Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 10:49, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектiлiгi өнер тақырыбының көркем шығармаларға арқау болуымен байланысты. Сонымен бiрге 60-80 жылдар прозасына қаламгерлер көркемдiк шеберлiк тұрғысынан не қосып, не алды деген мәселе де бар. Әдебиетiмiздiң әр кезеңiндегi қаламгерлер қалыптастырған көркемдiк дәстүр мен оның сол кезеңде тұтас қалам тербеген жазушылардың шығармашылығындағы көрiну арналары да әр қырынан қарастырылады.
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1.1. Тәкен сүйген - әдебиет
1.2. Тәкеннің - жұмбақ жаны
2.1. «Үлкен жазушы, өнерлі адам»
2.2. Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдарының сомдалуы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылатын әдебиеттер
Ақындық, күй, күйшілік тақырыбын шығармаларына арқау еткен қалагерлеріміз І Есенберлиннің, Т.Ахановтың, С. Бақбергеновтің, Ә. Кекілбаевтың, М. Сқақбаевтың, І. Жақановтың, Ә. Әлімжановтың, С. Жүнісовтің, С. Санбаевтың т.б. прозалық шығармалары қатарында Тәкен Әлімқұлов шығармашылығы өнер адамдарының өмірін тақырып етіп алуымен ерекшеленіді.
Тәкен
Әлімқұлов өнер адамдарының
өмірі мен шығармашылығын
арқау еткен шығармаларының
жинағын шығаруды 1983 жылы ойластырыпты.
Өнер адамдары жайлы жазған
шығармалары «Саржайлау», «
Өнер адамдарының өмір тағдыры негізінен жазушының прозалық шығармаларында: әңгімелерінде және повестерінде көбірек суреттеледі. Тәкенді сөз зергері, шебер суреткер ретінде танытқан дүниелері алдымен осылар. Ақан сері, Махамбет, Шоқан, Тәттімбет, Ықылас, Сүгір, Сейтек, Сәкен, Төлеген Момбеков, Әбікен сияқты және тағы басқа өнер тарихындағы саңлақтардың өмір-тағдырын суреттеу арқылы қаламгер оқырманына жалпы өнер құдіретін, оның қыры мен сырын, тылсым құпиясын тереңнен аршып танытады.
Алдымен әңгіме жанрында жазушы халықтың дәстүрлі мәдениеті мен өнерін, өнер адамдарының қайталанбас, оқырманды тебірентетіндей, тартымды көркем бейнесін сомдап шығарады. Дәстүрлі мәдениет және өнер тақырыбына батыл барып, терең қалам тербеу кез келген қаламгердің маңдайына жазыла бермеген бақыт. Тәкен өзінің тума таланты, табиғи суреткерлік шеберлігі арқасында көзі тірісінде- ақ осы қаламгерлік бақытқа қол жеткізді. Нақтырақ айтсақ, сонау 60-70 жылдардың өзінде Тәкенді қазақ оқырмандары өнер, дәстүрлі мәдениет, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт тақырыбын терең меңгерген, өнер сырын, өнерпаз тағдырын тебірентіп, тартымды тілмен толғай алған қаламгер ретінде таныған-ды, мойындаған-ды.
Қазақтың күй өнерінің, күйшілік өнерінде тарихи тамыр жатқанын жазушы жақсы білген. Осының барлығын алдымен асықпай, жалықпай отырып, зерттеп, зерделеп алған. Өнер тақырыбындағы жазушы шығармашылығының басым көпшілігінің негізінен тарихи деректерге табан тірейтіндігі сондықтан. Сол шығармалардың ішінде өткен тарихи кезең, шындығының замана шындығының іздері сайрап жатады. Бұл шындықтың әсіресе әлеуметтік сарыны, танымдық – тәрбиелік тамырлары тереңінен табылып жатады. Тәкеннің өнер оның ішінде күйшілік өнер, күйші тағдырын толғайтын туындыларының салмақты тұсы сүбелі үлесі осы шығармаларының әлеметтік сарынынан рухани болмыс – бітімінен туындап жатады. Өнер туындысы мен соны жасаған өнерпаз туралы тарихи деректерді ел аузындағы аңыз – әңгімелерді сөйлетуге келгенде Тәкен өзіндік шеберлік танытады.
