Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдары бейнесінің сомдалуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 10:49, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектiлiгi өнер тақырыбының көркем шығармаларға арқау болуымен байланысты. Сонымен бiрге 60-80 жылдар прозасына қаламгерлер көркемдiк шеберлiк тұрғысынан не қосып, не алды деген мәселе де бар. Әдебиетiмiздiң әр кезеңiндегi қаламгерлер қалыптастырған көркемдiк дәстүр мен оның сол кезеңде тұтас қалам тербеген жазушылардың шығармашылығындағы көрiну арналары да әр қырынан қарастырылады.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1.1. Тәкен сүйген - әдебиет
1.2. Тәкеннің - жұмбақ жаны
2.1. «Үлкен жазушы, өнерлі адам»
2.2. Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдарының сомдалуы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылатын әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

новый.docx

— 147.04 Кб (Скачать документ)

             «Ақыраптың  ұзақ түнінде  Махамбеттің   ұйқысы  шала болды. Әлденеден   көңілі  алағаржақтанып, жүрегі өрекпіп,   дөңбекшіп шықты. Құлқын сәріде  төсектен  тұрып, тысқа  шығып  еді. Үйінің  жанын да біраз  тұрып  қалды» -деп басталатын  әңгіме бірден   оқырманды   ары- қарай не болар екен  деген  ойға  жетелеп кетеді. Бірден  көңілің  өрекпіп, бір  нәрсенің боларын сезесің.  Көз  алдыңа кесек денелі, өткір көзді,  ат жақты,  батыр бейнесі   тұра қалады. Ия   Махамбет  өр  еді,  ірі еді, өткір еді.  Есік алдында  тұрған батыр  бейнесі    сұстылығымен, паңдылығымен  ерекшеленеді. Бұл қазақы  қасиет. Махамбеттің   өр     рухы  сонау  Римдіктерді мойындадып, қақпасынан кірмей  дүниеге де  байлыққа да қызықпай  басын  тік көтеріп, қасқайып өткен  Атилладан келе жатқан  қазақы  қасиет.

        Жазушы  ары қарай    Махамбеттің   көңіл күйін  табығатпен паралелді   түрде бейнелейді. «Күн де  көктемнің  күніндей   айдарланып, сансыз  алтын найзасын  шашырағымен шашырата  шықты. Қазіргі сәтте  шашақты  найзадан  айырылған күн күйеуден  жыртысқа түскен   сал   орамалындай   пәршектенген  кіреуке бұлттардың  арасынан  сығалап  қарайды.   Асқа тіккен  алтын жамбыға  да  ұқсап кетеді»- дейді   Тыста   тұрған Махамбеттің  тағдыры да  кіреуке  бұлттың  арасынан  сығалап  қарап тұрған  күнге  ұқсайды.  Күннің  бетін   бұлт  қанша торласа да  күн  аты күн ғой. Оның  жарығы  мен  жылуына   еш  бұлттың   көлеңкесі  түспейтініне көзің   жетеді.                    

       Махамбетке   пана  болған  Қараой қандай  жер  еді «Үстінен  құс ұшпайтын, шөл  ойпаң  көлденең  таса. Дүрбі де  тарта алмайтын  бұлақ   бастаулары  тартылған  жайлау  – жатырқау   түз»  Бірақ   сол  Қараой  Батыйдың  жер   қайыстырған  қалың  қолы   жұртты  түгел тонағанда    Қараойдағы  ауылдарды  түгел   көрмей  өтеді,  одан бері  де  Ертарғынның өзіне  де пана  болған,  енді  міне   айбатты   Махамбетей батырдың  сонғы қонысы  болуға  да  жарады.  Қайран  Махамбет:    Ереулі атқа ер салмай,

                                                                                    Ерлердің ісі бітер ме?

