 жылдар прозасына қаламгерлер көркемдiк шеберлiк тұрғысынан не қосып, не алды деген мәселе де бар. Әдебиетiмiздiң әр кезеңiндегi қаламгерлер қалыптастырған көркемдiк дәстүр мен оның сол кезеңде тұтас қалам тербеген жазушылардың шығармашылығындағы көрiну арналары да әр қырынан қарастырылады.
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1.1. Тәкен сүйген - әдебиет
1.2. Тәкеннің - жұмбақ жаны
2.1. «Үлкен жазушы, өнерлі адам»
2.2. Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдарының сомдалуы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылатын әдебиеттер
... Екі шек егіз лебіз
қосты. Жуан дыбыстар мен жіңішке
дыбыстар жымдасып дүрліге құлдилағанда
көкей қажар кербез оралым
пайда болды. Қанша тыңдасаң
да құлақ құрышың қанбайтын,
қанша қауышсаң мауқың басылмайтын
оралым еді. Шерліге шаттық, шадымға
мұң бітіретін назды да налалы
тармақты пысықтағанда, күйші: «Кейінгілер
келтіре алар ма екен!»,- деп
күдіктенеді. /131,17/ Әңгіме соңын осылай
аяқтағанда жазушы күйші
Әлеуметтік
әділетсіздік қиянат жайлаған
қоғамдық орта, заман теперіші,
барлығы күй астарында
Сарыжайлау» әңгімесіндегі Сарыжайлау сөзі алдымен жер атауын білдіреді. Әңгіменің осы жердің, яғни қазақтың кең мағынадағы сары жайлауының, оның көз тоятын көрінісінің, туған табиғат сұлулығының күйші домбырасына қалайша күй болып құйылғаны шығармашылық процесс деңгейіне суреттеледі. «Тәттімбеттің көзіне тағы да Сарыжайлау елестейді. Қанша жұтсаң да тойғызбайтын қоңыр самал, шалғайда ойнаған көп сағым, сылқылдаған бұлақ, сыбдырлаған құрақ, тәжікелескен жігіт –желең, мен қыз – келіншек, жүйрік көңілде сиқырлы суреттер туғызады. Тәттімбет «Дариға» деп тұншыға күрсінеді. /131,14/ -деп суреттеді күйшінің осы тұстағы сәтін. Осындағы қоңыр самал, көк сағым, сылқылдаған бұлақ, сыбдырлаған құрақ, тәжікелескен жігіт желең мен қыз –келіншек - бәрі күйшінің өз ойынша тапқан, қиялымен ғана көрген өмір құбылыстары емес, оның өткен өмірінің қызықты, бақытты сәттерінің ажарына сән –салтанаты мен қуаныш- шаттығына негіз, бесік болған, куә болған шындықшыл жайлар. Ендігі тұста сол қоңыр самал, көк сағым сылқылдаған бұлақ, сыбдырлаған құрақ сол қалпында көз алдынан, көңіл көзінен өткенде, оның осы сурет, осы көріністермен бірге, солардың аясында тапқан қуаныш шаттығы, бақытты күйі еміс –еміс елес беріп, қайта ғайып болады. Күйші көңілін күрсінтіп, терең толғанысқа салатын – осындай жайлар.
Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйінің туу туралы нақты дерек те аңыз да жоқ. Күйдің сазына байланысы аса дарынды сазге, зерттеуші А. Жұбанов мынандай болжам айтады: «Күйде жаратылыстың не бір әдемі суретін бейнелеу бар. Сонымен қатар сол әсем суретті көріп, үлкен эстетикалық рахат тауып тұрған адамның жан қылының үні бардай. Мүмкін бұл сурет кәдімгі өзіміз білетін жайлау болар деген ойға келесіз. Сылдырлап ағып жатқан бұлақ, аыср салып асық ойнап жүрген балалар, қосылып әндеткен қыздардың да үні бар. Күйде кешкі ауылдың баяу үнінде берілген симфониясы, күндізгі күннің сәулесімен, енді, міне адамның мұрнын жарғандай келіп тұрған көкорай шөптің иесі бардай...» /37.89/ .
Жазушы «Сарыжайлау» әңгімесінде күй мазмұнындағы осы көріністерді кейіпкердің жан сырына бөлеп суреттейді. Көркем әдеиетте әдеби шығармагың арқауы ретінде неше түрлі өмір шындықтары пайдаланылатыны белгілі. Солардың ішінде белгілі оқиғалар, түрлі деректер, аңыз- әңгімелер, ән –өлеңдер, әдеби ескерткіштердің атқаратын қызметі аса маңызды /66.68,80,81,62/. Ал әдеби шығарманың сюжеттің желісінің күйге, сазға негізделінуін қазақ әдебиетінде Тәкен Әлімқұловтың шығармашылық негіздері қалыптастырды.