Мысалы, аты аңызға айналған Қорқыттың өмір кешкен заманы күйшілік тағдыры туралы жазушы өз ұсыныс пікірлерін ашық айтып келеді де, ендіге жерде көркем шығармаларында сол тарихи кезең көріністерін күй сырымен, күй сазымен егіз қатар, өрбітіп отырады. «Әлемге әйгілі Әл – Фарбидің пікірінше Қорқыт тарихта болған адам сегіз қырлы бір сырлы сарбаздың өзі! Осында мың жыл бұрын өмір кешкен Қорқыттың ақындық тілі бізге танық болса, күмбірлеген, күңіренген, аңыраған күйлері қазақша сайрап тұрады. Сондықтан тілінен көкейі ұзын күйге тіл батырудың ғанибеті, қуанышы уанышы бар»/19,201-202/ өз ойын жазушы осылай сабақтаған. Күй атасы Қорқыттың дара күші талант қуатын өнер құдіретіне теңейді. Расында да, күллі суреткерлік мұратын – тілінен көкейі ұзын күйге тіл бітіруге арнаған қаламгердің туындыларында күй, күйшілік өнер қазақтың қасиетті қара сөзінің арқасында адамша сөйлеп, адамша сыр шертеді. Күйге тіл бітіру, күйді сөйлету тұрғысынан келгенде жазушы қол артқан көркемдік амал – тәсілдердің өзі сан сала. Осының барлығына жазушының өз шығармалары куә.
Тәкен Әлімқұловтың өмір жолында қазақтың күй өнерінің маңызы аса жоғары болды. Кейін, жазушының шығармашылық даралығын тапқан тұста, оның шығармашылық өнерінің асыл өзегінде осы күй өнері әсері мен мазмұны жарқырап көрініс тапты. «Сейтек сарыны», «Көк қаршыға», «Сарыжайлау», «Жиендік», «Күйші», «Телқоңыр», «Көкейтесті», «Қаралы қобыз», «Сары сыбызғы» шығармалары жазушының әдеби мұрасында көркемдік табиғаттың сұлу бітімімен күй күмбіріндей лиризмге толы лебімен, жанды тербеген сұлу сазымен ерекшеленеді. Бұдан жазушының дәстүрлі мәдениетке қатысы ғана емес. Сонымен қатар суреткерлік тұлғасы да анық көрінеді. Жалпы, казіргі күнге өз бояуымен, өз үнімен, өз ырғағымен жетіп отырған қазақ күйлерінің тарихы, тағдыры сан алуын, әрі қызғылықты. Мұхтар Әуезовтың күй - аңыздарға байланысты кезінде айтқан құнды пікірлерін кейінгі кезеңге тағыда – бірнеше музыка зерттеушілер нақты тарихи деректермен, тарата отырып, тереңдетті. Сондай ұлы сағалардың бірі- күй өнері. Бұл өнердің арақша қасиетті оны үйретуде және үйренуде жатыр. Екі қазақтың бірі домбыра ұстаған, ол тарихи шындық. Екі қазақтың бірі домбырашы. Алайда ілеуде біреуі ғана – күші. Біздің мақсатымыз, жәй домбыра ұстауды үйрету емес, домбырашылар және олардың жеке дарынына сүйене отырып күйші дайындау.
Қазақтың күй өнерін жасаушылардың, соны шашып – төкпей, байытып, құнарландырып бүгінгі ұрпаққа жеткізушілердің тарихи миссиясына баға жетпейді. Сондықтан да бұлардың халық, ұлт алдындағы тарихи қызметіне алты алаштың ұлылары: А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Ә Марғұлан, Қ Сәтпаев, А. Жұбановтар өте жоғары баға берген. /49,16,37,23,24,129/
Тәкен Әлімқұлов күйші бейнесін көркем әдебиетімізде сомдаудың мән – мағынасын терең түсінген. Сонау Қорқыттың, Ықыластың, Құрманғазының, Тәттімбеттің, Сейтектің берідегі Сүгірдің, Төлегеннің, Әбікеннің осы күйшілік, күйшілік өнер тарихын терең біліп, ұзақ жылдар зерттеп алып барып ат басын тіреген.
Жазушы өзінің бір әңгімесінде замандас інісі Төлеген Тоқбергеновке былай деп айтқан: «Сүгір болмаса, Сүгірдің «Кертолғауы», «Тоғыз тарауы» болмаса жазушы болар ма едім, болмас па едім.» /19,19/- бұл сөзде жазушының жан сыры, имандай шындығы жатқаны рас. Күй өнері жазушының өнеріне күйдің өзіндей терең де нәзік саз дарытты. Сонымен қатар оның суреткерлік даралығы да осы саздан бастау алып, соған негізделеді.
«Телқоңыр» әңгімесінде сөз зергері Тәкен Әлімқұлов атақты күйші Сүгір өміріне соғып, Сүгір жайын сөз етеді. Өте тартымды, шымыр әңгіме бір күйдің тарихынан сыр шертеді. Көзі қарақты оқырманға бірден байқалатын бір шындық – Сүгірдің тума талант, құдіретті күйші екендігі. Осыны мына әңгімеде дәлелдей түскен.