                                                                                    Егеулі найза қолға алмай,

                                                                                    Ерлердің ісі бітер ме? —  деп қара  қазан, сары бала   қамы үшін қолың найза алып ақытық  демің беткенше  беріспедің – ау. Бала ойнайтын  баяғы үңгірлердің   борсықтың ініне, ешкі жайлатын  беткейлердің қарақұйрықтың өрісіне айналғанынан   мойынұсына  алмай      Исатайыңнан айрылып жалғыздықты тарттың –ау,  сонда да   жүрегің құрғыр  өрекпіп «сен бе, сен бе ешкімге деп тұрса да»,    Ықыластың  күдірейген жауырынан  күдік  алып тұрсаң да  «Мына  сұңғыла  мырс – мырс  күліп бара жатқан  жоқ па» деп ішкі  даусың айтып тұрса да   әй  аңғал батырым – ай сенгің  келіп, өзіңді сендіргің келіп «Ықылас  адал боп шықса  ертең оның  бетіне қалай қарамақпын, дедің –ау» еркектік   ар –намысың мен қазақы тектілігің  сені сендіріп,  тұзаққа   түсірді.

           Шығарманы оқу  барысында  жазушы  жаман ырымның боларын алдын –ала  бірнеше  детальдар арқылы беруге тырысады. Сыртта  тұрған Махамбеттің  көргеніне  қызығып, көргенінен   шошынып, дегбірсізденіп, ұзатылар қыздай  тұрып   қалғаны арқылы  байқасақ,  одан  кейін:   «әуеде ұшқан  қызғыштың:  екеуміздің  тағдырымыз  бір дегендей қанатымен  бәйек болғаны»,  «Әуестің:

- Түнде  түсімнен  шошыдым»  дегенінен,   кейін  Ықыластар   келгенде  «Әуестің  құшағынан   босанған  баласына: -Үйді  айналма,  жаман ырым болады  деп»  ұрысқанынан   бір бәленің  боларын сезінесің. 

          Шығармадағы   Әуестің бейнесі арқылы   қазақтың  еркегін пір тұтатын, әйелдің бейнесін көреміз.   Тәкен Әлімқұлов күйеуінің   хал – күйін сырттай бақылап,  іштей үндесіп,    үнсіз тілдесіп,  тілеуін – тілеп отырған әйел бейнісін сомдауғы тырысқан. Десе  де Махамбеттің көңіл – күйін жіті қадағалап отырған Әуес  күйі шығармада      толық Махамбетті  қадағалау арқылы  көрініс береді.   Жұбайының әлде бірдеңенің  жайын ақылдасса сұрауына, Әуестің: «Қайдан білейін, қабырғаңмен кеңессейші» -деп   күйеуінің тірлігіне араласпауы арқылы қазақи тәрбиені   көреміз. Әуестің өз басы үшін,  Махамбет   мінезімен ыстық.   Махамбеттің соңғы сөзі  «Әуес» болса,  ақырғы ойы «Қайран халқым» болып шығарма аяқталады.        Ал ел  теңдігін ақыра сұрап, ашық айқасқа шыққан  қаһарман ақынның өліп  бара  жатқан сәтін сөз арқылы  суретке айналдырып, процесс күйінде беру жазушының     қиялының ғана   жемісі емес, суреткерлік даралығы мен шеберлігінің   де көрінісі   болып табылады. 

        Махамбет  туралы қаншама  шығарма жазылды.  Қанша ма дастан қанша ма  поэма, пьесса жазылды десеңізші   барлығында бір  Махамбет,  өр Махамбет. Олардың  қатарына  Ығылыман Шөрекұлының «Махамбет»  поэмасы,  Ілияс  Жансүгіровтың   «Исатай – Махамбет» пьессасы,  Олжас Сүлейменовтың «Махамбет»  жыры, Ж. Молдағалиевтің «Махамбет  қабірінің  басында» жыры,  Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің  жебесі» романы,  Зейнолла Қабдоловтың   аяқталмай қалған «Махамбеттің  тұлғасы», М.  Шахановтың «Нарынқұм   трагедиясы»,  Әкім Таразидің  «Махамбет» сияқты шығармаларын  жатқызуға  болады.

        Тәкен   Әлімқұловтың   «Қараой»  әңгімесі   Махамбеттің     тағдырын  шынай да   бейнеленген шығарма.