Күй
сазынан, үн жүйесінен мән
– мағына табу оған нақты
мазмұн дарыту, немесе оны белгілі
мазмұнмен нақтыландыру, сөйтіп
әдеби шығарманың оқиғалық
«Сарыжайлау»
әңгімесін жазудан бұрын,
Қаламгер ол дәптердің мазмұны жайында ашып айтпайды. Қаламгер суреткерлік даралығын аша түсуге қажетті деректер табылар ма деген оймен біз сол дәптерді көп іздедік. Өкінішке орай жазба дәптерді қолымызға түсіре алмадық. Дегенмен жазушының осы айтқан аз мәліметінің өзі анық, суреткерлік тұрғысын шығармашылық тәжірибесімен сабақтастыра отырып, едәуір анық тануға жол ашады.
Әдетте жазушы өзі суреттеп отырған шындық құбылысты, тікелей өз басынан өткеруі шартты емес. Жылқышы өмірін жазу үшін жылқыны бағу, қойшы өмірін жазу үшін қой бағу, адамның өліп бара жатқан күйін суреттеу үшін сондай күйге түсу еш жазушыға міндетті емес. Оны жазушыдан ешкім атап етпейді. Тәкен Әлімқұлов осы жайларды біле тұра өз шығармасына өзек болар өмір шындықтарын терең зерттеп, толық зерделейді, тіпті кейбір, өмір құбылыстарды өз басынан өткергендей күй кешуге саналы түрде барады. Соның бәрі жазушының өзі суреттейтін өмір құбылыстарын жеткілікті толық тануды міндет тұтқан суреткерлік тұрғысынан талаптары мен өлшемдерінен туындайды.
«Күйдің ырғағын, суретін
бейнелеуді ұнату» сырында да
осындай талаптар мен
Тәкен Әлімқұловтың шығармашылық тәжірибесінде оған сурет өнерінің, архитектураның, музыканың терең ықпалы болғанын аңғарамыз. Жазушы осы орайдағы тәжірибесін айта отырып: «Музыканың тыңдаушының құлағына құйылуы үшін такт қайталанады. Прозада соған ұқсас детальдің қайталанатын шағы бар. /19,97/ ,- деп жазады.
Автордың қаламгерлік тұрғысын таразылауда оның мына ойларының да танымдық маңызы жоғары. Бұдан жазушының музыка, сөз өнерінің табиғатын терең таныған бай суреткерлік зердесін аңғаруға болады. Жазушының суреткерлік тұрғысы осылайша оның таным байлығымен, әдеби шығармаға өзек болатын өмір құбылыстарының тобын зерттеп, зерделеп тануға ұмтылған шығармашылық құштарлы күйімен сабақтасады.
«Сарыжайлаудың» екінші
тарау бірінші тарауынан гөрі
созымды. «Саялы сахарының
Өнер және өнерпаз тұлғасы, халықтың дәстүрлі мәдениеті мен өнері туралы шығармаларында автор өнерпаздың белгілі бір шығармашылық ойын құшағында аялап тербеткен, сөйтіп оның өнер туындысы болып тууында аяулы орта болатын табиғат құбылыстарына қайта –қайта соғып отырады. Табиғат сурет мен өнер туындысының арасындағы сабақтастықтан жазушы бір сәтке көз жазбайды.
Екінші жағынан, жазушы өнерпаздың өнер туындысының дүниеге келуіне негіз болған табиғат құбылыстарын қоғамдық, әлеуметтік шындықтарымен тштастыра терең ашып көрсетеді. Адамның жан дүниесіндегі құбылыстар жалаң жалпылама емеc, қайта сол кезеңнің тарихи, әлеуметтік рухани, қоғамдық саяси шындығымен сабақтас, тамырлас танылады. Сондықтан да қаламгер толғаған заман сыры, дәуір лебі кейіпкер болмысынан алшақтамай, ара жігі ажырамай, тұтас көрінеді.
Қазақ даласын жанындай жақсы көретін, ел ішінде көп болатын ақын табиғатын автор таратып айтпай- ақ, сәтімен табылған аз детальдар жүйесіменашып тастайды. Кейіпкерінің күй сырын нәәзік ұғатынына, өнерпаз тағдырына немқұрайды қарамайтынына назар аудара отырып, автор оның шығармашылық болмысына тән бірнеше ерекшеліктерді ашып көрсетеді. Олар нәзік сезімталдық, жан дүние байлығы, адамгершілік болмысының биіктігі,.