Жазушының «Сейтек сарыны» повесінде Сәруәр шал болып тіл қататын кейбір мінез қылықтарына қанық едік. Онда ол көбіне Сейтек тағдырымен, Сейтек күйлерімен сабақтас бейнеленетін. Ал мына әңгімеде енді әке мен бала арасындағы, яғни Сүгір мен әкесі арасындағы қарым- қатынас, қам қаракет, ой - парасат арнасында өріледі.
Сүгірдің сұрапыл күйшілігі, әкенің алғырлығы, көрегендігі, ой - түйсігінің ұшқырлығы, ұтымдылығы алдынғы қатарға шығады. Түптен келгенде барлық оқиға Сүгір домбырасынан атақты «Телқоңыр» күйінің дүниеге келуі төңірегінде топтасытырылған.
«Телқоңыр» күйінің тарихы тосынан өрбіп, өте тартымды, қызғылықты баяндалады. Әуелде Сүгірдің шығармашылық күйінің тоқыраған, домбырсын қолына алғанымен, жанынан ой таба алмай қиналған сәті суреттеледі. «Баптағанда, машық күйлер жаттығу тілемейді. «Ілмені», «Ыңғай төкпені», «Боз інгенді», «Тоғыз тарауды» ұйқыдан ояна сап тартуына болады. Ықыластың күйлері өз алдына Бұл өңірде Сүгірдің тең келетін домбырашы жоғы және аян. /131,190/. Осылай шертісі елден ерекше, атағы алты алашқа асқан дәулескер домбырашының тұйыққа тірелген, көңілі жарым, жүрегі қобалжулы кезеңіне қаламгер соғып өтеді.
«Неге екені белгісіз, Сүгір көнетоз күйді жаңғыртпақ болады. Бірақ күй төгіліп кетпей, күрмеле береді. Көкейдің күйттілігі жетіспей жатыр. Бәлденейін десе бәл жоқ. Назданайын десе наз жоқ. Өкінейін десе өкініш жоқ. Шолақ келген қызыл-қоңыр домбыраны әрі сабалап, бері сабалап, әрі шертіп, бері шертіп, мандырта алмай қойды. /131,192/ Өнер адамының өмірінде мұндай сәттер аз емес. Шығармашылықтың азабы - осы. Өнер туындысы да өнерпаздың жанын осылай езіп, азапқа салып барып туады. Жазушы шығармашылық процестің осы бір ауыр, азапты сатысын да әсерлі жеткізеді.
Кішкене оқиға ширығып келіп,
терең толғаныстарға, тамырлы
ойларға бастайды. Қызыл құлынның
күтпеген жерден Сүгір шаңырағына
сау ете қалған ауыл
Адам трагедиясын, болмаса, аң, құс жылқы трагедиясын суреттеген тұстарда Тәкен өзгеше өнерпаздық танытады. Оқырманын сендіреді., сендіріп қана қоймайды, өзімен бірге тебірентеді, терең толғанысқа түсіреді. Қызыл құлынның осылайша бір сәттік намыс, яғни қазақтың сүйекке біткен қасиеті- қонағына жалғыз тұяғын жығып беруге дайын тұратын қонақжайлылығы кесірінен пышаққа ілінуі Сүгірдің білместігінен болады. Қызыл құлынның бауыздалғаны тұрғанынан хабар алған Сүгірдің әкесі жанұшыра ұлының үйіне жетеді. Бірақ кеш қалып: «Қап!- деп санын бірақ соғады. Аққудай аппақ шал қара құстай қалбаңдап тұрып іштегі күйігін жеткізеді: «Оның бәрі мақұл ғой, мен құлынның етінің бұзылғанына күйемін » - дейді. Айтса айтқандай, алдыға ас келгенде қонақтың бірі құлынның етінің іріп кеткенін ескертеді. Оның сырын Сүгірге әкесі түсіндіреді. Жылқы баққан ел құлынды енсімен бірге айдап келіп, сойысқа салатындағын әке аузынан естиміз. Енесін қимаған, жарық дүниемен қоштасатынын алдын –ала сезіп, шырқырап, жантәсілім жасайтын жарықтықтың жан дегенде жалғыз төлі –жас құлынның жайрап түскенін, соңынан құлынынан айырылған көк биенің байыз таппай сарнап, кісінеп, күндіз- түні төлін іздеген зары кісінің сай сүйегін сырқырататындай көркемдік қуатпен, шынайы суреткерлікпен беріледі.
Анасын іздеп шұрқыраған, қолды аяққа тұрмай сағынған қас-қағым сәттің өзі оның қанын қарайтып, етін күйдіреді. Мұны жылқыны жанына балаған, қанатына балаған қазақ қана сезіп, біле алған. Жылқы баласының бар қасиеті осында еді.