        Күйдің, әннің, өлеңнің өмірге  келу  сыры, құпиясы қаламгердің  ақиық  ақын Махамбет туралы «Қараой»  әйгілі  Ықылас жайлы « Қаралы  қобыз»,  сызбызғы   сыры жайындағы   «Сары сыбызғы»  әңгімелерінде,  күйші Сейтек туралы «Сейтек  сарыны» повесінде әсерлі суреттейді.

Сейтек тағдырының тарихы ақын ойымен өріледі. Дәрмен күйші туралы  әр кезде оқыған, аңғарған деректерін ой елегінен  өткізе бастайды. «Осы Сахалинен 1905 жылдың қаңтарында  қашқан тұтқындар туралы  Дәрмен  әр кезде  әр түрлі  аңыздар естіген. Тиіп –қашып оқыған шығармалары да барды. Соның ішінде Ахмет Жұбановтың  орыс тілінде жазған  «Ғасырлар пернесі»  атты кітабы  есінде қалыпты.  Кітапта Сейтек  жөнінен келтірілген  соны деректер  Дәрменді  талай қызық қиялға шомдырған.

      Енді Дәрмен  Сейтектің  темір торлы түрмеден  қалай қашқынның  көзбен көргендей   болып отыр.

      Енді сол  ықылым  жәйттердің  бәрі көңілге  оралғанда,  Дәрменге Сейтектің   тағдыры Сахалиннен  түйіскен  тоқсан тарау   жолдың  бір  айрығындай  әсер етеді.  Бұл  айрық көміліп қалмай,  жоғалып  кетпей  қазақ сахарасында   жалғасқан.  Оның келесі іздері  Нұсқабаев  үшін тіпті қызықты  болып бара жатқандай...» /131,243/

      Осылай  Сейтек тағдыры өзінің тосын,  қызғылықты тарихымен  бұралаң  жолдарымен, арналы ағысымен бір  қызықтырса, енді осындай  өмір  кешкен адамның  күй өнеріндегі  құдіреті де ақын  қиялына қозғау  салып, оның ойын оятады, сезімін  тербетеді. Оның аты шулы «Заман-ай»  күйін Сәруар шалдың орындауында   тыңдаған сәтте  ақынның жан  дүниесі  бір құдіретті   күштен жаңарып, мүлде жаңа  мзмұнмен, жаңа сырмен жарқырап, жарық шашқандай  күйге түседі. Өзінің осыған дейінгі  күй  тартысының болбыр, босаң, орташолақ,  екенін түсініп қынжылды. Күйдің  шығарушысы Сейтек пен  орындаушысы  Сәруәр шалдың өнерпаздық құдіретіне  бас иеді.

       Күйші  өнерінің құпия сырына бойлап  тереңдеумен бірге автор күйдің  мазмұнын, оны орындаушының құдіретін  шын суреткерге  ғана тән нәзік  сезімдылықпен нұрлы шұғылаға  бөлеп, келісті суреттейді.  Күйдің  жан тербеген, сезімді  аялаған  қуатты  эстетикалық әсері   бар да, сол әсерді көркем прозада   қайта жасап, қайта туғызу бар.  Жазушы  шығармасында, бейнелеп айтсақ  осының екеуіде бар. Көркем  шығарманың  жан тебірентер эстетикалық  әсеріне осынша еркін қол жеткізу  жазушының  шығармашылық өнерінің  ерекше бағалы  қырын, асыл  сырын аңғартады.

      Қос өнерпаздың  дарыны қатар жарысып  ұштасқанда, «Заман-ай» күйі  дүйім жұртты  тамсандырған,  таңқалдырған жаңаша  бір өнер туындысы болып төгіледі.  Күй құдіреті Сейтекті танытса,  осы күйді қайта тірілткен,  қайта түлеткен  орындаушылық  шеберлік  Сәруардың атағын шығарады.               Сәруардың    домбыра шертісіне   Дәрмен әрі қызыға, әрі қызғана  қарайды. «Шалдың шертісі» мүлдем  бөлек  Құлаққа қонымды, көкейге   орылымды  қоңыр үндер  күмбірлеп  шыға бастады.  Күйдің жиі –жиі  оралатын қайрмасы булығып,  қам  көңіл адамның даусындай  аянышты   әсер туғызды. Сірә, шалдың саусағы  кенедей жабысып  қалған болуға  керек, пернелер сыңсып  асты  –үсті қатар боздап,  дәмді  әуендер дүмбірлеп кетті. 