Тәттімбеттің атақты күйі «Көкейтесті» тартылып біткеннен кейін, Сәкен күйшіге қарап отырып: «Қайран Тәтті екем –ай»- деп көзіне жас алады. Көзінің жасын сүртіп жатып: «Колчактың түрмесіндегі бір жай еске түсіп кетті», - дейді /131,67/. Ақынның жүрегінің елжіреп, жан сарайынан сыр тартқызған күй құдіретін суреттегенде де қаламгер Сәкен ойына, Сәкен сезіміне қайта –қайта айналып соғып отырады. Сәкеннің күй құшағында отырған сәтін: «Көкейтестінің» тараулары үш түрлі шежіре шертіп Сәкенді аяусыз әлдиледі. Басы жұмыр пенде болатын сүйініш, күйініш, өкініш, үміт сезімдері боздаған домбыраның кеудесінде сайрап жатты. Күйінің аяулысын халқына арнаған Тәттімбет дүниедегі ең бақытты да, ең бақытсыз да адам түрінен көрініс берді. – Сәкен шырақ өмір деген осы, -деп төңкерілген нәркес көзімен арбап тұрғандай болады. Сәкен ақ сұр реңі қуқыл тартып, танауы қусырылып, көкірек жарған демігін әзер басып отырды. /131,67/, деп суреттейді.
Бұл
әңгіменің бір ерекшелігі –
ақын жаны мен күй құдіреті
бетпе –бет келіп, осы
Қазақ даласын жанындай жақсы
көретін, ел ішінде көп
Осы
әңгіменің ішінде домбыраға
күйге немесе орындаушылыққа
байланысты сазды, суретті,
Мысалы: «көңілі тірі кәрі құртаңды күймен қырған домбырашы; сұлу домбыра тұсаулы жүйріктей әсер етті; кербез домбыраның мойнына кенедей жабысқан саусақтар қилы да қиын шындығы мен өткен өмір жолының азаптарын сабақтас өріп, қатар танылды. Сейтектің өзі сөйлемейді, ол туралы тарих сөйлейді.
Т. Әлімқұловтың «Көк қаршыға» повесіне Ақан сері өмірі арқау болған. Бұл повесте де ақынның өмір- тағдырының соңғы кезеңі, яғни оңаша күркеде елеусіз тіршілік кешкен Ақан мен мылқау баласы Ыбан жайы суреттеледі. Өмірінде зорлық-зомбылықтың ащы уын аяусыз ішіп келген, білегі жуан күштілердің, қалтасы қалың атқамінерлердің қиянатынан, қараңғылығынан торығып, әбден тарыққан Ақан серінің маң даладағы оңаша тіршілігінің өзінен автор көп сыр аңғартады. «Қараой» әңгімесінде жазушы қысқа-қысқа диалогтарды көбірек пайдаланса, бұл повесте, керісіеше, кеңінен тоғануға табан тіреген. Шалқып, шарықтап, молынан қамтитын, ұзақ-ұзақ қайырылған авторлық баяндаулар алдыңғы қатарға шығады. Бұл әдіс- Ақанның қым-қуат айтыс- тартыспен, мұң-наламен, бір, қуаныш, бір өкінішпен өткен аумалы- төкпелі өмірін кең қамтып жеткізу мақсатында өзін-өзі ақтаған. Ең соңғы тұлпары-Құлагерден, жүйрік тазысынан, соңғы қаршыгасы-Көкжендеттен ең соңғы қыраны-Қаратоғайданайырылған ақынның оңашада ойлайтын, өкінетін дүниесі көп екендігін асықпай, тарам-тарам ойлармен оқырманына әсерлі жеткізеді. Ал енді тарихи деректерге сүйенсек, Ақан өміріндегі тағы да бір қайғылы сәт, ақынның жүегіне мәңгі, айықпас дерт әкелген оқиға- Әлібек батырдың дүниеден өтуі, мезгілсіз қайтыс болуы. Әлібек батырдың Ақан үшін айрықша ардақты жан, қимыс адам болғандығы мәлім. Әлібек батыр мен Ақан сері арасындағы рухани туыстық, мәңгілік достық сыры әр оқиғаға байлынысты халық арасына кең жайылып, аңыз болып тарағаны мәлім. Ақан сері сиақты халық еркесіне әрдайым жанашыр болған, қиналғандв жанынан табылған, қол ұшын берген Әлібек батыр да ел назарына ілініп, атағы асқақтай түскен.
Мысалы, Ақан сері Ұрқияны алып қашқанда ақынның соңынан түскен, аямауға бел буған Нұртаза бастаған қиянатшыл топтың бетін қайтарып, сабасына түсіретін Әлібек батырдың әрекеті ел көңілінен шыққан. Ақын серіні мерт етуге дейін баруға дайындалып келген жуан ауылдың сойыл соғарларына тосқауыл қою екенің бірінің қолынан келе бермесі анық. Әлібек батырдың кесек мінезі, адамгершілік тұлғасы осы тұста жарқырап көрінген.
Сонымен бірге
сәл кейінірек Ақанға
Информация о работе Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдары бейнесінің сомдалуы