Ажалмен бетпе-бет жалғыз қалған жас төлдің үрейден ташлықтай етінің тарам-тарам езіліп, іріп кеткендігін қаламгер шығармаға кездейсоқ енгізбеген. Осының шын өмірде қалай болатындығын көзіміз көрген жоқ, ал енді мына контексте бұл сурет құлын трагедиясын шарықтау шегіне жеткізген. Көркемдік жүк көтеру одан да биік.
Ары қарай әке аузымен тағы да бір шындық айтылады. Ол «жылқы малының сырын бір адамдай менде білемін» деген» Сүгірге сұмдық нали тұрып: «Сенің «Бозінгеніңді» жүре тыңдайтынымды неге болжамайсың? Сен түліктің сырына шорқақсың. Күйіңде түйсік аз, өзіңде парасат аз»/131,190/- деп кейіген сұс танытады. Сүгірдің аты шулы күйшілігінен оның тіршілік сырын, ер қанаты – тұлпар сырын түсінуінің төмен жатқандығын автор жасырмайды. Арық- кемімен көзге түсетін Сүгір табиғаты, күйші болмысы осынысымен қымбат көрінеді.
Қос құлынның ішінен сойысқа қызыл құлынды таңдағандығын да кешірілмес білместік екендігін әке баласының бетіне басады. Болашақ тұлпарды пышаққа қиғанын Сүгір сонда барып түсінеді. Оған әкенің төмендегі сөздері қамшыдан ауыр тиеді. «Бұл құлын құнанан да қара көк, дөненен де алқара көк болатын еді. Бестісінде тарлан ашып, жыл өткенде жүйрік боздың өзі болып шыға келетін еді. Бұның енесі қарабайыр да, атасы будан. Арғы атасы – арғымақ. Бұралған тірсегі атасына тартқан. /131,193/ Арғымақтай асыл жылқы тегінің тапа – тал түсте біреуден емес, аз қолынан мерт болғандығы, күйшінің өкініші мен қайғысын қоюлата түседі.
Бұл арада Сүгірдің ойына шешектен шетінеген тұнғыш перзентіне арнаған, бірақ иі қанбаған, пісуі жетпеген күй сарыны оралып, құлын тағдырынан туған өкініші өз қайғысымен тоғысады. Жазушы күйшінің шығармашылық азабының шешілер тұсын осылай табады. “Телқоңыр күйінің тарам-тарам, тұңғиықта терең, бірақ адам жанын елжіретер азалы, шерлі, шертпе күйге құйылып түскенде, Сүгір көкейінде оыс өкініші де бой көтереді. Сол арқылы жазушы Сүгірдің жанындағы сезімдер қайшылығын, адамдық, өнерпаздық болмысының өзгеден бөлек өзгешелігін барынша терең, кең-әрі сырға бөлеп ашады.
Күйдің домбыраға түсу, өмірге келу сыры да қызық. Құлынын жоқтап, күннен күнге жіңішкеріп, шөгіп бара жатқан көк биеге басқа төлді бауырына тартып,қанша теліседе, ене бие қатқан тоңдай ие бермей, қасарысып тұрып алады. Енді оны аман тқалған қоңыр құлынға идірудің жолы -күй құдіретінде жатқандығын Қаратау өңірінде атаға шыққан, алты қырқаның астындағы текті жылқыны даусынантанитын ас сыншысы айтады. Жаңа күй осылайша өмірге келеді. Күйдің басталуын, бастапқы тарауларын, шарықтау шегін қаламгер ұзақ толғап, қағысты қайырып келеді де, соңын былайша түйіндейді: «Күйші атаулы да басыр түйсік болмақ. Сол түйсік Сүгірдің кеудесінде оқыс оянды. Оның сезістал саусақтары домбыраның сағасына шоршып түсті де, тың дыбыстар шығара бастады. Енді шертісі де шымшыс та өзгереді. Өкініштің орнын уаныш басады. Домбыра аңырамай, еркелеп шыға келді. Бейне қуанашақтан қызыл құлын кісінегендей болады. Жіңішке, әсем әуез төгілді. Тәйри- тәйри, тәйри- тай деген нәзік те ерке дыбыстар сағалақтан, бұғалаққа қарай өрлеп, бара-бара құлынша кісінеп кетті, Жансыз ағашқа жан бітті ыңқылдады. Пернелер иіліп екі ішек еңірегенде, көк бие қоса еңіреді. Артынша, оқыранып, еміренді, Қоңыр құлынды иіскегенде жаудыр көзі жасқа толып кетті.
Информация о работе Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдары бейнесінің сомдалуы