   «Дүниеден тарыққан, дәмеленген, ашынған жанның ішкі  сыры  бейнелі тілде мұң шақты.  Қанша заман өтсе де  кейінгі  ұрпақтар тілмашсыз түсінетін  шыншыл мұң еді –бұл»,- деп  суретейді автор күйшінің  осы  сәтін. 

/131.262/

     Сейтек тағдырының  ең бір күрделі азапты  тартысы  мен күресі, қиыншылығы мен қасіреті  қатар келген  осы бір кезең   бейнесін дәл жеткізетін «Заман-ай»   күйінің арнасы мен ақжелкен  толқынедары шығармада терең  көрініс табады.  Адам тарихы  мен күй тарихы  осылайша егіз  қатар өріліп,  тұтас дүниеге  айналады.  Мұны жазушы шеберлігі  десек те, жазушы талантының  даралығы  десек те болады.

       Қазақ   әдебиетінде, қазақ прозасында  күй мен күйші тақырыбын осынша  биікке көтеріп игерген  бірден  – бір қаламгер ретінде Тәкен  Әлімқұлов бұл шығармасында да  суреткерліктің үлгісін көрсетеді.  

       Повестегі  тартымды, кесек, соқталы кейіпкердің  бірі - Дәрмен Нұсқабаев.  Ол оқырманына ақын болып, қаламгер болып тіл қатады. Жазушылық еңбектің қыр –сырын, суреткерліктің құпиясын әңгіме еткенде автордың талғампаздығы, ойының жүйріктігі  парасат пайымы атойлап көрініп тұрады. Осының барлығы Дәрмен  ойымен сабақтас сараланады.  Бір тұста ол автордың өзіне ұқсап кететінідей,  жүрек түкпіріндегі сырымен бөлісетіндей әсер тастайды. Тап жазушының өз образы болмағаны мен, қаламгер тағдырлары ұқсас, сарындас, сабақтас, суреттелетіні айдан анық.

     Дәрменнің  күндердің күнінде ол дүниеге  өзімене бірге  кететін екі  түрлі өкініші айтылады. Біріншісі  – оның ерте талпынып, бірақ  кеш оянғандығы. Ол өнер жолындағы  қаламгер жолындағы     кеш  басталған сапарына  нала болады. Тыңдырғанынан тыңдырмағанының   енді көбірек болатынына қам  жейді. «Жастығының ең қуатты,  жалынды күндері білместіктің  базарынды өткендігі, енді ойына  оралса  бармақ шайнар өкініші  өнерпаздың ішінде у болып  жайылады».

        Екінші  өкініші- «жеке бастың иелігін  құра білмеуінде». Дәрменнің ішкі  сұлулықты  сырқы сұлулықтан  ажырата алмағандығы,  әйел баласынан  жолы болмағандығы,  тұрмыста  тар етік киген  адамша жүрісінің  өнбеуі, осының барлығы  жиылып  келіп ақын жанды адамның   көкейінде кеткен, жүзеге аспай  қалған, бір арманын аңғартқандай. «Өз басының  тіршілігіне ризалығы  жоқ, жардан торыққан Дәрменнің   көңілі  елі  кеткен жайлаудай,  құлазып қалған». Осының барлығы  оның, яғни ақынның көкейінің  жұпыны болып жүргеніне  негізгі  дер демесіне  кім кепіл?-деп  ой тастайды автор.  Жұмыр басты  пенденің жер бетіндегі тірлігінде  арманы  таусылған ба? Бауыры бүтін,  төрт құбыласы тең, армансыз  жанның  бұл жалғанда жоқ екендігін,  мегзейді қаламгер. Бақытты болу  үшін басын тауға да, тасқа  да сүйреген тірі жанның тіршілігіндегі  табан тірейтін тұғыры қайсы,  адамдықтың негізі қайда деген?  Сауалдарға жауап іздеу сарынын  аңғарамыз. Дегенмен, отбасы, ошақасының  берекесі  адам үшін бақыттың,   баянды тіршіліктің бастауы екендігін  мегзеп отырған   Дәрмен  ойы   түйінді байлау болатындығы даусыз.

        Повестің  соңында Дәрмен Нұсқабаев   Сейтектің «Заман –ай»  күйінен  ерекше  әсерлене отырып, өткен  ғасырда  өмір кешкен,  халқының  мұңын жоқтап, көкейіндегісін  күйге  түсірген  атақты өнерпаздар  Құрманғазы, Тәттімбетті  ойға  алады. Олардың өмір тағдырының  да Сейтек сияқты  күрделі,  тартиысқа болғандығын көз алдына  елестетеді, енді солардың  да  сырын  ұққысы келеді.

        Құрманғазының  «Алатау», Тәттімбеттің «Көкейтесті»  күйлерін де тыңдар  құлақтың  сай - сүйегін   сырқырататын,  сиқырлы сарынды аңғартады.  Осылай  тарихи кезеңдердің  шындығы  әр күйшінің, әр өнер иесінің   тағдырына  әрқилы із қалдыратындығын   повесть тартымды жеткізеді. 

         Тәкен Әлімқұлов  аталған   повесінде   Сейтек тағдырына  байланысты, оның күйлерін шығару, өмірге келу   тарихына  байланысты  ел арасында  кеңінен тараған,  бүгінгі  күнге шейін ескірмеген, ұмытылмаған әсерлі тартымды  аңыз – әңгімеге, тарихи шежірелерге   табан тіреп,  отыратындығы  бірден  байқалады.  Бұл тұрғыдан келгенде  жазушы негізінен   күйге байланысты, арнасына  қатысты  желілерді,  көбірек пайдаланады. Әдебиет  тарихында   күйге байланысты  аңыздарды  өз шығармаларына  сюжеттік желілеріне  қолданатын  қазақ жазушыларын көптеп кездестіреміз.Ал  М. О. Әуезов  өзінің қазақ  халқының эпосы мен     фольклоры атты зерттеуінде   аңыз – әңгімелерге  ерекше  назар аударады.

      Қазақ аңыздарын  екі топқа бөледі де, екінші  топқа «күй –аңыз» деп анықтама  береді. Бұл аңыздар әдетте   домбырада, қобызда немесе сыбызғыда   орындалатын күйлердің тарихы, шығу  себептері жайындағы  әңгімелер  желісіне құралады дейді.  Ары  қарай ойын жалғастыра отырып,  қазақ халқының арасында кең  жайылған  жүздеген күйлердің  барлығының  міндетті түрде өзіне  тән прозалық  үлгідегі деректі  аңыз - тарихы бар екендігін айтады /16,182-184/. Халық күйлері «Бозторғай»,  «Ақсақ құлан», «Жошыхан» Құрманғазының  күйлері «Көбікшашқан», «Кісен  ашқан» сияқты өнер туындыларының   арқауында жатқан  аңыз –әңгімелердің,  тарихи деректердің  танымдық, тәрбиелік  мәніне  зерттеуші   жан-жақты түсініктеме береді.

        Тәкен  Әлімқұловтың  «Сейтек сарыны»  повесінде  де Сейтек  туралы, оның өмір –тағдыры  туралы  халық арасында  кеңінен жайылған  ауызекі аңыз –әңгімелердің   желісі молынан пайдаланылған. 

        Құрманғазының   патша түрмесінен  қашып шыққанан  кейінгі  дүниеге әкелген «Кісен  ашқан», күйі мен Сейтектің   сібір түрмесінен қайтып оралу  сапарында, алыс жол үстінде   туған «Заман –ай»  күйлерінің  арасында ұқсастықтар бар.  Екі  күйші де  өз шығармаларында  әлеуметтік әділетсіздікті, өнерпаз  тағдырындағы  ауыр, азапты кезеңдерді  арқау етеді. 

Информация о работе Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдары бейнесінің сомдалуы